Қазақстан республикасы


Ӛзіне-ӛзі қуат беретін батарейка



Pdf көрінісі
бет7/11
Дата26.01.2017
өлшемі1,8 Mb.
#2771
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Ӛзіне-ӛзі қуат беретін батарейка  
Түсініктеме: 
Шынашақтай батарейка - кішкентай, шағын батарейка 
Нәрлендіруге - қуатпен қамтамасыз ету 
Таяуда - жақында 
Ӛзіндік  жаңа  батарейка-генераторлар  Brot-her  Industries 
компаниясының  есімін  кӛпке  танытатын  сияқты.  Бұл  ноу-хау 
қашықтықтан  басқаратын  пульт  тәрізді  электр  энергиясын  аз 
жұмсайтын  құрылғыларға  арналған.  Былайша  айтқанда,  кәдімгі 
қолданып жүрген батарейкаларды толық алмастыра алады. 
Сӛз  етіп  отырған  жаңа  Vibration-powered  Generating  Battery  – 
токты  дірілден  (вибраций)  ӛндіреді.  Инженерлер  шайқалу,  теңселу 
кезінде ток ӛндіретін генераторлар үлгісін бұрыннан шығарып жүрсе 
де, бұл әдісті шынашақтай батарейка жүйесінде пайдалануды бірінші 
рет қолға алып отыр. 
Авторлардың  айтуына  қарағанда,  жаңа  батарейканың  ішіне 
генератор  мен  кӛлемі  500  миллифарадтық  электрондық  қос  қабатты 
конденсатор орналастырылады. 
Генератор  (  АА  кӛлемді  батарейкада)  4-8  Гц.  жиілігінде 
теңселгенде  орта  есеппен  10-180  мВт.  аралығында  қуат  береді.  Бұл 
конденсаторды  жиі-жиі  қуатпен  нәрлендіруге  жетіп  жатыр.  Ал  ол  ӛз 
кезегінде 
соңғы 
құрылғыны 
токпен 
қамтамасыз 
етеді. 
Brother  Industries  жаңалығы  –  ӛзін-ӛзі  зарядтайтын  батарейка  таяуда 
ғана  Токиода  ұйымдастырылған  халықаралық  Techno-Frontier  2010 
электроника жәрмеңкесінде кӛрсетілді.  
                                       («Нұр Астана», 29 шілде 2010 жыл.) 

85 
 
??? 1.Жаңа батарейка –генераторлардың қандай ерекшелігі бар? 
      2.Жаңа батарейканың ішінде нелер орналастырылған? 
      3.Techno-Frontier 2010электроника жәрменкей  қай қалада ӛтті? 
 
 
Студенттердің ӛздік жұмысы 
7 – апта 
Барлаушы шыбын-робот 
Америкалық  ғалымдар  барлау  жасауға  қолданылатын 
робот  ойлап  тапты.  Жобаны  АҚШ  Әуе  куштерінің  қолдауымен 
Гарвард университетінің ғалымдары жүзеге асырды. 
Олар барлаушы шыбын-роботтарды авиатехникадағы ұшатын 
алғашқы микромашина деп бағалауда. 
MAV  деп  аталатын  шыбын-роботтың  қанатының  ұзындығы 
бар-жоғы 3 сантиметр. Соның арқасында 
ол  кез  келген  қолайсыз  жағдайларда, 
тіпті, химиялық залалды сәттерде де ұша 
береді.                                                                              
Бұған  дейін  де  бармақтай  ғана 
ұшатын 
робот 
жасауға 
ғалымдар 
талаптанған  екен.  Осы  қыркүйек  айында 
Гарвард  университетінің  инженерлері 
шыбын-роботтың 
негізгі 
бӛлігін 
құрастырып шығарды. 
Ең  басты  қиындық  роботты  басқаруда,  белгілі  бір  ыңғайда 
түзеуде  және  зарядтауда  болып  тұр.  Ноу-хау  болашақта  зерттеу 
объектісін  кеңейте  түсуге  мүмкіндік  береді,  дейді  ғалымдар.  Қазір 
олар  шыбын-роботтың  жылдамдығын,  қанатының  аэродинамикасын 
зерттеуде. Ұшу кезінде секундына 100 рет қанат қағу мүмкіндігіне зер 
салынып жатыр. 
Құрылғы  соншалықты  қиындықсыз-ақ  жап-жақсы  жұмыс 
істеуде. Басқаны былай қойғанда, шыбын-робот қанатының жартысын 
алып  тастаса  да  ұша  береді.  MAV  мұндай  кезде  қанатын  автоматты 
түрде  үйлестіріп,  «сынық»  қанатын  минутына  6600  рет  қағуға 
мүмкіндік табады. Сӛйтіп, ұшу тұрақтылығын сақтап қалады. 
(«Нұр Астана», 21 қазан 2010 жыл.) 
???    1. Ғалымдар қандай зерттеулер жүргізді? 
          2.Қазір ғалымдар шыбын-роботтың қандай қасиеттерін 
зерттеуде? 

86 
 
 3.Шыбын-робот қалай ұшады? 
 
Студенттердің ӛздік жұмысы 
7
 
– апта 
Күннен қуат алатын шам 
Мамандардың  есебі  бойынша,  бүкіл  әлемде  1,6  миллиард 
адам  керосин  шамын  пайдаланады  екен.  Ол  қарапайым  жұртқа 
қымбатқа түседі, отбасылық кірістің 5 
пайызына дейін  жұмсауға мәжбүрлейді. 
Әрі  денсаулыққа  зиянды  қоспа  газ 
шығарады.  
Осы  орайда,  «Nokero»  деген 
компания  ауа  сапасын  жақсартуға  және 
ауаға 
зиянды 
заттардың 
таралуын 
тӛмендетуге 
күш 
салып, 
ізденістер 
жасауының  арқасында  тиімді  жаңалыққа 
қол  жеткізді.  Атап  айтқанда,  компания  мамандары  керосин  шамды 
алмастырып,  күн  сәулесінен  заряд  алатын  жарықдиодты  шам 
шығаруға ден қоюда. Шам бағасының арзан болуы дамушы елдердегі 
кедей  халықтың  тұрмыс  жағдайын  аз  да  болса  жақсартуға 
кӛмектеседі, дейді олар. 
«Nokero»  шамы  күн  батареясының  4  панелімен  және  5 
светодиодпен  жабдықталған.  Оның  ұзындығы  –  12,70  сантиметр. 
Толық зарядталған кезде шам 4 сағат бойы жанады. 
Тағы  бір  артықшылығы  оған  ешқандай  су  ӛтпейді. 
Аккумуляторы 2 жыл бойы жұмыс істеуге жетеді. 
Бүгінде  әлем  жұрты  тәулігіне  жарық  үшін  1,3  миллион 
баррель мұнай жұмсайды екен. Егер күннен заряд алатын шамды 1,6 
миллиард  халық  пайдаланатын  болса,  компания  жаңа  технология 
арқылы  адамдарға бес  есе жарық  қуат бере алады  екен. Және жалпы 
пайдаланатын  қуаттың  екі  жүзден  бір  бӛлігі  ғана  шамды  қолданған 
кезде жұмсалады. Арзан әрі тиімді. 
 
(«Нұр Астана» газеті, 21 қазан 2010 жыл.) 
 
???   1. Керосин шамын пайдаланғанда денсаулыққа қандай 
зиян келеді? 
    2. «Nokero» компаниясы қандай ізденістер жүргізді? 
    3. «Nokero» шамы қалай жабдықталған? 

87 
 
    4. Шамның қандай артықшылықтары бар? 
 
Студенттердің ӛздік жұмысы 
9 – апта 
Жолаушылар тасымалында – Embraer-45 
 
Еліміздің  авиапаркін  жаңарту  бағытында  жүргізіліп 
жатқан  жұмыстардың  алғашқы  нәтижелері  кӛріне  бастады. 
Бұрынғы  ескірген,  қолдану  мерзімі  ӛтіп  кеткен  кеңестік 
ұшақтардың  орнына  азаматтық  авиация  компаниялары  қолдан 
келгенше еуропалық үлгідегі жаңа ұшақтар алуда. 
Таяуда  Семейде  сондай  жаңа  ұшақтың  тұсауы  кесілді. 
Embraer-145  авиалайнерін  Орталық  Азия  елдері  ішінде  бірінші  рет 
«Семейавиа» компаниясы еншіледі. 
Авиакомпания  директоры  Серік  Мұқтыбаевтың  айтуынша, 
жаңа  ұшақты  сынақтан  ӛткізу  Абай  Құнанбаевтың  165  жылдығын 
мерекелеу аясында қолға алынған. 
-Ұшақты  «Абай»  деп  атауға  шешім  қабылдадық,-дейді  ол.  -
Embraer-145 Семейге Англиядан әкелінді. 
Жолаушылар  ұшағын  авиакомпанияға  «Ертіс»  әлеуметтік-
кәсіпкерлік корпорациясы әуе кемелерін жаңарту жобасы шеңберінде 
сатып әперген екен. 
Серик 
Мұқтыбаев 
«Ертіс» 
әлеуметтік-кәсіпкерлік 
корпорациясы  болашақта  авиакомпанияға  тағы  бір  Embraer-145 
ұшағын сатып алуға кӛмектесетінін білдірді. 
(«Нұр Астана» газеті, 21 қазан 2010 жыл.) 
 
 
???   1. Авиапаркті жаңартуда қандай жұмыстар жүргізіліп жатыр? 
   2. Embraer-45 авиалайнерін Орталық Азия елдері ішінде бірінші рет     
қандай компания еншіледі? 
   3. Жаңарту жобасы қалай қолданылуда? 
 
 
 
 
 
 
 

88 
 
Студенттердің ӛздік жұмысы 
10 – апта 
Тәуелсіздіктің 20  жылдығында метро іске қосылады 
          Түсініктеме: 
Ерекше - айрықша 
Шаһар - қала 
Лайық - сай 
Тәуелсіздігіміздің  20  жылдығы  қарасында  Алматыда 
кӛптен күткен метро іске қосылуы тиіс. 
Метро  құрылысы  1998  жылы  күзде  басталды.  Қала 
тұрғындары  оның  ашылуын  20  жылдан  астам  уақыт  бойы 
күтумен  келеді.  Әзірге  метрополитеннің  8  шақырымға  созылған 
бірінші  тармағының  бірінші  кезегі  90  пайызға  дайын.  Метро 
қажетті  техникамен  жабдықталған.  Қазіргі  таңда  метроның 
шойын жолдары тӛселіп жатыр. 
Бүгінде Алматыда экологияға ерекше кӛңіл бӛлінуде.  
Бұрнағы  күні  Студенттер  сарайында  ӛткен  есеп  беру 
кездесуінде  қала  Әкімі  Ахметжан  Есімов  Алматының  экологиялық 
ахуалын жақсарту үшін шаһардың кӛлік қызметі біртіндеп таза кӛлік 
түрлеріне  толық  кӛшетінін  атап  ӛткен  болатын.  Бұл  мақсатта  биыл 
қалада 200 автобус пен 200 троллейбус сатып алынып, муниципалды 
парк  құрылды.  Сонымен  қатар,  үстіміздегі  жылы  экологиялық  кӛлік 
түрлерінің  бірі  –  метрополитен  іске  қосылмақ.  Осының  бәрі  ӛз 
кезегінде  жолдағы  қозғалысты  жеңілдетуге  және  қаланың  ауасын 
тазартуға үлес қосары сӛзсіз. 
Бүгінде метроның 7 стансасы дайын. Метроның тӛрт вагоннан 
тұратын алғашқы тӛрт жылжымалы құрамы да келіп жетті. Қалған үш 
құрам  тамыз-қыркүйек  айларында  келуі  тиіс.  Метрополитеннің 
алғашқы  жылжымалы  құрамдарының  сыйымдылығы  –  940  адамға 
дейін.  Пойыздың  ең  жоғарғы  жылдамдығы  –  сағатына  80  шақырым. 
Метро вагондары барлық экологиялық талаптарға сәйкес келеді.  
«Алматыметроқұрылыс»  АҚ  баспасӛз  хатшысы  Зарина  Алиф 
бүгінде  стансаларды  әрлеу  және  шойын  жолдарын  тӛсеу  жұмыстары 
ғана  қалғанын  айтады.  Жоспар  бойынша  Алматы  метрополитені 
желтоқсан  айында  ел  Тәуелсіздігінің  20  жылдығында  пайдалануға 
берілуі тиіс. 
«Биыл  Алматы  метрополитені  іске  қосылатын  болады.  Біз 
бүгінгі  күннің  ең  озық,  экологиялық  жағынан  таза,  біздің  әсем 
қаламызға лайық жолаушылар кӛлігіне қол жеткіземіз. Сонымен бірге, 

89 
 
үстеміздегі  жылы  метроның  екінші  кезегінің  құрылысы  бойынша 
дайындық жұмыстары басталады», - дейді ол.  
Метроның  бірінші  тармағының  екінші  кезегі  бойынша 
«Алатау»  стансасынан  «Қалқаман-3»  ықшамауданындағы  Әуезов 
кӛшесіне дейін 5 бекет пен «Райымбек батыр» стансасынан (Райымбек 
даңғылы,  Фурманов  кӛшесінің  қиылысы)  «Алматы-1»  темір  жол 
вокзалына дейін 6 бекет салу қарастырылған . 
Жоспар  бойынша,  Алматы  метрополитені  тәулігіне  300  мың 
жолаушыны тасымалдайды деп күтілуде, ал бұл ӛз кезегінде жолдағы 
қозғалысты жеңілдетуге және қаланың  ауасын тазартуға үлес қосары 
сӛзсіз.  Ал,  метроның  екінші  желісі  пайдалануға  берілгеннен  кейін 
метро жылына 305 миллион адамға қызмет кӛрсетеді дейді мамандар. 
 
(«Алматы ақшамы», 12.02.2011) 
 
??? 1. Алматыда метро құрылысы қашан басталған еді? 
2.Алматыда экологиялық мәселеге қандай дәрежеде кӛңіл 
бӛлінуде? 
3.Алматыда жолдағы кӛлік қозғалысын қалай жеңілдетуге 
болады? 
4.Алматы метрополитені қашан пайдалануға беріледі? 
5. Метро туралы мамандардың  пікірі қандай? 
6.Экология мәселесін қалай жақсартуға болады? 
 
 
Студенттердің ӛздік жұмысы 
11 – апта 
Пластиктен – жанармай 
Индияның  Нагпур  қаласындағы    инженерлік  колледжінің 
органикалық  химия  профессоры  Алка  Задгаонкар  пластмасса 
қалдықтарынан  жанармай  жасаудың  жолын  тапты.  Осы  мақсатта 
профессор  пластиктердің,  сынған  ойыншықтардың  және  бӛтелке, 
сӛмке  секілді  тұрмыстық  заттардың  кесінділерін  аздаған  мӛлшердегі 
кӛмірмен  араластырғанда,  берік  жабылған  реакторда  Цельсия 
ӛлшеміндегі  350°С-қа  дейін  қыздырған.  Реактордағы  термоӛңдеу 
қазірге құпия болып отырған катализатордың кӛмегімен жүзеге асқан. 
Үш  сағаттан  кейін  құрамында  бензин  ,  керосин,  дизельдік  жанармай 
және  жаңғыш  газы  бар  сұйықтық  алған.  Қазірге  бір  килограмм 

90 
 
пластиктер  кесіндісі  мен  жүз  грамм  кӛмірден  осы  сұйықтықтың  бір 
литрін алу мүмкін болып отыр. 
                                               («Зерде» журналы 26.10.2010) 
 
??? 1. Инженерлік колледжінің профессоры қандай жаңалық 
ойлап   тапты? 
       2.Профессор қандай жұмыстар жүргізді? 
       3.Жұмыс нәтижесі қалай? 
 
Сӛйлесетін робот 
      Оңтүстік  Корея  ғылым  мен  техника  университетінің 
мамандары гуманоид-робот жасады. Оны олар HUBO (humanoid robot) 
деп  атады.  Бұған  дейін  мұндай  роботты  жапондық  инженерлер 
құрастырған  болатын.    Корейлік  робот  жасаушылардың    айтуынша 
олардың  туындысы  жапондық  әріптестерінің  ӛніміне  қарағанда 
мүмкіндіктері  молырақ.  Оңтүстік  корейлік  робот  сӛйлесе  және 
сұхбаттастарының дауыстарын ажырата алады. Хубоның кӛру жүйесі 
де тамаша, кӛздері оның бір-бірінен тәуелсіз қозғала алады. Оған қоса, 
HUBO  сағатына  1км  жылдамдықпен  жүруге  және  қолының  барлық 
саусақтарын қимылдатуға икемделген.  Хубо роботын жасау тобының 
жетекшісі  профессор  Джун  Хо  темір  мақұлықтың  мүмкіндік 
қабілеттерінің  деңгейі  мұнымен  шектелмейтіндігін,  болашақта  бұдан 
да  жетік  техника  түрлерінің  ӛмірге  келетінін  мәлімдейді.  HUBO-ны 
құрастыруға 1 жыл уақыт кетіпті. 
                                                           («Зерде» журналы 26.01.11) 
 
??? 1. Оңтүстік Корея мамандары жасаған роботтың қандай 
артылықшылықтары бар? 
2.Хубоның кӛру жүйесі қалай? 
3.Хубо роботын жасау тобының жетекшісі робот туралы 
қандай пікірде? 
 
 
Студенттердің ӛздік жұмысы 
12 – апта 
Клеткаларды басқару қолға алынбақ 
Ағзадағы  клеткалардың  жұмыс  істеуі,  олардың  кӛбеюі  мен 
жойылуы  әр-түрлі  гендердің  белгілі  уақытта  іске  қосылып,  белгілі 
уақытта  тоқтауына  байланысты.  Осы  процесті  басқаруда  клетка 

91 
 
«белгілік»  молекулалардың  жұмысына  иек  артады.  Бұл  жӛнінде 
Ливерпуль 
мен 
Манчестер 
(Ұлыбритания) 
университетінің 
биологтары  мәлімдеме  жасады.  «Белгілік»  молекулалар  клеткаға  әр 
түрлі  жиілікте  барады.  Әрбір  жиілік  клеткаларды  басқарудың  бір 
белгісіне  сәйкес  келеді.  Ғалымдар  енді  сол  белгілердің  әліппесін 
меңгеруге  кірісті.  Зерттеулер  сәтті  аяқталса,  клеткалардың  процесін 
басқаратын дәрі-дәрмектер қолға алынбақ.  
                                                           («Зерде» журналы 26.01.11) 
 
??? 1.Ағзадағы клеткалардың жұмыс істеуі неге байланысты? 
2.Ливерпуль мен Манчестер университетінің  биологтары бұл 
туралы қандай пікірде? 
3. Ғалымдар қандай мақсатта жұмыс істемек? 
 
Қалтаға салып жүретін сканер 
 
Түсініктеме: 
Тәріздес - сияқты  
Шығындалады - жұмсалады 
Дербес - жеке 
 
АҚШ  пен  Канадада  портативтік  «Докьюпен»  деп  аталатын 
қаламсап  тәріздес  кішкентай  (205*12,7мм)  монохромдық  сканер 
сатылуға  шықты.  Салмағы  оның  57  грамм.  Онымен  А4  пішіндегі 
құжаттарды  сканерлеуге  болады.  Сканердің  ақпарат  сақтай  алатын 
есінің кӛлемі 2 МБ. Ол жүз парақты мәліметті сыйғыза алатын деген 
сӛз.  
Сканермен  кез-келген  адам  жұмыс  істей  алады.  Ол  үшін 
сканерді  парақтың  үстіңгі  кесіндісіне  параллель  қойып,  тӛмен  қарай 
жүргізеді.  Аппарат  оптикалық  сенсорлардың  200  dpi  (бір  дюймдегі 
нүктелер)-лі  құралымен  қамтылған.  Бір  қағазды  ӛңдеуіне  4-8  секунд 
уақыт шығындалады. Жасалымның ақпаратты сыйдыру мүмкіндігінің 
тӛмендігіне  және  жұмыс  істеу  жылдамдығының  баяулығына 
қарамастан,  ол  ӛзіндік  дербес  ток  кӛзінен  жұмыс  істей  алады, 
сканердің  қолдану  аясын  кеңейтеді.  Ондай  припорды,  мысалы, 
кітапханаға  оқу  залында,  университет  аудиториясында,  тіпті  кӛшеде 
пайдалануға болады.  
Ақпаратты кӛшіріп алу үшін Windows 98 және одан да жоғары 
қуатты жүйеге ие компьютер керек.  
                                                        («Зерде» журналы 26.10.10) 

92 
 
 
??? 1. АҚШ пен Канадада қандай сканер пайда болды? 
      2.Сканердің салмағы қанша? 
      3.Сканермен қалай жұмыс істеуге болады? 
      4.Сканердің тиімділігі неде? 
 
 
Студенттердің ӛздік жұмысы 
13– апта 
Ұялы телефон гүлге айналады 
Пайдалану  мерзімі  біткен  немесе  әр  түрлі  себептермен 
керексіз болып қалған ұялы телефондарды қайта пайдаланудың жаңа 
жолын  британдық  Уорвик  университетінің  ғалымдары  ұсынады. 
Статистикалық  мәліметтер,  адамдардың  дүние  жүзі  бойынша  ұялы 
телефонды орта есеппен 18 айда бір рет алмастыратынын айғақтайды. 
Тек  Америка  Құрама  Штаттарының  ӛзінде  жылына  130  миллион 
телефонға  дейін  қоқысқа  жиналады  екен.  Егер  үрдіс  осылай  жалғаса 
беретін  болса,  Жер  жүзі  қажетсіз  қалған  мобильдік  байланыс 
құралдарымен  кӛмкерілуі  ғажап  емес.  Сондықтан  да  доктор  Керри 
Киван жетекшілік ететін зерттеушілер тобы телефон аппараттарының 
қаңқаларына  жағатын  жамылғы  жасады.  Соның  нәтижесінде  жерге 
түскеннен бірнеше аптаның ішінде ыдырап кетеді. Жамылғы айрықша 
полимерден  құралған,  коммерциялық  мүддеге  орай  оның  формуласы 
қазірге  құпия.  Ең  қызығы,  жамылғының  қаңқамен  жанасқан 
құрылымында  кішкене  тесік  қарастырылған.  Тесікке  гүлдің  тұқымы 
салынады.  Телефон  керексіз  болған  тұста  оны  лақтырмай,  жерге 
кӛмгенде  біраз  уақыттан  кейін  гүл  ӛсіп  шығады.  Мамандар  мұндай 
мобильдік  байланыс  құралын  екі  жылдан  кейін  сатылуға  шығады 
деседі. 
                                                     («Зерде» журналы 26.01.11) 
 
Жерге ұқсас ғаламшар табылды 
          Түсініктеме: 
Тысқары - басқа, алыс жер 
Қоныс аудару - кӛшу, паналау 
Маңы – қасы, жаны, тӛңірегі 
Күн жүйесінен тысқары кеңістікте адамзат тіршілігіне қолайлы 
ғаламшар  ашылды.  Америкалық  астрономдар  келешекте  Жер  беті 
тұрғындарының сол ғаламшарға қоныс аударуы мүмкін екенін айтып 

93 
 
отыр.  Калифорния  университеті  ғалымдарының  мәліметінше,  жерден 
20 жарық жылы болатын қашықтықта орналасқан аспан денесін сұйық 
су қабаты қоршап тұр, ал гравитация күші онда атмосфера бар екенін 
айғақтайды. Бұл – ғаламшар адамзат тіршілігі үшін ӛте қолайлы деген 
сӛз. Мұндай қорытынды жасауға бұған дейін оптикалық телескоптың 
кӛмегімен  Таразы  шоқжұлдызын  11  жыл  бақылау  нәтижесінде 
алынған  мәліметтер  негіз  болды.  Жерге  ұқсайтын  ғаламшарға  581g 
деген атау берілген. «Глиз 581» немесе «Қызыл ергежейлі» аталатын 
жұлдыз  маңында  айналып  жүретін  аспан  денесінің  салмағы  жерге 
қарағанда 3-4 есе ауыр екен. 
                                («Жас Алаш», 7 қазан 2010жыл) 
 
     ??? 1. Америкалық астрономдар қандай болжамдар айтуда? 
 2.Ғалымдардың қорытынды жасауына не себеп болды? 
 3.Жаңалық жӛнінде сіздің пікіріңіз қалай? 
 
Кӛп қарама, қартаясың 
 
          Түсініктеме: 
Әжім - морщины 
Ғажап емес - таңғалуға болмайды 
Сезімтал - чувствительный 
 
Компьютердің  алдында  ұзақ  отыру  қыз-келіншектер  бетінің 
жылдам  әжімденуіне  әкеліп  соғады.  Ұлыбританияның  жетекші 
косметикалық  хирургтерінің  бірі  Майкл  Прейджер  осыны  ескертеді. 
Дәрігердің  айтуынша, компьютердің күнделікті ӛмірге енуімен бірге, 
косметикада  «компьютерлік  бет»  деген  ұғым  да  қалыптасты.  Бұл  – 
қыз-келіншектер  иегінің  ерте  салбырап,  мойнының  қисаюы,  маңдай 
мен  кӛз  айналасын  терең  әжімнің  басуы.  Демек,  монитор  нәзік 
жандарды ерте қартайтады. Прейджердің айтуынша, компьютер терісі 
аса  сезімтал  әйелдер  үшін  бұдан  да  қауіпті  болуы  мүмкін.  Мәселен, 
кӛру қабілетінің нашарлауы мен монитордың әсерінен күйік алу түрлі 
тері  ауруларына  соқтыруы  ғажап  емес.  Компьютердің  жүйкеге  әсер 
ететіні  де  белгілі.  Сол  себепті  ағылшын  хирургі  қыз-келіншектерге 
компьютер алдына ұзақ отыруға тура келген жағдайда, сағат сайын 15 
минуттай  таза  ауада  демалуға,  бет  терісіне  арналған  қарапайым 
жаттығулар жасауға кеңес береді.    
                          («Жас Алаш»,7 қазан 2010жыл) 

94 
 
 
??? 1. Компьютерді кӛп қолдану жӛнінде дәрігер қандай ой айтты? 
      2. «Компьютерлік бет» дегенді қалай түсінеміз? 
      3.Дәрігер қыз-келіншектерге қандай ақыл-кеңес береді? 
      4.Компьютердің денсаулыққа зияндығы жӛнінде не айтуға 
болады? 
 
Студенттердің ӛздік жұмысы 
14– апта 
 
1-
 
тапсырма. Мәтінді оқып, мазмұнын ӛз сӛзіңізбен айтып 
беріңіз. Мәтін бойынша бірнеше сұрақ құрастырыңыз. Мәтінге қандай 
ат қоюға болады? 
 
Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» 
халықаралық стипендиясы қазақстандық жастарға шет елде оқуға 
мүмкіндік береді. Жыл сайын шет елде оқуға 3000 студент жіберіледі. 
«Болашақ» бағдарламасының бірнеше талаптары бар. Үміткер жасы 
18-ден 35-ке дейін болуы керек, үлгерімі 4.5 балдан жоғары болуы 
керек және шет тілін білуі керек. Олар шетелдің ең беделді оқу 
орнына оқуға түсу үшін, таңдаған мамандықтары бойынша «TOEFL» 
тестін тапсырулары керек. Тесттен ӛткен үміткер АҚШ, Канада, 
Ұлыбритания, Жапония, Испания және кӛптеген елдердің жоғары оқу 
орындарында оқи алады. Сапалы білім алған жастар туған жерге 
келіп, еңбек етеді. 
 
2-
 
Тапсырма. «Білімнен асар байлық  жоқ» мақалының 
мағынасын қалай түсінесіз? 
 
Студенттердің ӛздік жұмысы 
15 – апта 
Нанотехнология дегеніміз не? 
 
    Түсініктеме: 
Жоятын – болдырмау мағынасында. 
Сауын сиыр – сауып отырған сиыр. 
Қарыштап – қарқынмен даму. 
Елеулі – айтарлықтай. 

95 
 
Енді 
20 
жылдан 
соң 
жер 
бетіндегі 
тіршілік 
нанотехнологияның  арқасында  жаңа  мазмұнға,  жаңа  сипатқа  ие 
болады  деп  есептейді  бір  топ  ғалымдар.  Егер  қазірдің  ӛзінде 
нанотехнологияның  кӛмегімен  әртүрлі  микробтарды  жоятын  ұялы 
телефондар, аяқ киімнен хош иіс шығарып тұратын ұлтарақтар, ылғал 
мен  шаң  ӛткізбейтін  үш  қабатты  астары  бар  тӛсеніштер,  лай  батпақ 
пен  жауын-шашын  жұқпайтын  автомобиль  әйнектері  секілді  ондаған 
тауалар ӛндіріле бастаса, енді біраз жылдан соң, күнделікті тұтынатын 
азық-түлігімізді    де  осы  жаңа  технологияға  сүйене  отырып  ӛндіретін 
боламыз.  Олай  дейтініміз,  әлемдік  ғалымдар  дайын  атомдардан  кез-
келген  затты  құрастыруға  қабілетті  нанороботтар  жасап  шығарады. 
Солардың кӛмегімен тауарларды ӛндірумен қатар, енді он-он бес жыл 
жылдан  соң  сауын  сиыр  ұстамай-ақ,  шӛптің  ӛзінен  тікелей  сүт 
ӛндірілетін сатыға кӛтерілеміз. Сонда бұл нендей керемет? 
-Нанотехнология  дегеніміз  –  бұл  кӛзге  кӛрінбейтін  аса  ұсақ 
бӛлшектерді  ретке  келтіре  отырып,  соның  ерекшеліктерін  алдын-ала 
белгілеп  беру  арқылы  әлдебір  құрылымды  құрастыруға  қажетті 
жекелеген 
атомдарды 
ыңғайластыра 
орналастыру, 

дейді 
«Наноиндустрия»  концернінің  бас  директоры  Михаил  Ананян.  – 
Ядролық  физика  1940  жылы  қандай  деңгейде  болса,  әзірше 
нанотехнология сондай даму дәрежесінде тұр. 
Адамзат  тарихында  ӛркениеттің  қарыштап  алға  басуына 
елеулі  септігін  тигізген  жаңалықтардың  аса  кӛп  болмағаны  белгілі. 
Бірақ  әрбір  жаңалық  атаулы  қоғамды  бір  саты  болса  да  алға 
жылжытып отырды. 
                  (С.А.Қамаева, А.Б.Нұржанова «Кәсіби қазақ тілі») 
 
1-тапсырма. Мәтінді сөздікті пайдаланып аударыңыз.  
2-тапсырма. Мәтін бойынша сұрақ әзірлеңіз.  
3-тапсырма. Мәтінді мазмұндаңыз. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет