Ќан жїйесі физиологиясы



бет16/128
Дата31.12.2021
өлшемі6,9 Mb.
#23273
түріОқулық
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   128
Тромбоциттер (қан табақшалары) – дөңгелек пішінді (күркетауықтарда сопақша) қан торшалары. Құстар қанында саны жағынан сүт қоректілермен салыстырғанда олар біршама аздау. Тромбоциттер эритроциттермен салыстырғанда майда торшалар, бірақ құстарда олар сүт қоректілердің қан табақшаларынан ірілеу келеді.

Тромбоциттер - өте нәзік торшалар. Жарақат салдарынан қан тамырларынан шығысымен олар тез бұзылады да, құрамынан қанның ұю процесіне қатысатын заттар бөледі.



Қанның ұюы. Қанның ұюы – оның маңызды қасиеттерінің бірі. Ол – организмді қансыраудан сақтайды. Қан ұюы бұзылған жағдайда кішігірім жарақаттың өзі организмге өлім қаупін тудыруы мүмкін.

Құстар қанының ұйығыштық қасиеті жоғары деңгейде болады. Құс қанының ұю мерзімі шамамен бірнеше ондаған секундтан 1-2 мин аралығын құрайды.

Қанның ұюының негізгінде фибрионоген белогы қасиеттерінің өзгеруі жатады. Тізбектелген күрделі химиялық процестер барысында ол ерігіш күйден ерімейтін күйге – фибринге айналады.

Фибрин жіңішке талшық түрінде жарақаттанған жерге жабысып, тор құрады да, онда қан торшалары тұтылады, тығын пайда болады. Біршама уақыттан соң осы тығын нығайып, бекіп, тартылады да, одан ашық сары түсті сұйық – қан сарысуы бөлініп шығады.

Фибринсізденген (дефибринделенген) қан торшалық элементтер мен қан сарысуынан тұрады. Құрамында фибриногеннің болмауына байлансты мұндай қан ұйымайды.

Құстар қанының ұю механизмі сүт қоректілерден ерекшеленбейді. Оның да негізіне А. Шмидт ұсынған 3 сатыдан тұратын ферменттік теория қабылданған.

1-сатыда айналымдағы қанда дайын күйде кездеспейтін тромбопластин ферменті түзіледі. Бұл ферменттің пайда болуы тромбоциттің бұзылуынан бастау алады. Тромбоцит факторлары мен плазма факторларының өзара әрекеттесуі нәтижесінде қанда белсенді тромбопластин пайда болады. Бұл фактор зақымдану салдарынан ұлпаларда да пайда болады, оны ұлпалық тромбопластин дейді.

2-сатыда тромбопластиннің әсерімен қан құрамындағы бұйығы фермент – протромбин белсенді түрге – тромбинге айналады. Бұл процеске плазма құрамындағы Са ионы және басқа да факторлар қатысады. Протромбин бауырда К дәрмендәрісінің қатысуымен синтезделеді.

Қан ұюының 3-сатысында тромбин ферменті фибрионоген белогына әсер етіп, оны ерімейтін – фибринге айналдырады.

Сонымен, қанның ұюы әр түрлі факторлар қатысуымен жүретін тізбектелген күрделі ферменттік процесс. Егер организмде қанның ұюына қажет қандай да бір фактор жетіспесе, қанның ұюы төмендейді немесе мүлдем жүрмейді. Мысалы, плазмада антигемофильдік глобулиннің болмауы гемофилия ауруына ұшыратады.

Егер қанға Са иондарын байланыстыратын лимон немесе қымыздық қышқылды Na тұзын қосса, еркін кальций иондарының болмауына байланысты қан ұю қабылетінен айырылады. Мұндай қанды цитратты немесе оксалатты қан дейді.

Организмде қанның ұюына қарсы әсерлі заттар – антикаогулянттар да кездеседі. Оларға өкпе мен бауыр ұлпаларынан бөлінетін гепарин, антитромбин, антитромбопластин, фибринолизин жатады.

Қанның ұюы жүйке жүйесі мен гормондардың әсерінен өзгереді. Симпатикалық жүйке жүйесі мен адреналин қанның ұюын жылдамдатса, парасимпатикалық жүйке жүйесі мен ацетилхолин оны төмендетеді.

Соматотропты гормон, кортикостероидтар және жыныстық гормондар қанның ұюын жылдамдатады да, ал тироксин бәсеңдетеді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   128




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет