Абсолютизм –жоғары үкімет билігі шексіз жеке-дара бір адамның қолында тұрған мемлекеттік басқарудың бір түрі. Автаркия



бет10/21
Дата12.09.2022
өлшемі54.35 Kb.
#38866
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   21
Қысымшы топтар –билік институттарына мақсаты ықпал ету арқылы өз мүдделерін қанағаттандыруға тырысқан қоғамдық бірлестіктер.
-Л-
Легитимдік –халықтың үстемдік етіп отырған саяси билікті мойындауы, оның заңдылығы мен шешімдерін растауы.
Либерализм –1) жеке адамның саяси және экономикалық құқықтарын мақұлдап, мемлекеттің экономикаға араласуын шектеуге тырысатын ілім, саяси бағыт; 2) бірқатар елдерде орта топтың мүддесін қорғайтын либералдық партиялар.
Лобби –белгілі бір заң жобаларына, қабылданатын шешімдерге ықпал ету мақсатында әрекет ететін ерекше саяси ұйым. Ол қысымшы топтың бір түріне жатады. Саяси, қоғам қайраткерлерімен жақсы қатынастар орнатып, солар арқылы үкіметтің табысты тапсырмаларын алуға, заң жобаларына өздеріне керекті өзгерістер жасауға және т.с.с. күш салады. Бұл мақсатта неше түрлі әдіс-тәсілді пайдаланады.
Люмпен –қоғамның азғындалған бөлігінің жалпылама аты. Оған қаңғыбастар, қайыршылар, жезөкшелер, қылмыскерлер және т.с.с. жатады.
-М-
Мaжoритарлық жүйе –сайлау нәтижесінде үміткердің округ бойынша көпшілік дауыс алу.
Макиавеллизм –алға қойған мақсатқа жету үшін амал-айланың қандай түрі болмасын пайдалану тәсілі. Оның негізін салған Италияның саясаттанушысы Н.Макиавелли (1469-1527) елдің басын біріктіріп, бірлігін сақтау үшін патшаларға жауыздық жасауға да, күш жұмсауға да кеңес берді.
Манифестация –бір іске, оқиғаға, билеушілердің саясатына тілектестігін не қарсылығын білдіру үшін көпшілік болып қыр көрсету.
Маргиналдар –белгілі бір себептерге байланысты қоғамның негізгі әлеуметтік тобына, табына кірмей қалған аралық жағдайдағы адамдар. Мысалы, ауылдан жұмыс іздеп қалаға келген жастар. Олар бір жағынан ауыл өмірінен қол үзген, екінші жағынан қаланың өмір салтын, мәдениетін игеріп, сіңбеген. Осылайша әредік жағдайға душар болады. Мұндайларды маргиналдар дейді. Олардың көбінің тұрақты тұратын орны жоқ, жұмыс орны да анықталмаған, белсенді саяси өмірге тартылмаған. Сондықтан олар қылмыс не басқа арандатушылық әрекеттерге оңай ілесіп кетеді. Маргиналдарға этникааралық, нәсіларалық некеге түскендер де жатады. Мысалы, метистер.
Марксизм -өзара байланысты философия, саяси экономия, ғылыми коммунизмнен тұратын ілім. Ол социалистік революция нәтижесінде пролетариат диктатурасын, екі кезеңнен (социализм мен коммунизмнен) тұратын коммунистік қоғамды орнатуды мақсат етті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   21




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет