Дауалау, індет ошағынан арылу шаралары. Дауалау шаралары доңыз
фермаларын сырттан енетін ауру қоздрушысынан қорғаудан тұрады.
178
Індет ошағы мен қатер төнген аймақ шекаралары анықталады.
Біріншісінде карантин қойылып, ондағы барлық жануар жойылып, ветсан-
итариялық шаралар қатаң орындалып, ферма санацияланады. Бұндай
түпкілікті шаралар, аймақта індет алғаш рет анықталған жағдайда іске
асырлуы тиімді саналады.
Қатер төнген аймақтағы доңыз фермаларында вет.санитариялық шара-
лар қатаң орындалып, шаруашылыққа сырттан әкелінетін азық (әсіресе
қасапхана, асхана қалдықтары термиялық өңделіп қолданылады.
Доңыздың (торайдың) энзоотиялық пневмониясы (Pneumonia
enzootica suum, энзоотическая пневмония свиней) құрғақ жөтелмен, безгек-
тенумен, өкпенің лобарлы қабынуымен сипатталатын, созылмалы өтетін
жұқпалы ауру.
Қ о з д ы р у ш ы с ы (Micoplasma hiopneumoniae) полиморфты, грам оң
боялады. Микоплазмалар вирустарға қарағанда сыртқы ортаға төзімді.
Практикада қолданылатын дезинфектанттар тиімді жояды.
І н д е т т а н у л ы қ з е р т т е у жүргізгенде бұл ауру көптеген
мемлекеттерде кездесетіні оған тек доңыз ғана, әсіресе торайлар 4 апталық
кездеріне дейін бейім екені, ауру қоздырушысының бастауы ауруға
шалдыққан және жазылған жануарлар болатыны ескеріледі. Соңғысы ұзақ
уақыт микоплазма тасымалдаушысы ретінде саналатыны, торайларға
инфекция негізінен енелерімен жанасқанда жұғатыны назарға алынады.
Инфекция ауру жануардан сауларына ауа арқылы беріледі. Сондықтан доңыз
фермаларындағы микроклиматқа, олардың тығыз орналасуына, басқа да
факторларға (дұрыс азықтандырмау, суық цемент едендерде ұстау, ветса-
нитариялық режимдердің сақталмауы, т.б.) мән берілуі қажет.
К л и н и к а л ы қ б а л а у ауруға тән белгілерге (2-3 апталық
жасырын кезеңіне, торайлардың созылмалы түрде құрғақ жөтелуіне, ара-тұра
безгектеніп, қалтырауына, кілегейлі-іріңді коньюнктивит, азыққа тәбетінің
төмендеуі, т.б.) негізделіп қойылады.
П а т о л о г и я-а н а т о м и я л ы қ өзгеріс серозды-катаральды
пневмония түрінде байқалады. Қабыну ошақтары өкпенің жоғарғы және
жүрек жағының бөліктерінде айқын байқалады. Аурудың нақтылы балауын
қоюға вирусологиялық зерттеулер жүргізеді.
Практикалық жағдайда торайларға биологиялық сынама қоюға болады.
Дауалау, індет ошағынан арылу шаралары. Доңыздың энзоотиялық
пневмониясын дауалау шаралары: жануарлардың резистенттілігін көтеру,
фермаға ауруды жасырын тасымалдаушыларды ендірмеу, қораларда зооги-
гиеналық нормативтерді сақтау, жаз айларында жануарларды лагерге шыға-
рып, ферманы дезинфекциялап, санациялау, т.б. тұрады.
Ауру анықталған жағдайда шаруашылықты сау емес деп жариялап,
шектеу қойылады. Малды сыртқа шығару, сырттан сатып алу тоқтатылады.
Ауруларын, микроб тасымалдаушы аналық жануарларды анықтап, оқшаулап,
179
бордақылап сояды. Лажсыз дезинфекция (күйдіргіш натр немесе формаль-
дегидтің 2%-ды ерітінділерімен) жүргізіліп отырылады.
Аналық малдардың соңғы 2 реткі төлдерінен ауруға тән белгілер анық-
талмаған жағдайда шаруашылық сауықты деп саналады. Індет процесінің
қарқыны энзоотия түрінде болса, онда сауықтыру шараларын радикалды
түрде жүргізу тиімді саналады.
Студенттердің өзіндік жұмыстары ретінде түрлі індеттік жағдайды
шешуге арналған жаттығулар үлгілері:
1-үлгі.
Індеттік жағдай. Доңыз фермасында 600-ге тарта жануарлар бар, олар 3
қораға орналасқан, төртінші қорада жем сақталады. Соңғысында азықты
қайнатып дайындайтын қазан орналастырылған. Фермада жануарлар 3 топқа
бөлініп орналастырылған. Бірінші қорада аналық доңыздар мен 1 айға дейінгі
торайлар, екіншісінде 1 айдан 2 айға дейінгі торайлар, үшіншісінде 2 айдан 6
айға дейінгі бордақылауға қойылған ересек торайлар. Концентрат азықтар-
мен бірге жануарларға асхана қалдықтары беріледі. Доңыздар арасында жыл
бойы сальмонеллез, тілме, пастереллез, дизентерия аурулары кездесіп
отырады. Бұл ауруларды дауалау мақсатында вакцинация жүргізіледі, бірақ
ветсанитариялық режимдер фермада сақталмайды. Сонымен қатар азық
сақтайтын және дайындайтын қорада, басқа да ферма объектілерінде кеміру-
шілер көптеп кездеседі.
Т а п с ы р м а:
а) аталған ауруларға қарсы жалпы және арнайы шаралар жоспарын
құрыңыз;
ә) арылу шараларын радикалды жолмен орындау шешімі қабылданған
жағдайда ветсанитариялық шараларды орындау, ферманы толық санациялау
жоспарын жасаңыз.
2-үлгі.
Індеттік жағдай. Фермада түрлі жастағы (1 күндік торайлардан бастап)
1000 доңыз бар. Аяқ астынан 12 торай ауырып, өлімге шалдыққан. Мал
дәрігерлері оларды ауырып тұрған кездерінде көрмеген. Өлекселерді
қарағанда кеуде тұстарында, қарын маңында, құлақ айналасында көгерген
дақтар байқалады. Сойып қарағанда ішкі ағзаларының қызарып, қанға
толғаны, мұндай өзгерістер асқорыту мүшелерінде байқалады. Бүйректері
домбығып ісінген, қою қызыл түске боялған. Жүрек қалақшаларында
орамжапырақтар тәріздес өсінділер бар.
Тапсырма:
а) ауруға нозологиялық балау қою үшін жүргізілетін зерттеу жоспарын
құрыңыз.
ә) тілмеден, пастереллезден арылу шараларының жоспарын құрыңыз.
180
5-тарау. ҚҰС ФАБРИКАЛАРЫ МЕН ШАРУАШЫЛЫҚТАРЫНДА
ИНФЕКЦИЯЛЫҚ АУРУЛАРМЕН КҮРЕС ШАРАЛАРЫ
25- тәжірибелік сабақ. Құс өндірістерінде індетке қарсы
шараларды ұйымдастыру
Сабақтың мақсаты – студенттерге құс фабрикалары мен шаруашылық-
тарында инфекциялық ауруларға қарсы жалпы және арнайы күрес
шараларын ұйымдастыру ерекшекліктеріне талдау жүргізу.
Орны және жүргізу әдістемесі. Сабақ кафедра дәрісханасында , жақын
орналасқан құс фермаларында немесе фабрикаларда жүргізіледі. Студент-
терден сұрау арқылы ұйымдастыру-шаруашылық, ветеринария-санитариялық
және арнайы шаралар талданады. Жаппай диагностикалық зерттеулер, бел-
сенді және иммундеу жұмыстарын атқаруға қажетті жабдықтар дайындайды.
Құс шаруашылықтарында түрлі балау әдістерін, қан алуды, аллергиялық
зерттеуді, иммундеу тәсілдерін тәжірибеде қолдануды, сауықтыру шарала-
рының жоспарын құруды үйренеді.
Құс өндірістерінде індетке қарсы шаралар жүргізу принциптері.
Мал шаруашылығының басқа салаларына қарағанда құс өсіруде заманауи
өндірістік мамандандырылған технология (ет, жұмыртқа өндіру, асыл
тұқымды балапандар шығарып, сату) кең түрде қолданылады. Нәтижесінде
шағын территорияда бірнеше мыңдаған құс шоғырланады. Сондықтан құс
өсіру мекемелерінде ұйымдастыру-шаруашылық, ветеринариялық-санита-
риялық және арнайы шараларды кешенді түрде, қатаң орындау қажеттілігі
туындалған. Індетті қадағалау шараларының босаңсуы бұл саланы үлкен
экономикалық шығындарға ұшыратады.
Құс өсіруде тұрақты ветеринариялық саулықты сақтау үшін өндіріс
технологиясына байланысты (құс фермасы, фабрикасы, шаруа қожалығы)
жұқпалы ауруларды дауалау шараларының арнайы жүйесі дайындалуы
қажет. Инфекциялық ауруларды дауалау, яғни олардың дер уақытында алдын
алу мәселесі, індетке қарсы күрес шаралар кешенінде өте маңызды.
Ірі құс фабрикаларында індетті дауалаудың негізгі принципі - құсты
жасына және қолданылуына байланысты оқшаулап ұстау.
Құс ауруларының қоздырушылары негізінен түрлі факторлар арқылы
(сыртқы орта элементтері, атап айтқанда, транспорт, құс фабрикаларында
қолданылатын түрлі құралдар, азық, төсеніш, сырттан инкубаторларға
әкелінген жұмыртқалар, т.б.) таралады. Бұлармен бірге аурудың таралуына
жабайы құстар, кеміргіштер, адамдардың да рөлі үлкен. Инфекцияның негізгі
берілу жолдары – респираторлы, яғни ауа арқылы. Соңғы жолмен ауру
қоздырушысы тек қана бір қорадан екінші қораға ғана емес, ұзақ жерлерге
тарайды. Мысалы, Ньюкасл ауруының вирусы желді күндері 5-40 км және
одан ұзақ жерлерге таралатыны ғылыми деректерде көрсетілген.
181
Қазіргі кезде заманауи технологиялар қолданылатын құс шаруашы-
лықтары мен фабрикаларында жуқпалы аурулардан ветеринариялық
саулықтың сақталу кепілі: вет.санитариялық режимдердің (ішкі, сыртқы
қоршау, мекемеге тек қана ветсан жібергіш, дезинфекциялық тосқауыл арқы-
лы қатынасу, т.б.) сақталып, қатаң орындалуы; індеттік жағдайға байланысты
түрлі ауруларға вакциналарды негізінен аэрозольды тәсілмен қолдану;
егілгендерінің иммундық фонын заманауи серологиялық тесттерді (ДПР,
ГАР, ИФР, ИФТ, т.б) қолданып анықтап отыру; құс өсіру технологиясында
«барлығы бос-барлығы бос емес қағидасын сақтау. Соңғысының мағынасы
мынадай. Құс фабрикалары мен шаруашылықтардың әр қорасында тек қана
бірдей жастағы құстар ұсталып, өсіріліп, жетілдіріліп сойылады немесе
жұмыртқа алу мақсатында әрі қарай қолдану үшін жұмыртқалау бөліміне
біртіндеп емес, толығымен ауыстырылады. Бос қалған қора-жайды механи-
калық тазалап, жуып, дезинфекциялап, жөндеуден өткізіп, санация-лайды.
Бұл мерзім аз дегенде 1 аптаға созылады. Тек қана аталған процеду-ралар
орындалғаннан кейін ғана таза қораға жаңадан басқа топтағы құс
орналастырылады. Бұндай жүйе індетке қарсы шаралар тұрғысынан өте
тиімді. Себебі індет ошағы анықталған жағдайда онда кардинальды түрде
инфекциядан арылу шараларын (барлығын жою немесе етке сою) қолдануға
болады.
Құстар көптеген инфекциялық аурулармен (Ньюкасл, тұмау, шешек,
жұқпалы ларинготрахеит, жұқпалы бронхит, Марек ауруы, лейкоз, үйректің
инфекциялық гепатиті, синуситі, риниті, Гамборо ауруы, орнитоз, микоплаз-
моз, пастереллез, туберкулез, салмонеллез, анаэробты инфекциялар, т.б.)
ауырады.
Қазіргі кездегі құс өндірістерінде автоматтандырылған технологияның
қолданылуынан, бұл мекемелерде құстың өте қысқа мерзімде ұсталаты-
нынан, оларда кездесетін көптеген инфекциялар өзектілігін жоғалтты. Бірақ
қайсібірлері интенсивті технологиямен құс етін, жұмыртқа өндіретін фабри-
каларда әлі де болса кең түрде кездесіп, оларға айтарлықтай экономикалық
нұқсан келтіріп отыр. Олардың қатарына: пуллороз, сальмонеллез, тұмау,
Ньюкасл ауруы, лейкоз, орнитоз, Марек ауруы, инфекциялық (жұқпалы)
бронхит, жұқпалы бурсит (Гамборо ауруы) жатады.
Жалпы алғанда, жұқпалы ауруларды дауалаудың әмбебап (универсалды)
жүйесі жоқ. Сондықтан түрлі инфекцияларға қарсы жалпы және арнайы
шаралар індеттік жағдайға байланысты жоғарыда көрсетілген принциптер
негізінде, телімді құрылуы қажет.
Құстың вирустық аурулары, олардың ерекшеліктері:
А с а п а т о г е н д і қ ұ с т ұ м а у ы (grippus/influenzae/galli) –
құстың күйінің кетуімен, ас қорыту жүйесінің, тыныс мүшелерінің , орталық
жүйке жүйесінің жарақаттануымен ерекшеленетін жіті өршитін, өлімге
ұшыраумен аяқталатын, аса жұғымтал вирустық ауру.
182
Ауру қоздырушысы – Ortomyxoviridae тұқымдастығына, Influenzavirus
түріне жататын РНК-лы вирус. Құс тұмауының аса патогенді штамдарының
барлығы вирустың А типіне және Н
5
, Н
7
тармақтарына жататындығы,
гемагглютинациялау бойынша 16, нераминидаза ферменті бойынша туыс
сероварларға бөлінетіндігі анықталған. Бүгінгі күні үй құстарына қауіптілері
– Н
7
N
7
, Н
5
N
1
штамдары. Соңғы аталған штамдар үй құстарын жаппай өлімге
соқтырған. Бұл штамдардың рекомбинациялануына қарай олардың құрылы-
мы ғана емес, РНК геномының кейбір бөліктері де өзгеріске ұшырауы
мүмкін. Сондықтан, олардың мутанттары адамдар үшін өте қауіпті болады.
Жабайы құстар тұмау вирусының табиғаттағы негізгі қорламасы болып
саналады. Кейінгі жылдары адамдар арасында түрлі клиникалық белгілермен
байқалған құстардан жұққан тұмаудың қоздырушысы – құс тұмауының
вирусы екені дәлелденген.
Тұмау вирусының негізгі компоненттері: вируленттік қасиеттеріне
жауапты. А типіне тән, комплементті байланыстыру реакциясымен анық-
талатын – S-антигені (РНҚ+полипептид); қоздырушының серологиялық
вариантын анықтайтын, вирустың иммуногендік және антигендік белсен-
діліктеріне жауапты, ГАТР, ЖГАР және БР арқылы анықталатын – V-
антигені (гемагглютинин); вирустың нейраминидаза серотипін бейнелейтін,
көбеюі кезінде жаушадан шығуы мен вируленттілік қасиетіне жауапты,
нейраминидаза белсенділігін тежеу реакциясымен анықталатын (НБТР) –
нейраминидаза ферменті болады.
А.К.Булашев, Ж.А.Сураншиев (2007) жүргізген зерттеулерінің нәтиже-
сінде құс тұмауы вирусының А типті Н5N1 штамы антигенінің құрамында
иммунды ферменттік талдау мен диффузиялық преципитация реакциясында
телімді антиденелермен белсенді түрде байланысқа түсе алатын 4 белок
фракцияларының болатындығы анықталды.
Тұмау вирусы құстардың саңғырықтарында, ұлпаларда және суда бір
жылға дейін сақталады. +56
0
С температурада 3 сағат, ал +60
0
С-де 30 минутта
инактивацияланады. Сілтілердің, қышқылдардың, тотықтырғыштар мен
құрамында йоды бар ерітінділердің әсерінен зарарсыздандырылады.
Құс тұмауының түрлі мемлекеттерде анықталған эталондық штамдары
өте көп. Ауру қоздырушысының бастауы – ауырған құс. Вирустың негізгі
берілу жолдары аэрогенді, алиментарлы. Аурудың панзоотия түрінде
таралуына жыл құстары себеп болады.
Аурудың жасырын кезеңі 3-5 күнге созылады. Клиникалық белгілері
аурудың формаларына (респираторлы, ішекті, нервті, аралас) байланысты.
Жалпы алғанда дене қызулары көтеріледі, шөлдейді, қиналып тыныс алады,
нәтижесінде қырылдаған дыбыстар шығарады, түшкіреді, көздері жасау-
райды, мойындарын артқа қайқайтып (опистотонус), тұмсығы мен аяқтары
домбығып, өлімге шалдығады.
183
Ауру аса жіті өршуіне байланысты патологиялық өзгерістер ішкі
ағзаларда айқын байқалмауы да мүмкін, әйтсе де конъюнктивит, гемор-
рагиялық трахеит, инетрит, нефрит белгілері анықталады.
Лабораториялық зерттеуге патологиялық материал ретінде жаңадан
өлген немесе арнайы өлтірілген құс, клоака шайындысы, ішкі ағзалары, қан
сарысулары сұйық азотқа қатырылып жіберіледі.
Вирусологиялық зерттеулермен қатар биосынама 4-8 апталық тауық
балапандарына қойылады. Патологиялық материалды тері астына, бұлшық
етке немесе конъюнктива арқылы жұқтырған балапандар қоздырушының
вируленттілігіне байланысты 36-72 сағатта өлімге ұшырайды. Вирусты
идентификациялауға КБР, ГАР, ИФР, ИФТ, ПТР әдістері қолданылады.
Ауру анықталған жағдайда немесе қатер төнген аймақтарда карантиндік
шаралар жүргізіледі. Міндетті түрде қатер төнген аймақтағы құс арнайы
вакциналармен иммунделеді.
Н ь ю к а с л а у р у ы – ішкі ағзалардың нүктелі қанталауымен,
пневмониямен, энцефалитпен сипатталатын аса жұқпалы, РНК-лы парамик-
совирус қоздыратын инфекциялық ауру. Індеттанулық зерттеу жүргізгенде
тауықтың барлық тұқымдастары ауыратыны, вирус тозаң түрінде сыртқы
ортада ұзақ уақыт сақталып, бірнеше км-ге дейін таралатыны, індеттен сау
шаруашылықтарға, сонымен қатар инкубаторға берілген жұмыртқа арқылы
таралатыны, аурудың маусымдылығының болмайтыны ескеріледі.
Аурудың негізгі клиникалық белгілері жас балапандарда айқын
байқалады. Ауруға шалдыққандар әлсіреп, орнынан қозғалмай, бастары
қанатының астына тығылып, жөтеліп, түшкіріп, дем алғанда сырылдаған
дыбыстар шығады.
Патология-анатомиялық өзгерістер аурудың өршуіне байланысты
әртүрлі. Жіті өршуінде қарынның етті және сөл шығаратын бөліктерінің
шекарасында 100% жағдайда қанталаулар айқын байқалады (36-сурет).
Мұндай өзгерістер 98% тік ішекте, 60% жағдайда қарын сөлдері жолдарында
анықталады.
Ньюкасл ауруы жеке шаруа қожалығындағы жергілікті тауықтарда
проблемалық мәселе тудырмайды, бірақ оларда аурудың індет ошағы ұзақ
мерзімде персистеніп ірі тауық фабрикаларына жұғу қаупін төндіреді. Ауру-
ды дауалау мақсатында В-1, Н, Ла-Сота, Бор-74 штамдарынан дайындалған
тірі вирус вакциналары түрлі схемаларда қолданылады.
Ж ұ қ п а л ы б р о н х и т – балапандардың тыныс жолдарын, ал ересек
тауықтың репродуктивті мүшелерінің қызметін бұзумен сипатталатын, жіті
өршитін вирустық ауру. Ауру қоздырушы вирустың бірнеше серологиялық
типтері анықталған.
М а р е к а у р у ы (нейролимфоматоз) – көздің көз қабығының депиг-
ментациясымен, қарашықтың деформациялануымен, шеткері нерв талшық-
тарының салдануымен сипатталатын құстың жұқпалы, вирустық ауруы.
Қазіргі кезде құс фабрикаларында ауру қоздырушысының жоғары вирул-
184
енттігіне байланысты проблемалық мәселелер тудырып отырған өте
жұғымтал ауру. Вирус қорадан қораға ауа ағынымен таралады. Індеттанулық
зерттеу жүргізгенде вирустың транспорт, адам, құрал-жабдықтар, кемір-
гіштер, эктопаразиттер және жабайы құстар арқылы берілетіні ескерілуі
қажет.
Ж ұ қ п а л ы э н ц е ф а л о м и е л и т – тауық балапандарының
басының, мойнының дірілдеуімен, дене қозғалысының бұзылуымен, салда-
нумен сипатталатын, жіті өршитін вирустық ауру. Ересек тауық ауырмайды,
ауру қоздырушысы жұмыртқа арқылы беріледі. Көбінесе 6-20 күндік
балапандар ауырып, 80% жағдайда өлімге шалдығады.
Ж ұ қ п а л ы б у р с и т (Гамборо ауруы, инфекциялық нефроз) –
балапанның фабриции қалтасының, бүйрегінің жарақаттануымен, диареямен
ерекшеленетін вирустық ауру. Ауырған балапандар 25% жағдайда өлімге
шалдығады. Ересек тауықтар сирек ауырады. Вирус негізінен азық, су, құрал-
сайман және күтуші адамдар арқылы беріледі.
Жоғарыда аталған вирустық аурулармен қатар ірі құс фабрикаларында
респираторлы микоплазмоз, салмонеллез, әсіресе пуллороз (тиф) экономи-
калық шығындарға соқтырады.
Ж ұ қ п а л ы л а р и н г о т р а х е и т – фибринді гемморагиялық
ринит, трахеит, конъюнктивит, тыныстың тарылуымен ерекшеленетін вирус-
тық ауру. Ауру қоздырушысы ДНК-лы герпес вирус. Табиғи жағдайда бұл
аурудың тауық, қырғауыл, күрке тауық ауырады. Ауырып, жазылған құс 1-2
жылға дейін денесінде вирус алып жүреді. Қансорғыш жәндіктерде де вирус
сақталады. Ауру жіті және созылмалы түрде өтеді. Ауырған тауық қырылдап,
шиқылдаған дыбыс шығарады. Кеңірдекте экссудатты тығынның түзілуінен
құс аузын ашып дем алады, басын сілкіп, тығынды шығаруға әрекет
жасайды. Сонымен қатар көзінің қабықтары ісініп, жұмылып, жарыққа қарай
алмай, жас ағуы байқалады. Клиникалық белгілері арқылы ауруға балау қою
көп қиындық тудырмайды. Ауырып жазылған құста иммунитет қалыптасады.
Бұл ауруға қарсы тірі вакцина клоаканың үстіңгі жағына үйкеу арқылы
қолданылады. Ауырған құс толық жойылып, ветеринариялық-санитариялық
шаралар мұқият орындалып, құс фермасы санацияланады.
Ү й р е к б а л а п а н ы н ы ң ж ұ қ п а л ы с и н у с и т і - тыныс
жолдарының кілегейлі қабықтарының қабынуымен ерекшеленетін құс
тұмауы тәріздес аса жұғымтал вирустық ауру. Бұл аурумен негізінен 30 күнге
дейінгі балапандар ауырады. Негізгі жұғу жолдары: аэрогенді, трансо-
вариальді, алиментарлы. Балапандар тығыз орналасқан жағдайда 90%-ға
дейін ауруға шалдығып, абсолютті көпшілігі өлімге ұшырайды. Негізгі
клиникалық белгілері: ринит, конъюнктивит, пысқыру, танау тесіктерінен
желім тәріздес сораның ағуы, аузын ашып демалуы, көзінің сөмуі, синуситтің
әсерінен бастың домбығуы. Ем ретінде йод ерітіндісі (1:10000), биоветин,
биомицин суға қосылып беріледі. Дауалау мақсатында тірі вирус вакцина
қолданылады.
185
Ү й р е к б а л а п а н ы н ы ң в и р у с т ы қ г е п а т и т і – жас
балапандардың тез арада жүйке жүйесінің қызметінің бұзылуымен (басын
артына қайырып, аяғын созған күйде қалуы - опистотонус), конъюнкти-
витпен ерекшеленіп, тез арада өлімге шалдығуымен ерекшеленетін үй және
жабайы үйрек балапандарының жұғымтал вирустық ауруы. Бұл аурумен қаз
балапандары да ауырады. Ересек үйректерде ауру жасырын өтеді. Негізгі
жұғу жолдары: аэрогенді, инкубациялық жұмыртқа арқылы және алимен-
тарлы. Патология-анатомиялық өзгерістер бауырда байқалады. Онда үлкенді-
кішілі қанталаулар байқалады. Көкбауыр ұлғайып, өлі еттенген ошақтар
кездеседі. Ауру шыққанда індет ошағына карантин қойылады. Ғылыми
деректерде гепатитке қарсы гипериммунды жылқының қан сарысуын тиімді
пайдалануға болатыны көрсетілген. Дауалау мақсатында арнайы вакцина
қолданылады.
Р е с п и р а т о р л ы қ м и к о п л а з м о з – тыныс мүшелерінің
зақымдануы, арықтау, өнімділігінің төмендеуі белгілерімен ерекшеленетін,
созылмалы ауру. Ауру қоздырушысы – Mycoplasma galliseptica полиморфты,
шар тәріздес байытылған қоректік орталарда, тауық эмбориондарында, торша
өсінділернде жақсы өседі, ыстыққа төзімсіз.
Бұл ауруға тауық, күрке тауық, қырғауыл, көгершін бейімді, әсіресе 2-4
айлық балапандар мекиендер сезімтал. Негізгі берілу жолдары аэрогенді,
трансовориальды. Практикада жұқпалы ларинготрахеит, бронхит және
сальмонеллез, пастереллез ауруларымен қосарланған инфекция ретінде
байқалады. Өлім көрсеткіші – 5-50%.
Дауалау шараларында ветеринариялық-санитариялық ережелердің
сақталуы басты роль атқарады. Бұл ауру анықталған жағдайда карантин
қойылып, күрес шаралары кардинальды түрде орындалады.
25-зертханалық сабақ. Құстың бактериялар және патогенді
саңырауқұлақтар тудыратын инфекциялық ауруларын балау және
Достарыңызбен бөлісу: |