Қаржы кафедрасы жорабаева Ж. К. Кукиев А. Ж. "САҚтандыру ұйымдары" ПӘні бойынша алматы, 2016 ж. МазмұНЫ


Қазақстан Республикасының сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын лицензиялау тәртібі және оны құру



бет8/35
Дата08.12.2022
өлшемі0,59 Mb.
#55862
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   35
3.2 Қазақстан Республикасының сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын лицензиялау тәртібі және оны құру

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы коммерциялық ұйым болып табылады, ол Қазақстан Республикасының «Сақтандыру қызметі туралы» заңына және басқа да нормативтік актілерге сәйкес өз қызметін жүзеге асырады. Ұйымдық құқықтық формасы акционерлік қоғам болып табылады, өзінің атауы ретінде жарғыда не жазылса, соны пайдаланады. Міндетті тәртіппен келесі ұжымдық құрылымдарды құрады:



    1. директорлар кеңесі – басқару органы;

    2. басқару атқарушы орган;

    3. тексеру (ревизиялық) комиссия – бақылаушы орган.

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қатысушылары мен құрылтайшылары ретінде Қазақстан Республикасының заңында және басқа да нормативтік құқықтық актілерде көрсетілген талаптарға сәйкес, Қазақстан Республикасының резидент және резидент емес – заңды және жеке тұлғалары бола алады. Жарғылық капиталының 50%-нан көбі мемлекеттің үлесіне тиетін ұйымдар сақтандыру ұйымының қатысушысы және құрылтайшысы бола алмайды. Мемлекет сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының міндеттемелері бойынша жауапкершілікті өз мойнына алады, егер оның жар-ғылық капиталына құрылтайшы немесе қатысушы шегінде қаражат салынса, осылайша, ұйымдық статусы бар, оффшорлы аймақта тіркелген заңды тұлға немесе осы аймаққа тіркелген, жарғылық капиталға тікелей қатысы бар заңды тұлғалар – құрылушы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымның (Қазақстан Республикасының резиденті) қатысушысы бола алмайды.
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қатысушылары мен құрыл-тайшылары иеленген акцияларын ақшалай ұлттық валюта негізінде төлеуге міндетті.
Сақтандыру ұйымының акцияларын басқа заңды тұлғалардың жарғылық капиталындағы үлесі немесе акциясына төлем ретінде енгізілген активтер сомасын есептемегендегі, өзінің жеке капиталының шегінде ақшалай төлеуге құқылы. Бұдан басқа, заңды және жеке тұлғаларға сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акциясын төлеу үшін қарызға, кепілге алынған қаражаттар немесе басқа да тартылған қаражаттарды пайдалануға тиым салынады. Құрылған сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының жарғылық капиталының минималды мөлшері оны мемлекеттік тіркеуден өткізу кезіне дейін оның қатысушыларымен толық төлеуі тиіс. Осылайша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы акционерлерден жеке акция сатып ала алады, егерде келісім нәтижесінде сақтандыру ұйымының қаржылық тұрақтылығы мен төлем қабілеттілігіне қатысты заңнамалық талапттар бұзылмайтын болса.
Сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия алу үшін сақтандыру ұйымы өкілетті органдарға келесі құжаттарды көрсетуі керек:

  • лицензия беру туралы өтініші;

  • мемлекеттік тіркеу мен статистикалық карточка туралы куәліктің нотариалді расталған көшірмесі;

  • өкілетті органның нормативтік құқықтық актілерімен белгіленген жеке капиталдың минималды мөлшері бойынша талаптарды орындау, жарғының капиталдық минималды мөлшерін толығымен төлегенін растайтын құжаттар;

  • жұмысшылар қызметіне таңдалынатын, тағайындалатын тұлғалар туралы мәліметтер;

  • актуариймен расталған және өкілетті органның нормативтік құқықтың актілерінің талаптарына сәйкес жасалған сақтандыру сыныптары бойынша бизнес-жоспар;

  • ішкі аудиттің қызметі туралы мәлімет;

  • ұйымдық іс-шаралардың жоспарына сәйкес жүргізіліп жатқан іс-шаралар туралы есеп;

  • міндетті сақтандыру келісімі бойынша сақтандыру ұйымының жойылып кетуі жағдайында сақтандырушыларға сақтандыру төлемдерін төлеуге кепілдік беретін қорға қатысу келісімінің нотариалды расталған көшірмесі (егер сақтандыру ұйымының мұндай қорға міндетті қатысуы Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен бекітілсе).

Мемлекеттік сақтандыру қадағалуының мазмұндық функцияларын,
сақтандыру қызметі бойынша мынадай негізгі топтарға бөлуге болады:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет