№№4-6(60-62), сәуір-маусым, апрель-июнь, April-June, 2014 issn 2307-0188



Pdf көрінісі
бет12/18
Дата22.01.2017
өлшемі5,17 Mb.
#2423
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   18

Оспан  батыр  туралы естеліктер.  Оспан  батыр  туралы  жазбалардың  кӛбінде 
оқиға  1949  жылғы  дейін  оқиға  егжей-тегжейлі  баяндалып  келеді  де,  оның  соңғы 
ӛміріне  байланысты  әңгімелер  аса  тереңге  бармайды.  1949  жылы  жаңа  Қытайдың 
орнауы  және  олардың  Оспан  батырды  ӛлім  жазасына  кесуі  себепті  біраз  дүниенің 
беті ашылған жоқ. Десе де, коммунистердің Шыңжаңды иеленуімен, Оспанның демі 
үзілерге  дейінгі  соңғы  ӛмірі  жайындағы  жұмбақ  сырларға  үңіліп,  осы  мәселе 
тӛңірегіндегі аз да болса, жаңа ой толғауды жӛн кӛріп отырмыз. 
1951  жылы  сәуірдің  29  күні  Қытай  Коммунистік  партиясының  қолынан  52 
жасында  Үрімжі  қаласында  ӛлім  жазасына  үкім  етіледі.  Осы  оқиғалар  тӛңірегінде 
Нұрғожай батыр бастаған Оспанның үзеңгілес серіктерінің бізге берер мағлұматы да 
біршама  мол.  Нұрғожай  батыр  коммунистер  мен  Оспанның  алғашқы  қарым-
қатынасына аялдағанда ӛз естеліктерінде мынадай сыр шертеді: 
«1949  жылы  жазда  Коминдаң  мен  Күн  Сандаң  соғысының  хабарлары  үнемі 
келіп  тұрды.  Коминдаң  әскери  басшылары  қаша  бастады.  Америка  консулы  да 
болып жатқан уақиғаны айтып тұрды. Мәккирнан: 
-  Мал-жаныңды  жергілікті  ӛкіметке  бір-ақ  ӛткіз.  Америкаға  кет,  мал  сомасын 
біз береміз, - деп те айтты. Оспан: 
-  Отанымызда  тұрамын.  Қашпаймын,  жердің  арғы  бетінде  жатқан  Америка 
маған  Шығыс  Түркістан  ӛкіметін  құрып  бере  алмайды.  Американың  сӛзі  де  ӛтірік. 
Рузвельттің  екінші  дүние  соғысындағы  әрекеті  бізге  белгілі.  Екі  тауды  бір-ақ 
күйретіп,  дүниенің  үлкен  базарын  іздеген.  Америка  қазір  Біріккен  Ұлттар 
Ұйымындағы ең үлкен ел еді. Бүкіл Түркістанды орыстар жұтып отырса да, оған үш 
жүз жылдан бері кӛрсеткен кӛмегі жоқ, - деп маған кесіп айтты» (Азаттықтың ӛшпес 
рухы. – Алматы: Сардар, 2008. – 160 б.). 
Міне,  бұл  жаңа  келе  жатқан  қызылдарға  қарата  Оспан  батырдың  алғашқы 
айтқаны.  Және  де  оның  жай  ғана  адам  емес,  халықаралық  жағдайларға  назар 
аударып, оған баға бере білетін кӛрегендігінің дәлелі. 
Осыдан кейін Оспан Үрімжі ӛңірінен Жемсары-Шонжыға қарай бет алады. Бұл 
кезде  қызылдардың  Гансу  ӛлкесінің  Ланжу  ӛңірінен  ӛтіп,  Шынжаңға  беттеп  келе 
жатқан  хабары  жетеді.  Бұған  қарата  Оспан:  «Біз  ешқайда  бара  алмаймыз.  Малды 
кәсіп еткен кӛшпелі қазақпыз. Баркӛлге барып мал семіртеміз», - деген жауап береді 
(Азаттықтың  ӛшпес  рухы.  –  Алматы:  Сардар,  2008.  –  162  б.).  Сӛйтіп  Шонжыдан 
Мориға қарай кӛшкен Оспан ауылы Баркӛлдің Бәйгетӛбе деген жеріне келеді. 
«Осы  жерден  Үрімжіге  баруға  Уаң  Жыңның  30  мың  әскері  басып  ӛтіп  кетті. 
Құмылда  бірнеше  күн  тұрған  екен.  1949  жылы  20  қарашада  Пекиннен,  яғни  Күн 
Сандаңнан тӛрт ӛкіл келді. Оның бірі ұйғыр Әмет, бірі дүңген, бірі қытай болатын. 
Оларға Оспан Жанымхандар:  «Осы жер малға жайлы екен. Осы жерде қоныстанып 
отырсақ»,  -  дегенді  айтты.  Уәкілдер  мақұл  болып  кетіп  қалды.  Оспан  оларға: 

№№4-6(60-62), сәуір-маусым, апрель-июнь, April-June, 2014           ISSN 2307-0188 
Ġylym ža̋ne bìlìm ġasyry – Vek nauki i obrazovaniâ – Science and education century 
___________________________________________________________________ 
 
 
116 
«Бұрынғы  Шынжаң  демократиялық  ӛлкелік  ӛкіметімен  жасаған  он  бір  тармақты 
тоқтам бар еді. Осы тоқтам бойынша ұлттық билік ӛзімізде болатын болсын», - деген 
талабын  қойды.  Ӛйткені  Жаң  Же  Жұң:  «Шынжаң  азаматтары,  ӛздеріңді  ӛздерің 
басқарып кету үшін оқыңдар. 15 жылдан кейін, ел болып бӛлініп кетесіңдер»,  - деп 
уәде беріп, тоқтамға қол қойған едік. Осы бір ауыз сӛз бізге үлкен медеу болған еді. 
Ӛйткені  Коминдаңның  соңғы  кезінде  батыс  терістік  бес  ӛлкенің  бастығы  болған, 
оған  қосымша  Шынжаңды  билеген  Жаң  Же  Жұң  сол  орнында  қалып,  оны  Күн 
Сандаң  батыс  терістік  бес  ӛлкенің  бастығы  етіп  белгіленген  еді.  Бұл  адамның 
орнында  қалуы  Оспанға  үлкен  медеу  берді»  (Азаттықтың  ӛшпес  рухы.  –  Алматы: 
Сардар, 2008. – 162 б.). 
Дәл  осы  кездегі  оқиғалар  жӛнінде  бүгінде  кӛзі  тірі,  Оспан  батыр  заманының 
тірі куәгерлерінің бірі Уақит Қалелұлы ӛз естеліктерінде былай дейді:  «1950 жылы 
ақпанда  Шынжаң  ӛлкелік  үкімет,  әскери  орны,  Шонжы  ауданындағы  Уақит 
Қалелұлы,  ақиқатқа  қайтқан  полк  бастығы  Ма,  бұрын  Оспанға  хатшы  болған 
Құрманбай, Оспанның сенімді қызметкерлерінің бірі болған Құмархан Жаңқабайұлы 
қатарлы адамдарды құралды бір ызбод (бан) әскер қосып, Уақитқа жан құрал беріп, 
ат  пен  азық-түлік  қос  артатын  бірнеше  түйемен,  жиырмадай  адам  құралып,  Оспан 
мен  Жәнімханды  қайтарып  келуге  жібереді.  Бұлар  Баркӛлдің  Бисан  тауы  Башаңзы 
жеріндегі  Оспан,  Жәнімхандарға  келеді.  Оспанның  үйінде  –  Оспан,  Жәнімхан, 
Қапас,  Нұрқожай,  Шердиман,  Дәлелхан,  Қанатбай,  Шаймардан  ішінде  бірнеше 
адаммен бірлікте отырғанда, барғандар үкімет жағының жіберген жағдайын айтып, 
жазған хаттарын береді. 
Жәнімханұлы Дәлелхан алдымен сӛз бастап:  «Коммунистік партия басшылық 
еткен жаңа үкімет кең алқапты орманды, шӛпті жерді бір-ақ алып жанған ӛрт болып 
келеді.  Біз  ӛртті  кӛріп  тұрып,  ӛздігімзіден  түспейміз»,  -  деген  қарсы  пікір  айтады. 
Уәкілдер: «Ӛрт болып келген үкіметті кӛрмедік. Халықты тура жолға бастап, қызмет 
істеп  жатқан  үкіметті  кӛрдік.  Халықтың  малы  қолында,  дін  еркіндігі  ӛзінде. 
Үкіметтен  жамандық  кӛргеміз  жоқ.  Ӛрт  деп  қарау  ӛз  кӛзқарасыңыз»,  -  дегенде, 
Оспан:  «Тайталасты  қойыңдар,  тамақ  ішіңдер»,  -  деп  екі  жақтың  сӛзін  тоқтатып 
қояды. 
Үш-тӛрт  күн  ӛткен  соң  барған  адамдарды  Оспандікіне  шақырып  барады. 
Оспан-Жәнімхандар  алдыңғы  қатынасқан  адамдарымен  бірге  отырып,  Оспан: 
«Сендер  үкіметтің  бізге  жазған  хатын,  айтқан  ақыл-нұсқауын  жеткіздіңдер.  Біз 
бұрын  Шың  Шысай  зұлымдығына  қарсы,  Шығыс  Түркістанға  қарсы  әрекет  алып 
барып жауластық. Жаңа үкімет келгенде Баркӛлге келіп, үкімет құрып, күш жинап, 
жаңа  үкіметке  қарсы  тұрайық  деп  келгеміз  жоқ.  Үкімет  бізге  қандай  кӛзқарас 
қолданады. Бұқара қылып ала ма, жаулық кӛзқараста бола ма? Мойны ұзақ жерден 
байқайық  деп  Баркӛлге  келіп  отырмыз.  Біз  де  албаты  үкіметпен  қарсыласып,  ӛліп-
ӛлтіруді қаламаймыз. Бізге де тыныштық керек. Біз үкіметке сендік, бұқара боламыз. 
Ӛлкедегі  үкімет  басшыларына  жолығып,  талабымызды  жеткізіп,  бұқара 
болғандығымызды айтып, үкіметтің ақыл-нұсқауын алып, сенім байлауға – мен інім 
және  ақылшым  Қанатбайды,  Жәнімхан  қажы  інісі  және  ақылшысы  Шаймарданды 
сендермен  бірге  Үрімжіге  жібереміз.  Бұл  біздің  бірлікке  келген  ақылымыз.  Сендер 
қайтып  барғанда  үкімет  басшыларына  ахуалымызды  толық  айтыңдар.  Хатта 
жаздық», - дейді. 
Қанатбай, Шаймарданды ӛкілдерімен бірге Үрімжіге жібереді. Ӛкілдерден үш 
адам  –  Қанатбай,  Шаймарданды  ертіп,  ӛлке  басшыларына  жолықтырды.  Ӛлке 
басшылары оларды жақсы раймен қабылдап, ақыл-нұсқауын айтып, кӛптеген сәлем-
сауқат беріп, бұрынғы барғандарды үйдеріне қайтарып, Зәкішің, Нәзірлерді (Зәкішің 

№№4-6(60-62), сәуір-маусым, апрель-июнь, April-June, 2014           ISSN 2307-0188 
Ġylym ža̋ne bìlìm ġasyry – Vek nauki i obrazovaniâ – Science and education century 
___________________________________________________________________ 
 
 
117 
үкімет  әскери  орнында,  Нәзір  ӛлкелік  баспахананың  орынбасары  болған)  оларға 
қосып, Оспан, Жәнімхандарды орнықтаруға қайта жібереді». 
Осы  жайлар  әңгіме  болғанда  Дәлелхан  Жанымханұлы:  «1949  жылы  15 
желтоқсанда  (бұл  уақыт  туралы  жоғарыда  1952  жыл  ақпан  деп  кӛрсетілген) 
Қанатбай  және  Шаймардан  Ермекұлынан  Үрімжідегі  коммунистік  партияның 
бастығы  Уаң  Эңмао,  Бұрхан  Шаһиди,  Тау  Сио  және  генерал  Фиң  Дехұй  атына 
арналып  бір  хат  берілгенін  айтады.  Ол  хаттың  мазмұны:  «Хаттарыңызды  алдық. 
Қыстың қатты суық күндерінде жолға шыға алмадық және Үрімжіге бара алмадық. 
Солай  болса  да,  орнымызға  уәкіл  етіп  екі  кісі  жібердік.  Сіздермен  бет  кӛрісіп, 
жағдайларымызды  түсіндірумен  бірге  берген  нұсқауларыңызды  алып  қайтады»,  - 
деп жазған (Жаналтай Д. Қилы заман қиын күндер. – Алматы, 2000. – 88 б.). 
Міне, осы оқиғаларға қарағанда жаңадан келген қызылдар Оспанға қарата бірі 
ӛз жағына тартуға тырысқаны, екінші жақтан, алдамалай тұру саясатын қолданғаны 
байқалады. 
Ал,  жаңағы  екінші  барған  уәкілдердің,  яғни  Зәкішіңнің  Оспанға:  «Біз  саған 
қызылдарға  сен,  сенбе  деп  уәде  бере  алмаймыз.  Ӛзің  шешсең  ӛкінбейсің»,  -  деп 
айтқан екі  ұшты жауабы да қайта бүлінуіне себеп болды деушілер де бар. Қалайда 
осы екінші реткі адамдардың келуімен Оспанның бүлінгені туралы айтушылар кӛп. 
Нұрқожай  батыр  ӛзінің  аталған  естелігінде  бұл  жайлы  Оспанның  Шаймардан  мен 
Қанатбайды  Үрімжіге  жібергеннен  кейін,  тағы  да  шақырушылар  аттандырған  Уаң 
Жынның: «Оспан келсін. Менің күш-қуатымды кӛрсін. Кӛп болса, жаныңда мың үй 
бар  шығар.  Бір  үйге  бір  айырпланнан  жіберемін»,  -  деп  күш  кӛрсетіп,  қайта 
шықыртқанын жазады. 
Ал, Оспан болса, бір жағынан, олардың ӛз істегенін ӛзіне істеп, сенім білдіру 
райында болса, енді бір жағынан «әліптің артын» бақты. Ал үшінші жақтан ӛзінің ең 
сенімді  деген  адамдарын  кӛрнеуде  коммунистерге  бағынышты  қылып,  олармен  әр 
күні  астыртын  байланыста  болып,  қарсы  жағының  жан  дүниесі  мен  шынайы  іс-
әрекетіне  барлау  жасады.  Коммунистердің:  «Бәрін  жарылқап  тастаймыз»,  -  дейтін 
тәтті сӛзінің шын-ӛтірігін білгісі келді. 
Осы  арада  Оспан  жайындағы  тағы  бір  аңыз  еске  түседі.  Гоминдаң  аталатын 
Қытаймен  ұзақ  жыл  соғысып,  оның  40  мыңдай  армиясын  жайратып  салған  батыр, 
коммунист қызылдар келген кезде маңдайларындағы бес жұлдызды белгісін меңзеп: 
«Мен  Гоминдаңмен  он  жыл  соғысып,  алты  жұлдыздың  әрең  дегенде  біреуін  ғана 
кеміткенім  бе!?»  -  деп  күйзеле  күрсінген  кӛрінеді.  Бұл  мейлі  аңыз  болсын,  ақиқат 
болсын, бірақ Оспанның характерін ашарлық шындыққа жақын әңгіме еді. 
Зәкішің  бастаған  топ  жеткізген  Уаң  Жын  айтты  деген  соңғы  сӛздің  Оспанға 
жасаған әсері мүлде басқаша болды. Яғни «коммунистерге сенуге болмайды» дейтін 
ішкі  күдігін  растағандай  жүрегін  мұздатып,  жанын  түршіктірді.  Ӛз  таңдауын 
дұрысқа балап, еңсесін қайта кӛтерді. 
Қорытынды.  Сӛйтіп  ұлтының  азаттығы  жолында  аузын  айға  білеп, 
арпалысқан дала кӛкжалы – Оспан батыр Сіламұлының соңғы тағдыры трагедиямен 
аяқталды.  Ӛзі  ӛлсе  де,  артына  ӛлмес  ӛнеге,  ерлік  рухын  қалдырып,  қазақтың  ғана 
емес, күллі адамзат тарихында ӛшпес із қалдырды. 
Оспан батыр туралы сӛз болғанда айтар әңгіме ӛте кӛп. 
2000  жылы  27  желтоқсанда  Алиайдың  Кӛктоғайында  Оспан  батырдың  ӛзімен 
бірге күресте болған ұлы Нәби қайтыс болды. Мұны Оспан ауылынан бұрын естіген 
Кӛктоғай қазағы жаназаға мыңдап құйыйлады. Оспан тіріліп кеткендей үрейленген 
Қытай  құқық  қорғау  органдары  жаназаны  әскери  бақылауға  алады.  Оспан  батыр 
аталып,  қасіретпен  қан  жұтқан  ел-жұртының,  қаншама  сор  кешсе  де,  оны 
ұмытпағаны кісіні еріксіз ойға салады. Бұл – Оспанның иненің жасуындай дағы жоқ 

№№4-6(60-62), сәуір-маусым, апрель-июнь, April-June, 2014           ISSN 2307-0188 
Ġylym ža̋ne bìlìm ġasyry – Vek nauki i obrazovaniâ – Science and education century 
___________________________________________________________________ 
 
 
118 
періште  жүрегіндегі  ел  мен  жерге  деген  адал  махаббатының  ӛлмес  куәсі!  Рухы 
жойылмаған  халықтың  батырына  деген  ыстық  сағынышы!  Бүгінгі  біздерге,  ертеңгі 
ұрпаққа керек алтын аңызымыздың ақырғы үзігі. 
Тарихты зерттеуші ғалымдар Оспан батырдың кім болғанын, қандай мақсатпен 
ӛзінің жауларымен күрескендігін әлі де жақсылап зерттесе, соның нәтижесін халық 
жұртшылыққа  таныстырып  отырса  деймін.  Кеңес  империясы  тарады,  бірақ  сол 
империяның  Оспан  батырға  қатысты  жүргізген  саясатын  әшкерлейтін  кӛптеген 
құжаттар  шаң  басып,  мұрағаттарда  жатыр.  Соны  шығарып  келіп,  жұртшылыққа 
таныстырса, бұл Оспантануға қосылған баға толмас үлкен құнды материал болар еді 
деп ойлаймын. 
Сондай-ақ  Оспан  батырға  қатысты  моңғол  мұрағаттарындағы  біраз 
материалдар  зерттеушілер  қолына  барды,  енді  қалғаны  қытай  мұрағаттарындағы 
Оспан  батырға  қатысты  материалдарға  қол  жеткізу  болмақ.  Қазақ  елі  ӛзінің  Оспан 
секілді  осындай  батырларын  ұлықтап,  оларды  жас  ұрпақ  санасына  құйып  отыру  – 
қазіргі Қазақ мемлекетінің парызы болмақ. 
 
Әдебиеттер 
1 Орынұлы Х. Есте қалған есімдер. – Ӛлгий: Баспагер, 1995. – 87 б. 
2 Шынай Р. Оспан батыр. – БӚ, 1996. – 85 б. 
3 Жәнебілханұлы Б. Ел қорғаған есіл ер. – Улан-батыр, 2004. – 125 б. 
4 Жаналтай Д. Қилы заман-қиын күндер. – Алматы, 2000. – 190 б. 
5 Қайратұлы Қ. Ереулі атқа ер салған. – Алматы: Оралман, 1999. – 142 б. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

№№4-6(60-62), сәуір-маусым, апрель-июнь, April-June, 2014           ISSN 2307-0188 
Ġylym ža̋ne bìlìm ġasyry – Vek nauki i obrazovaniâ – Science and education century 
___________________________________________________________________ 
 
 
119 
ҚҦСАЙН Бақҧлан Асқарҧлы, 
дарынды балаларға арналған ҥш тілде оқытатын Әл-Фараби атындағы 
арнаулы гимназиясының 9 «Г» сынып оқушысы, Алмалыбақ ауылы, 
Қарасай ауданы, Алматы облысы, Қазақстан Республикасы 
 
Жетекшісі: ДЖАЗКБАЕВА Шынар Турсунбековна, 
дарынды балаларға арналған ҥш тілде оқытатын Әл-Фараби атындағы 
арнаулы гимназиясы «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінің мҧғалімі, Алмалыбақ 
ауылы, Қарасай ауданы, Алматы облысы, Қазақстан Республикасы 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
БАУЫРЖАН МОМЫШҦЛЫ ТОЛҒАУЛАРЫНЫҢ ЖЫРАУЛАР 
ПОЭЗИЯСЫМЕН ҤНДЕСТІГІ 
 
Зерттеудің мақсаты: Бауыржан Момышұлы толғауларының мазмұнын ашып, 
жыраулар  поэзиясымен  үндестігін  кӛрсету  арқылы  жас  ұрпақтың  бойында 
ұлтжандылық рухын ояту. 
Зерттеудің  міндеттері:  жыраулар  поэзиясы  мен  ақын  толғауларындағы 
жыраулық үндестікті айқындау, толғау тілінің кӛркемдік ерекшелігін анықтау. 
Зерттеудің  барысы:  осы  тақырып  аясында  жыраулар  поэзиясына,  Бауыржан 
Момышұлының  шығармашылығына  шолу  жасалды.  Шығармалары  оқылып,  талдау 
жасалды.  Әдебиеттанушы  ғалымдардың  еңбектеріне,  олардың  пікірлеріне  сүйене 
отырып, қажетті материалдар жинақталды. 
Зерттеудің  жаңалығы:  Бауыржан  Момышұлы  толғауларының  жыраулар 
поэзиясымен үндестігін, оның кӛркемдік жағын зерттеу  – тың тақырыптардың бірі. 
Сондықтан  жас  ұрпақты  отаншылдық  рухта  тәрбиелеуде  ақын  толғауларының 
атқарар маңызы зор болмақ. 
Зерттеудің  нәтижесі:  бұл  ғылыми  жобада  автор  Бауыржан  Момышұлы 
толғауларының  жыраулар  поэзиясымен  үндестігіне  ғылыми  кӛзқараспен  тоқталған. 
Ғылыми жоба барысында әр ғасырдағы жыраулар шығармашылығы мен  Бауыржан 
Момышұлы  толғауларын  салыстырып,  оның  кӛркемдік  ерекшелігіне  теориялық 
зерттеулерді басшылыққа ала отырып, ӛздігімен ізденіп, ғылыми тұрғыда зерттеуге 
талпынады. 
Ҧсыныс:  Бауыржан  Момышұлы  –  шешендік  пен  кӛсемдіктің,  батырлық  пен 
батылдықтың символы. 9 сыныптың «Әдебиет» оқулығына XV-XVIII ғасырлардағы 
жыраулар  поэзиясы  мен  XIX  ғасырдағы  Махамбет  шығармашылығынан  кейін  XX 

№№4-6(60-62), сәуір-маусым, апрель-июнь, April-June, 2014           ISSN 2307-0188 
Ġylym ža̋ne bìlìm ġasyry – Vek nauki i obrazovaniâ – Science and education century 
___________________________________________________________________ 
 
 
120 
ғасырдың  жырауы  ретінде  Бауыржан  Момышұлының  толғаулары  енгізілсе,  жас 
ұрпақты отаншылдық рухта тәрбиелеудегі маңызы зор болар еді. 
Ұлы  Отан  соғысынан  кейін  қолына  қалам  алып,  әдебиет  майданының  алғы 
шебіне  шыққан  Бауыржан  Момышұлының  прозалық  туындылары  ӛз  алдына  бір 
тӛбе.  Біздің  зерттеу  жұмысымызға  арқау  болып  отырған  тақырып  –  батыр 
атамыздың поэзиялық туындылары, оның ішінде толғаулары. 
Бауыржан  атаның  қай  ӛлеңін  алсақ  та,  Мағжанмен,  Абаймен,  Махамбетпен, 
жыраулар поэзиясымен үндесіп жатқандай кӛрінеді. Бұдан Бауыржан атаның халық 
ауыз 
әдебиеті 
қайнарымен 
сусындап, 
әдебиетіміздегі 
кӛрнекті 
ақын-
жазушыларымыздың шығармашылығын бойына терең сіңіргендігін кӛреміз. 
Даналықтың  ӛлшемі  бола  білген  философ-жыраулардың  рухани  мұрасынан 
сусындаған  Б.  Момышұлы  қазақ  халқының  зерделі  ойы  мен  ӛмірінің  жыраулық 
энциклопедиясына  ӛз  үлесін  қосқандай.  Олай  дейтініміз,  жырауларды  танып,  оның 
шығармаларын  игере  отырып,  ӛз  қоғамының  саяси,  құқықтық,  отбасылық,  әскери, 
мәдени, әдеби ерекшеліктерінен ӛзіндік мағлұмат бергендей болады. 
Асан қайғы ӛз толғауында: 
Бұл заманда не ғаріп? 
Ақ қалада бӛз ғаріп, 
Жақсыларға айтпаған, 
Асыл шырын сӛз ғаріп, - десе, 
Бауыржан атамыз: 
Жыр – халықтың жүрегі, 
Салмақтап сӛзін сынаңыз... 
Ӛлеңнің асыл қазынасы, 
Атадан қалған мұрамыз. 
Кӛп сӛзімнен бір сӛзім, 
Жүрегіңе қона алса, 
Кемдікке құрақ бола алса, 
Оған тәубе қыламыз, - деп сӛзінің сырын ұғарлық жан табылса керегін алар деп 
сӛз ӛнерінің қадірін білдіреді. 
Кемеңгерліктен не пайда – 
Отбасында сӛз бермей, 
Топ алдында сынақта, 
Тұтығып, тілі күрмеліп, 
Ақылынан адасып, 
Жұмған  аузын  ашпаса?!  -  деп  «Әшейінде  ауыз  жаппас,  той  дегенде  ӛлең 
таппастарды» сынаса, 
Шешендіктен не пайда – 
Құлақ құрышын қандырып, 
Жан-жүйемді жандырып, 
Кӛңіліме орынды, 
Жүрегіме қонымды, 
Тиімді  сӛз  айтпаса?!  -  деп  шешендік  ӛнердің  тыңдаушыға  әсер  ететін  ӛзіндік 
қыр-сырын ашып бергендей болады. 
Ақын  ӛзінің  «Досыма»  атты  толғауында  ақындықтың,  шеберліктің, 
кемеңгерліктің,  шешендіктің,  жазушылықтың,  ағайындықтың  парқын  тайға  таңба 
басқандай ажыратып береді: 
Ақындықтан не пайда – 
Құр ұйқасқа құл болып, 
Жырлайтын кезі келгенде, 

№№4-6(60-62), сәуір-маусым, апрель-июнь, April-June, 2014           ISSN 2307-0188 
Ġylym ža̋ne bìlìm ġasyry – Vek nauki i obrazovaniâ – Science and education century 
___________________________________________________________________ 
 
 
121 
Жай әуенге тӛңкеріліп, 
Бақсыдай бекер боздаса, 
Ӛлеңіне шіркіннің, 
Делебеміз қозбаса?! – деп ақындық ӛнерді жоғары бағалайды. 
Соғыс  тақырыбында  майдан  даласын  кӛрмей,  соғысты  сезінбей  шығарма 
жазатындарды: 
Жазушыдан не пайда – 
Елді аузына қаратқан, 
Майданнан қашық отырып, 
Кӛрмегенді кӛрдім деп, 
Осылай болған шығар деп
Астыменен бал ашқан, 
Шын  соғыстан  адасқан,  -  деп  сынайды.  Соғыс  тақырыбында  қалам  тарту  – 
майдангер  жазушының  қаламынан  туғанда  жетімді  болатынын  айта  келіп, 
жазушымын  деп  соғыстан  қашып,  санақтан  қалып  кеткен  үй  күшік  жазғыштарды 
әшкере етеді. 
Ақын толғауларынан ӛмір тәжірибесінен туған тәрбиелік мәнді, ақыл-нақылға 
толы ойларын анық байқауға болады. 
Ағайыннан не пайда – 
Адал еткен еңбекті, 
Бағалап мақтан етпесе, 
Жағаласып жауменен, 
Белуардан қан кешсең, 
«Батырым менің» демесе?! - деген ӛлең жолдарына қарап отырып, уақытында 
кӛрсеткен  ерен  ерліктері  үшін  Кеңес  Одағы  Батыры  атағын  қимаған  саясатқа 
зығырданың қайнайды. 
Ақынның  «Толғау»  атты  ӛлеңінде  қолбасшылықтың  қыры  мен  сырын, 
қиындығын  ашып  кӛрсетеді.  Қолбасшы  –  батыр  да  батыл,  айлалы  да  айбарлы, 
тәуекелшіл,  айбатты  да  қайратты,  салмақты  да  сабырлы,  мейірімді  де  қамқор,  адал 
да әділ, парасатты болуы керек. 
Қол басқару оңай ма? 
Қолдың құлқын білмесе! 
Тайғақ кешу, тар жолда, 
Серкедей бастап жүрмесе. 
Ақылға салып айла істеп, 
Кӛп ойланып толғанып, 
Істе  деп  бұйрық  бермесе!  –  деп  қолбасшының  әр  ісінің,  әр  бұйрығының 
соңында бүкіл қолының, ал қол артында халқының тұрғанын меңзейді. 
Батырсынған жігітті, 
Шеберсінген шешенді, 
Қамқорсыған кӛсемді, 
Білгірсінген билерді, 
Сӛз бермес елге ақынды, 
Бауыршыл жан ашырды, 
Досым деп сүйген жолдасты, - ел басына күн туған кезде сынауға болатынын 
айтады. 
Жыраулар мұрасында сол дәуірдегі талай-талай тарих іздері сайрап жатыр. Әр 
дәуірдің  іргелі  оқиғалары,  кӛрнекті  адамдары,  жыраулардың  ӛз  басы  жағдайлары, 
жыр  жолдарында  кездесетін  адамдармен  қарым-қатынасы,  олардың  ішкі-сыртқы 
бейнесіндегі  кӛріністерінен  сол  замандағы  бірқатар  оқиғалар  жайында  анық 

№№4-6(60-62), сәуір-маусым, апрель-июнь, April-June, 2014           ISSN 2307-0188 
Ġylym ža̋ne bìlìm ġasyry – Vek nauki i obrazovaniâ – Science and education century 
___________________________________________________________________ 
 
 
122 
деректер береді. Мысалы, Асан жырламаса  – Жәнібек, Шалгез жырламаса  – Темір, 
Бұқар,  Үмбетей,  Тәтіқара  жырламаса  –  Абылай,  Махамбет,  Байтоқ  жырламаса  – 
Жәңгір хан поэзия жолдарында қалар ма еді? 
Б.  Момышұлы  толғауларында  да  Ұлы  Отан  соғысының  даңқты  қолбасшысы 
генерал Панфиловтың ерлік істерін, кемеңгер басшылығын бас ие суреттеген. 
Қазынасы ақылдың, 
Жетекшісі батырдың. 
Арыстандай айбатты, 
Жолбарыстай қайратты, 
Ауыр мінез салмақты, 
Болып еді біздің қолбасшы! – деп нағыз қолбасшының қандай болу керектігін 
санамалап кӛрсетеді. 
Қай ӛлең жолын алсаң да, ақынның бойындағы қайсарлық пен ӛжеттікті, қара 
қылды  қақ  жаратын  әділдігі  мен  турашыл  қасиеті  айқын  аңғарылады.  Ақын 
толғаулары  ғибратқа  толы,  терең  ойлы  сӛздерімен  кейінгі  ұрпағына  ӛсиет,  ақыл 
айтқандай кӛрінеді. Атаның әр сӛзінен ӛмір жолында ӛз орныңды табуға, елім, жерім 
деп,  әсіресе,  халқыңның  жаны  есептелетін  тіліңді  құрметтеуге  бұйрық  алып 
отырғандай боласың. 
Ақын  тоғауларында  жыраулар  поэзиясының  құрылысына  сай  ойды 
шашыратпай,  жүйелі  айту,  толғау  құрылысы  оның  мазмұны  мен  идеясына  лайық 
келіп отыруы – кӛркемдік әдістердің бірі болып саналады. Мысалы, «Қайран сегіз» 
атты  толғауын  алайық.  Батыр  бұл  толғауын  1943  жылдың  4-ші  шілдесінде  қан 
майданда  жүргенде  жазған.  1-ші  бӛлімде  Панфилов  бастаған  дивизияның  алғы 
шепте жүз мыңға жуық жау әскеріне қарсы тұрып: 
Панфиловтың тірі кезінде, 
Москваның тӛрінде, 
Жүз мыңдаған жау қолын, 
Діңкелеткен біз едік..., - деп ерліктерімен елді таңқалдырғаны айтылады. Бұл – 
толғаудың кіріспесі сияқты. 
2-ші  бӛлімінде  Панфилов  ӛлген  соң,  қолбасшы  болып  Чистягов  келеді. 
Панфилов  атына  кір  келтірмей,  келесі  шабуылдарда  да  ӛліспей  беріспегендерін, 
жеңіске жеткендерін айтады: 
Ар-намысқа тырысып, 
Аш күзендей құрысып, 
Ата жаумен күресіп, 
Табандылық  кӛрсеткен...  -  жауынгерлердің  іс-әрекеттері  арқылы  ақынның 
негізгі айтпақ ойына апаратын байланысқа орын берілгендігі кӛрінеді. 
3-ші бӛлімде: 
Ақылы жоқ, ары жоқ, 
Ел қадірін білмейтін, 
Ер қадірін сүймейтін... 
Пасық мінез, даң мінез, 
Әдепсіз  ӛскен  ит  екен...,  -  деп  Чистягов  кеткен  соң,  оның  орнына  келген 
Черниговтың  қолынан  іс  келмейтін,  даңғой,  сауатсыз,  мейірімсіз  қолбасшының 
жауынгерлерге  жасаған  қиянаттарын  кӛрсетуі  –  оқиғаның  шарықтай  түсуін 
кӛрсетеді. 
4-ші бӛлімде: 
Қара ниет озбырлық, 
Қиянат тисе арыма, 
Кім алдында болса да, 

№№4-6(60-62), сәуір-маусым, апрель-июнь, April-June, 2014           ISSN 2307-0188 
Ġylym ža̋ne bìlìm ġasyry – Vek nauki i obrazovaniâ – Science and education century 
___________________________________________________________________ 
 
 
123 
Оған  мен  жол  бермеймін,  -  деп  19-ші  шілдеде  Черниговты  дивизия  алдында 
жазалап,  сабап  тастауы,  Панфиловшылар  намысын  жерге  таптатпауы  –  оқиғаның 
шиеленісуі мен шешімі іспетті. Осының бәрін рет-ретімен жүйелі жеткізген. 
Ақын  толғауларында  мол  қолданылған  кӛркемдік  тәсілдердің  бірі  –  дыбыс 
үндестігі. 
Ақ ниет мыңның бірі едім
Атақсыз солдат бірі едім. 
Ата әруағы қолдады, 
Адал еңбек еткен соң, 
Артыма ерді мың солдат... 
Ер жігіттен не пайда, 
Ел күйзеліп, жер күйіп, 
Елге дұшпан тигенде
Ер намысын қолға алып, 
Жауға қарсы бармаса?! 
Алғашқы  шумақта  «а»,  екіншісінде  «е»  дыбысы  ерекше  үндестік  тауып,  
дауысты  дыбыстардың  үндесуі  (ассонанс)  –  ӛлең  мазмұнына  лайықты  ӛршіл  рух 
беріп тұр. 
Қазулы орға құламай, 
Қақпанға аяқ қаптырмай, 
Қуаты мен қайраты, 
Қақыратып ӛтпесе! 
Қиын жерде ӛзі жоқ, 
Қатерсіз жерде ерсініп, 
Қылышын босқа сермесе! 
Қан сорғалар кезеңде, 
Қолдауға  ӛзі  келмесе!  -  деген  ӛлең  жолдарында  дауыссыз,  әсіресе,  қатаң 
дауыссыз дыбыстардың үндесуі  (аллитерация) шегелеп айтар ақыл,  тепсініп толғар 
тегеурінді күш-қуатты ӛте әсерлі береді. 
Ақын  толғауларында  кӛп  қолданылған  кӛркемдік  тәсілдердің  бірі  –  теңеу. 
Заттың,  яки  құбылыстың  сыр-сипатын,  белгі-бедерін,  қадір-қасиетін,  сапа-сынын 
ӛзге  затпен  не  құбылыспен  салыстыра  суреттеу  арқылы  танытып,  айрықша  ажар, 
мәнді мазмұн беріп, күшті әсерге бӛлейтін терең теңеу түрлері кӛбірек кездеседі. 
Ақынның «Толғау» атты ӛлеңінің 3-ші бӛлімі генерал Панфиловқа арналады: 
Қолбасшы болсаң сондай бол, 
Жосылып жатқан жолдай бол. 
Қайрат етер мезгілде, 
Жүк кӛтерер нардай бол! 
Ақыл айтар мезгілде
Мың жасаған шалдай бол! 
Қатал болар мезгілде, 
Шатынап түскен жайдай бол! 
Мейірім түсер мезгілде, 
Ағарып  атқан  таңдай  бол!  -  дей  келе,  нағыз  қолбасшының  бейнесін  беруде 
қырандай,  қаршығадай,  баладай,  анадай,  данадай,  құрыш  болаттай,  арыстандай, 
жолбарыстай  тәрізді  теңеулерді  қолдану  арқылы  батырдың  қимылы  мен  келбетін, 
күші мен қуатын, ӛршіл рухын тыңдарманға әсерлі жеткізеді. 
Ақын  толғауларында  ажарлау  мен  құбылту  ғана  емес,  айшықтау  (фигура) 
тәсілдерінің де тамаша үлгілерін кездестіреміз. Шығарма мазмұны мен кӛркемдігіне 
зор мән бере отырып, айтайын деген ойын шеберлікпен, айрықша келісті тіркестер 

№№4-6(60-62), сәуір-маусым, апрель-июнь, April-June, 2014           ISSN 2307-0188 
Ġylym ža̋ne bìlìm ġasyry – Vek nauki i obrazovaniâ – Science and education century 
___________________________________________________________________ 
 
 
124 
құрап, жыраулар поэзиясына тән дағдылы синтаксистік тіркестермен ерекше әсерлі, 
ойнақы етіп жеткізеді. 
Айшықтаулардың  бір  түрі  –  сұрай  арнау,  риторикалық  сұрау  күйінде  келетін 
эпифоралық  қайталаулар  арқылы  келеді.  «Не  пайда?»  деген  риторикалық  тіркесті 
қайталау арқылы ӛзінің қоғамының келбетінен түйген дидактикалық-философиялық 
пайымдауларын шебер жеткізеді. 
Ер жігіттен не пайда – 
Ел күйзеліп, жер күйіп, 
Отанға дұшпан тигенде, 
Қолына найза алмаса?! 
Адал ұлдан не пайда – 
Ел намысын қорғауға, 
Тәуекелге бел байлап, 
Атаның жолын қумаса?! 
Қолбасшыдан не пайда – 
Қолдың құлқын білмесе! 
Батырлықтан не пайда? 
Байымдап  жұмбақ  шешпесе!...  -  сияқты  жыр  жолдарында  эпифоралық 
қайталаулар  риторикалық  сұрақ  күйінде  келіп,  ақынның  негізгі  ойын  айқын 
танытуға қызмет етіп тұр. Бұл саладағы толғаулары кӛбіне нақыл сӛздерден тұратын 
дидактикалық толғаулар болып келеді. 
Қорыта  келгенде,  жыраулар  поэзиясындағы  дәстүрді  жалғастырған  Бауыржан 
Момышұлы  толғаулары  ӛмірдің  сан  алуан  мәселелерін  сарапқа  салған  гуманистік 
тұрғыдағы философиялық-дидактикалық тұжырымдарымен құнды. 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет