Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар


Акселерациялау және инкубациялау бағдарламалары



Pdf көрінісі
бет70/72
Дата10.12.2023
өлшемі2,18 Mb.
#136232
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   72
15.3 Акселерациялау және инкубациялау бағдарламалары 
«Акселерация» терминінің өзіне жетпіс жылдан астам уақыт болды – 
оны 1935 жылы неміс дәрігері Е.М. Кох ұсынған болатын. Бұл сөзбен 
(латын тілінен «жылдамдату» дегенді білдіретін) балалар мен 
жасөспірімдердің құрдастарымен салыстырғанда бойының, салмағының 
және кейбір басқа өлшемдерінің ұлғаюы аталған болатын. Акселерация 
құбылысы АҚШ-та, Европада, Азияда, Россияда байқалады, қалаларда 
ауылдық жерлермен салыстырғанда күштірек көрініс береді.
Оның кеңінен таралуы ғалымдарға акселерация құбылысын қазіргі 
заманғы адамның дамуына тән қақын ретінде қарауға мүмкіндік береді. 
Организмнің өсіп, даму заңдылықтары балалар мен жасөспірімдердің 
қалыпты өсіп, дамуы үшін, қоршаған орта факторларын гигиеналық 
нормаландырудың 
теориялық 
негізі 
болып 
табылады. 
Бұл 
заңдылықтарды білу, балалар мен жасөспірімдер гигиенасы бөлімінің 
дәрігеріне жеке органдар мен жүйелердің баланың әртүрлі жас 
кезеңдерінде бүтін организм ретінде қызмет етуін, оның қоршаған 
ортамен байланысын анықтауға және осы жағдайдың мәнін тереңірек 
түсінуге мүмкіндік береді.
Акселерация — жасөспірімдердің денесінің дамуының уақыттан 
бұрын, тез қарқынмен үдеп жүруі; балалармен жас өспірімдердің 
жыныстың жетілуінің өсуі мен дамуының күрт жылдамдануы. 
Планетаның магнит денесінің кернеуі төмендеген кезде жануарлардың 
көптеген түрінің денелерінің салмағы мен көлемінің ұлғаюы. 
Акселерацияның ең айқын көрнісі ержеткен балалардың денесінің 
өздерінің ата-аналарының денесімен салыстырылғанда іріленуі Ю.К. 
Бабанский акселерацияны балалардың денесі мен психикасының аса ерте 
дамуы деп анықтады.
Акселерацияның басты мысалдары ретінде: 


153 

жаңадан туған балалардың салмағы мен бойының өсуін (зерттеу 
кезіне (1979 ж.), орта есеппен 1-2 кг-ға және 4-5 см-ден жоғары (сол жүз 
жылдықтың 30-жылдары); 

тістерінің уақытынан бұрын шығуын және олардың тұрақты тіске 
ауысуын (1-2 жылға); 

скелеттің мерзімінен бұрын сүйекке айналуын (20-ғасырдың 20-30 
жылдарымен салыстырғанда 2-3 жылға ерте);

өткен ұрпақтармен салыстырғанда жалпы бойының 8-10 см.-ге 
өсуін; 

мектеп жасындағы балалардың бойының өсуі, ерте жыныстық 
жетілуін (ұлдарда 11-12 жаста) мысалға келтіруге болады.
Акселерацияның туындауы туралы әртүрлі теория бар, оның ішінде 
физикалық-химиялық (күн радиациясының, ғарыш радиациясының, 
толқын, магниттік өріс, көмірқышқыл газының шоғырлануының артуы 
және басқалары), және ескерілетін факторлар мен өмір жағдайларының 
факторларының кешені (өсіп келе жатқан ақпараттық ағындар, урбандық 
әсер, әлеуметтік-биологиялық факторлар), және генетикалық (цикли-
калық биологиялық өзгерістер, популяциялық араласулар), осы уақытқа 
дейін толығымен аталғандардың қайсысы маңызды екенін анықтау 
мүмкін емес. 
Ғалымдардың пікірінше даму жылдамдығына, мысалы, отбасындағы 
әлеуметтік-экономикалық жағдайлар мен тамақтану әсер етеді, бірақ 
нәсілдік меншіктік немесе климат мүлдем әсер етпейді. 
Өндipic қарқынын жеделдетуге қол жеткізу үшін, Батыс елдерінің 
әртүрлі мектеп өкілдері экономикалық өсудің моделі мен формулаларын 
жасап, алдағы уақытқа болжау кұрады. Өсу формуласының негізінде 
"мультипликатор" теориясы жатыр. Ол кейінірек "акселерация" 
теориясымен толықтырылды. 
Мультипликатор — көбейткіш, ал акселератор — бұл дайын өнім 
сұранымының өсушілігіне деген интенсивті өсушілік коэффициенті. 
"Мультипликатор" ұғымын ағылшын экономиci Кан 1931-ші жылы 
енгізген, кейінірек Дж. М. Кейнс өзінің "Жұмыспен қамту, өciм және 
ақшаның жалпы қарқыы көзқарасын дамытты. Бұл ұғымды А. Хансен, Р. 
Харрод, Дж. Хикс, П. Самуэльсон, Н. Калдор және басқалар, өз 
еңбектерінде қарастырған. Мультипликатор қолда бар күрделі қаржының 
өcyі кезіндегі ұлттық табыстың қанша есеге өсетіндігін көрсетеді. 
Мысалы, жаңа жолды салуға күрделі қаржы 5 млн. долл. тең делік 
және орташа табыс жылына 1000 долл. болатын алғашқы кезде 1000 
адамды жұмысқа тартады. Біpaқ жолды салуға белгілі көлемде ipi 
жабдықтар мен материалдар қажет және оларды өндіруге жұмыс 
атқаратын 1200 адам керек (сол бұрынғы жылдық табыс бойынша) 
болды. Жұмысты атқаратындардың (жұмыстылықтың) өcyi тұтыну 
заттарына сұранымды өcipe түседі. Сөйтіп келесі кезекте олардың 


154 
өндірісінің ұлғаюына алып келеді және 800 адамды қосымша жұмысқа 
тартады. 
Демек, инвестициямен тікелей байланысты 1000 жұмысшыны жалдау 
нәтижесінде, жұмысты атқаратын-дардын түпкі жиынтығы 3000 адам 
жалпы 15 млн. долл. табысты кұрайды немесе алғашқыдан 3 есе көп 
деген сөз. Бұл жағдайда мультипликатор 3-ке тең. 
Акселератордың 
ic-әpeкeті 
мультипликатармен 
байланысты: 
мультипликатор инвестицияның көбеюімен ұлттық табыстың өcyiн 
(оның өcyi еселенеді) қарастырады; акселератор (дайын өнім 
сұранымының өсушілігіне инвестициялық сұраным өсушілігінің 
коэффициенті) - ұлттық табыстың өcyi инвестицияның өсуіне алып 
келеді. Кезегінде бұл барлық жүйені қозғалысқа алып келеді. 
Экономикалық өсудің бipтeкті, бip бағытта ic-әрекет жасайтын 
мультипликациялық пpoцec пайда болады. Акселерация принципін 
алғаш рет 1913-ші жылы француз экономисі А. Афтальон (1874-1956) 
және 1919 жылы американ экономисі Дж. М. Кларк ұсынған. Кешірек ол 
Р. Харрод, Дж. Хикс, П. Самуэльсон еңбектерінде одан әpi дами түсті. 
Инкубация: бұл не? 
Инновациялық кәсіпкерлікті дамыту мен қолдаудың айқын бір өрнегі 
болып бизнес инкубациясы табылады. Инкубация шарттары шағын 
кәсіпорындарды құру мен дамыту барысында туындайтын кедергілерді 
жеңуде едәуір көмегін тигізеді. 
Бизнес-инкубатор жаңадан ашылған кәсіпорындарға, бизнестің 
дамуына септігін тигізетін шаруашылық іс-әрекеттерін және офистік 
қызмет жүргізу үшін өндірістік және офистық, т.б. орындарды тиімді 
шарттар негізінде беру арқылы қолдау көрсетеді. 
Бизнес инкубациясының тиімді жағы 
Бизнес-инкубатор бизнесті дамыту үшін қаржылай және техникалық 
жәрдем іздеуге көмек көрсетеді. 
Инкубатордың офистық және кеңес қызметтерін ұсынуы, 
қызметкерлер саны ұлғаюының алдын алуға және негізгі қаржы көзін 
тартуға мүмкіншілік береді. Бұл шағын бір фирманың жұмысына қажет 
шығындарды азайтып, тиімді қылады. Сонымен қатар, кеңестік 
қызметтер, ақпараттық база және оқыту іс-шаралары кәсіпкерлерге 
қазіргі қалыптасып отырған ортаға төзіп бағып, дамуға көмегін тигізеді. 
Инкубация даму тарихы 
Инкубаторлардың кәсіпкерлік пен экономикалық дамуға, және 
бірлескен жұмыстың дамуына жасаған ықпалы, бұл кәсіпорындарды 
көпшілік мойындаған аймақтық даму құралдарына айналдырды. Ресми 
мәліметтер бойынша, әлемдегі ең бірінші бизнес-инкубатор 1959 жылы 
Батавия қаласында ашылған (АҚШ). 80-жылдардың соңына қарай, 
кәсіпкерлікті инкубациялау экономикалық даму мен жаңа жұмыс 
орындарын ашуды ынталандыруда үкімет қолдаған кең тараған көпшілік 


155 
формасы болды. Бүгінгі таңда дүниежүзінде 4000-нан астам бизнес-
инкубатор бар 
Қазақстандағы бизнес-инкубаторлар 
Қазір Қазақстанда 40-тан астам бизнес-инкубатор бар. 2000 жылы 
Қазақстанның түрлі қалаларындағы 14 бизнес-инкубатор мен 
техникалық парктарды біріктірген Қазақстандық Бизнес Инкубаторлар 
және Инновациялық Орталықтар Ассоциациясы (ҚБИИОА) негізін тепті. 
2002 жылдың қараша айында Бизнес-инкубаторлар мен Технологиялық 
Парктардың Орта Азиялық жүйесі құрылып, координаторы Шымкенттік 
СодБи Бизнес-инкубаторы болды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет