Абдиралиева (Байзақова) Салтанат Серикбайқизи



бет1/8
Дата26.06.2022
өлшемі110,79 Kb.
#37304
  1   2   3   4   5   6   7   8

Абдиралиева (Байзақова) Салтанат Серикбайқизи

Бастауыш сынып оқушыларының танымдық іс-әрекетінде шығармашылық үй тапсырмаларын қолдану.


Использование творческих домашних заданий в познавательной деятельности младших школьников.


Use of creative homework in the cognitive activity of Primary School students.

PhD Романкулов Ш.Ж.

МАЗМҰНЫ


Кіріспе 3
1.1 Бастауыш сынып оқушысының шығармашылық іс-әрекетін қалыптастыру 6
1.2Танымдық іс-әрекеттер орындату арқылы оқушы шығармашылығын дамыту 11
1.3 Бастауыш сынып оқушыларының оқу-танымдық іс-әрекетін қалыптастыру жолдары 14
2.1 Бастауыш мектепте оқушылардың үй жұмысын ұйымдастырудың әдіс-тәсілдер 26
3-сыныпта берілетін үй жұмысының мөлшері: 34
2.2 Бастауыш мектепте оқушылардың үй жұмыстарын ұйымдастыруға арналған жұмыстар тәжірибесі 35
Қорытынды 46
Әдебиеттер тізімі 48


Кіріспе


Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында білім берудің ізгілікті, дамытушылық сипаты және адамды қалыптастырудағы рөлі, жеке шығармашылық қабілеттерің дамуы үшін жағдай жасау қажеттігі болып отыр деген саясатты ұстана отырып, қазіргі заманға сай технологиялардың үлгілерін таңдап, сабақ барысында пайдалана білу–бүгінгі заманның талабы [1].
Қазіргі таңда мемлекеттік тілді жетік меңгерту өзекті мәселенің бірі екендігі баршаға мәлім. Бүгін заман өзгерді, қоғам алмасты, еліміз тәуелсіздік алды, тіліміз мемлекеттік мәртебеге ие болып, қайта жанданып жатыр.
Бастауыш мектепте оқытылатын ана тілі пәнінің түпкі мақсаты – оқушыларға ана тілін жетік меңгерту, туған елінің тыныс-тіршілігімен жан-жақты, терең таныстыру, мәдени сөйлеу тілдерін дамыту.
Қазақ халқының рухани көсемі А.Байтұрсыновтың "Әр жұрт баласын әуелі өз тілінде оқытып, өз тілінде жазу-сызу үйретіп, өз тілінің жүйесін білдіріп, жолын танытуы керек," - деген пікірі қазіргі кезде ана тілін оқыту және тіл дамыту үрдісінде өміршеңдігін жойған жоқ.
Мектепте оқушылардың оқу әрекетін дұрыс ұйымдастырудың алғы шарттарының бірі олардың үй жұмысын орындай білу біліктілігі болып табылады. Өйткені, үй жұмысын орындау оқушыдан белсенді ой қызметін, танымдық іздемпаздықты талап етеді. Үй жұмысын оқушының оқу нәтижелеріне жету құралы деп есептеуге болады. Жұмыстың бұл түрі оқушының білімділігін, біліктілігін бекіте отырып, оның белсенділігін, дербестігін дамытады [2].
Оқушылардың үй жұмыстары педагогикалық процестегі екі жақты мәніне байланысты сабақты дұрыс ұйымдастырудың формасы ретінде де, оқушылардың саналы білім алу мен қажетті жұмыс дағдыларына үйренуінің тәсілі және мінез-құлықты қалыптастыру жолы ретінде де қызмет атқара алады. Бұған дейін мектеп тәжірибесінде үй жұмысы жеке пәндер аясындағы білім мен білікті дамытуға ғана бағытталып келгені мәлім. Оқушының жалпы белсенділігін, дербестігін біліктілікті дамыту арқылы қалыптастыру тиімді екенін көптеген зерттеушілеріміз дәлелдеген болатын.
Педагогикалық зерттеулерді, еңбектерді талдау барысында, біз өздігінен орындайтын үй жұмысына әр қырынан берілген анықтамалар бар екеніне көзіміз жетті. Мысалы: кейбір зерттеушілер үй жұмысын тапсырма берушінің нұсқауы арқылы жүзеге асатын әрекет ретінде қарастырса (Р.А.Низамов, т.б.), басқалары өз бетімен жұмысқа оның мақсаты тұрғысынан баға берді (Н.Д.Хмель). Осыған байланысты үй жұмысы оқытуды ұйымдастырудың формасы ретінде сипатталады [3, 4].
В.П.Беспалько үй жұмысы ұғымын адамның белгілі бір жұмысты өз бетімен, ешкімнің көмегінсіз орындауы деп біледі. Г.П.Семеновтың пікірінше, үй жұмысы – оқытудың ұйымдастыру формасы да, әдіс-тәсілі де емес, өз бетімен жұмыс - алдын-ала берілген бағдарлама немесе нұсқау арқылы мұғалімнің қатысуымен орындалатын әрекет [5, 6].
Тағы бір топ ғалымдар Н.В.Кузьмина, А.Г.Ковалев және т.б. үй жұмысын – оқушыларды үйретудің, оқытудың әдісі ретінде де емес, ол оқушының алдына қойылған мақсатқа сәйкес, белгілі бір іс-әрекетті ұйымдастыру мен жүзеге асыру құралы болып табылады деді. Б.П.Есипов оқушылардың үй жұмысының атқаратын міндеттерін айқындаса, Т.С.Сабыров оқушылардың оқу белсенділігін арттыру жолдарын жан-жақты талдайды [7, 8, 9, 10].
Осы ретте оқушылардың үй жұмыстарының түрлері мен ұйымдастыру жолдары әрқилы болғанымен, көздейтін мақсаты оқушыларды саналылық, белсенділік, ұқыптылық, дербестікке тәрбиелеу болып табылады.
Соңғы жылдары мектептерде оқушылардың үйге берілетін тапсырмаларына ерекше көңіл бөлінуде. Оқушының ойлау қабілетін дамыта отырып, өздігінен ізденуге, шығармашылық қабілетін дамытуға, қоршаған ортаға бейімделуіне жағдай жасау. Сондықтан біз дипломдық жұмысымыздың тақырыбын «Бастауыш мектепте оқушылардың үй жұмысын орындатудың әдіс-тәсілдері» ( Ана тілі сабағы негізінде, 3-сынып) деп таңдадық.
Зерттеу жұмысы тақырыбының өзектілігі: бүгінгі таңда оқушы меңгерген білім, білік, дағдыларды біліктілікпен байланыстыра қарастыру негізінде оқушының қоғамдағы мәселелерді, өзгерістерді бағалау, оны өз тұрғысынан шешу біліктіліктерін дамытуға күш салынуда. Бұл орайда оқушының өзіндік орындайтын жұмысының жаңа талаптарға сай ұйымдастырылуы өте маңызды. Солардың біріне бастауыш сыныптарда ана тілі сабағында оқушылардың үйде орындайтын жұмыстарын дұрыс ұйымдастыра білу. Ана тілі сабақтарында үй жұмысы жүйелерін пайдалана отырып, оқушылардың тек пәндік білім алуымен ғана шектелмей, оған қоса оқу мен сөйлеуге тереңірек үңіліп, жағымды мінез–құлық қалыптастыру, этика, эстетика сияқты адамгершілік нормаларын бойларына дарытып, тәрбиеге көңіл бөлу қажет.
Зерттеу жұмысының мақсаты: бастауыш сыныпта ана тілі сабағында оқушылардың өздігінен үйде орындайтын жұмыс түрлеріне сипаттама бере отырып, оқу үрдісінде оқушылардың үйде орындайтын жұмыстарының ұйымдастыру жолдарын анықтау.
Зерттеудің міндеттері.
1. Ана тілі сабағында оқушылардың орындайтын үй жұмыстарын теориялық тұрғыдан негіздеу.
2. Үй жұмыстары арқылы оқушылардың ізденімпаздығын, өз бетінше жұмысқа баулуды қалыптастырудың мүмкіндіктері мен қазіргі жайын анықтау.
3. Ана тілі сабағында оқушылардың үйде орындайтын жұмыстарын қалыптастырудың жолдарын айқындау.
4. Ана тілі сабағында оқушылардың орындайтын үй жұмыстарын қалыптастыру әдістемесін жасау, оны тәжірибелік-эксперименттен өткізу, қорытындысын шығару.
Зерттеу жұмысының пәні: бастауыш сыныптың ана тілі үрдісі.
Зерттеу жұмысының нысаны: бастауыш сыныпта ана тілі үрдісіндегі оқушылардың үй жұмысын орындаудағы іс-әрекеті.
Зерттеу жұмысының болжамы: егер, бастауыш мектепте оқытылатын пәндердің үй жұмыстары жүйелі ұйымдастырылса, онда оқушылардың ой-өрістері кеңейіп, өздіктерінен ой қорытуға, әрекет етуге жаңаша талпыныс пайда болады, өйткені үй жұмысын ұтымды ұйымдастыру - зейін қойып ойлау мен тапқырлықтарын дамытудың құралы бола алады.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы және теориялық мәнділігі:
- үй жұмысы арқылы оқушылардың өз бетімен жеке жұмыс істеу бағыттылығын қалыптастыру теориялық тұрғыдан негізделді;
- үй жұмыстары арқылы өздігінен жұмыс жасау дағдысын қалыптастырудың мүмкіндіктері мен қазіргі жағдайы анықталды;
- үй жұмысы арқылы оқушылардың ана тілі сабағындағы оқу белсенділіктерін қалыптастырудың жолдары айқындалды;

  • оқушылардың ана тілі сабағында үй жұмысын ұйымдастыру жолдарының әдістемесі жасалып, тәжірибелік-эксперименттен өткізілді.

Зерттеудің әдістері: ғылыми әдебиеттер мен бағдарламалық-әдістемелік құжаттарға теориялық талдау жасау, теориялық моделдеу, мектеп құжаттарын зерделеу, диагностикалық әдістер (сауалнама, сұхбат, бақылау, тестілеу), педагогикалық іс-тәжірибені талдау, тұжырымдау, жинақтау, педагогикалық эксперимент, математикалық-статистикалық тұрғыда өңдеу.
Зерттеу жұмысының құрылымы: кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, эксперимент жұмысынан, жұмыс барысында пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет