Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиетінен емтихан сұрақтары Жыраулар поэзиясының зерттелуі


Шалкиіздің шығармаларының жиналып, зерттелуі



бет24/56
Дата06.01.2022
өлшемі266,21 Kb.
#12658
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   56
25. Шалкиіздің шығармаларының жиналып, зерттелуі

Шалкиіз – жырау, жырау болғанда өлеңмен не қарасөзбен сөйлеу бір қисап, аузын ашса болды көмейінен күмбірлеген жыр төгіле берген жыраудың классикалық үлгісі.

Ішкі тебіренісін сыртқа сарқа шығарып, қоғамдағы құбылыстарға өзіндік баға берген Шалкиіз жыраудың толғаулары өзгеше. Ол жақсылық мен жамандықтың ара жігін шығармашылық тұрғыдан ашуда терең моральдық танымның алғышарттарын көрсетіп кетті. Бұған философ ғалым О.Сегізбаевтың «В основе нравственного кодекса Шалкийза лежит деление людей на хороших и плохих» деген пікірі терең дәлел.

Не жаман, не жақсы деген сауалға жырау сан түрлі жақтан келіп, оның айырмасын ашуда өмірлік тәжірибесімен қатар ақындық шеберлігін де пайдаланады.



Жаман туған бар болса,

Жаман жолдас бар болса,

Жазаны содан коресің.

Немесе


Жаманға жақыным деп сөз айтпа,

Күндердің күні болғанда

Сол жаман басына айғақ-ты!

...Жаманнның жамандығы сол болар,

Сөйлесе дәйім бетін қара етер...

Жыраудың жақсы мен жаманды салмақтауында қоғам дамуының көрінісі жатыр. Антогонистік бағыттағы екі қарама-қарсы күштің бірінсіз-бірі дамымайтындығын жырау түсінген деуге негіз бар. Жақсының кейде жаманға, жаманның жақсыға айналуын жыраудың діл бағалауы оның адам факторын терең әрі ұзақ жылдар бағалағанын байқатады.

 

Жаманнан туған жақсы бар,

Адам айтса нанғысыз,

Жақсыдан ьуған жаман бар,

Күндердің күні болғанда –

Бір аяқ асқа алғысыз.

Осы жерде адам бойында жақсы не жаман қасиеттер туа пайда бола ма, әлде жүре келе қалыптаса ма деген заңды сұрақ өзінен-өзі туады. Генетика заңына сүйенер болсақ, онда адам бойындағы қасиеттер ұрпақтан-ұрпаққа жалғаса бермек. Қазақ даналығы да текке байланысты дегенді айтады. Ал жырау толғауына үңілсек, онда жаманнан жақсы,жақсыдан жаман тууын даралауда терең таным бар. Демек, жыраудың бұл ойға арнайы тоқтауында үлкен сыр бар. Ол – қоғам, орта, тәрбие. Бұл аталғандар адам факторын қалыптастыруға атсалысатын ұлы күштер. Жырау осыны өмірлік тәжірибеден білген, терең пайымдаған. Бұл мәселе төңірегінде терең ойлы толғау айтуда өз заманында Шалкиізден артық ешкім бара алған жоқ деп айтуға әбден болады. Адамды жіті тану, оған орнықты баға беру, оң мен солдй ажырату үшін жалғыз өмірлік тәжірибе аз. Оған қоса асқан байқампаздық, терең таразылау, дұрыс шешім де керек. Осы тұрғыдан келгенде біз Шалкиізді адам болмысының қыр-сырын терең түсінген, оған байыппен терең талдау жасаған тұңғыш жырау деп айта аламыз.

«Шығармаларының бізге толық жетпеуі себепті болар, Шалкиізде аяқталған, бір қалыпқа түскен философиялық көзқарас жоқ. Алайда қолда бар толғаулардағы кейбір сәттердің өзі оның адам қоғамы, өмір жайындағы түсініктерінен елес береді» дейді әдебиетші ғалым М.Мағауин. бұл пікірге толық қосыла отырып тек Шалкиіздің ғана емес, бүкіл жыраулық поэзияның философиялық құндылығы әлі толық қарастырылып, бір ізге түспегенін айта кеткеніміз жөн.

Шалкиіз жыраудың шығармаларының әр тармағында терең сыр жатыр. Жалпы жыраулық поэзияның дәстүрлік сипаты ондағы ойдың астарланып, тұспалданып берілуінде. Қайбір жырау өз толғаулары арқылы тұспалдап та болса өз-өзіне баға беріп кетеді. Өз-өзіне баға беруде де терең мән жатыр. «Жыраудың өзін біз көбінесе лирикалық «мені» арқылы танимыз. Осылардың ішінде жыраудың Темір би мен өзін бейнелеуінен сөз зергерлігін анық аңғарамыз» («Дала даналары» кітабынан).

Тарихта Шалкиіз жырау Темір бидің қасында ұзақ жылдар өмір сүріп, оған екң көлемді толғау арнағаны белгілі. Әсілі жыраудың «Ұлық болсаң, кішік бол» деген халық қағидасын берік ұстанатын осы толғауларынан аңғарамыз. Темір бидің алдында жырау адам ретінде қандай орынға ие болғандығы бізге беймәлім. Бірақ, халық алдында оның дәрежесі асқақ болғандығы даусыз.дегенмен ұлылыққа тән өарапайымдылық жырау бойынан шет қалмағаны ақиқат.

Сен алтынсың – мен пұлмын,

Сен жібексің – мен жүнмін,

Сен сұлтансың – мен құлмын,

Сен сұңқарсың – мен ұлумын.

Осы жерде «мен» деу арқылы өзінің қоғамдағы орнын аңғартып тұр. Ел билеушілерімен өзін тең ұстауға атағы да, дәрежесі де сай келеді. Бірақ жырау әр уақытта да халықпен бірге. Сондықтан ол халықтан бөлінгісі келмей, халық рөлінде өзін қойып отыр. Яғни «Меннің» түкпірінде халықтың «біз» деген ұғым жатқанын аңғару қиын емес.

Жыраудың өмірге деген көзқарасы сахараның қайырымдылыққа, бақытқа құралған дәстүріне лайықталынып келеді. Осы бір жағы шариғат қағидаларымен үндестік тауып жатады. Қайырымдылықтың сахара заңдылығы мен шариғат қағидаларын ұштастырып, өз толқауларында арқау етуі Шалкиіздің ата-дәстүрін берік ұстанғанын байқатады. Мысалы, Темір биді қаж сапарынан тоқтатарда айтқан толғауына назар аударалық.

Жығылғанды тұрғызсаң,

Жылағанды уатсаң,

Бұзылғанды түзетсең,

Тәңірінің үйі бәйтолла,

Сұлтан ием, қарсы алдыңда жасапты!

Қайырымдылық – ізгіліктің, адамгершіліктің сара жолы. Ұлы философ Әл-Фарабидің «Счастье – это добро, искомое ради самого себя: к нему никаким образом и никогда не стремятся, чтобы добится чего-то другого, по ту сторону (счастья) не находится ничего более значительного, чего бы человек не смог достигнуть» деген пікірі мен Шалкиіздің көзқарасы бір арнада табылып жатады.

Шалкиіз мұраларында Алла мен Тәңірі қатар жүреді. Мысалы: «Тәңірі жанын алмаса», «Тәңірі өзіне бермесе», «Ниет еттің тәңірінің үйі кебеге», т.б.

«Шалкиіз ислам дінін ұстанған, оның тәңірісі көк емес, Алла» дейді М.Мағауин. толғау өрнектеріне үңілер болсақ, жоғарыдағы пікірдің растығын аңғарамыз. Соған қоса жырау өзінің ислам дінінен хабардар және оны берік мойындайтынын мына сөздерінен байқауға болады: «Бармай тапқан қағбамсың», «Мен ісімді хаққа тапсырғанмын Һәр кезде». Келтірген мысалдан байқайтынымыз: Шалкиіз монотеистік түсінікті терең пайымдап, тәңірі мен Алланы бір ұғымда қабылдаған. Мәселен, «Мен ісімді хаққа тапсырғанмын Өмір кезде» деген жолдарынан Шалкиіздің сопылық ілімінің негізгі қағидалары мен шариғатты, марифатты терең меңгеріп, оны өмірлік мұраттарының бірі етіп ұстанғанын аңғартады.

Өмірді «жалған» деп қабылдау қазақ халқында ертеден қалыптасқан түсінік. Күнделікті күйбең тіршілікті жалған өмірдің аясында тіршілік үшін күресудің бір формасы ретіде қабылдау жырау шығармашылығында берік орныққан. Өмірге оптимистік көзқараста қарап, ондағы түрлі көлеңкелі кезеңдерді болмашы сәтсіздіктер деп қарауы жыраудың өмірдің түрлі кезеңдерін басынан өткергенін, оған әбден төселгенін байқатады. Демек, Шалкиіздің осы ойларының астарында өмір жалғастығы, ұрпақ үйлесімділігі идеясы жатыр.



Күлелік те ойналық,

Киелік те ішелік,

Мынау жалған дүние,

Кімдерден кейін қалмаған!!!

Шалкиіз – өмірдегі сәтсіздіктерге күле қараған, батырлықты ер мұраты деп түсінген жырау. Халық ұғымында және шариғат заңдылықтарында ел үшін құрбан болған адамның жәні жаннатқа қонбақшы. Осы идеяны беруде Шалкиіз жыраудың өмірдегі азаматтық орнын байқауға болады.



Жалаңаш барып жауға ти

Тәңірі өзі біледі,

Ажалымыз қайдан-дүр!

Жырау ұғымы сан алуан, әрі ұшы қиырсыз кең. М.Мағауиннің «Шалкиіз – новатор еді. Ол қазақ поэзиясындағы философиялық бағыттың негізін салды. Өзінің философиялық афористік поэзиясы-толғауларында Шалкиіз ойлылықтың, көркемдіктің шыңына шықты» деген пікірі жыраудың бүкіл философия ілеміндегі қыр-сырын ашпаса да, сол әлемдегі жыраудың орнын анықтап тұрғандай.

Шалкиіз қазақтың төл әдебиетінде философиялық лириканың жаңа және жан-жақты бағытын қалыптастырып, оған жаңа рең, жаңа ой үстемелеген ойшыл жырау болды. Оның мұралары кейіннен ғұмыр кешкен данагөй Бұхар сынды жыраулардың дәстүрлеріне ықпал еткені даусыз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   56




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет