12 –Тақырып. Экономиканы мемлекеттік қаржылық реттеу. Дәрістің мақсаты



бет2/16
Дата26.04.2022
өлшемі40.16 Kb.
#32399
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Физиократтармен байланысқан экономикалық ғылым дамуының нәтижесінде ХVIІІ ғасырда-ақ қаржылық мәселелерді практикалық тұрғыда ғана емес сонымен бірге теориялық жоспарларда да әзірлеуге әрекет жасалды. Физиократтар тек бір жер ғана таза табыс береді, ал мануфактура және сауда ешқандай жаңа құндылықтар жасамайды, сондықтан мемлекеттік табыстарды алудың бірден-бір мүмкін амалы--жер салығын негізге алды. Бірыңғай салықтың бұл салықты теориясының қатешілігіне қарамастан физиократтардың еңбегі олардың қаржы мен халық шаруашылығының өзара байланысы мен өзара тәуелділігін 1-ші болып көрсеткендігінде болды. Физиократтар мектебінің өкілі Ф.Кэнэ (1694-1774) жж. атақты экономикалық кестені әзірледі. Онда біртұтастық ретінде өнімнің ұдайы өндірісінің, айналысының, оны бөлудің және тұтынудың бүкіл қоғамдық үдерісі бейнелеп көрсетілген. Кэнэ жай ұдайы өндірістің кестелерін берді, бірақ ол ұлғаймалы ұдайы өндіріс пен жай өндірісті де айқын көрсете білді. Кэнэ ұдайы өндіріс қысқаруының салық салумен тығыз байланысын көрсетті. Егер салық жер иеленушінің табысына емес (физиократтар терминологиясы бойынша таза табыста көрсетілетін инвестицияланатын капиталдың қысқаруына алып келеді және өндірістің мөлшерін азайтады. Экономикалық кестеге түсініктемелерде өндірісті қысқартатын себептердің арасында Ф Кэнэ ең алдымен салықтар себепші болатындарын атайды:
1) салық салудың нашар нысаны егер ол фермерге тиісті болса;
2) салықтарды алу бойынша тым шектен шыққан шығындардың салдарынан салықтардың артық ауыртпалығы ; 3) тым көп сот шығыстары.Сөйтіп Ф Кэнэ салық салу мен халық шаруашылы үдерісінің етене байланысы туралы алғашқы болып мәселе қойды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет