Қазақстандағы орта білім: жағдайы және болашағЫ


  Орта  білім  деңгейлері  бойынша  білім  алушылардың  оқу  жетістігінің



жүктеу 5.16 Mb.
Pdf просмотр
бет10/16
Дата18.03.2017
өлшемі5.16 Mb.
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   16

5  Орта  білім  деңгейлері  бойынша  білім  алушылардың  оқу  жетістігінің 
мониторингі: 
ұлттық 
бағалау 
жүйесінің 
және 
халықаралық 
салыстырмалы зерттеулердің нәтижелері  
 
Қазақстан  Республикасының  білім  беру  саласындағы  тәуелсіз  сыртқы 
бағалауы:  лицензиялауды,  аттестаттауды,  аккредиттеуді,  рейтингті,  оқу 
жетістіктерін  сыртқы  бағалауды,  ұлттық  бірыңғай  тестілеуді,  талапкерлерді 
кешенді тестілеуді қамтиды.  
Білімді  дамытудың  Мемлекеттік  бағдарламасының  қабылдануына  сәйкес 
2011-2012  оқу  жылынан  бастап,  білім  беру  ұйымынан  тәуелсіз  оқытудың 
сапасын  бақылау  мониторингінің  бір  түрі  –  оқу  жетістіктерін  сыртқы  бағалау 
енгізілген  болатын.  Оқу  жетістіктерін  сыртқы  бағалау  (бұдан  әрі  –  ОЖСБ) 
Қазақстанда  білім  сапасын  бағалаудың  ұлттық  жүйесінің  маңызды 
элеметтерінің  бірі  болып  табылады.  ОЖСБ  білім  алушылардың  оқу 
жетістіктерінің  мониторингін  жүргізу,  білім  беру  қызметінің  сапасына 
салыстырмалы  талдау  жасау  және  білім  беру  ұйымдарындағы  оқу  үдерісін 
ұйымдастырудың тиімділігін бағалау мақсатында жүзеге асырылады. Сонымен 
қатар  негізгі  мектептің  9-сыныбында  білім  берудің  ары  қарайғы  бағытын 
анықтау, оқу жетістіктерінің деңгейін бағалау мақсатында өткізіледі [35].  
Оқу  жетістіктерін  сыртқы  бағалауды  ұйымдастыру  және  жүзеге  асыру 
тәртібін Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңына сәйкес әзірленген 
нұсқаулық 
анықтайды. 
Тапсырмалар 
жалпы 
білім 
беретін 
оқу 
бағдарламаларының  негізінде  әзірленеді,  олардың  мазмұны  аталған 
бағдарламалардың шеңберінен шықпауы тиіс.  
Білім және ғылым министрінің 2015 жылдың 6 наурызындағы «2015 жылы 
Қазақстан  Республикасының  жалпы  орта  білім  беру  ұйымдарында  оқу 
жетістіктерін  сырттай  бағалауды  өткізу  туралы»  №118  бұйрығына  сәйкес, 
еліміздің  негізгі  орта  білім  деңгейіндегі  9-сынып  оқушыларының  оқу 
жетістіктерін  сырттай  бағалау  2015  жылдың  6-23  сәуір  аралығында  өткізілді. 
ОЖСБ  кешенді  тестілеу  түрінде  тапсырмалар  жазылған  арнайы  бланкілермен 
қатар, компьютерлерді қолдану арқылы 4 лек бойынша өткізілді.  
Жалпы  білім  беретін  мектептердің  9-сыныптарында  ОЖСБ  Білім  және 
ғылым министрлігі жыл сайын бекітетін 3 пәнмен қатар міндетті түрде «Қазақ 
тілі»  пәнін  қамтиды.  2015  жылғы  ОЖСБ  келесі  топтағы  пәндер  қатарынан 
анықталды:  қазақ  тілі,  математика,  физика,  биология,  химия,  география.  Яғни 
тапсырылатын пәндердің құрамы әр мектеп үшін жеке-жеке анықталды. Әр пән 
бойынша  20  тест  тапсырмалары  беріледі.  Сонымен  қатар  ОЖСБ  мазмұнына 
функционалдық сауаттылық бойынша тапсырмалар енгізілген [35].  
ОЖСБ  2014  жылы  648  мектеп  қамтылған  болса,  2015  жылы  сыртқы 
бағалауға 1210 мектеп қатысты, өткен оқу жылымен салыстырғанда екі еседен 
артық. Соның ішінде тестілеуді 967 мектеп  – бланкі, 243 мектеп  –  компьютер 
арқылы  өтті.  Қатысқан  оқушылар  саны  –  43780,  2014  жылмен  салыстырғанда 
оқушылар саны 16367 оқушыға артық, яғни 2014 жылы 27413 білім алушының 
оқу жетістігі бағаланған (42-кесте).  
 

138 
42-кесте – Облыстар бойынша ОЖСБ қатысқан білім алушылар саны  
Дереккөз: ҚР БҒМ ҰБТ орталығының мәліметтері бойынша  
 
Республика  аймақтарының  ОЖСБ  қатысушыларын  сандық  көрсеткіші 
бойынша  салыстыратын  болсақ  соңғы  екі  жылы  ең  көп  қатысушы  Оңтүстік 
Қазақстан  (5205;  8601)  және  Алматы  (2930;  4650)  облыстарынан.  Ең  аз 
қатысушылар саны 2014 жылы Маңғыстау (917), ағымдағы жылы бұл аймақтан 
қатысушылардың саны 2,34 есеге өскен, Батыс Қазақстан (933; 1300) (59-сурет).  
 
 
 
59-сурет – Облыстар бойынша ОЖСБ қатысқан білім алушылар саны  
 
ОЖСБ-ға қазақ және орыс тілінде оқитын мектептердің білім алушылары 
қатысты.  2014  жылғы  сыртқы  бағалауға  16581  қазақ  тілінде  және  10832  орыс 
тілінде  оқитын  оқушы  қатысса,  2015  жылы  қамтылған  мектептердің  көп 
№ 
Облыс 
Барлығы 
қазақша 
орысша 
2014 
2015 
2014 
2015 
2014 
2015 

Ақмола 
1520 
1772 
675 
870 
863 
902 

Ақтөбе 
1493 
2147 
1135 
1564 
358 
583 

Алматы 
2930 
4650 
2077 
3582 
853 
1068 

Атырау 
957 
1732 
720 
1478 
237 
254 

БҚО 
933 
1300 
541 
895 
392 
405 

Жамбыл 
1887 
3537 
1391 
2614 
496 
923 

Қарағанды 
1841 
2883 
619 
1383 
1222 
1500 

Қостанай 
1377 
1912 
276 
497 
1101 
1415 

Қызылорда 
1544 
2361 
1348 
2229 
196 
132 
10  Маңғыстау 
917 
2144 
827 
1899 
90 
245 
11  ОҚО 
5205 
8601 
4430 
7425 
775 
1176 
12  Павлодар 
1305 
1550 
447 
773 
858 
777 
13  СҚО 
1124 
1368 
280 
344 
844 
1024 
14  ШҚО 
2128 
2622 
1178 
1670 
950 
952 
15  Астана қ. 
971 
2237 
319 
1369 
652 
868 
16  Алматы қ. 
1281 
2964 
336 
1419 
945 
1545 
Республика 
бойынша  
27413 
43780 
16581 
30011 
10832 
13769 

139 
болуына байланысты сәйкесінше қазақ тілінде оқитын 30011 және орыс тілінде 
оқитын  13769  білім  алушының  білімі  бағаланды.  Қазақ  тілінде  білім 
алушылардың  саны  жағынан  айырмашылығы  2014  жылғы  қатысушыларға 
қарағанда  2015  жылы  13430  оқушыға,  орыс  тілінде  білім  алушылардың  саны 
2937-і оқушыға артық.  
Бағалауға қатысқан білім алушылардың сан айырмашылығын оқыту тіліне 
байланысты салыстыратын болсақ қазақ тілінде (2015 ж.) оқитын оқушылардың 
саны  орыс  тілінде  оқитын  білім  алушылардан  6242-ге  көп,  яғни  орыс  тілінде 
оқитын  білім  алушылардан  2,17  есеге  артық  болғанын  көруге  болады  (60-
сурет).  
 
 
60-сурет – Оқыту тіліне байланысты ОЖСБ-ға қатысқан оқушылар үлесі 
 
2014 жылы қазақ тілінде оқитын 16581 оқушының білімі бағаланған болса, 
2015 жылы сынаққа 30011 оқушы қатысты, яғни өткен жылмен салыстырғанда 
1,81  есеге  артық.  Сырттай  бағалауға  2014  жылы  орыс  тілінде  оқитын  10832 
оқушы қатысқан, 2015 жылы 1,27 есеге көп, яғни 13769 оқушы (61-сурет).  
 
 
61-сурет – Білім алушылардың облыстар бөлінісіндегі оқыту тіліне байланысты 
ара қатынасы (2015 ж.)  
 

140 
Республика  бойынша  ОЖСБ-ның  2014  жылы  орташа  балы  39,58  болса, 
2015  жылы  37,36  көрсетті.  Ағымдағы  жылдың  ОЖСБ  көрсеткіші  2,22  балға 
төмендеген (43-кесте).  
 
43-кесте – ОЖСБ-ға қатысушылардың орташа көрсеткіші (балл есебімен)  
 
Дереккөз: ҚР БҒМ ҰБТ орталығының мәліметтері бойынша  
 
2014  жылы  ең  жоғары  балды  Алматы  қаласының  (53,00),  Астана 
қаласының  (52,91),  Шығыс  Қазақстан  облысының  (51,60)  білім  алушылары 
жинады. 2015 жылғы бағалауда жоғары көрсеткішті Алматы қаласының (52,78), 
Шығыс Қазақстан облысының (48,12), Ақмола облысының (47,02) оқушылары 
көрсетті.  Астана  қаласының  оқушыларының  ағымдағы  жылғы  көрсеткіштері 
өткен  жылмен  салыстырғанда  13,28  баллға  төмен  болды,  қала  бойынша 
сырттай  бағалауға  қатысқан  оқушыларының  саны  2015  жылы  өткен  жылмен 
салыстырғанда  2,3  есеге  немесе  1266  адамға  көп  болды.  2014  жылы  ең  төмен 
балл  жинаған  Павлодар  (34,29),  Атырау  (33,52),  Оңтүстік  Қазақстан  (31,41) 
облыстарының  білім  алушылары.  Аталған  облыстардың  ішінен  Оңтүстік 
Қазақстан  оқушылары  2015  жылы  көрсеткіштерін  2,68  балға  жоғарылатқан 
(31,49 және 34,09), Атырау (33,52 және 29,17) және Павлодар (34,29 және 33,99) 
облыстарының көрсеткіші төмендеген (62-сурет).  
 
№ 
Облыс 
Барлығы 
қазақша 
орысша 
2014 
2015 
2014 
2015 
2014 
2015 
1  Ақмола 
48,76 
47,02 
48,13 
47,31 
49,24 
46,75 
2  Ақтөбе 
36,10 
34,67 
35,69 
34,84 
37,40 
34,22 
3  Алматы 
42,96 
36,67 
42,93 
37,42 
43,05 
34,16 
4  Атырау 
33,52 
29,17 
32,63 
28,59 
32,60 
36,22 
5  БҚО 
40,00 
33,96 
37,93 
34,77 
42,85 
32,15 
6  Жамбыл 
35,73 
40,64 
36,32 
39,82 
34,08 
42,97 
7  Қарағанды 
35,42 
30,62 
33,93 
30,74 
36,18 
30,51 
8  Қостанай 
43,60 
38,74 
43,22 
36,15 
43,69 
39,64 
9  Қызылорда 
37,96 
33,27 
38,22 
33,08 
36,17 
36,46 
10  Маңғыстау 
36,38 
30,37 
37,08 
30,34 
29,90 
30,54 
11  ОҚО 
31,41 
34,09 
31,02 
33,84 
33,68 
35,71 
12  Павлодар 
34,29 
33,99 
34,61 
37,03 
34,12 
30,95 
13  СҚО 
35,42 
33,32 
36,80 
38,41 
34,97 
31,61 
14  ШҚО 
51,60 
48,12 
51,09 
51,05 
52,24 
42,98 
15  Астана қ. 
52,91 
39,63 
49,35 
38,13 
54,65 
41,98 
16  Алматы қ. 
53,00 
52,78 
51,73 
52,70 
53,46 
52,86 
Республика 
бойынша 
39,58 
37,36 
37,84 
36,80 
42,25 
38,58 

141 
 
62-сурет – Облыстар бойынша ОЖСБ орташа балы  
 
Оқыту тіліне байланысты қарастыратын болсақ Алматы қаласының (51,73 
және  52,70);  Шығыс  Қазақстанның  (51,09  және  51,05);  Ақмола  облысының 
(48,13  және  47,31)  қазақ  сыныптарының  оқушылары  салыстыруға  алынған  екі 
жылда ең жоғары балл жинаған (5-сурет). Орыс тілінде білім беретін мектердің 
ең  жоғары  көрсеткіші  өткен  оқу  жылында  Астана  қаласы  (54,65);  Алматы 
қаласы  (53,46);  Шығыс  Қазақстан  облысы  (52,24)  оқушыларының  еншісінде 
болған,  алайда  соңғы  бағалауда  аталған  аймақтардың  көрсеткіші  төмендеп 
кеткен,  Астана  қаласында  (41,98  немесе  -12,67);  Алматы  қаласында  (52,86 
немесе -0,6); Шығыс Қазақстан облысында (42,98 немесе -9,26) (63-сурет).  
 
 
63-сурет – Қазақ тілінде оқитын мектептердің ОЖСБ орташа балы  
 
2014  және  2015  жылдардағы  сыртқы  бағалауда  Қарағанды  (33,93;  30,74 
немесе  -3,19);  Атырау  (32,63;  28,59  немесе  -4,04);  Оңтүстік  Қазақстан  (31,02; 
33,84  немесе  +2,82)  облыстарының  қазақ  тілінде  оқитын  білім  алушылары  ең 
төмен балл жинаған.  
 

142 
 
64-сурет – Орыс тілінде оқитын мектептердің ОЖСБ орташа балы  
 
Орыс  тілінде  білім  алатын  мектептердің  ішінде  2014  жылғы  бағалауда 
Оңтүстік  Қазақстан  (33,68);  Атырау  (32,60);  Маңғыстау  (29,90)  облыстары 
төмен балл жинаған, алайда келесі 2015 жылғы бақылауда Оңтүстік Қазақстан 
облысының көрсеткіші +2,03 (35,71); Атырау облысы +3,62 (36,22); Маңғыстау 
облысы +0,64 (30,54) балға жоғарылаған (64-сурет).  
ОЖСБ  өткізілген  соңғы  екі  жылда  Жамбыл  облысы  9-сынып 
оқушыларының орташа көрсеткішінің біртіндеп (қазақ тілді сыныптарда 36,32 
балдан  39,82  балға  және  орыс  тілінде  оқитын  сыныптарда  34,08  балдан  42,97 
балға);  Оңтүстік  Қазақстан  облысында  (қазақ  тілді  сыныптарда  31,02  балдан 
33,84  балға  және  орыс  тілінде  оқитын  сыныптарда  33,68  балдан  35,71  балға) 
жоғарылаған.  Сонымен  қатар,  Атырау  облысының  орыс  тілді  мектептеріндегі 
орташа көрсеткіш 32,60 балдан 36,22 балға өскендігін, яғни жоғарылаудың оң 
динамикасын  көрсеткендігін  атап  өту  қажет  (2014  жылмен  салыстырғанда 
+3,62  балл).  Аталған  облыстардың  пән  мұғалімдерінің  білім  сапасын  көтеру 
бағытында жүргізген жұмыстарының нәтижесін бақылауға болады.  
 
 
 
65-сурет – ОЖСБ орташа көрсеткішінің салыстырмасы  
 

143 
Еліміздің  мектептерінде  өткен  сыртқы  бағалаудың  орташа  көрсеткіші 
(балл  есебімен)  2014  жылы  жоғары  болғанын  жоғарыдағы  65-суреттен  айқын 
көруге  болады.  2015  жылы  көрсеткіштің  күрт  төмендеуін  бағалауға  қатысқан 
білім  алушы  санының  өткен  жылғы  оқушылардан  2,17  есеге  артық  болуымен 
түсіндіруге болады.  
Оқушылардың  ОЖСБ-дағы  көрсеткіштерін  жинаған  балдары  бойынша 
салыстыратын болсақ, 2014 жылы тестіленушілердің ең көбі, яғни 6978 оқушы 
(25,46%)  30-39  балдың  ортасында  жинаған,  ал  2015  жылы  11652  оқушы 
(26,61%) 20-29 балдың ортасында жинаған, яғни көрсеткіш 10 балға төмендеген 
(44-кесте).  
70-79  балл  аралығындағы  көрсеткішке  2014  жылы  522  білім  алушы,  2015 
жылы  458  оқушы  қол  жеткізген,  яғни  барлық  қатысушылардың  1,90  және 
1,05%-ы.  2014  жылы  Қостанай  облысының  1  оқушысы  ең  жоғары  80  балл 
алған.  
60-69  аралығында  балды  2014  ж.  Шығыс  Қазақстан  облысының  500 
оқушысы жинаған, алайда ағымдағы жылы бұл көрсеткіш (57) төмендеген, яғни 
аталған  балдарды  443  оқушы  алған.  Осындай  балды  Алматы  қаласының  319 
оқушысы  (2014  ж.)  жинаған  және  келесі  жылы  осындай  көрсеткішке  қол 
жеткізген білім алушылардың саны 422-ге артып, 741 оқушы болғанын атап өту 
қажет.  
2014  жылғы  сырттай  бағалауда  Оңтүстік  Қазақстан  аймағының  517 
оқушысы  10-19  аралығындағы  төмен  балл  жинаған  және  келесі  2015  жылы 
төмен балл жинаған оқушылардың саны 887 жеткен. Сондай-ақ Жамбыл (156), 
Атырау  (105),  Қарағанды  (105)  облыстарының  оқушылары  төмен  балл  алған 
және ағымдағы жылы аталған облыстардың сәйкесінше 110; 254; 359 оқушысы 
аталған  аралықтағы  балды  жинаған,  яғни  республика  бойынша  төмен  10-19 
аралығында  балл  жинағандардың  саны  2014  жылы  1416  болса,  2015  жылы 
олардың  саны  2,29  есеге  өскен  (3241  оқушы).  Пайыз  мөлшерімен  айтатын 
болсақ  өткен  оқу  жылында  бұл  көрсеткіш  5,17%,  ағымдағы  жылы  7,40%. 
Алайда  оқушылар  санының  көбеюі  білім  сапасының  жоғарылау  көрсеткішін 
емес, керісінше төмендеу динамикасын байқатады.  
2014 жылғы сыртқы бағалауда Оңтүстік Қазақстанның – 21, Ақтөбенің – 3, 
Қызылорданың  –  2,  Жамбыл,  Маңғыстау  және  Солтүстік  Қазақстан 
облыстарынан – 1 білім алушыдан, яғни барлық қатысушының 0,08 %-ы, 2015 
жылы  0,11  %-ы  Оңтүстік  Қазақстанның  –  13,  Қостанай  –  6,  Алматы  –  5, 
Атырау, Маңғыстау, Павлодар – 2, Қарағанды – 1 оқушы 0-9 балл аралығында 
жинаған,  бұл  ең  төмен  көрсеткіш.  Батыс  Қазақстан,  Шығыс  Қазақстан 
облыстарының  және  Алматы  қаласының  9-сынып  оқушыларының  ең  төмен 
балл алмағанын атап өту қажет.  
 
 
 

144 
 
Дереккөз: ҚР БҒМ ҰБТ орталығының мәліметтері бойынша 
44-кесте – ОЖСБ-ға қатысушылардың жинаған балдары негізінде облыстар бойынша бөлінуі  
 
Облыс  
Барлығы 
Оның ішінде жинаған балдар бөлінісі 
0-9 балл 
10-19 балл 
20-29 балл 
30-39 балл 
40-49 балл 
50-59 балл 
60-69 балл 
70-79 балл 
80 балл 
 
2014 
2015 
2014 
2015 
2014 
2015 
2014 
2015 
2014 
2015 
2014 
2015 
2014 
2015 
2014 
2015 
2014 
2015 
2014 
2015 
1 Ақмола 
1520 
1772 



16 
56 
130 
199 
288 
510 
510 
549 
601 
193 
221 
10 



2 Ақтөбе 
1493 
2147 


80 
145 
445 
644 
441 
709 
274 
400 
169 
204 
75 
45 




3 Алматы 
2930 
4650 


75 
350 
405 
1201 
667 
1272 
806 
942 
736 
671 
231 
204 
10 



4 Атырау  
957 
1732 


105 
254 
323 
802 
262 
415 
137 
150 
88 
86 
42 
22 




5 БҚО  
933 
1300 


24 
81 
206 
395 
269 
476 
224 
238 
115 
93 
75 
15 
20 



6 Жамбыл 
1887 
3537 


156 
110 
537 
628 
543 
884 
362 
1050 
181 
630 
97 
225 
10 
10 



Қарағанды  
1841 
2883 


105 
359 
509 
1123 
627 
852 
368 
395 
176 
133 
52 
20 




8 Қостанай   1377 
1912 


64 
156 
317 
587 
309 
413 
186 
236 
127 
188 
224 
194 
149 
132 



Қызылорда  
1544 
2361 


80 
225 
359 
827 
443 
680 
372 
354 
191 
184 
92 
89 




10 
Маңғыстау  
917 
2144 


64 
301 
266 
875 
236 
532 
170 
300 
140 
123 
39 
10 




11 ОҚО  
5205 
8601 
21 
13 
517 
887 
1986 
2763 
1620 
2353 
726 
1382 
270 
788 
59 
353 

62 


12 
Павлодар  
1305 
1550 


76 
124 
383 
514 
461 
467 
278 
268 
95 
114 
11 
60 




13 СҚО  
1124 
1368 


50 
95 
324 
460 
387 
434 
233 
292 
104 
71 
21 
16 




14 ШҚО  
2128 
2622 


13 
36 
102 
200 
247 
389 
468 
680 
699 
834 
500 
443 
99 
40 


15 Астана 
қ.  
971 
2237 



96 
34 
420 
106 
646 
207 
542 
303 
370 
274 
154 
46 



16 Алматы 
қ.  
1281 
2964 




80 
83 
161 
337 
236 
678 
331 
928 
319 
741 
151 
191 


ҚР 
бойынша 
27413 
43780 
29 
35 
1416 
3241 
6332 
11652 
6978 
11147 
557 
8417 
4274 
6018 
2304 
2812 
522 
458 



бойынша 
 
 
0,08 
0,11 
5,17 
7,40 
23,10 
26,61 
25,46 
25,46 
20,27 
19,23 
15,59 
13,75 
8,40 
6,42 
1,90 
1,05 
0,00 


145 
Білім  жетістігін  бағалау  тестерін  табысты  орындаудың  жалпы  нәтижесі 
мониторингтің  құрамына  енгізілген  әр  пән  бойынша  дұрыс  орындалған  тест 
тапсырмаларына берілген балға байланысты болады. Қазақ тілі пәні ОЖСБ-дың 
құрамына міндетті түрде кіретін пән.  
«Қазақ тілі» пәні бойынша ОЖСБ-дың нәтижесін қазақ және орыс тілінде 
оқитын  сыныптар  арасында  жеке-жеке  салыстыру  қажет,  себебі  оқыту  тіліне 
байланысты  оқу  бағдарламаларының  арасында  айырмашылық  бар.  Облыстар 
бөлінісіндегі  қазақ  тілі  пәнінің  2015  жылғы  орташа  балы  45-кестеде 
көрсетілген.  
 
45-кесте – Облыстар бойынша орташа балл (қазақ тілі пәні)  
№ 
Облыс 
ОЖСБ-ға қатысқандар саны 
Қазақ тілі пәні (балл) 
Барлығы 
Қазақ 
Орыс 
Қазақ 
Орыс 

Ақмола 
1772 
870 
902 
13,48 
13,25 

Ақтөбе 
2147 
1564 
583 
10,90 
9,92 

Алматы 
4650 
3582 
1068 
11,17 
9,99 

Атырау 
1732 
1478 
254 
8,99 
10,63 

БҚО 
1300 
895 
405 
11,12 
9,20 

Жамбыл 
3537 
2614 
923 
11,37 
11,99 

Қарағанды 
2883 
1383 
1500 
9,65 
8,24 

Қостанай 
1912 
497 
1415 
10,61 
10,49 

Қызылорда 
2361 
2229 
132 
10,30 
13,23 
10  Маңғыстау 
2144 
1899 
245 
9,56 
9,72 
11  ОҚО 
8601 
7425 
1176 
10,08 
10,68 
12  Павлодар 
1550 
773 
777 
11,37 
8,21 
13  СҚО 
1368 
344 
1024 
11,86 
8,26 
14  ШҚО 
2622 
1670 
952 
14,16 
11,67 
15  Астана қ. 
2237 
1369 
868 
10,43 
10,87 
16  Алматы қ. 
2964 
1419 
1545 
13,80 
13,64 
Республика бойынша 
43780 
30011 
13769 
10,89 
10,62 
Дереккөз: ҚР БҒМ ҰБТ орталығының мәліметтері бойынша  
 
Қазақ тілінде оқитын мектептердің «Қазақ тілі» пәні бойынша ОЖСБ-дың 
2015  ж.  нәтижелерінің  қорытындысы  Республика  бойынша  10,89  балды 
құраған.  Негізгі  орта  мектепті  бітіру  сатысындағы  қазақ  тілінде  оқитын  9-
сынып оқушыларының көпшілігі республиканың орташа көрсеткішінен жоғары 
балл жинаған. Атап айтқанда: Шығыс Қазақстан облысы – 14,16 балл; Алматы 
қаласы – 13,80 балл; Ақмола облысы – 13,48 балл; Солтүстік Қазақстан (11,86), 
Павлодар және Жамбыл (11,37); Алматы (11,17); Батыс Қазақстан (11,12) және 
Ақтөбе облысының оқушылары (10,90).  
Атырау  –  8,99;  Маңғыстау  –  9,56;  Қарағанды  –  9,65  облыстарының  9-
сынып  оқушылары  республикалық  деңгейден  төмен  көрсеткіш  көрсеткен  (66-
сурет).  
Орыс  тілінде  білім  алатын  9-сынып  оқушыларының  үстіміздегі  жылы 
өткен  сырттай бағалауда республика бойынша орташа көрсеткіші 10,62 балды 
құрады. Республикалық көрсеткіштен Алматы қаласы – 13,64; Ақмола – 13,25; 
Қызылорда – 13,23 жоғары білім деңгейін көрсетті. Павлодар (8,21), Қарағанды 

146 
(8,24),  Солтүстік  Қазақстан  (8,26)  облыстарының  оқушылары  ең  төмен  балл 
жинаған.  
 
 
66-сурет – Қазақ тілі пәні бойынша облыстар бөлінісіндегі орташа балл  
 
«Математика»  пәнінен  жақсы  нәтижені  Алматы  қаласының  оқушылары 
көрсетті,  жалпы  орташа  балл  –  12,82.  Алматылық  қазақ  тілінде  оқитын 
сыныптардың  орташа  көрсеткіші  –  13,10  балл  болса,  орыс  тілінде  білім 
алушылардың  нәтижесі  0,53  балға  төмен,  яғни  12,57  балды  құрады.  Екінші 
орында Шығыс Қазақстан облысының 9-сынып оқушылары, орташа көрсеткіш 
–  11,88  балл.  Шығыс  Қазақстан  облысының  қазақ  тілінде  оқитын 
сыныптарының  орташа  балы  –  12,72  және  орыс  тілді  сыныптарында  –  10,41 
немесе мемлекеттік тілде оқитын тоғызыншы сыныптықтардың нәтижесі орыс 
тілінде  оқитын  оқушылардан  2,31  балға  жоғары.  Келесі  сатыда  Ақмола 
облысының  мектептері,  облыстың  орташа  көрсеткіші  –  11,46  балды  құрады. 
Облыстың қазақ тілді сыныптарында орташа көрсеткіш – 12,23 балл және орыс 
тілді  сыныптарда  –  10,71  балды  құрады,  яғни  қазақ  тілінде  оқитын 
сыныптардың орташа нәтижесі 1,52 балға артық.  
Республика бойынша математиканың ОЖСБ орташа көрсеткіші 8,96 балды 
құрады  (2015  ж.).  Еліміздің  он  аймағының  орташа  нәтижесі  республика 
бойынша  орташа  көрсеткіштен  төмен  болған:  Алматы  (8,86),  Павлодар  (8,40), 
Ақтөбе  (8,24),  Оңтүстік  Қазақстан  (8,23),  Солтүстік  Қазақстан  (8,07), 
Қызылорда (7,98), Батыс Қазақстан (7,88), Қарағанды (7,41), Маңғыстау (7,08), 
Атырау  (6,56)  облыстары,  яғни  балды  баға  түрінде  көрсететін  болсақ  бұл 
көрсеткіштер «3» бағасына сәйкес болады.  
Батыс Қазақстан облысының қазақ тілінде оқитын сыныптарының сыртқы 
бағалауда алған орташа балы облыстың орташа көрсеткішінен 0,46 балға және 
орыс тілінде білім алатын сыныптардың нәтижесінен 1,50 балға жоғары болды. 
Ең төмен нәтиже көрсеткен Атырау облысының қазақ тілді сынып оқушылары 
6,55 және орыс тілді сыныптары 6,61 орташа балл алған (67-сурет).  
 

147 
 
67-сурет – Математика пәні бойынша облыстар бөлінісіндегі орташа балл  
 
«Физика»  пәнінен  республика  бойынша  орташа  жалпы  балл  –  7,12-ні 
құрады,  бұл  ОЖСБ-2015-ке  енгізілген  пәндердің  ішіндегі  көрсеткіштердің  ең 
төмен  нәтиже  болды.  2013  жылығы  сырттай  бағалауда  физика  пәнінің 
көрсеткіші  7,08  балды  құраған  болатын,  яғни  үстіміздегі  жылы  көрсеткіш  0,4 
балға ғана көтерілген. Бұл көрсеткіштерден шығатын қорытынды: еліміздің 9-
сынып оқушылары аталған  пәннен  берілетін  тапсырмалардың  28-30%-ын  ғана 
орындаған. Соңғы екі бағалау бойынша аймақтар бөлінісіндегі өзгеріс шамалы: 
еліміздің барлық дерлік  облысы 2013 жылғы  көрсеткішке  жуық  нәтиже берді, 
яғни өзгеріс +/- 1 балл маңайында.  
Аталған  пәннен  неғұрлым  жоғары  орташа  балды  Алматы  қаласының 
(10,73)  оқушылары  алды.  Қазақ  тілінде  оқитын  сыныптардың  орташа 
көрсеткіші – 10,39 балл, бұл көрсеткіш орыс тілінде білім алатын сыныптармен 
салыстырғанда  0,65  балға  төмен,  яғни  орыс  тілді  сыныптардың  орташа 
көрсеткіші  –  11,04.  2013  жылғы  сыртай  бағалауда  да  Алматы  қаласы 
оқушыларының көрсеткіші алдыңғы қатарда болған болатын.  
Маңғыстау  (5,89),  Қызылорда  (5,83),  Қарағанды  (5,80),  Атырау  (5,43) 
облыстарының  9-сынып  оқушылары  орташа  есеппен  алғанда  тесттің  5-6 
тапсырмасын ғана дұрыс орындап, төмен нәтиже көрсеткен. Ағымдағы жылғы 
бағалауда ең төмен нәтиже көрсеткен Атырау облысының нәтижесі 2013 жылы 
8,99 балды құраған болатын. 
 
«Физика»  пәнінің  нәтижесін  оқыту  тіліне  байланысты  қарастыратын 
болсақ, Алматы қаласының қазақ тілінде оқитын оқушыларының көрсеткіштері 
10,39 балл болды. Мемлекеттік тілде оқитын сыныптардың арасында ең төмен 
көрсеткішті Атырау облысының 9-сынып оқушылары көрсетті. Ең жоғары және 
ең төмен балл арасындағы айырмашылық 5,03 балды құрайды.  
Алматы  қаласының  орыс  тілінде  білім  алатын  оқушыларының  орташа 
балы  –  11,04,  бұл  көрсеткіш  республика  бойынша  жоғары  нәтиже.  Төмен 
нәтижені  Қызылорда  облысының  оқушылары  көрсетті  (5,70).  Жоғары  және 
төмен нәтиже аралығындағы айырмашылық 5,34 балл (68-сурет).  
 
 

148 
 
68-сурет – Физика пәні бойынша облыстар бөлінісіндегі орташа балл  
 
«Биология»  пәні  ОЖСБ  үрдісіне  2015  жылы  бірінші  рет  қамтылды.  Пән 
бойынша ОЖСБ-дың орташа балы 9,52-ні құрады, таңдауы бойынша пәндердің 
ішінде екінші көрсеткіш (бірінші көрсеткіш «География» пәнінен  – 9,73 балл), 
яғни оқушылар мүмкін 20 балдың жартысына 50%-ға жуығын жинаған.  
ОЖСБ  тестілеуінің  нәтижесі  бойынша  Алматы  қаласының  9-сынып 
оқушылары  көшбасшы  болды,  алматылықтардың  орташа  көрсеткіші  14,22 
балға тең. Келесі бес аймақ: Шығыс Қазақстан (12,24), Ақмола (12,02), Астана 
қаласы (10,99), Жамбыл (10,75), Қостанай (10,16) облысының оқушылары тест 
тапсырмаларының  50%-дан  артығын  жетістікпен  орындап  шыққан.  Биология 
пәнінен  орыс  тілінде  оқитын  оқушылар  орташа  10,47  балл  жинаған,  бұл 
көрсеткіш қазақ тілінде оқитын оқушылардың нәтижесінен 0,74 балға жоғары. 
Тек  Алматы,  Шығыс  Қазақстан  және  Павлодар  облыстарының  орыс  тілінде 
оқитын  сыныптарының  ОЖСБ-дағы  орташа  нәтижесі  қазақ  тілінде  білім 
алышылардың көрсеткіштерінен төмен (69-сурет).  
 
 
 
69-сурет – Биология пәні бойынша облыстар бөлінісіндегі орташа балл  

149 
«География»  пәні  ОЖСБ  үдерісіне  өткен  2014  жылы  да,  ағымдағы  2015 
жылыды да енгізілді. 2014 жылғы бағалауда республика бойынша орташа балл 
10,13 құраған, үстіміздегі жылдың нәтижесі сәл төмен 9,73 (-0,4 балл).  
Орташа нәтижеден жоғары, яғни тапсырманың 50%-ын орындап он балдан 
артық  көрсеткішке  еліміздің  алты  аймағының  оқушылары  жеткен:  Алматы 
қаласы  (14,48),  Ақмола  (12,23),  Шығыс  Қазақстан  (12,12),  Астана  қаласы 
(11,31), Жамбыл (10,67), Қостанай (10,39). Қарағанды (8,17), Маңғыстау (7,71), 
Атырау (7,58) облыстарының 9-сынып оқушылары пән бойынша ең төмен балл 
жинаған.  
Қазақ  тілінде  білім  алатын  мектептерден  Алматы  қаласының  оқушылары 
(14,29)  ең  жоғары  орташа  балл  жинап  бірінші  орынды  иеленді,  екінші 
көрсеткіш  Шығыс  Қазақстан  (12,44)  және  үшінші  нәтиже  Ақмола  облысы 
(11,46).  
Орыс тілінде оқитын сыныптардың ішінде жоғары көрсеткішті алматылық 
оқушылар  көрсетті  (14,65),  өздерінің  қазақ  тілінде  оқитын  құрдастарынан  сәл 
жоғары  (0,36)  нәтиже  көрсетті.  Екінші  көрсеткіш  Ақмола  облысында  (12,96), 
ақмолалық  оқушылардан  0,66  балл  төмен  көрсеткішпен  Астана  қаласының 
оқушылары  үшінші  нәтижені  (12,30)  көрсетті.  Орыс  тілінде  оқитын 
сыныптардың  ішіндегі  орташа  төмен  балл  алғандар:  Павлодар  (8,23), 
Маңғыстау (8,29), Атырау (8,25) облыстарының оқушылары (70-сурет).  
«География»  пәнінен  орыс  тілінде  білім  алатын  оқушылардың  орташа 
көрсеткіші  мемлекеттік  тілде  білім  алатын  оқушылардан  1,25  балға  жоғары 
нәтиже  көрсеткіндігін  және  жалпы  таңдауы  бойынша  (математика,  физика, 
биология,  химия,  география)  ғылыми-жаратылыстану  пәндерінің  ішіндегі 
орташа ең жоғары (9,73 балл) нәтиже екендігін атап өту қажет.  
 
 
70-сурет – География пәні бойынша облыстар бөлінісіндегі орташа балл  
 
«Химия» пәні ОЖСБ-ға 2015 жылы үшінші рет енгізіліп отыр (2012 және 
2014  жылдары).  Аталған  пән  бойынша  соңғы  екі  бағалаудағы  оқушылардың 
тест тапсырмаларын орындау нәтижелерін салыстыратын болсақ, 2014 жылы 9-
сынып  оқушылары  орташа  9,07 балл  алып,  тест  тапсырмаларының  45,35%-ын 
орындаған болатын, ал ағымдағы жылғы білім алушылар тапсырманың 44%-ын 

150 
орындап, орташа 8,80 балл жинады, яғни биылғы жылғы көрсеткіш -0,27 балға 
төмен.  
Аймақтар  бойынша  алдыңғы  қатарды  өткен  және  ағымдағы  жылы  да 
Алматы  қаласының  (13,06)  оқушылары  алып  отыр  және  биылғы  жылы 
көрсеткіштерін  жақсартқан.  Шығыс  Қазақстан  (11,95),  Ақмола  (11,20) 
облыстары  да  тапсырманың  50%-ынан  артығын  жетістікпен  орындаған. 
Маңғыстау  (6,79),  Атырау  (6,71)  облыстарының  білім  алушылар  химиядан 
төмен  нәтиже  көрсетті,  яғни  тапсырмалалардың  30%-ға  жуығын  ғана  дұрыс 
орындай алған.  
Еліміздің орыс тілінде білім алатын тоғызыншы сынып оқушылары (9,32) 
«Химия» пәнінен тест тапсырмаларын қазақ тілінде оқитын (8,57) құрбыларына 
қарағанда 0,75 балға табысты орындаған.  
Орыс  тілінде  оқитын  сыныптардың  ішінде  бес  аймақтын  Алматы  қаласы 
(13,12), Ақмола облысы (11,51), Астана қаласы (11,06), Жамбыл (10,73), Шығыс 
Қазақстан  (10,50)  облыстарының  және  Алматы  қаласы  (13,00),  Шығыс 
Қазақстан  (12,75),  Ақмола  (10,87)  облыстарының  қазақ  тілінде  білім 
алушылары  тест  тапсырмаларының  жартысынан  көбін  дұрыс  орындай  алған 
(71-сурет).  
 
 
71-сурет – Химия пәні бойынша облыстар бөлінісіндегі орташа балл  
 
Қорытындылай  келе  жоғарыда  берілген  деректерден  еліміздің  барлық 
дерлік  аймақтарында  жаратылыстану  білім  саласы  пәндері  бойынша  орыс 
тілінде  білім  беретін  мектеп  оқушылардың  үлгерім  деңгейі  қазақ  тілінде 
оқытатын  мектептерге  қарағанда  сәл  (1,78  балл)  жоғары  деген  қорытынды 
шығаруға болады.  
«Математика»  білім  саласы  бойынша  қазақ  тілінде  оқитын  сыныптар 
республикалық  орташа  көрсеткіштен  жоғары  нәтиже  көрсетті.  Орыс  тілінде 
оқитын  мектеп  оқушылары  мен  мемлекеттік  тілде  білім  алатын  білім 
алушылардың білім жетістігінің арасында айырмашылық сәл ғана (0,08 балл).  

151 
«Биология» 
пәні 
тапсырмаларының 
құрамына 
функционалдық 
сауаттылықты  анықтауға  арналған  сұрақтардың  енгізілуі  ОЖСБ  нәтижесінің 
төменденуіне  ықпал  еткен,  бұл  жағдай  оқушылардың  оқу  барысында  алған 
теориялық білімдерін күнделікті  өмірде  қолдану  дағдыларын қалыптастыруды 
дамыту қажеттілігін дәлелдейді.  
Республика бойынша 2015 жылғы ОЖСБ жалпы орташа көрсеткіші 37,26 
балды құрады, яғни сыртқы бағалауға енгізілген төрт пәннің тест сұрақтарының 
50%-дан төмен тапсырмалары орындалған. Неғұрлым жоғары нәтижені Алматы 
қаласының  оқушылары  көрсетті  (52,78).  Сонымен  қатар  Шығыс  Қазақстан 
(48,12),  Ақмола  (47,02),  Жамбыл  (40,64)  облыстарының  және  Астана 
қаласының 
(39,63) 
сырттай 
бағалау 
мониторингіне 
қатысушылары 
республиканың орташа балынан жоғары нәтиже көрсетті.  
Сонымен 2015 жылғы ОЖСБ-ға былтырғы жылмен салыстырғанда екі есе 
көп мектеп және 43780 немесе 1,6 есеге артық оқушы қамтылған.  
Республика бойынша 2015 жылғы ОЖСБ жалпы орташа көрсеткіші 37,26 
балды құрады, яғни сыртқы бағалауға енгізілген төрт пәннің тест сұрақтарының 
50%-дан төмен тапсырмалары орындалған. Неғұрлым жоғары нәтижені Алматы 
қаласының  оқушылары  көрсетті  (52,78).  Сонымен  қатар  Шығыс  Қазақстан 
(48,12),  Ақмола  (47,02),  Жамбыл  (40,64)  облыстарының  және  Астана 
қаласының 
(39,63) 
сырттай 
бағалау 
мониторингіне 
қатысушылары 
республиканың орташа балынан жоғары нәтиже көрсетті.  
Алдыңғы  жылдардағы  тестілеулердің  қорытындысымен  салыстырғанда 
ағымдағы жылы барлық пәндерден орташа балдың төмендегені байқалады.  
Қарағанды (30,62), Маңғыстау (30,37) және Атырау (29,17) облыстарының 
білім алушылары төмен нәтиже көрсетті.  
Ұлттық  бірыңғай  тестілеу  –  орта  білімнен  кейінгі  немесе  жоғары  білім 
беретін білім беру ұйымдарына түсу емтихандарымен біріктірілген, жалпы орта 
білім  беру  ұйымдарында  білім  алушыларды  қорытынды  аттестаттаудың 
бір түрі  [36].  
2015  жылғы  ҰБТ-ға  83263  мектеп  бітіруші  (нәтижелері  жойылғандарды 
есепке  алмағанда),  немесе  мектеп  бітірушілердің  жалпы  санының  66,94%-ы 
қатысты.  Олардың  60129-ы  (72,22%)  қазақ  тілінде  және  23143  (27,78%)  орыс 
тілінде.  2014  жылы  ҰБТ-да  87564  оқушы  немесе  бітірушілердің  жалпы 
санының 68,93%-ы қатысқан болатын (46-кесте).  
ҰБТ  2015  жылғы  жалпы  нәтижесі  79,42  балды  құрады  (14-сурет),  бұл 
өткен 2014 жылғы көрсеткіштен 2,5 балға жоғары. 
Республиканың  сегіз  аймағының  түлектері  орташа  көрсеткіштен  жоғары 
нәтижені:  Алматы  қаласы  (92,1),  Астана  қаласы  (86,69),  Батыс  Қазақстан 
(83,62), Ақтөбе (82,69), Қызылорда (81,7), Шығыс Қазақстан (80,19), Павлодар 
(80,18),  Қарағанды  (79,6)  облыстарының  түлектері  көрсетті,  ал  2014  жылы  – 
тоғыз  аймақ  көрсеткен  болатын.  Алматы  және  Астана  қалаларының,  Ақтөбе, 
Батыс  Қазақстан,  Шығыс  Қазақстан,  Павлодар  облыстарының  мектеп 
бітірушілері  екінші  жыл  қатарынан  орташадан  жоғары  нәтиже  көрсетіп  алған 
білімдерін көрсетуде (72-сурет).  
 

152 
46-кесте – ҰБТ-2015 қатысушылар саны (облыстар бөлінісінде)  
№  Аймақтар 
Қатысқан оқушылар саны 
жалпы 
қазақ тілінде оқитын 
орыс тілінде оқитын 






Ақмола 
3021 
1638 
1383 

Алматы 
9287 
7433 
1854 

Ақтөбе 
4620 
3592 
1028 

Атырау 
3527 
2640 
887 

БҚО 
3116 
2206 
910 

Маңғыстау 
2736 
2412 
324 

ШҚО 
5950 
3977 
1973 

Жамбыл 
5921 
4882 
1039 

Қарағанды 
4977 
2816 
2161 
10 
Қызылорда 
4182 
3837 
345 
11 
ОҚО 
18125 
16112 
2013 
12 
Қостанай 
2676 
947 
1729 
13 
Павлодар 
2608 
1240 
1368 
14 
СҚО 
2356 
896 
1460 
15 
Астана қ. 
3399 
1886 
1513 
16 
Алматы қ. 
5381 
2731 
2650 
 
Республикалық мектептер 
1201 
758 
443 
 
РФ мектептері 
180 
126 
54 
Каталог: files -> blogs
blogs -> А. Райымбергенов
blogs -> «Абайтану»
blogs -> Шағын жинақты мектептің біріктірілген сыныптарында біртақырыптық оқыту принциптері
blogs -> Методическое пособие по обучению интегрированным предметам «казахский язык и литература»
blogs -> Қазақ тілді емес мектептерде тілдерді дамыта оқыту әдістері
blogs -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы
blogs -> «Мен қазақпын, белдімін, байтақ елмін, Қайта тудым өмірге, қайта келдім, Мен мыңда бір тірілдім, мәңгі өлмеске, Айта бергім келеді, айта бергім »
blogs -> Ақсу қаласындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған гимназия
blogs -> Жалпы орта білім беру ұйымдарында мемлекет басшысының «ТӘуелсіздік толғауы» шығармасын зерделеу аясында


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   16


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет