Абсолютизм –жоғары үкімет билігі шексіз жеке-дара бір адамның қолында тұрған мемлекеттік басқарудың бір түрі. Автаркия



бет9/21
Дата12.09.2022
өлшемі54.35 Kb.
#38866
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   21
Конституциямемлекеттік және қоғамдық құрылыстың негізгі қағидаларын, принциптерін білдіретін негізгі заң.
Конфедерация -өздерінің кейбір амал-әрекеттерін үйлестіріп, белгілі бір мақсаттарды (әскери, сыртқы саясаттағы және т.с.с.) жүзеге асыру үшін бірлескен егеменді елдер одағы. Онда жалпыодақтық азаматтық немесе ол одаққа кірген мүшелердің бәріне міндетті заң шығарушы билік болмайды. Оның алғаш шешімдері оған енген елдердің бекітуінен өтуі керек. Ол өмірде сирек кездеседі. Мысалы, ол 1848 жылға дейін Швейцарияда, 1778-1787 жылдары Солтүстік Америка штаттарында болды. Қазір соған ұқсас құрылымды Еурополық Одақ құрмақ ойы бар.
Конфликт (жанжал) –қарама-қарсы күштердің, партиялардың, көзқарастардың, мақсат-мүдделердің бір-біріне қайшы келуі. Ол өрістеген кезде арты шешілмес қатты дау-жанжалға, ал саяси шиеленіс саяси дағдарысқа әкеліп соқтыруы мүмкін.
Конфликтология -әлеуметтік дау-жанжал, шиеліністердің мәнін, табиғатын, зардаптарын зерттеуге, оларды алдын ала болжауға арналған ілім.
Коррупция –1) мемлекеттік және саяси қайраткерлерді, министрлерді, парламент мүшелерін, шенеуніктерді және т.б. параға сатып алу; 2) лауазымды адамдардың жеке басын байыту мақсатында өз қызметін қылмыстық жолмен пайдалануы, парақорлығы, сатылғыштығы.
Көппартиялылық –мемлекеттік билік үшін күрес барысында бірнеше саяси партиялардың әр түрлі мүдделері мен пікір алалығын пайдалана отырып басқару түрі.
-Қ-
Қоғамдық-саяси ұйымдар –халықтың белгілі бір тобының мүддесін білдіріп, қорғайтын, алдына қойған әлеуметтік мақсатқа жету үшін ерікті түрде мүшелікке кірген, оған материалдық көмек көрсететін, өзін-өзі басқаратын адамдардың бірлестігі.
Құқықтық мемлекет –демократиялық жолмен қабылданған заң үстемдік ететін, оның алдында бәрі де тең саналатын, жеке адамның құқықтары жан-жақты қамтамасыз етілетін мемлекеттік құрылыс.
«Қырғиқабақ соғыс» -екінші дүниежүзілік соғыстан кейін басталып, 80 жылдарға дейін созылған социалистік және капиталистік жүйелер арасындағы халықаралық шиеленіс қатынастары.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   21




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет