Қазақстан республикасының білім жəне ғылым министрлігі


 Қиялдағы дара айырмашылықтар



Pdf көрінісі
бет10/17
Дата19.01.2017
өлшемі1,27 Mb.
#2265
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   17

4. Қиялдағы дара айырмашылықтар. 
        Əр  адамның  қиялы  əр  түрлі  болады,  бірінің  қиялы 
біріне  ұқсамайды. Бір адамдардың қиялы бай, шындықпен 
орайласып жататын болса, екінші біреулердің қиялы жөнді 
жетілмеген,  пəрменсіз,  тар  көлемді  болады.  Шындыққа  сай, 
дəл,  дұрыс  образдар  жасай  алатын  адамдардың  қиялы 
мазмұнды  келеді.  Шындықка  сай  дұрыс  қиялдай  білетін 
адамдарда  өмірдің  түрлі  салаларынан  алынған  білім  қоры, 
тəжірибесі, 
белгілі 
көзқарасы, 
соның 
негізінде 
қалыптасқан  айқын  сенімі  болады.  Американың  аса 
көрнекті  ғалымы  Эдисон  қиялы  аса  күшті  дамыған  адам 
болған.  Бір  машинаны  үш  түрлі  жолмен  ғана  жасап 
шығаруға  болады  деген  ұйғарымға  келіспей,  Эдисон 
машинаны  48  түрлі  етіп  жасауды  ұсынған.  Бүған  керісінше 
жаңа,  соны  нəрселерді  іздеу,  белгісіз  нəрсені  ашу,  ұмтылу 
орнына  шындықтағы  нəрселердің  өзінің  өңін  айналдырып, 

 
33
босқа  лағып  отыратын  адамдар  да  болады.  Осындай 
адамдардың  бейнесін  Н.  В.  Гоголь  «Ескілікті  помещиктер» 
дейтін  повесінде  өте  жақсы  көрсеткен.  «Кейде  егер  күн 
ашық  болып,  бөлмелердің  іші  жылы  болса,  Афанасий 
Иванович  көңілденіп,  Пульхерия  Ивановнаға  əзілдеп, 
онымен  басқа  бір  нəрсе  туралы  сөйлескенді  тəуір  көретін. 
Адамдар 
бір-бірінен 
қиялының 
пəрменділігімеи 
де 
ажыратылады. 
Мəселен, 
біреулер 
мəселені 
шешуге 
кіріскенде  соның  төңірегіне  бар  ақыл-ойын  жұмылдырады, 
əр  сөзін  ой  таразысына  салып,  терең  ойға  шомады.  Ол 
адамдар  мəселенің  түп  қазығын,  тарихын  іздестіреді,  сол 
мəселе  жөнінде  басқалармен  кеңеседі,  тəжірибе  жасайды, 
материал  жинастырады,  осындай  адам  бір  шығарма 
жазатын  болса,  өз  кейіпкерлерімен  іштей  араласып  кете 
алады, олар қуанса  қуанады,  қайғырса  бірге  қайғырады.  П. 
И.  Чайковский  «қарғаның  мəткесін»  жазып  болып, 
күнделігіне:  «Герман  жан  тапсырарда  солқылдап  жылап 
жібердім  деп  жазған  екен».  Осы  айтылғанға  қарама-қарсы 
қиялы  өте  əлсіз  адамдар  да  болады.  Қиялы  əлсіз  адамның 
көркем  əдебиет  кітаптарын  оқуы  да  бір  түрлі.  Ол  мұндағы 
əдеби  теңеулерге,  суреттемелерге  мəн  бермейді,  əдеби 
суреттемелерді тастап кетіп, кітаптың тек əр жерінен «қызық» 
іздеп,  тұтас  оқып  шығуға  шыдамы  жетпейді.  Өйткені  қиялы 
шабан  адамға  көркем  суреттемелер  əсер  етпейді,  оны  тез 
жалықтырып жібереді. 
Қиялдың 
маңыздылығы 
оның 
шындықпен 
байланыстылығында. Шын мəнісіндегі қиял ғана мазмұнды, 
пəрменді  де  болып,  адамды  іс-əрекетке  жетектейді,  оның 
рухани өсуі үшін ерекше маңызды болады. 
 
 

 
34
5. Қиялды дамыту жолдары. 
Қиялдың  алғашқы  көріністері  үш  жасар  бөбектерде 
байқалады.  Мұны  бөбектердің  қызық  ертектерді  шын 
ықыласымен  тыңдауынан,  ертегідегі  оқиғаны  шын 
көріп,  бар  ынтасымен  берілуінен  көреміз.  Бір  қарағанға 
жас бала қиялға өте бай сияқты болып көрінгенмен, ондағы 
образдар  шындықтан  өте  алыс  жатады.  Себебі  бала 
санасында  кез-келген  нəрсенің  бейнесі  оңай  тоғысады  да, 
бұдан  керемет  қиял  көріністері  құралады.  Баланың  өмір 
тəжірибесі  өсе  келе,  қиялы  да  шындыққа  біртабан 
жақындап  отырады.  Мəселен,  бала  шимайлап  қағазға  бір 
нəрсенің  суретін  салады,  оны  шындықта  бар  нəрсеге 
ұқсайды деп ойлайды (тіпті ол ұқсамайтын болса да). 
Қиял басқа да психикалық процестер тəрізді дамудың ұзақ 
жолынан 
өтеді. 
Қиялдың 
қарапайым 
түрінен 
бастап 
шығармашылық  қиялға  дейінгі  кезеңнің  қалыптасуы  нақтылы 
əрекетке байланысты. Қиял табиғаттың адамдарға берген үлкен 
сыйы,  əрі  құнды  рухани  сапа.  Оның  адам  өміріндегі  ерекше 
мəнін  ұлы  адамдар  да  жоғары  бағалаған.  Француздың  əйгілі 
ғалымы,  əрі  көрнекті  жазушысы  Дени  Дидро:  «Қиял!  Бұл 
сапасыз ақын да, философ та, ақылды адам да, ойлайтын жан да, 
тіпті адам болу да мүмкін емес» деп тегін айтпаса керек. 
Адам  əдетте  қол  жеткеніне  қанағаттана  қоймайды. 
Ол  өзінің  қиялы  арқылы  ізденеді,  дүниені  өзгертуге, 
жаңғыртуға  тырысады.  Болашағын  болжайды,  келешекте 
атқарылатын  əрекетінің  нəтижесін  күні  бұрын  санасында 
елестетеді.  Қиялдың,  əсіресе,  шығармашылық  еңбектегі 
рөлі аса зор. 
Қиялдың өз алдына жеке психикалық процесс екенін 
мойындамайтындар да кездеседі. Олардың айтуынша, қиял 
ойлаудың  бір  бөлшегі  сияқты.  Рас,  қиял  мен  ойлау  бір-
біріне  өте  ұқсас.  Себебі,  екеуінің  де  физиологиялық  негізі 
бар.  Бірақ  та  олардың  əрқайсының  атқаратын  қызметі  əр 
басқа. 
Психология 
оқулықтарында 
берілген 
қиял 

 
35
анықтамалары  да  оның  мəнін  жете  ашпайтын  тəрізді.  Ол 
бойынша  қиял  дегеннің  не  екенін  бірден  түсіну  қиын. 
Кітап  бойынша  қиял  елестерді  қайта  құру,  жаңғырту, 
бейнелер  жасау  делінген  де,  қиялдағы  үғымдар  рөлі  еске 
алынбаған.  Біздіңше  қиял,  яғни  фантазия  дегеніміз  өмірде 
бар,  əзірше  жеке  тəжірибемізде  кездеспеген,  келешекте 
жүзеге  асуға  мүмкін  болмасты  күні  бұрын  санамызда 
елестету  мен  ұғымдар  негізінде  өзгертіп,  жаңғыртып, 
бейнелейтін психологиялық процесс. 
Кейде  құр  қиялдану,  мұңдануды  да  қиял  деп 
түсінетіндер  бар.  Бұл  -  теріс  пікір.  Қиял  -  психикалық 
құбылыс.  Ал  қиялдану  мен  мұңдану  –  көңіл-күйі.  Көңіл- 
күйін  өзгертуде  тек  қана  қиял  ғана  емес,  басқа  да 
психикалық құбылыстар да қатысады. 
Кейбіреулер  екінші  сигнал  беру  жүйесіне  ешқандай 
қатысы  жоқ  түс  көруді  де  қиял  түріне  жатқызады.  Бұл  да 
қиялдың  мəнін  бұрмалағандық.  Түс  көру  -  психикалық 
процесс емес. Ол ұйқы  кезінде мидың кейбір бөліктерінің 
қызметінен пайда болатын физиологиялық құбылыс. 
   Қиялды  дамыту  дегенімізде  ең  алдымен  əркім  өзі 
қиялының  аз  немесе  көп  екенін,  қай  дəрежеде  екенін 
білгені  жөн.  Мұны  көптен  бері  шетелдерде  жиі 
қолданылып  келе  жатқан  «Сізде  қиял  бар  ма?»  деген  тест 
арқылы  анықтауға  болады.  Мына  кестедегі  сан  рет 
тексерістен  өткен  сұрақтарға  жауап  беріп,  ұпайлар  жинау 
керек. 
Қиялдың  сиқыр  күшінің  өзі  оның  шындықпен, 
еңбекпен, мақсатпен тығыз ұштасуында. Оны тəрбиелеу де 
осыған  бағытталған.  Оны  қиялдану  немесе  мұңданумен 
айырбастауға болмайды. Бұл ұғым өз мағынасында қалуға 
тиіс.  Психология  оқулықтарында  қиялды  дамытуға, 
тəрбиелеуге  біраз  көңіл  бөлінсе  де  оны  меңгеру  жайында 
ештеңе  айтылмаған.  Мұндай  маңызды  мəселе  арнайы 
зерттеуді  керек  етеді.  Туысқан  қырғыз  халқының  ұлы 

 
36
жазушысы  Шыңғыс  Айтматов:  «Ақтық  демі  таусылғанша 
ой  ойлап,  қиял  қанатында  ұшатындығымен  де  адам  биік, 
адам  ұлы»  деп  терең  философиялық  ой  қорытындылайды. 
Қиялы  əлсіздің  өзі  де  əлсіз.  Ендеше  бір  мезгіл  қиялдап, 
армандап, тұруды да ұмытпайық. 
Мектеп жасына дейінгі баланың негізгі əрекеті болып 
табылатын  ойын  -  бала  қиялын  дамытуда  ерекше  орын 
алады.  Ойын  үстінде  оның  шығармашылық  талабына  кең 
жол  ашылады.  Бала  ылғи  да  бір  нəрсені  жасау, 
құрастыруға  əрекет  жасайды.  Ойын  баланың  ойлау 
белсенділігін,  күш-қуатын  барынша  жұмсауға  мүмкіндік 
туғызады.  Ойын  үстінде  бала  айналадағы  шындықты  сын 
көзімен  қарап  аңғара  алмайды  да,  қиял  бейнелерінің 
жетегінде  кетеді.  Бала  психикасының  осы  жағы  да  қиял 
тəрбиесінде есте болатын жай. 
Мектеп - бала қиялын дамытуда үлкен рөл атқарады. 
Мұндағы  оқылатын  сабақтардың  мəніне  түсіну  қиялсыз 
мүмкін  емес.  Мəселен,  табиғатты  суреттейтін,  немесе 
қандай  да  болсын  оқиғаны  баяндайтын  бір  материалды 
түсіндіргенде 
мұғалім 
арнаулы 
тəсілдер 
арқылы 
окушылардың  қиялын  оятады.  Қиял  арқылы  бала  ондағы 
жанды  бейнелерді  көз  алдына  елестеткендей,  қолымен 
ұстағандай,  құлағымен  «еститіндей»  күйге  түседі.  Көркем 
əдебиет шығармаларын талдағанда, тарих сабақтарындағы 
əңгімелерде,  оқушылардың  түрлі  ойындарында  қиял 
процесі  əр  қырынан  көрініп  отырады.  Төменгі  сынып 
оқушыларында 
алғашқы 
кезде 
қиялдың 
дамуы 
айтарлықтай  болмайды.  Мəселен,  бірінші  сыныптағылар 
суретке  не  оқығанға  қарап,  өз  бетімен  жаңадан  бейне 
жасай  алмайды.  Өйткені  осы  жастағыларда  синтездеу 
қабілеті  жөнді  дамымаған.  Олар  оқығанын  кездейсоқ, 
біріне-бірі 
байланыспаған 
ассоциациялар 
арқылы 
жаңғыртып отырады. Баланың қайта жасау қиялын дамыту 
үшін  алдымен  олардың  тəжірибесін  қорландыра  түскен 

 
37
дұрыс.  Осы  салада  мұғалім  істейтін  іс  -  ұшан-теңіз. 
Мəселен,  мұғалім балаларды орманға экскурсияға апарған 
екен дейік. Онда оқушылар əрбір ағашты, өсімдік түрлерін 
көздерімен  көріп,  қолдарымен  ұстайды,  білмегендерін 
бірінен-бірі  сұрап  не  мүғалімнен  біліп  алады.  Ертеңіне 
мүғалім  оқу  сабағында  балалардан  көрмеген  ормандарды 
(тайга,  тундра,  тропика  т.  б.)  туралы  айтып  беріңдер  десе, 
бұл  олардың  қиялын  тəрбиелеуге  көп  пайдасын  тигізеді. 
Өмір  тəжірибесінің  артуы,  білім  қорының  молая  түсуі 
балалардың  қиялын  да  дамыта  түседі.  Мəселен,  үшінші 
сыныптағылар сурет сабағында алдында тұрған заттардың 
бейнесін  айнытпай  сала  алады,  оны  осындай  басқа  затпен 
салыстырып  көреді.  Бұл  балада  қайта  жасау  қиялының 
қалыптасып келе жатқандығын байқатады. 
Бала қиялы əрекет үстінде дамитындықтан не нəрсеге 
болмасын өзін қатыстырып, оның икемділігі мен дағдысын 
дамытып  отыру  қажет.  Мəселен,  сурет  салудың,  əн 
айтудың тəсілдері мен техникасын үйренбейінше, баланың 
осыған орай көрінетін қиялы да шарықтай алмайды. 
Төменгі  сынып  оқушыларының  қиялын  дамыту 
олардың  эстетикалық  сезімдерін  оятады.  Мəселен,  көркем 
əдебиет  кітаптарын  оқу,  музейлер  мен  галереяларға  бару, 
кино  көру,  ұйымдасып  музыка  тыңдау,  бала  қиялын  жаңа 
мазмұнға  толтыра  түседі.  Шəкірт  қиялын  дамытуға 
үлкендер  үнемі  жетекшілік  етуге  тиіс.  Мұғалім  де, 
оқушының  ата-анасы  да  бұл  жерде  тек  ақылға  ғана  əсер 
етпей,  эмоциясына  əсер  етерліктей  əдістерді  іздестіріп 
отырулары керек. Оқушылардың жас, дара ерекшеліктерін 
ескеріп  отыру,  қиялы  күшті  дамыған  балалармен  дербес 
жұмыс 
жүргізу, 
табиғатқа 
өндіріс 
орындарына 
экскурсиялар  жасау,  түрлі  тапсырмаларды  оқушыларға 
дербес  орындатып  отырғызу,  оқу  барысында  кездескен 
қиыншылықтарды  жеңе  алуға  баулу  т.б.  осындай  əдістер 
бала қиялын тəрбиелеудің түрлері болып табылады. 

 
38
 
Дəріс
 бойынша сұрақтар: 
 
1.
 
Қиял процесінің жалпы сипаттамасы қандай? 
2.
 
Ырықсыз қиял деген не? 
3.
 
Қайта жасау қиялы қалай жасалады? 
4.
 
Шығармашылық қиял деп нені айтады? 
5.
 
Іс-əрекеттің  əр  саласындағы  шығармашылық  қиялдың 
алатын орнын қалай түсінуге болады? 
6.
 
Арман дегеніміз не? 
7.
 
Қиялдың жасалу жолдары қандай? 
8.
 
Қиял саласында қандай дара айырмашылықтар болады? 
9.
 
Бала қиялы қандай жолмен дамиды? 
10.
 
Төменгі  сынып  оқушыларының  қиял  ерекшеліктері  мен 
оларды тəрбиелеудің қандай жолдары бар? 
10-дəріс 
Жеке
 адам эмоциясы. Сезім сферасының  
сипаттамасы
.  
 
Жоспар:  
1. Эмоция  мен  сезім  туралы  түсінік                                                                                          
2. Күрделі  эмоциялар 
3. Жоғары  сезімдер 
 
1.
 
Эмоция
 мен сезім туралы түсінік. 
Сыртқы    дүние    заттар    мен    құбылыстардың    адамның  
қажеттеріне    сəйкес    келу-    келмеуінің    нəтижесінде    пайда  
болып    отыратын    психикалық    процестің    түрін    сезім    деп  
атайды. Қажеттердің  түрлі  жағдайларға  байланысты  түрліше  
өтелуі    адамда    көптеген    ұнамды    жəне    ұнамсыз    сезімдерді  
туғызып    жек    көрушілік,  шошыну,  абыржу,  наздану,  іш    пісу, 
зерігу  т.б.   осындай  сезімдер  мен  эмоциялардың  сан  алуан  
түрлері. 
Сезімдер -  өте  күрделі  психикалық   процестердің  бірі. 
Сезімдер    адамның    тіршілік    қажетіне,  өзара    қарым-

 
39
қатынасына    байланысты    сан      алуан    формаларда    көрінеді. 
Адам    сезімдері    тарихи-əлеуметтік    сипатта    болады.  Демек,  
адамның    өмірі    қоғамға    байланысты,  оның    əрекеті    де  
қоғамдық   саналы   əрекет.  Олай   болса,  адамның   сезімдері   де  
қоғамдық    сипатта      болып,    сезімнің    мазмұнын    қоғамдық  
болмыс  бейнелеп  отырады. 
Сезімдерден  эмоциялардан  дұрыс  айыра  білмеушілік, 
бұл  екеуінің  мəні  бірдей  деп  ұғу, кейде  қате  түсініктерге  де  
соқтырады.  Мəселен,  осындай    түсінік    адам    мен    жануарлар    
психикасының    арасындағы    айырмашылықтарды    бүркемелеуі  
мүмкін.  Жануарлар    эмоциясы    түгелдей    биологиялық  
сипаттағы    құбылыс,  бұл    жануарлардың    сыртқы    ортаға  
бейімделу    көрінісінен,  əр    түрлі    шартсыз    рефлекс    тізбегінен  
немесе  инстинктерінен  байқалады. 
Сезімдер    мен    эмоциялардың    бірнеше    сапалық  
ерекшеліктері    бар.  Олардың    сапасын    көрсететін    осындай  
ерекшеліктерінің    қарама-қарсы,  полярлық    сапалықтар    деп  
атайды.  Мəселен,  сүйсіну,  сүйсінбеу,  көңілдену,  қажу,         
шаттық,  уайым,    т.б.  осы    секілді    сапалар   өзара   екі    полюске  
ажырасып,   біріне-бірі   қарама-қарсы  мағынада  болады. 
Сезімнің    екінші    ерекшелігі    олардың    актив  қажырлы 
жəне солғын пассив  болып  бөлінуінен  көрінеді. Адамға  күш  
беріп,  əрекетке    ұмтылдыратын,      көтеріңкі    сезімдер    мен  
эмоцияларды  стеникалық, ал  бұлардың  баяу, солғын  түрлерін 
астеникалық    деп    атайды.  Біріншісіне,  жауапкершілік, 
жолдастық, достық, айбаттылық  т.б.  жатса, екіншісіне: уайым, 
енжарлық,  көңілсіздік    т.б.    сезімдер    жатады.  Бұл    жерде  
мынадай    бір    жағдай    есте    болсын.  Түрлі    нақтылы  
жағдайлардың  ретіне  қарай  адамдарда  бір  сезімнің  өзі  бірде  
қуатты,  бірде    əлсіз    болып    көрінуі    мүмкін.  Мəселен, 
қорқыныш    сезімі    кейде    бір    адамның      буынын    босатып, 
пəрменсіз  етсе,  енді  бірде  қауіп  қатерге  қарсы  тұрғызатын  
айбаттылыққа  ауысуы  мүмкін. 
Сезімдердің    үшінші    бір    ерекшелігі  -  жігерлену    жəне  
кернеуден  босану  немесе  шешілу. Бұл да  сезімдердің  қарама 
–  қарсы    сапаларының    бірі.  Мəселен,  студенттердің  
емтиханнан    өтуі,  спортпен    айналысатын    адамның    мəреге  

 
40
жетуі  шешуші  кезеңдер  болып  табылады. Мəреге  тақалғанда  
адам    барлық    күш    жігерін    жұмылдырады.  Осы    кезең    өткен  
соң  басқа  бір  күйге  түседі. Мұны  кернеуден  босану  кезеңі  
дейді. 
Шамадан    тыс    күшті      тітіркендіргіштер    адамда  
көбінесе    қолайсыз    эмоциялар    туғызады.  Кісі    ұдайы    қинала  
беретін  болса, оның  діңкесі  құрып,  берекесі  кетеді. Адамның  
осылайша    шамадан    тыс    зорлануын    психологияда    стресс  
деген    терминмен    белгілейді.  Стресс    үш    түрлі    жағдайда  
байқалып    отырады.  Оның    алғашқы    көрінісін    мазасыздану 
кезеңі дейді. Организмнің  күшті  тітіркендіргіштермен  айқасқа  
түсуін  күш  салу,   немесе  зорлану  кезеңі  деп  атайды. Адам  
сырттан    келген    əсерге    төтеп    беруге    шамасы    келмеген  
жағдайда    титықтап,  əрекет    жасаудан    қалады.  Мұндай  
қолайсыз  əсер  жүйке  жүйесінің  жұмысына  да, дене  күшіне  
де    нұқсан    келтіретіндіктен,  адам    өзінің    сыртқы    ортамен  
байланысын  үнемі  қадағалап ,реттеп  отыруы  керек. Сезімнің  
жоғарыда    айтылған    ерекшеліктерінің    барлығы    да    нақтылы  
əрекет    үстінде,  кездесетін    қиыншылықтарды    қарсы    алу  
кезінде    айқын    көрініп    отырады.  Сезім    адамның    бүкіл   
өмірімен,  оның    жеке    бас    ерекшеліктерімен    тығыз  
байланысты.  Адамның    эмоциялары    мен    сезімдері    оның  
қажеті  мен  қызығу  ерекшеліктеріне,  дүниеге  көзқарасы  мен  
сеніміне,  мінез-құлқы    мен    білім    көлеміне,    санасы    мен   ерік  
сапаларына  байланысты  қалыптасып  отырады. 
Сезімдер    мен    эмоциялардың    адамның    практикалық  
əрекетінде    алатын    орны    зор.  Алдағы    мақсатты    орындау  
жолында, өмір  үшін  күресте  күшті  сезімдерсіз  табысқа  жету  
қиынға  соғады. 
Сезімдердің  қораш, солғын, селсоқ  болуы  іске  кедергі  
келтіреді.  Адам    не    үшін    күрессе,  соны    жан-тəнімен    жақсы  
көріп, неге  қарсы  күрессе, соны  өлердей  жек  көріп  отыруы  
керек. 
Эмоцияларды    бірнеше    топқа    жіктеуге    болады. 
Олардың    бір    тобы    жағымды    не    ұнамды    эмоциялар    деп  
аталады.  Бұлар    адамның    тіршілік    қажетіне    орайлас,  оның  
ішкі    өмірінің    шарықтап,  жан-  жақты    өсу    шарттарының    бірі  

 
41
болып    табылады.  Мəселен    қуаныш,  сүйіспеншілік,  көңіл  
қоштық  т.б.  осындай  эмоциялардың  енді  бір  тобы  жағымсыз  
не    ұнамсыз    эмоциялар    делінеді.  Бұлар    белсенді    əрекетке  
азды-  көпті    нұқсан    келтіретін    қораш      сезімдер.  Мұндай  
эмоцияларға    қорқыныш,  қайғы,  абыржу,  налу,  үрейлену, 
үмітсіздену  т.б.   жатады. 
Осы  айтылғандармен  қатар  қарапайым  жəне  күрделі  
эмоциялар    болып    бөлінеді.  Қарапайым    эмоциялар    адамның  
қажеттерінің    өтелу-өтелмеуіне    байланысты    туып    отырады. 
Мысалы,  күрделі    түрлеріне:  көңіл,  аффект,  құмарлық  
эмоциялары  кіреді.  Осы  айтылған  эмоциялардың  барлығына  
ортақ    басты    бір    ерекшелік    оларда    сан    алуын    мəнерлі  
қозғалыстардың    болып    отыратындығы.  Ч.Дарвин    осы    күнгі  
адамда    байқалатын      мəнерлі    қозғалыстардың    біразы    біздің  
ерте    кездегі    ата    бабаларымыздың    тіршілігінде   елеулі    орын  
алған    əрекеттін    қалдығы    екендігін    айтады.  Мəселен,  қатты  
ашу    кернеген    адам    кейде    жұдырығын  түйіп    тістенеді, 
қабағын    түйіп    булығады,  демін    əзер    алып,  танауы    делдиіп  
кетеді,    жүрегі    тарс-тарс    соғады.  Осындай    мəнерлі  
қозғалыстардың    əр    қайсысының    өзінше    шығу    тарихы    бар.  
Жоғары  келтірілген  мысалдан  жауымен  айқасқа  түсейін  деп  
отырған      адамның    келбетін,  даярлық    белгісін    байқауға  
болады.  Ертедегі    адамдар    жабайы    аңдармен    арпалысқа  
түсердің  алдында  денесін  соған  бейімдеп  алып, сонан  кейін  
айқасатын   болған.  Қазіргі   адамдар     үшін   мұндай   көріністер  
дөрекі,  ебедейсіз    қимылдар    болып    табылады.  Мұндай  
ебедейсіз    қылықтар    мəдениетті    адамның    қылығына    ешбір  
сыйымсыз    сипат.  Бұған    көбінесе    сотқар,  ызақор,  кекшіл  
адамдар    біртабан    жақын    тұрады.  Адамдардың    сана  –  сезімі  
өскен    сайын    оның    қимыл-  қозғалыстары    да    мəдениеттене  
бастайды.  Эмоциялық    жағдайлар    адамның    дем    алу,  қан  
айналу  органдарына    өзгерістер    түсіретінін,  бет    əлпеті    мен  
бүкіл   дене   қимылдарына,  сөздің   интонациясы  мен    тембрна, 
дикциясы    мен    паузасына    да    өзгерістер    енгізетіндігін  
дəлелдейтін    мысалдар    көп.  Қорқу    эмоциясы    кезінде    адамда  
байқалатын    мəнерлі    қозғалыстарды    алайық.  Қорыққан  
адамның    қасы    тартылып,    түсі    бозарады,  қозғалыстары  

 
42
баяулап    не    мүлде    тоқтайды,  денесі    дірілдеп    қалшылдайды, 
шашы    үрпиіп,  көзі    шарасынан    шығып,  даусы    қарғылып,  үні  
кібіртіктейді,аузы  кебірсіп, тынысы  өзгереді, беті  шіміркеніп, 
бүкіл  денесі  қалтырап, салқын  тер  шып-шып  шығады. Тіпті  
орнынан    қозғала,  сөйлей    алмайды,  даусы    шықпай    қалатын  
кездер    болады.  Қорқыныштың    жеңіл    түрі    тынышсыздану, 
ауыру-үрейі    ұшу    т.б.    Эмоциялық    жағдай    кезінде    адамның  
денесінен  байқалатын  əр  түрлі  мəнерлі  қозғалыстарды  Абай  
өлеңдерінен  көптеп  кездестіруге  болады. 
 
 
2.
 
Күрделі
  эмоциялар. 
Күрделі    эмоциялардың    бірі  -  көңіл.  Көңіліне    қарап  
адамдарды  шат, жайдарлы, жылы  жүзді, ақжарқын,  не  көңілге  
кірбің  кіру, ызалы,  түсі  суық  т.б.  деп  ажыратады. Адамның  
көңіліне    айналасындағы    қоршаған    орта   əсер   етіп    отырады. 
Егер  оның  қызметі  жақсы  жүріп  жатса, ұжымы  ынтымақты  
болса,  отбасы  жағдайы  жарасымды  болса, көңілі  де  көтеріңкі  
болады.  Көңілге    адамның    денсаулығы    жағдайы,    жүйке  
жүйелерінің    ерекшеліктері    де    əсер    етеді.  Өмір  -    тіршілігі  
үшін    елеулі    маңызы    бар    оқиғалар    да    адамның    көңіліне   
үлкен    із    қалдырады.  Мəселен,  адам    көптеген    айналысып  
жүрген    ісі    оңға    басса, немесе    бірнəрсеге    қолы    жетсе,  шад-
шадыман    күйге    түседі.  Керісінше,  ол    ылғида    сəтсіздікке  
ұшырай  берсе,  көздеген    мақсатына    жете    алмаса,  жанын  
қоярға  жер  таба  алмай  қиналады. Мұндайда  қабағы  қатыңқы,  
ренішті    күйде    жүреді.Сондықтанда  “  Көңілсізден    күлкі  
шықпас”,”  Адам    көңілден    азады”    деген    мақалдар    тегіннен-
тегін  айтылмаған. Ерік-жігері  күшті, рухани  өмірінің  мазмұны  
бай    адамдар,  тіпті    ауыр    жағдайларда    да    көңілді    жүреді. 
Оптимистік, жарқын  болашаққа  сену, қиыншылыққа  мойымау  
ерік-жігері  күшті,  қажырлы  адамдардың  басты  қасиеті. Адам  
өз    көңіл    күйінің    қожасы    болу    керек    екндігін    олар    іс  
жүзінде  көрсете  білуі  тиіс. Осы  айтылғандардан  өмір  сүруге   
қолайсыз    кездерде    де    көңілді    ырқына    жібермеуге  
болатындығын,  көңілдің    тұрақты    болуы  жұмыс    қабілетін  
арттыруға,  адамның    жеке    қасиетінің    жақсы    сапаларына  

 
43
байланысты    екені    жақсы    аңғарылады.  Өз    көңілін    меңгере  
білу-  мұғалім    үшін    аса    қажетті    сипат.  Төменгі    сынып  
оқушыларының    мұғалімнің    қасы    мен    қабағына    қарап  
отыратыны    белгілі.  Егер    мұғалім    көңілсіз,  кірбің    болса, 
оқушылардың    оқу    материалдарын    меңгерулеріне    қолайсыз  
əсер    етеді.    Эмоциялардың    бір    түрі-  аффектер.  Аффектер  
дегеніміз    қысқа    уақытқа    созылса    да,  бұрқ    етіп    қатты  
көрінетін    эмоцияның    түрі.  Аффектер    кейде    адамның    бүкіл  
психикалық  кейпін  бұзып,  мəнерлі  қозғалыстарға  толы,  ерік  
күшінің    əлсіреу    жағдайында    өтеді.  М.Ю.  Лермонтов    бір  
адамның  басынан  байқалған  аффектіні  былайша  суреттейді: 
Орынсыз    жан    таласып    кейде    бекер,  Жұламын    итмұрынды  
қолым    жетер....Сонан    соң    əлім    кетіп    жерге    құлап,  Еңіреп  
егіл- тегіл, жаттым  сұлап. Кеміріп  жердің  дымқыл  топырағын, 
Шықтай  қып  жерге  төктім  жасты- ай бұлақ. Жоғары  сезімдер  
Жоғары    сезім    адамғана    тəн.  Осы    топқа    адмгершілік, 
эстетикалық,  интелектік    деп    аталатын    сезімдер    кіреді. 
Қоғамдық    өмірдің    талабына    сəйкес    адам    мінез-  құлқынан  
жиі  көрінетін  сезімдердің  бірі  адамгершілік  сезімдер.  
Адамгершілік    немесе    имандылық    сезімдердің  
мазмұны    да,      құрылымы    да    күрделі    келеді.  Бұлар    ең  
алдымен    қоғамдық    мəнді    жəне    жеке    көңіл-  күйге  
байланысты    екені    жақсы    аңғарылады.  Өз    көңілдің    меңгере  
білу- мұғалім  үшін  аса  қажетті  сипат. 
  Төменгі  сынып  оқушыларының  мұғалімнің  қасы  мен  
қабағына  қарап  отыратыны  белгілі. 
Егер  мұғалім  көңілсіз, кірбің  болса, оқушылардың  оқу  
материалдарын    меңгерулеріне    қолайсыз    əсер    етеді.  
Эмоциялардың  бір  түрі- аффектер. Аффектер  дегеніміз  қысқа  
уақытқа    созылса    да,  бұрқ    етіп    қатты    көрінетін    эмоцияның  
түрі.  Аффектер    кейде    адамның    бүкіл    психикалық    кейпін  
бұзып,    мəнерлі    қозғалыстарға    толы,    ерік    күшінің    əлсіреу  
жағдайында    өтеді.  М.Ю.  Лермонтов    бір    адамның    басынан  
байқалған  аффектіні  былайша  суреттейді: 
                    Орынсыз  жан  таласып  кейде  бекер, 
                    Жұламын  итмұрынды  қолым  жетер.... 
                    Сонан  соң  əлім  кетіп  жерге  құлап, 

 
44
                    Еңіреп  егіл- тегіл, жаттым  сұлап. 
                    Кеміріп  жердің  дымқыл  топырағын, 
                      Шықтай    қып    жерге    төктім    жасты-  ай 
бұлақ. 
 
 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет