10 дәріс: Балықтар класы. Шеміршекті балықтар. Тұтас бастылар. Жоспар



бет1/10
Дата01.11.2022
өлшемі27,83 Kb.
#46786
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

10 дәріс: Балықтар класы. Шеміршекті балықтар. Тұтас бастылар.
Жоспар.

  1. Балықтар класына жалпы сипаттама

  2. Шеміршекті балықтар тобы



  1. Шеміршекті балықтардың жалпы сипаттамасы

2-класс. БАЛЫҚТАР (РІSСЕS)
Дөңгелек ауыздылардан балықтардың ерекшелігі олардың аузында қозғалмалы жақтары болады. Міне, сондықтан да балықтарды алғашқы жақтылар деп атайды.
Дөңгелек ауыздылармен салыстырғанда, балықтардың ерекшеліктеріне; біріншіден, балықтардың қозғалмалы жақтарының болуы; екіншіден, көкірегінде және құрсағында қозғалыс органы қос қанаттарының; үшіншіден, иіс сезімі және танау тесіктері жұп болуы; төртіншіден, желбезектерінің жапырақшаларының, эктодермадан пайда болуы; бесіншіден, балықтардың денесінің қабыршақтармен қапталуы т. б. жатады.
Балықтардың түрінің көп болуы оларға жалпы сипаттама беруге қиындықтар туғызады. Сондықтан да балықтарға толық. сипаттама беру үшін оларды екі топқа бөліп қарастырамыз: бірінші — шеміршекті балықтар; екінші —сүйекті балықтар.
1-топ. Шеміршекті балықтар (Сһоndгісһtуеs)
Шеміршекті балықтар — осы заманда тіршілік ететін балықтардың ішіндегі скелеті шеміршектен тұратын қарапайым құрылысты организмдер болып есептеледі.Желбезек тесіктерінің аралықтары жалпақ перделермен бөлінеді де, олар көпшілік жағдайда денесінің сыртқы бетіне келіп ашылады. Желбезек қақпақшалары болмайды. Сыртқы қабыршақтарының құрылысы күрделі емес. Жүзу торсылдақтары жоқ.
Шеміршекті балықтар екі класс тармағына бөлінеді. 1-тақта желбезектілер және 2-бүтін бастылар, немесе химерліктер.

  1. 1-класс тармағы. ТАҚТА ЖЕЛБЕЗЕКТІЛЕР (ЕLАSМОВRАNСҺll)

Тақта желбезектілер екі отрядқа бөлінеді: акулалар және скаттар.
Тақта желбезектілердің қабыршақтары плакоидты, әрбір сыртқы желбезек тесіктері денесінің сыртқы бетіне келіп, өз алдына жеке сыртқа ашылады. Басының тұмсық жағында — рос-, трум деп аталатын өсінді болғандықтан ауыз басының астыңғы жағына көлденең саңылау түрінде орналасқан.
Акулалардың денесі ұзынша, ұршық тәрізді болады. Басының екі бүйір жағында 5—7 желбезек саңылаулары бар. Көзінің арт жағында жұтқыншақпен жалғасатын екі тесікті көруге болады. Оларды брызгальцелер деп атайды. Брызгальцелер жақ пен тіл асты доғасының арасындағы желбезек сақылауларының жұрнағы болып саналады. Денесінің бауыр жағында құйрығының түбінде клеткасы болады. Құйрық қанатының жапырақшалары бір келкі емес. Мысалы, үстіңгі жапырақшасы үлкен де, ал астыңғысы — одан кіші. Сондықтан оны гетероцеркалдық құйрық қанаты деп атайды.
Бас сүйегі — ми сауытынан, сезім органдарының капсуласынан және рострумнан құралған Ми сауытының төбесі шеміршекпен қапталған. Демек, осы шеміршек ми сауытын тұтасынан жауып тұрмағандықтан оның алдыңғы жағы жарғақпен қапталған. Оны алдыңғы фонтанель деп атайды. Бірінші ауыз омыртқаның бас сүйегімен кірігуі салдарынан бас сүйегінің желке бөлімі пайда болады. Бас сүйегінін, алдыңғы бөлімінен тараған үш шыбық тәрізді шеміршектерден рострум құралады. Желбезек, тіл асты және жақ доғаларынан висцеральдық скелеттің негізі құрылады.
Аяқ скелеттері екі бөлімнен тұрады. Бірінші — аяқтарға тіреу болатын белдеу, екінші — бос төменгі бөлімінің скелеттері. Алдыңғы аяқтардың яғни көкірек қанаттарының белдеуі қалың ет қабатында жатады және ол қанаттарына тірек болады. Бұл белдеу бір ғана шеміршек доғасынан тұрады. Қанаттары бір жақ ұшымен белдеу бөлімше бекісе, ал екінші ұшы денесінің сыртында болады. Белдеу доғасынын, дөңес беті құрсақ жағына қарай бағытталған, демек, белдеу қаңқасы ет қабатына берік орналасқан. Бұл доғаның әрбір жартысының (оң, сол) орта жерінде дөңесі бар. Кеуде қанаттарының ішкі ұштары осыған келіп бекиді.
Артқы аяқ яғни құрсақ қанаттарының белдеуі клоаканың алдыңғы жағында денесіне көлденең орналасқан дара шеміршектен тұрады. Құрсақ қанатының скелетінде бір немесе екі базалиялар ғана болады. Олардың сыртқы жиектеріне радиалиялар орналасады. Дара қанаттардың скелеті радиалиялардан және серпілімді жіпшелерден құралады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет