А. О. Тымболова драмалық шығармалардың лингвистикалық поэтикасы Алматы, 2013 А. О. Тымболова драмалық шығармаларды лингвистикалық поэтикасы



бет83/95
Дата06.10.2023
өлшемі1,66 Mb.
#113256
түріМонография
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   95
Жалмұқан. Қара бет болып қара түнді жамылып аттанғалы тұрсың. Тілінгір бетің тілінсе етті!
Контактілік лексикалық қайталамалар бірінен кейін бірі қатарласа орналасып, тығыз байланысады:
Ақан. Тірілермін – тіріл десең,
Өлсін десең, өлейін мен. (79 б.)
Ақтоқты. Сүйіп тұрып өлейін,
Сүйіп тұрып, күліп тұрып өлейін. (120 б.)
Ал дистантты лексикалық қайталамаларда ұқсас сөздер керісінше бір-бірінен алшақ орналасады. Мәселен,
Сердалі. Одан ауырына еріксіз көнесің де!
Ақан. Одан ауыры жоқ мен үшін!
Жүрегіңді қан қыламын десеңші,
Ақыннан шыққан азғын!
Одан әрі нем қалушы еді менің? (118 б.)
Сондай-ақ, осы лексикалық қайталамалардың қатарына плеоназм мен тавтология жатады. Драмалық шығармалар тілінде плеоназмдар кездескенімен, тавтология кездеспейді. Тавтология дегеніміз көркемдік бояуды қалыңдатамын деп сөздің мақсатсыз қайталануы. Ал драманың табиғаты мұны көтермейді. Өйткені драма тілі шектеулі.
Лексикалық қайталамалардың табиғаты туралы Ю.Е. Бочкареваның еңбегінде былай делінеді: «Изучение лексических повторы является значимым и для исследования идиостиля писателя, поскольку они по своей сути является ключевыми структурами текста. Они позволяют проследить не только закономерности словоупотребления автора, но благодаря своей структурной и семантической организации актуализируют основные идеи автора элементы его языковой картины мира» [169, 34 б.].
Морфологиялық қайталамаларға сөз таптарының қайталану мүмкіншіліктері жатады.
Сердалі. Айна көрсең – Ақтоқты емес,
Жын көргендей шошынатын боларсың!
Еңкеймей бақ, Ақтоқты! (86 б.)
Ақтоқты. Ақтоқтың сол қайтіп тапқан арманын...
Ақтоқтың сол апасына жаны ырза... (100 б.)
Мұнда автор жалқы есімдерді қайталау арқылы кейіпкер бейнесінің стильдік бояуын қалыңдата түседі.
Етістіктің барлық категорясы да қайталамаларда жиі кездеседі:
Жалмұқан. Тыңдаған жоқ, тыңдамайды да. (115 б.)
Ақтоқты. Босатпай-ақ қойыңыз. Босанар кезде босанармын. (117 б.)
Есімдіктер арқылы жасалған қайталамаларға мысал келтірейік:
Ақтоқты. Қалауым сен болдың, енді нең бар?
Сүйетінім сен екенсің,
Сенсің сүйерім, сенсің! (105 б.)
Ақтоқты. Ояу жүрген Ақанның әні ғана! Біреу күйініп, біреу жылынып тыңдайды төсегінде. (113 б.)
Қосымшалар арқылы жасалатын қайталамалар көбіне өлең мәтіндерінде дәстүрлі түрде қолданыс табады:
Ақтоқты. Сорлы болған жалғызыңмын, жан апа,
Сүймесімді сүйемін деп айтуға
Көңілім көнбес,
Аузым бармас
Бұл азаптан арылмаспын, жан апа. (102 б.)
Сондай-ақ, сақина қайталамалар (Р. Досжанова) сөйлемнің бір сөзбен басталып, дәл сол сөзге аяқталуы арқылы жасалады:
I-кемпір. Бірің жетпесең, бірің жетерсің... Біріңе сүйеніп бәрің жет!.. Бірін емес, бәрін жеткіз! (115 б.)
Сонымен қатар, драма тіліндегі синтаксистік қайталамалардың түрлері мен олардың стилистикалық табиғатының да көтеретін жүгі зор.
Қайталамалардың тағы бір түрі – мимезистер қайталамалардың басқа түрлеріне мүлдем ұқсамайды. Мимезистердің негізгі өмір сүретін ортасы – диалог. Олар кейіпкер тіліндегі келеңсіз көріністерді сынау, келекелеу мақсатында қолданылады. Мысалы:
Қарасақал. Сердәлі-ау, көк жұлын болды ғой мына жігіттер.
Қатында қанағат бар ма еді,
Қағып болды қалтаны.
Тоймайды сонда да...
Босаттыршы жігіттерді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   95




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет