Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы ақФ



Pdf көрінісі
бет27/39
Дата07.02.2017
өлшемі5,28 Mb.
#3587
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   39

Знаю / Хотим узнать / Узнали ( дневник тройного действия) 
Этот приём используется для чтения или аудирования. В колонку «Знаю» 
записываются  главные  сведения  по  теме.  В  колонку  «Хотим  узнать» 
записываются спорные идеи и вопросы. В колонку «Узнали» записываются всё 
что  они  узнали  впервые  из  текста,  новая  информация.  В  результате 
использования  методов  интерактивного  обучения,  я  отмечаю  положительные 

265 
 
стороны:  -  значительно  повысилась  мотивация,  особенно  это  отразилось  на 
слабых  
учащихся; 
- более высокий уровень усвоения нового материала; 
-  учащийся  не  имеет  возможность  отсидеться,  ему  надо  думать  самому,  не 
полагаясь на других, появляется интерес к изучаемому материалу; 
- организованы и включены в работу все учащиеся, хорошо развивается устная 
речь; 
- развивается умение работать в группе. 
 
Литература: 
1. Л. Абдикаримова. Современные инновационные технологии обучения 
г. Караганда. 2000г. 
2. Н.Байназарова. Новая технология и английский язык. г. Караганда.2004г. 
3. А.А.Алхазишвили. Основы овладения устной иностранной речью. 
Москва. 2000 г. 
4. В.Л. Скалкин. Коммуникативные упражнения на иностранном  
 языке.1999г.  
5. В.А.Бухвалов. Развитие учащихся в процессе творчества и сотрудничества. 
«Педагогический поиск» 2000г. 
6. И.С. Якиманская. Развивающее обучение 
7. Журнал «Иностранный язык в школе», №2,5-1998г. №3,4,5-2004г.  
8. Журнал. Учитель. «Интерактивные методы обучения». №1, 2001г. 
 
БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРДА АКТ
-
НЫ ПАЙДАЛАНУ ТИІМДІЛІГІ
 
 
Куватова Меирамгул Кабибуллиевна, 
Орал қаласы, Ж.Молдағалиев  
атындағы № 2 ОЖББМ-нің 
бастауыш сынып мұғалімі 
 
XXI  ғасыр  табалдырығында  тұрып,  білім  мен  ғылым,  техниканың 
қарыштап  дамығаны  сонша  тіпті  кіші  жастағы  баланы  ештеңемен  таңқалдыра 
алмайсың.  Ал  бастауыш  мектепте  оқитын  пән  қаншалықты  бағалы  болса 
да,мұғалімнің  шеберлігі  қандай  жоғары  болса  да,мұғалім  оқушының  өз 
белсенділігін,  қызығушылығын  туғыза  алмаса,  берген  білімнің  нәтижесі 
болмайтыны анық. 
Қолдауды қажет ететін бүгінгі күні елімізді алға тартатын, жастарымызды 
дұрыс жолға бағыттайтын инновациялық білім керек. Инновациялық білім беру 
құралдарына: 
-аудио-видео құралдар 
- компьютер 
- интер белсенді тақта 
- ғаламтор 

266 
 
- компьютер – мультимедиялық құрал 
-  электрондық  оқулықтар  мен  инновациялық  сайт  және  тағы  басқалары 
жатады  бұны  бір  сөзбен  айтқанда  оқу  үдерісі  мен  сабақтарда  ақпараттық  – 
коммуникациялық технологияларды пайдалану деп атауға болады. 
Қазақстан  Республикасының  «Білім  туралы»  Заңында:  «Білім  беру 
жүйесінің басты  міндеті  – ұлттық және  азаматтық  құндылықтар  мен  практика 
жетістіктері  негізінде  жеке  адамды  қалыптастыруға  және  кәсіби  шыңдауға 
бағытталған  білім  алу  үшін  қажетті  жағдайлар  жасау,  оқытудың  жаңа 
технологияларын  енгізу,  білім  беруді  ақпараттандыру,  халықаралық  ғаламдық 
коммуникациялық желіге шығу» - делінген. 
Осыған  орай  бүгінгі  ұстаздардың  алдында  оқушыға  білім,  білік, 
дағдыларын  игертіп  қана  қоймай,  қабылдауын,  ойлауын,  қиялын,  сезімдерін, 
ерік-жігерлерін, яғни жан-жақты, азат,  шығармашыл, өз бетімен жұмыс жасай 
білетін, бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны дамыту міндеттері де тұр. 
Жалпы  білім  берудің  мақсаты  –  терең  білімнің,  кәсіби  дағдылардың 
негізінде еркін бағдарлай білуге, өзін-өзі дамытудағы адамгершілік тұрғысынан 
жауапты  шешімдерді  қабылдауға  қабілетті  жеке  тұлғаны  қалыптастыру,  яғни 
жеке  тұлғаны  қалыптастыруға  негізделген,  ақпаратты  технологияны  терең 
меңгерген,  жылдам  өзгеріп  жататын  бүгінгі  заманға  лайықты,  жаңашыл 
тұлғаны қалыптастыру. 
Ақпараттық-коммуникациялык  технологиялардың(АКТ)  дамуы  білімді 
бағалау  және  пайдалану  жүйесін  де  уақтылы  өзгертіп  отыруды  талап 
етеді.Осыған  байланысты  білім  беруде  қолданылатын,  әдістемелер, 
технологиялар  жаңартылып  отырады.  Бүгінгі  таңда,  мектеп  пәндерін 
компьютер көмегімен оқыту нәтижелілігін жоғарылату проблемасын қарастыру 
ең  басты  орын  алды.  Әлемдік  оқу  үдерісінің  өзегі-жаңа  технологиялар  екені 
мәлім. Әрбір технология өзіндік әдіс-тәсілдермен ерекшеленеді. Әдіс-тәсілдерді 
мұғалім  ізденіс  арқылы  оқушы  қабілетіне,  қабылдау  деңгейіне  қарай  іріктеп 
қолданады.  Бастауыш  сынып  сабақтарында  АКТ  мүмкіндіктерін  қолдану 
арқылы, интерактивті модульдік технология қағидаларын іске асыру барысында 
оқушылардың 
танымдық 
белсенділіктерін, 
білім 
сапасын, 
оқуға 
қызығушылығын  жоғарылатуға  көмектеседі.  Интерактивті  тақтаны  пайдалану 
арқылы  оқушылардың  білімін  тексеру  үшін  әр  тарауды  аяқтаған  кезде  немесе 
жаңа  сабақты  бекіткен  уақытта  «сұрақ-жауапты»қолдануға  болады.  Барлық 
оқушылардан бір уақытта жауап алуға мүмкіндік береді. Ол үшін интерактивті 
тақталардың арнайы activate құралдары қолданылады. Тестілеудің нәтижелерін 
құрылған  график  арқылы  тексеріп,  сол  уақыта  бағалауға  болады.  Бұл  жүйе 
тұйық 
оқушылардың 
ойын 
білдіріп, 
білімі 
нашар 
оқушылардың 
қызығушылығын  арттырады.  Оқушылар  жауаптарын  құпия  түрде  бере  алады. 
Осы  аталған  бағдармалардың  мүмкіндіктерін  сабақта  қолдану  мұғалімнің 
уақытың  үнемдеп,оқушыларды  ізденуге  қызықтыра  түседі.  Сонымен  қатар 
нәтижелерімен  сол  сәтте  таныстыруға  болады.  Барлық  мұғалімдер  балаларға 
білім  беруде  барынша  жоғары  жетістікке  қол  жеткізу  үшін  қолайлы  орта 
жасауға тырысады. 

267 
 
Бастауыш  сыныптарды  оқытуда  да  ақпараттық  технологияларды 
қолданудың  мүмкіндіктері  өте  мол.  Мәселен,  3-4  сыныптарда  ана  тілі  пәні 
бойынша  оқушыларға  әуелі  слайд  көрсету  арқылы  өлең  авторының  өмір 
жолымен  таныстырып,  осы  өлеңнің  шығу  тарихына  ерекше  тоқталып, 
мазмұнын меңгертіп,тапсырмаларды орындатамын. Әрі қарай оқушы автордың 
өмірбаяны  туралы  мәліметтерді  интернеттен  іздеп,  тауып,  жинақтап  өз 
білімдерін  толықтырады.  Үй  тапсырмасы  ретінде  шығармашылыққа  қабілетті 
балаларға, сол әңгіме немесе шығармаға байланысты презентация жасап әкеліп, 
келесі  сабақта  интерактивті  тақта  арқылы  сыныпқа  көрсетуге  болады.  Міне, 
осындай  ақпарат  құралдарының  көмегімен  сабаққа  қатысу  белсенділігі  төмен 
оқушылардың да қызығушылығын арттыруға болады. 
Осындай  өзгеше  жұмыс  түрлерін  өткізу  арқылы  оқушылардың 
шығармашылық қабілеттерін дамытуға, олардың пәнге деген қызығушылығын 
оятуға, дарынды тұлғаны қалыптастыруға әбден болады. 
Қазақ  тілі  сабағында  логикалық  жүйеге  құрылған  бағдарламаларды 
пайдалану  арқылы  өтілген  тақырыптардан  қайталау,  пысықтау,  мәтінді  оқыту 
барысында  талдау  сияқты  тапсырмаларды  орындатуға  болады.  Ережелер 
туралы  кестеге  қарай  отырып,  оқушы  сөз  және  сөйлемдерді  талдап,  жіктей 
алады. 
Ақпараттық  технологияның  мұғалім  жұмысына  ең  тиімдісі  – 
оқушылардың  білім  олқылықтарына  үнемі  зерттеу  жасап,  түзету  жұмыстарын 
жүргізуге пайдасы бар. 
Қазіргі  заманның  даму  қарқыны  мұғалімдерден  шығармашылығын 
жаңаша,  ғылыми-зерттеу  бағытында  құруды  талап  етеді.  Сондықтан,  ХХІ 
ғасырдың  информатика  ғасыры,  яғни  ақпараттандыру  технологиясы  дамыған 
заманда  мемлекетіміздің  болашағы  –  жас  ұрпаққа  заман  талабына  сай  білім 
беріп,  жан-жақты  дамуына  ықпал  ету  мұғалімнен  шығармашылық  ізденісті, 
үлкен сұранысты талап етеді. 
Компьютер  және  ақпараттық  технологиялар  арқылы  жасалып  жатқан 
оқыту  процесі  оқушының  жаңаша  ойлау  қабілетін  қалыптастырып,  оларды 
жүйелік  байланыстар  мен  заңдылықтарды  табуға  итеріп,  нәтижесінде  - 
өздерінің кәсіби потенциалдарының қалыптасуына жол ашады. 
Бүгінгі  таңдағы  ақпараттық  қоғам  аймағындағы  оқушылардың  ойлау 
қабілетін  қалыптастыратын  және  компьютерлік  оқыту  ісін  дамытатын  жалпы 
заңдылықтардан тарайтын педагогикалық технологиялардың тиімділігі жоғары 
деп  есептейміз.  Кіші  сынып  оқушыларының  АКТ  -ға  қызығушылықтары  өте 
басым болғандықтан визуальды қабылдаулары өте жоғары еске сақталады.  
Әдебиеттік  оқу  сабақтарында  тақырыпты  ашатын  бейнероликтерді 
қолданған  кезде,  сабақтың  нәтижелілігін  байқаймын.  Өйткені  бейнероликті 
оқушы  аса  қызығушылықпен  қарайды,зерделейді.  Сабақ  тақырыбына  сай 
білімін толықтырады, күнделікті өмірмен байланыстырады. Дүниетану пәнінде 
бақылау жүргізгенде фотокамера немесе телефондарға түсіру тапсырылады. Ол 
оқушының  бақылау  арқылы  зерттеу  жұмыстарына  қарай  ұмтылғанын 
байқаймыз.  «Жануарлардың  алуан  түрлілігі»  тақырыбында  өткізілген  сабақта 

268 
 
оқушыларға  топта ұжымдаса отырып, бірнеше  жануарлардың  фото суреттерін 
түсірген.  Енді  топаралық  жұмыста  олар  жануарлардың  айырмашылығы  мен 
ұқсастығына  назар  аудару  ұсынылғанда  фотосуреттерді  алмастыра  отырып 
бақылап, нәтижелерін қорыта айтқан оқушыларда табылды. 
АКТ  -  ның  негізгі  мақсаты  –  оқушыны  қазіргі  қоғам  сұранысына  сай, 
өзінің  өмірлік  іс  -  әрекетінде  дербес  компьютердің  құралдарын  қажетті 
деңгейде пайдаланатын жан - жақты дара тұлға ретінде тәрбиелеу. Білім беруде 
АКТ  -  ны  пайдалану  мен  оқушылардың  құзіреттілігін  қалыптастыру,  қазіргі 
заман  талабына  сай  АКТ  -  ны,  электрондық  оқулықтарды  және  Интернет 
ресурстарды  пайдалану  оқушының  білім  беру  үрдісінде  шығармашылық 
қабілетін  дамытуға  мүмкіндік  береді.  АКТ  -  ны  сабақта  пайдалану  кезінде 
оқушылар  бұрын  алған  білімдерін  кеңейтіп,  өз  бетімен  шығармашылық 
тапсырмалар  орындайды.  Сонымен  қатар  АКТ  құралдарымен  жұмыс  істеу 
барысында  мектеп  оқушыларының  оқуға,  білім  алуға  деген  ұмтылысының 
артуы  АКТ  құралдарымен  жұмыс  істей  алу  жаңалығымен  ғана  емес,  сонымен 
берілетін  оқу  тапсырмаларын  қиындық  деңгейі  бойынша  реттей  алу 
мүмкіндігінен,  тапсырманың дұрыс  нәтижесі  үшін  марапаттай  алу  қызметінен 
де  байқалады.  Заманауи  АКТ  құралдарымен  жұмыс  істеу  оқушыларды 
ұқыптылыққа,  нақтылыққа,  берілген  тапсырмалардың  нәтижелі  орындалуына, 
басты  мәселеге  назар  аудара  білуге  баулиды,  сондай  -  ақ,  АКТ  құралдарымен 
жұмыс  істеу  барысында  оқушылардың  өзінің  жеке  іс  -  әрекетін  дұрыс 
жоспарлауға,  дұрыс  шешім  қабылдай  алуға  тәрбиелейді.  Әрбір  ұстаздың 
алдына  келген  бала  да  әртүрлі  ойлау  қабілетінде  болады,  мысалы  кейбірі 
шапшаң  ойлап,  тез  жұмыс  істесе,  кейбірі  тақырыпты  баяу  қабылдап,  оған 
тапсырманы  (тақырыпты)  қайтадан  қарап  шығу  тиімді  болып  табылады.  Осы 
орайда  АКТ  құралдарын  пайдалана  отырып  презентация  құралдары  арқылы 
сипаттап,  артынан  осы  материалдарды  флеш  -  карталарына  салып  берудің 
тиімділігін  білеміз.  Нәтижеге  бағытталған  білім  моделі  мен  басқарудың  жаңа 
парадигмасы  аясында  жекелеген  ұғымдар  мен  нормаларды  және  тиімді 
педагогикалық  технологияларды  меңгеру  үшін  педагогтардың  кәсіби 
мәдениетін  дамытуға  бағытталған  оқу  қажеттіліктері  туындылап  отыр. 
Мұғалімдерге қойылатын талаптардың бірі – оқытудың жаңа технологияларын 
меңгеру.  Осындай  аса  қажетті  технологиялардың  бірі  –  ақпараттық  - 
коммуникациялық  технологияларды  (бұдан  кейін  АКТ)  пайдалану.  АКТ  -  ны 
игеру  қазіргі  заманда  әрбір  жеке  тұлға  үшін  қажетті  шартқа  айналды.  АКТ  - 
ның  дамуы  кезеңінде  осы  заманға  сай  білімді  шәкірт  тәрбиелеу  мұғалімнің 
басты  міндеті  болып  табылады.  Қоғамдағы  ақпараттандыру  процестерінің 
қарқынды  дамуы  жан  -  жақты,  жаңа  технологияны  меңгерген  жеке  тұлға 
қалыптастыруды  талап  етеді.  Компьютерлік  технологияны  пайдалана  отырып 
дарынды, орташа және үлгерімі төмен оқушыға сабақты ойдағыдай меңгеруіне 
мүмкіндік  туғызу;  Оқушының  есте  сақтау  қабілетін  ескеру  (жедел,  қысқа 
мерзімді және ұзақ уақыттық есте сақтау). Оң мотивацияларды қалыптастыру – 
мұғалімнің  кәсіби  міндеті.  Мотив  оқушының  танымдық  қызығушылықтары, 
жаңа  білім,  іскерлік,  дағдыны  меңгерудегі  қажеттіліктерімен  тығыз 

269 
 
байланысты.  Жағымды  жағдай  туғызу  үшін  оқушыны  коммуникативтілікке 
бағыттап,  сабақта  оқушы  іс  -  әрекетін  ынталандыратын  ерекше  сабақ 
формаларын  таңдау  керек.  Мұғалімдердің  тәжірибесі  көрсеткендей,  дәстүрлі 
емес  сабақтарды  ұйымдастыру  оқушылардың  сабаққа  деген  ынтасын 
арттырады.  Бүгінгі  күнде  мұғалімдер  оқушылардың  жемісті  және  тиімді  іс  - 
әрекетін  ұйымдастыру  үшін  белсенді  түрде  дәстүрлі  емес  сабақтарды 
пайдалануда.  Дәстүрлі  емес  сабақ  түрлеріне  видеосабақтар,  интернет  сабақ, 
спектакль - сабақ, саяхат - сабақ және т. б. жатқызуға болады. 
Жаңа АКТ - ны сабақта пайдаланудың тиімділігі: 
Оқушының еркін ойлауына мүмкіндік береді; 
Ақыл - ойын дамытады; 
Шығармашылық белсендігін арттырады; 
Тіл байлығын жетілдіреді; 
Жан - жақты ізденушілігін арттырады. 
«Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік 
стандартқа  сай  мүдделі  жаңа  білім  беру  өте  қажет»  деп,  Елбасы  атап 
көрсеткендей,  оқушылар  ақпаратты  теледидар,  компьютер  және  т.  б. 
техникалық құралдардың көмегімен жақсы қабылдайтынын жақсы білеміз. 
Қорыта  келе,  бастауыш  сыныптарда  жас  ерекшелігіне  сай  АКТ-ны 
қолдануда оқу материалдарының сапасы артады, оқушылар өз бетінше ізденуге
еркін  ойлануына  топтасып  жұмыстануға,  эксперименттік  тапсырмаларды 
шапшаң,  әрі  нақты  орындай  алады.  Ұжымдық  іс  -  әрекетке  тәрбиелейтініне 
көзім жетті. 
Әдебиеттер: 
1. Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамыту тұжырымдамасы 
2. Роберт И.В. Новые информационные технологии в обучении: дидактическая 
проблема, перспектива использования//Информатика и образование. 
3. Еслямов С.Г. Компьютерные технологии обучения: современное состояние и 
перспективы. Павлодар, 2000 
 
 
САРАЛАП ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ ОҚУШЫНЫ ҚАБІЛЕТТІ ТҰЛҒА 
ЕТІП ҚАЛЫПТАСТЫРАДЫ
 
 
Кувондикова Гулсим Кувондиковна, 
Қарасай ауданы, Үшқоныр ауылы,  
М. Әуезов атындағы орта мектеп, математика пән мұғалімі 
 
«Қазақстан-2030»  атты  еліміздің  стратегиялық  бағдарламасында  ең 
негізділерінің  бірі  -  жоғары  интелектуальды  жастарды  жан-жақтылыққа 
тәрбиелеу,  олардың  потенциалдық  деңгейінің  көтерілуіне  үлес  қосу. 
Елбасымыз  Н.Ә.Назарбаевтың:  XXI  ғасырда  білімін  дамыта  алмаған  елдің 
тығырыққа тірелері анық. Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер бүгінгі мектеп 
оқушылары,  Мұғалім  оларды  қалай  тәрбиелесе,  Қазақстан  сол  деңгейде 

270 
 
болады»,  деген  ұлағатты  қағидалы  сөздері  мектеп  ұстаздарына  үлкен 
жауапкершілік  жүктейді.  «Келер  ұрпақ  алдында  зор  жауапкершілік  жүгін 
арқалап келеміз» деген Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың сөзі ұстаз қауымына үлкен 
тапсырыстарды  артып  отыр.  Еліміздің  болашағы  көркейіп,  өркениетті  елдер 
қатарына  қосылуы,  бүгінгі  ұрпақ  бейнесімен  көрінеді.  Дүниежүзілік  озық 
тәжірибелерге  сүйеніп,  жаңа  типті  оқыту,  яғни  әр  баланың  табиғи  қабілетін 
дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасай отырып, оны жан-жақты дамыту керек. 
Қазіргі  білім  беру  мазмұны  жаңарып,  жаңа  көзқарас  пайда  болып,  оқытудың 
жаңа  технологиясы  өмірге  келді.  Яғни  педагогикалық  технология  ұғымы  іс-
әрекетімізге кеңінен еніп, қолданылуда. 
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін 2016 жылға дейін дамыту 
тұжырымдамасында  орта  білім  берудің  мақсаты  –  жылдам  өзгеріп  отыратын 
дүние жағдайында алынған терең білімнің, кәсіби дағдылардың негізінде еркін 
бағдарлай  білуге,  өзін-өзі  дамытуға  және  өз  бетінше  дұрыс,  адамгершілік 
тұлғасынан  жауапты  шешімдер  қабылдауға  қабілетті  жеке  тұлғаны 
қалыптастыру.  Орта  мектеп  бағдарламасындағы  ең  негізгі  пәндердің  бірі 
математика.  Математика  сабағында  оқушылардың  осы  пәнге  деген 
қызығушылығын,  құштарлығын  арттыру,  алдына  қойылған  есеп  шешімін  өз 
бетінше  табуын  жетілдіру,  ойлау  деңгейін,  қабілетін  жоғарылату  ұстаздың 
басты міндеті. 
Жаңа  заман  ағымына  сай  білім  саласында  инновациялық  технологиялар 
қолданудың,  мәдени  дамудың  жоғарғы  деңгейі  мен  білімін  қамтамасыз  етуге 
бағытталған  тәрбие  беру  мен  оқытудың  үздіксіз  үрдісі  десек,  оның  тиімділігі 
мен сапасын арттыру мұғалімнен оқу процесінің ғылыми теорияға негізделген 
және  оқушының  қабілеті  мен  бейіміне  негізделген  оқытудың  таңдамалы, 
белсенді, қарқынды әдістеріне көшуді талап етеді.  
Ондағы негізгі мақсат - оқушының барлығын және әр біреуін жақсы оқыту 
болып табылады. Осы мақсатты жүзеге асыру барысында педагогика саласында 
бірнеше  инновациялық  технологиялар  жүйесі  жинақталған.  Инновация  латын 
тілінде  аударғанда  “жаналықты  енгізу”  деген  мағынасын  білдіреді.  Ал 
инновациялық оқыту дегеніміз – жаңалықты ашу, оны игеру және өмірге енгізу. 
Инновация  –  жаңа  практикалық  әдісті  тарату  және  қолдануды  құрудың 
комлекстік  үрдісі  немесе  ғылыми-техникалық  шешімнің,  адамдардың, 
ұсыныстапдың,  жаңа  идеялардың  тәжірибеге  енуі,  іске  асырылуы  және  де 
соңында  қолданылуы.  Инновация  туралы  осындай  көптеген  түсініктемелер 
беруге  болады.  Инновациялық  технологияның  мақсаты  -  технологияға 
бейімдеп,  шығармашылық,  ізденіс  қабілетін  дамыту,  жеке  тұлғаны 
қалыптастыру. 
Инновациялық технологиялар:  
- Деңгейлеп саралап оқыту  
- Сыни тұрғысынан ойлау  
- Дамыта оқыту  
- Модульдік оқыту және т.б.  
Менің сабақта колданатын технологияларым:  

271 
 
1.  Деңгейлеп  саралап  оқыту  технологиясы.  Деңгейлеп  саралап  оқыту 
технологиясы  1998  оқу  жылынан  бастап  мектептің  барлық  сатысына,  барлық 
пәндерге еніп, оқу үрдісін жандандыруға үлкен үлес қосып келеді. 
Профессор Ж. Қараевтың деңгейлеп-саралап оқыту технологиясы жаңаша 
өзгерген  мақсатпен  оқушылардың  өздігінен  танып,  іздену  іс-әрекеттерін 
меңгертуді талап етеді. Бұл технологияда бірінші орында оқушытұрады және өз 
бетімен  білім  алудағы  белсенділігіне  аса  назар  аударылды.  Сондықтан  білім 
беру  жүйесінде  жеке  тұлғаны  дамытып  білімді  азамат  ретінде  қалыптастыру 
үшін,  жаңа  педагогикалық  технологиялардың  рөлі  зор.  Оқушының  білім 
деңгейі,  білімді  меңгеру  дағдысы  барлығын  да  бірдей  болуы  мүмкін  емес 
жағдай. Сондықтан мен өзімнің сабақтарымда профессор Ж. Қараев насихаттап 
жүрген деңгейлеп оқыту технологиясын пайдаланамын және бұл тиімді.  
Оның  басты  мақсаты  –  сынып оқушыларын  «қабілетті»,  «қабілетсіз» 
деген  жіктерге  бөлуді  болдырмау.  Сабақта  қандай  оқушы  болмасын, 
жақсы оқитынына қарамастан жұмысты әр деңгейден орындайды. Әрбір оқушы 
І  деңгейді  орындауға  міндетті  және  одан  жоғарғы  деңгейдегі  тапсырмаларды 
орындауға құқылы. Осы тұрғыдан алғанда «үлгерімі төмен, баяу» оқушы жақсы 
оқитын  оқушыға  ілесе  алмай  жатса  не  істеуге болады?  –  деген  сұрақ  туады.  І 
деңгейден  аса  алмай  жатқан  жағдайда  қалған  тапсырмаларды  үйде 
орындауға беру керек.  
1-деңгей. Оқытушылық деңгей-оқушылар жаңа тақырыптан алған  
білімдерін  бекіту,  практикада  қолдана  білуге  жаттықтыру.  Мұнда 
заңдылықтарды, 
ережелерді, 
формулаларды 
білуі 
қажет 
етіледі. 
Тапсырмаларды үлгі бойынша орындайды.  
2-  деңгей.  Алгоритмдік  деңгей  –  үйренушілік  деңгейдегі  білімін 
толықтыру  күрделі  материалдарды  жүйелей  алуы,  алған  білімдерін  басқа 
тапсырмаларды орындағанда пайдалана алуы, сол тақырыпты еркін меңгергені 
ескеріледі.  
3-  деңгей.  Эвристикалық  деңгей  –  материалдысаналытүрде  меңгеру.  Бұл 
деңгейде оқушылардың меңгерген білімдерін тереңдету үшін танымдық ізденіс, 
әр-түрлі логикалық есептерді талдай, жинақтай алатын және салыстыра білуді 
қажет етеді.  
4-  деңгей.  Шығармашылық  деңгей  -  өзбетімен  оқуматериалдарын  меңгеру. 
Құбылысты өз бетімен талдай келіп, шағын шығармашылық тұрғыдан зерттеу 
жұмысын жүргізуге баулу.  
Жаңа технологияны қолдануда:  
«Мұғалім нені білу керек?» 
Жаңа технология көмегімен шешілетін мәселені анықтау. 
Жаңа технологияны қолдану арқылы алынатын нәтижелерді.  
Жаңа технология мәнінен алынатын нәтижелердің теориялық негізін. 
Жаңа технологияда мұғалім қолданылатын әдіс-тәсілдерді білуі керек. 
Оқушыларды жаңа технологияда жұмыс істеуге үйрету әдісін таңдауы. 
«Не істей алу керек ?» 
Оқу бағдарламасының түрлендірілген нұсқаларын құрастыру. 

272 
 
Күнтізбелік тақырыптық жоспар жасау. 
Әр сабақты жоспарлау. 
Жаңа  технология  бойынша  жүргізілетін  әртүрлі  типтегі  сабақ  жоспарларын 
жасау. 
Оқу модулын құрастыру. 
Оқу жобасының мазмұнын анықтау. 
Оқу жобалары бойынша оқушыларға арналған тапсырмаларды құрастыру. 
«Қандай іс-әрекеттерді дұрыс ұйымдастыруы қажет?» 
Жаңа технологияда пайдаланылатын жекелеген әдістер мен тәсілдер. 
Әр түрлі типтегі сабақтарды өткізу. 
Өткізілген  сабақтарға  талдау  жасау,  жіберілген  кемшіліктердің  жасырын 
себептерін анықтау. 
Жаңа технологияда қолданылатын оқу әрекетінің әдістерін оқушыларға үйрету. 
Жаңа технологиялар: 
Ойын технологиясы. 
Проблемалы оқыту технологиясы. 
Сын тұрғысынан ойлау технологиясы. 
Деңгейлік саралау технологиясы. 
Жекелеп оқыту технологиясы. 
Оқытудың компьютерлік технологиясы. 
Презентациялар технологиясы. 
Кезеңдеп оқыту технологиясы. 
Жеке пәндік педагогикалық технология. 
Альтернативті технологиялар. 
Өзіндік дамыту технологиясы 
Дамыта оқыту технологиялары 
Авторлық мектептер педагогикалық технологиялары. 
Модульдік оқыту технологиясы. 
Педагогика  ғылымдарының  докторы,  профессор  Ж.  А.  Қараевтың 
деңгейлеп  оқыту  педагогикалық  технологиясының  мақсаты  –  жан-жақты 
дамыған тұлғаны қалыптастыру. 
Саралап  оқыту  технологиясы,  оқыту  процесінің  белгілі  бөлігін  қамтып, 
ұйымдастырудың  шешімдері,  оны  оқыту  құралдарының  жиынтығы  түрінде 
көрінеді. Сыныпты, топтарды оқытуға әртүрлі қолайлы жағдай туғызуды қажет 
етеді;  әдістемелік  педагогикалық-психологиялық  және  ұйымдастыру-басқару 
шаралары біріктіріледі.  
Деңгейлеп  оқыту  технологиясының  мақсаты:  әрбір  оқушы  өзінің  даму 
деңгейінде оқу материалын меңгергенін қамтамасыз етеді.  
1)  Деңгейлеп  оқыту  әр  оқушыға  өз  мүмкіндіктерін  пайдалана  отырып, 
білім алуына жағдай жасауға мүмкіндік береді;  
2)  Деңгейлеп  оқыту  әр  түрлі  категориядағы  балаларға,  олармен  саралай 
жұмыс істеуге мүмкіндік береді.  

273 
 
3)  Деңгейлеп-саралап  оқыту  құрылымында  білімді  игерудің  бірнеше 
деңгейі  қарастырылады:  ең  төменгі  деңгей  (базалық),  бағдарламалық, 
күрделенген деңгей сондықтан әрбір оқушы меңгеруі тиіс.  
Міндеттері:  
1.  Ақпараттық  және  деңгейлеп  оқыту  технологиясының  тиімді  әдістерін 
пайдалану  арқылы  білімге  деген  қызығушылығын  арттырып,  танымдық 
қабілеттерін дамытуға жағдай жасау. Деңгейлеп оқыту технологиясын қолдану 
нәтижесінде дарынды оқушыларды анықтау және олармен жұмыс істеу.  
2.  Оқушы  жүрегіне  жол  табу  арқылы  сабақтардың  әрбір  сәтін  қызықты, 
ұтымды өткізу. Оқушыларды тек берілген мәліметті тыңдаушы емес ізденуші, 
зерттеуші  өз  ойын  еркін  дәлелдей  алатын,  пікірін  ортаға  сала  білетін  жеке 
тұлғаны  қалыптастыру.  Оқушының  бойындағы  ынта-ықыласын  жойып  алмай, 
жеке  дара  қабілетінің  дамуына  мүмкіндік  жасай  отырып,  қабілетін  дамытып, 
шығармашылығын шыңдау... 
3.  Оқытудың  жаңа  технологияларын  қолдана  отырып,  жеке,  жұпта,  топта 
жұмыс  істеу  барысында  мұғалім  мен  оқушының  ынтымақтастығын 
қалыптастыру,  оқушылардың  ойына  ерекше  құрметпен  қарау.  Оқушыларды 
өзін-өзі  қадағалай  алатын,  іс-әрекетін  ретімен  орындап, өзін  -  өзі жетілдіретін 
шығармашыл, ізденімпаз тұлға қалыптастыру.  
Ж.Қараевтің  деңгейлеп  саралап  оқыту  технологиясында  төмендегідей  4 
деңгей көрсетілген: 
Бірінші  деңгей-«үйренушілік».(  Репродуктивтік  )  Оқушылардың  жаңа 
тақырыптан  алған  білімдерін  бекіту  үшін,  еске  түсіріп,  қайталау  үшін  және 
алған  білімдерін  практикада  қолдана  білуге  жаттықтырады.  Берілген  есептер 
мен тапсырмалар өмірмен, қоршаған ортамен байланыстырылған болуы керек. 
Мұнда оқушының қызығушылығына, таным бірлігіне назар аударылады.  
Екінші  деңгей-«алгоритмдік».  Мұнда  кері  байланысқан  функцияларды 
орындау  үшін  тексеру  тапсырмалары,  іріленген  материалдарды  жүйеге 
келтіруге,  реттеуге  арналған,  мазмұны  өзгертілген  жағдайға  тапсырмалар 
беріледі.  Сонымен  қатар  ұлттық  негізде  құрылған,  көбінесе  танымдық  және 
үйренушілік  мәні  бар  тапсырмалар,  мысалы,  сөзтізбектер,  ребустар,  ойлауға 
арналған тапсырмалар беріледі.  
Үшінші  деңгей  -  «эвристикалық».  Бұл  деңгейде  оқушылар  тақырып 
бойынша  меңгерген  білімдерін  жетілдіріп,  тереңдетумен  қатар,  ой  қорытуға 
арналған,  дағды  қалыптастыратын,  әртүрлі  әдіс-тәсілдермен  орындалатын 
тапсырмалар  орындайды.  Оқушы  өзі  ізденіп,  материалды  саналы  түрде 
меңгеруі керек. 
Төртінші  деңгей-«шығармашылық»,  Оқушы  өзіндік  шығармашылық 
деңгейін  көрсетеді.  Шығармашылық  тапсырмалар  –  оқушылардың  білімділігі 
мен  дағдысын  қалыптастыру  және  оны  бағалау  деңгейі  болады.  Өз  бетімен 
талдау  жасау  арқылы  шығармашылық  тұрғыдан  зерттеу  жұмысын  жүргізуге 
баулу. 

274 
 
Осылай  бір  деңгейден  келесі  деңгейге  өту  үшін  өз  білімін,  білік  пен 
дағдысын 
толықтырып 
отырады. 
Нәтижесінде 
жоғары 
деңгейлік 
тапсырмаларды орындау әр оқушының мақсатына айналады.  
Жетістіктерге  жету  үшін  ең  алдымен  оқушылардың  білім  дәрежесін, 
ынтасын,  ақыл–ой,  еңбек  дағдысын,  өз  жұмысына  деген  жауапкершілігін 
ескеру  қажет.  Деңгейлік  тапсырмаларды  қандай  дәрежеде  орындай  алса  баға 
біліміне қарай қойылады.  
Сабақ  барысында  топтағы  барлық  оқушылардың  білім  деңгейі 
анықталады. Бұл әдістің тағы бір тиімді жағы–оқушы өзінің білім деңгейін, нені 
оқу  керектігін  анықтап,  өзінің  ізденуіне  болады.  Өйткені  ол  білім  сапасының 
дамуын қамтамасыз етеді. Білім сапасы білім, біліктілік, дағды және тұлғаның 
қасиеттері мен қабілеттерімен бағаланады. 
Сабақта  оқушыларға  өз  ойларын  талдауға,  айтуға,  қорытындылауға  көп 
көңіл бөлу қажет. Сабақ барысында өздігінен еңбектенуге, шығармашылықпен 
ізденуге, қорытынды жасауға машықтанады. Тапсырманы орындау барысында 
жіберілген  қателер  мен  кемшіліктерді  уақытында  анықтап  түзетуге  мүмкіндік 
беру  керек.  Оқытушы  білімі  төмендерге  көмек  беріп,  қабілеттілермен  жұмыс 
ұйымдастырып 
отыру 
арқылы 
ирформатика 
пәнін 
оқуға 
деген 
қызығушылығын,  белсендігін  арттырады.  Тақырыпты  толық  меңгере  алмаған 
оқушылармен қосымша сабақтар, сыныптан тыс жұмыстар жүргізуі керек.  
Сонымен  жалпылап  айтқанда  оқу  үрдісінде  оқушының  тұлғасының 
дамуына, ықпал жасайтын жаңа технология түріндегі сабақтар үлгісінің бәріне 
жүктелетін міндеттер жүйесі төмендегідей:  
Жаңа 
технологияны 
қолдануда 
оқушылардың 
пәнге 
деген 
қызығушылығын  арттырып  қана  қоймай,  үлкен  ізденіспен,  шығармашылыққа 
жетелеуге де болады. Нәтижесінде оқушы: 
Математикалық тақырыптарды еркін меңгере алады; 
Оқыту  процесінде  жаңа  технологияларды  қолдана  отырып  білімін 
шыңдайды; 
Жаңа оқыту үрдісін қалыптастырады; 
Өздігінен ізденімпаздық қабілеті артады; 
Оқушылар тақырып бойынша пікірін еркін жеткізе алады.  
Әр  тарау  бойынша  берілген  деңгейлік  тапсырмалардың  тиімділігі  сол 
тоқсан  аяғында  жақсы  көрсеткішке  жетті.  Әрине  тиімді  де  орынды 
пайдаланылған педагогикалық технология сапалы білім негізі бола алады.  
 Деңгейлеп-саралап оқыту технологиясы:  
 - оқушының өз қабілетіне, болашағына сенуіне;  
 - оқушының ынталандыруға;  
 - оқушы мен оқытушының ынтымақтастық қарым-қатынас достығына;  
 - оқушының өз білімін өз бағалай білуіне;  
 - баға әділдігіне;  
 - білім көрсетудің әділ сайысына мүмкіндік береді.  
 -  деңгейлік  тапсырмалар  мен  жұмыс  жасау  оқушылардың  іскерліктерін 
жүзеге асырады. 

275 
 
Осыған байланысты деңгейлік тапсырмалар беруде оқытушы ең алдымен 
тапсырмалардың  мазмұндық  жүйелігіне  аса  назар  аударуы  қажет.  Сонымен, 
аталмыш технологияны жүзеге асыруда оқытушы белсенділігі, шығармашылық 
ізденісі артып, өз мамандығына деген сүйіспеншілігі, оқушыларын жеке тұлға 
ретінде  бағалауы  ерекше  орын  алады.  саралап,  деңгейлеп  оқыту 
технологиясының  принциптері-оқытуды  ізгілендіру  мен  демократияландыру 
жағдайында, өздігімен даму бағдарын анықтап, дамитын және өздігімен дұрыс 
шешім қабылдай алатын, өзін-өзі жетілдіріп өсіруші, өзін-өзі тәрбиелеуші тұлға 
қалыптастыруға болады. 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет