Қазақстан тарихынан мемлекеттік емтихан сұрақтары



бет1/60
Дата28.11.2023
өлшемі127,9 Kb.
#131083
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   60

Қазақстан тарихынан мемлекеттік емтихан сұрақтары.



  1. Қазақстан тарихы курсының пәні және міндеттері. Қазақстан тарихының кезеңдері.

Тарих латын тілінен аударғанда, өткен оқиғалар жөніндегі әңгімелер, зерттелген, анықталған туралы баяндау. Бірақ, тарих тек қана өткен туралы әңгіме ғана емес, ол нақты оқиғалардың жүйелі дамуы мен өзгеруін зерттейтін ғылым. Сонымен бірге өткен оқиғалар қорытындылай келе, оларға әр адамның, халықтың, жалпы адамзаттың қызығушылығын туғызады. Сол себептен біз өткенді терең білгіміз келеді.
Тарих – ғылым ретінде көптеген маңызды мәселелерді шешеді. Гуманитарлық ғылымдар кешенінде ол басты орын алады. Ол Отан – ата мекеніміздің өткені туралы білім беріп қана қоймайды, сонымен бірге, тарихи таным – отан тарихына ортақтастық сезім қалыптастырады. Тарихты оқу - әр азаматта азаматтық көзқарас, ұлттық мәдениет қалыптастыруға және өз халқының салт дәстүрін жалғастыруға мүмкіндік береді. Осының бәрі ұрпақтар сабақтастығын жүзеге асыруға мүмкіндік туғызады.
Қазақстан тарихы” пәнінің маңызды міндеттері:

  1. Қазақ халқының тарихын ежелгі дәуірден қазіргі кезеңге дейін білу;

  2. Көшпелі дүние жүзіндегі қазақ халқының рөлін ашу, әлемдегі өркениетке қосқан үлесін көрсету;

  3. Бүкіл адамзат тарихы дамуында қазақ этникалық тұрмысының шаруашылығы мен әлеуметтік саяси қондырғысын қалыптастыру процесіне зер салу;

  4. Түрлі әлеуметтік топтардың қазақ қоғамындағы орны мен рөлін анықтау;

  5. Қазақ халқының дамуы мен құрылуы жөніндегі нақты тарихи білім беру;

Қазақстан тарихы да дүние жүзі тарихы сияқты үлкен төрт кезеңге бөлінеді.
Ежелгі Қазақстан (б.з. V ғ. дейін), Орта ғасырлардағы Қазақстан (VI – XVII ғғ.) Жаңа замандағы Қазақстан (XVII – XIX ғғ.), Қазінгі заманғы Қазақстан (XX ғ.).
Ең ұзақ кезең – Ежелгі Қазақстан тарихы, ол бір миллион жылға жуық уақытты қамтиды.
Ежелгі Қазақстан – тас дәуірі, қола дәуірі және темір дәуіріне бөлінеді:
-Тас дәуірі барлық құралдар тастан жасалған дәуір.
-Қола дәуірі барлық құралдар қоладан жасалған дәуір.
-Темір дәуірі барлық құралдар темірден жасалған дәуір.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   60




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет