Байтұрсынов оқулары халықаралық Ғылыми-практикалық конференция материалдары


ӘЛЕУМЕТТІК-ГУМАНИТАРЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ МЕН ҒЫЛЫМНЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ



жүктеу 5.13 Mb.
Pdf просмотр
бет40/50
Дата28.12.2016
өлшемі5.13 Mb.
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   50

ӘЛЕУМЕТТІК-ГУМАНИТАРЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ МЕН ҒЫЛЫМНЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ 
АКТУАЛЬНЫЕ
 
ВОПРОСЫ
 
СОЦИАЛЬНО-ГУМАНИТАРНОГО
 
ОБРАЗОВАНИЯ
 
И
 
НАУКИ 
 
195 
 
қиылысып,  бүкіл  шығарма  бойында  өзара  байланыста  беріледі.  Романдағы  кейіпкерлердің  өткен 
өмірін  бағамдап,  жаңаша  құндылықтардың  мәнін  түсінуге  түрткі  болған  Теңіздің  тауып  алған  олжасы 
болатын,  сонымен  бірге  Балтакескеннің  сүйгені  Марияның  да  елеулі  роль  атқаратынын  айта  кеткен 
жөн. Мұндағы Мария бейнесі өткен мен қазіргінің және келешектің қиылысу нүктесі. Автор лирикалық 
шегініс  арқылы  Балтакескеннің    бүкіл  өмірін  өзгерткен  жиырма  жыл  бұрынғы  оқиғаны  суреттейді. 
Бұлайша  суреттеуде  автор  Аня  атты  кейіпкерді  пайдаланады.  «Сол  сәттен  бастап  Аня  Мария  мен 
Халықовтың,  кішкентай  Айдардың  алдында  өзін  кінәлімін  деп  санайтын»  [3;58]  деп,  өткен  өміріне 
оралып,  жаны  қиналаған  кейіпкерді  көреміз.  Бұны  жазушы  объективтік  және  онейрикалық  уақыт-
кеңістіктің  алма-кезек  ауысуы  арқылы  суреттейді.  Аняның,  Халықовтың  өткен  өмір  елестері 
онейрикалық  уақыт-кеңістікті  қамтыса,  қазіргі  жағдайы,  тырп  ете  алмаған  күйі  объективтік  уақыт-
кеңістіктің үлесінде. 
Адам  мен  қоршаған  ортаның  қарым-қатынасын  философиялық  тұрғыдан  түсіндіруге  ұмтылған 
жазушы адамды қоғамның бір бөлшегі деп қарастырады, осының нәтижесінде жеке уақыт пен кеңістік 
әлемдік  ауқымда  беріледі.  Тағы  да,    бұл  романда  кеңістіктің  адамға  әсері,  адам  характерінің  сол 
кеңістікті  түйсініп,  сезінуіне  ерекше  мән  беріліп,    адам  санасындағы  өткен  уақыт    жаңғырығы,  оның 
адам характерін өзгертумен бірге, тұйыққа тірейтінін бейнелеу тән екендігін айтуға болады. Сонымен 
бірге уақыттың екі түрлі формасының кездесетінін де атап өткен жөн. Біріншісі, Теңіздің қорқыныш пен 
үмітке толы бір сағаты бір жылдай болған Халықовтан көмек  күткен психологиялық жағдайы, Сұлтан 
сияқты  сұмдардың  әрекеттері  баяу  жылжиды.  Бұдан  кейін  «Хан»  тобының    іздестіру  шараларын 
жеделдетуі, осы аралықтағы кейіпкердің басынан өткендерін суреттейтін уақыт шексіз болғандықтан, 
автор  уақытты  қысқарта  түседі.  Бір  ерекшелігі  бұл  аралықтағы  кейіпкердің  ішкі  жан  дүниесінде  не 
болып  жатқандығы  ұзақ-сонар  суреттелмей,  қысқа-қысқа,  нақты  беріледі.  Мұндағы  ұтымды  әдіс  - 
диалог болып табылады. Ақырында, кей шенеуніктерді жазалағанмен, олардың басшысына ешқандай 
күш  жұмсалмайды.  «Хан»  деген  лақап  атпен  аталатын  билік  орнындағы  бұл  азамат  мән-жайды 
таныған  соң,  кімді  жазалау  керектігін  өзі  шешеді.  Заң  жолымен  шешілмеген  Мақатқа  соңғы  үкімді 
«ханның»  өзі-ақ  жариялайды.  Ал  өткен  уақыт  елесі  болған  Мария  Халықовтың  бүгінгі  бақытты 
күндерінің иесі болып қалады. 
Адам  концепциясына  қатысты  өз  ізденістерін  қаһармандарының  күрделі  тағдырына,  адам  мен 
адамның,  адам  мен  қоғамның.,  адам  мен  табиғаттың  қарым-қатынасына  бағыттаған  қазақ 
қаламгерлері  басты  назарда  ұстаған  мәселе  -  адамгершілік  мәселесі.  Бұл  тұрғыдан  келгенде, 
Балтакескеннің қарапайым жандарға деген қамқорлығы, Владимир Ивановичтің, Аняның мейірімділігі, 
досытық  пейілін  айтар  едік.  Адамгершілік  мәселесіне,  этика  проблемасына  қатысты  өз  ой-
тұжырымдарын  жазушы  романда  айрықша  көрсете  білген.  Күніне  бәленбай  мың  адам  келіп,  
бәленбай  мың  адам  кетіп  жататын  мына  фәни  жалғандағы  уақыт  пен  кеңістік  сияқты  ауқымды 
ұғымдар  аясында  адамдардың  бір-біріне  түсіністікпен  қарап,  кешірімшіл  болғанына,  сірә,  ештеңе  де 
жетпейтін шығар?! 
Қандай  қаламгер  болса  да  оның  шығармаларына автордың  өмір  сүрген  ортасы,  ғұмыр  кешкен 
уақыты мен кеңістігі әсер-ықпал ететіні мәлім. Демек, сол уақыттың өзіне тән жетекші тұлғасы болуы 
да  заңды.  Ғалым  Т.Жұртбай:  «...көркем  шығарманың  көркем  уақытына  сай  сол  уақыттың  жетекші 
тұлғасы анықталуы тиіс. Ол тұлға уақыттың қозғалысын, бағытын, мінезін, тіршілік ырғағын, қоғамдық 
коллизиясын,  еркін,  нысанасын,  өмір  сүру  тәсілін,  ішкі  қайшылығын,  адамдардың  арасындағы 
психологиялық  шиеленісін,  ерік-жігерін,  жалпы  алғанда,  шығарманың  болмысын  анықтап  береді. 
Анықтап қана бермейді, өзгені өзінің дегеніне көндіріп, айтқанын істетеді. Кемеліне келген, ырғақ-екпін 
алған,  ішкі  рухы  қуатты  тұлғаланған  қаһармандар,  тіпті  автордың  өзіне  жөн  көрсетіп,  оған  бағынбай, 
бәсекеге  түседі»  [4;65]  деп  жазады,  сөйтіп,  бұл  айтылғандарына  нақты  дәлел  ретінде  «Абай  жолы» 
роман-эпопеясындағы Құнанбайды жетекші тұлға ретінде алады. Әрі қарай ғалым өз пікірін былайша 
дамытады:  «Жетекші  тұлға  анықтап  берген  көркем  уақыттың  тарихи  тартысына  қарай  кейіпкерлер 
жүйесі  іріктеледі»  [4;72].  Енді  жоғарыда  біз  келтірген  романға  жетекші  тұлға  деген  ұғым  тұрғысынан 
келсек, Халықовты осындай тұлғаға жатқызар едік. Мәселе оның бас қаһарман болғандығында емес, 
оның бүкіл сюжеттік желіге, сол арқылы уақыт пен кеңістік ұғымына өзгеріс енгізуінде. Алматы қаласы 
сияқты  кеңістік  және  сол  кеңістікте  әр  салада  қызмет  етіп  жүрген  адамдар  тіршілігімен  танысу, 
олардың арам-айла істеріне көз жеткізу Халықов санасында енді бұдан былай бұрынғыша адал еңбек 
етіп,  ғұмыр  кешудің  уақыты  өткенін,  күн  көрудің  басқаша  әдістері  табылғандығын  түйсінуді 
пайымдатты. 
Ғ.Құлахметтің  стильдік,  көркемдік  ізденістеріне  оның  өмірді  жетік  білуін,  өзі  бастан  кешкен 
немесе  өзі  жетік  білетін  жайттарды,  құбылыстарды  көркем  туындысының  өзегіне  айналдыруын  өмір 
құбылыстарын  оқырманына  ұсына  отырып,  әр  құбылысқа,  оның  астарына  өзі  де,  кейіпкері  де 
философтарша  ойлылықпен  үңілуін,  өмір  құбылысын  суреттегенде  тың  ой,  жаңаша да  соны пікірлер 
айтуға  тырысатын  жазушы  дарынын,  ішкі  толғаныс  пен  жүрек  тебіренісін,  сәулелі  сезім  мен  саналы 
парасаттылық ұялаған жазушының өз «менін», сонымен бірге баяндау тәсілі басым боп келетін бүкіл 
шығармаларындағы  ішкі-сыртқы  гармониялық  үйлесімділіктің  тек  қана  қарапайымдылық  деген 
ұғыммен тыныс алатынын айтар едік. 

ӘЛЕУМЕТТІК-ГУМАНИТАРЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ МЕН ҒЫЛЫМНЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ 
АКТУАЛЬНЫЕ
 
ВОПРОСЫ
 
СОЦИАЛЬНО-ГУМАНИТАРНОГО
 
ОБРАЗОВАНИЯ
 
И
 
НАУКИ 
 
196 
 
Автордың  қаламгерлік  даралығына  оның  шығармасында  өмірдің  әр  құбылысын,  оқиғасын 
бірқалыпты,  асқынтпай  беруі,  қаһармандардың  диалогы,  монолог  арқылы  олардың  жан  әлемін 
жарқырата  аша  отырып,  болмыс-бітіміне үңілуі,  ұлттық  болмысқа  тән  алуан  түрлі  қасиет-сипаттарды 
індете зерттеуі жатады дегіміз келеді. Кешегіні бүгінгімен, бүгінгіні ертеңгімен тығыз байланыста алып, 
органикалық бірлікте қарауға ұмтылады. Уақыт жағынан оқиға бір мезгілде өтсе де, кеңістік әр түрлі. 
Әр қаһарманын жеке тағдыр, жеке характер етіп көрсетуге тырысқан жазушы өз шығармасының 
сюжеттік  желісін  түрлі  кеңістік  аясында  берсе  де,  адамзат  баласының  шыққан  тегі  -  біреу,  жер  атты 
планетаның бір нүктесіндегі келеңсіздік адамзаттың бәріне ортақ деген адам концепциясын ұсынады. 
Уақыт  -  адам  үшін  ең  қымбат  нәрсе.  Сонымен  қатар  ол  нендей  құбылыс  болса  да  төреші.  Өмір 
күрделі. Адам да күрделі жаратылыс. Шетсіз-шексіз деп өзіміз жиі айтатын уақыт пен кеңістік аясында 
өмірді  де,  адамды  да  толықтай  зерттеп,  біліп,  түсініп,  түйсінген  ешкімнің  жоғы  баршаға  мәлім. 
Қаһармандар өздерінің адамзат  баласы жайлы, өмір жайлы толғаныстары арқылы автор тұлғасымен 
тұтастанып,  өзара  бірігіп  кеткен,  тіпті  кей  сәттерде  автор  өз  кейіпкерлеріне  емес,  керісінше, 
кейіпкерлер авторға әмірін жүргізіп отырғандай әсер қалдырады. 
Романның  жанрлық  белгілері  ретінде  уақыт  пен  кеңістікті  ала  отырып,  нақты  романды  талдау 
барысында  аталмыш  категориялардың  қазіргі  роман  жанрын  айқындаудағы  рөлі  ерекше  екенін 
дәлелдемек болдық. 
 
Әдебиеттер: 
1.  История русской советской литературы 40-80-е годы: Учебник для пединститутов. 2-е .изд, – 
Москва: Просвещение, 1983. 
2.  Бахтин  М.  Вопросы  литературы  и  эстетики.  -  Москва:  Художественная  литература,  1975.  – 
504 с. 
3.  Құлахмет Ғ. Үйірі жоқ көкжал. -Алматы: Өнер,2001. -240 б. 
4.  Жұртбай  Т.  Көркем  кеңістік  пен  уақыт  және  тарихи  дәлел  //  Әдебиеттанудың  өзекті 
мәселелері: Академик Серік Қирабаевтың 75 жылдығына арналған жинақ. Алматы, 2002,431б. 
 
 
 
УДК 372.8 
 
КАЗАХСТАН В ЗЕРКАЛЕ СОВРЕМЕННОГО КАЗАХСКОГО КИНО 
 
Тарасов  С.А.-  магистр  гуманитарных  наук,  преподаватель  Костанайского  колледжа  соци-
ального образования 
Теперик Е.В.  -  студент 1 курсаКостанайского колледжа социальногообразования 
 
Статья посвящена использованию материалов современного  казахского кинематографа на 
занятиях по казахской литературе, истории, философии в колледже. 
Ключевые слова: казахское кино, диалог культур, национальная идентичность. 
 
Особенность восприятия информации современного молодого человека заключается в том, что 
оно во многом происходит через визуальные образы, сформированные телевидением, современным 
кино, интернетом. Это  язык, на котором говорит современное поколение, привыкшее к бесконечному 
фотографированию,  съемке  видео,  которое  быстрее,  доступнее,  объективнее,  чем  речь  или  письмо  
передает необходимую информацию. 
Поэтому это является ключом для установления с ним коммуникативных связей в процессе об-
щения и формирования его мировоззрения. 
Не последнюю роль при этом играет использование киноматериалов на занятиях по казахской 
литературе, истории и философии . 
При этом  важно, что именно современное казахское кино, профессионализм и качество которо-
го  подтверждено  многочисленными  призами  на  международных фестивалях,  оказывает  очень  силь-
ное  как  эмоциональное,  так  и  информационное  воздействие,  потому  что  студенты  узнают  знакомые 
места, ситуации, язык. Именно эффект узнаваемости является очень важным при диалоге с молодым 
поколением. Сравнение ситуаций в классических произведениях с наглядным  современным изобра-
жением, позволяет актуализировать изучение, как русской, так и казахской классики. 
Например,  при  изучении  пьес  Островского  или  произведений  Мусрепова  и  Муканова  можно 
вспомнить, что тот же фильм Нуртаса Адамбаева «Келинка Сабина» поднимает, пусть в юмористиче-
ской форме, серьезную проблему положения женщины в нашем обществе
Фильм «Загнанная» с Макпал Исабековой в главной роли поднимает один из самых актуальных 
на сегодняшний день вопросов полового неравенства. Главная героиня Айман выходит замуж за ус-

ӘЛЕУМЕТТІК-ГУМАНИТАРЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ МЕН ҒЫЛЫМНЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ 
АКТУАЛЬНЫЕ
 
ВОПРОСЫ
 
СОЦИАЛЬНО-ГУМАНИТАРНОГО
 
ОБРАЗОВАНИЯ
 
И
 
НАУКИ 
 
197 
 
пешного бизнесмена, но вскоре понимает, что ее муж – тиран и деспот. Устав от бесконечных побоев 
и  унижений,  Айман  пытается  уйти  от  супруга,  но  оказывается  в  ловушке.  После  несчастного  случая 
женщина теряет шестимесячного ребенка.Поняв,что муж причастен к болезни не родившегося малы-
ша, Айман решает отомстить. 
«Фильм снят по мотивам голливудской ленты с Дженнифер Лопес «С меня хватит», о том что  
бытовое  насилие  не  осуждается  и  не  пресекается.  Ежегодно  от  рук  супругов  погибают  сотни  жен-
щин.»[1]  Это  одна  из  острых  тем  для  обсуждения  на  классных  часах.Линию  социальных  фильмов 
продолжают фильм «Шлагбаум» Жасулана Пошанова. 
«Фильм «Шлагбаум» является первым социальным фильмом, снятым на «Партизан студио»  в  
2014 году. Фильм о конфликте городских и приезжих, богатых и бедных, встречающихся в определен-
ных обстоятельствах, о том пренебрежительном  и совершенно необоснованном отношении, которое 
возникает у людей при подъеме по социальной лестнице к другим. И немного о нашем  высшем обра-
зовании, которое превращается в профанацию.»[2] Как тут не провести корреляцию с «Преступлени-
ем и наказанием», «Белыми ночами» и «Неточкой Незвановой» Ф.Достоевского. 
О проблемах сельской молодежи рассказывает  первый фильм Кенжебека  Шайкакова, который 
до этого был известен только как сценарист и актер. 
Фильм  «Күркө»(  «Шалаш»)  уже  получил  три  награды  в  рамках    Первой  Национальной  Премии 
«Выбор критиков». 
О проблемах молодого поколения, вступающего в жизнь, рассказывает трилогия Эмира Байга-
зина. 
На  Берлинском  кинофестивале    2016  года    16  февраля  успешно  прошел  показ    очередного 
фильма Эмира Байгазина «Раненый ангел». 
Первый фильм  «Уроки гармонии» наделал много шума и взял в прошлом году в Берлине «Се-
ребряного медведя». 
Очередной  фильм,  который  является частью  трилогии,  уже  получал первый  приз  на  кинофес-
тивале в Сараево. 
«Уроки  гармонии»-  это  фильм  о  проблемах  нашей  школы,  в  которой  есть  место  унижению  и 
жестокости,  несмотря  на  проводимые  евроремонты  и  техническое  оснащение  компьютерами  и  со-
временной техникой и использование прогрессивных методик обучения. Это фильм о границах нрав-
ственности. Это фильм без надежды. 
«В «Раненом ангеле», в котором четверо друзей уже на каникулах  вроде бы проблеск  надеж-
ды есть.  Действие фильма Байгазина происходит в 1990-е годы. Герои фильма, а их четыре, из той 
же  школы,  что  и  в  «Уроках  гармонии»,  только  они  на  каникулах  и  ищут  свое  место  в  жизни.  Жарас 
страдает  от  того,  что  его  отец,  сидевший  в  тюрьме,  не  может  устроиться  на  работу.  Чтобы  помочь 
семье,  он  начинает  продавать  зерно.  Балапан  своим  прекрасным  голосом  поет  знаменитую  песню 
«Ave Maria», но одноклассники провоцируют его вместо голоса чаще использовать кулаки. Жаба ищет 
в  заброшенных  домах  металлолом,  который  можно  продать.  Аслан  готовится  поступать  в  медицин-
ский институт. 
Фильм состоит из четырех новелл. В одном из интервью Эмир Байгазин рассказал, что каждая 
новелла является иллюстрацией какого-то понятия — рока, жадности и других.»[3] 
В поисках света в конце тоннеля Байгазин начал съемку  третьего  фильма «Над городом». Он 
о любви. Может быть, она спасет мир? 
Кино - отражение нашей жизни. И это не только бытовые, социальные проблемы, но и пробле-
мы творчества. Несмотря на то, что существует экранизация романа М.Булгакова «Мастер и Марга-
рита»,  современные  казахстанские  мастера    также  вновь  и  вновь  обращаются  к  теме  творчества  и 
нравственности. 
«В  2014  был снят фильм по сценарию Карины Сарсеновой «Хранитель ада». В основу сцена-
рия  легла  идея,  по  данным  Американской  гильдии  сценаристов  ранее  нигде  не  использованная.  О 
том, что на творческих людях держится мироздание. Они вырабатывают в процессе созидания энер-
гии, подобные божественным, обновляя и возрождая мир каждую секунду. В основе сюжета история о 
саморазрушении творческого человека, поддавшегося гордыне, сценарий выйдет и отдельной книгой  
«Путь к себе».  Это первая в Казахстане мистическая картина с высококачественной графикой, музы-
кальным сопровождением».[4] 
Современный мир стремится к тому, чтобы сделать безбарьерной жизнь для всех людей. 
И было бы несправедливо не написать  о фильме, который получил 12 наград различных фес-
тивалей и гран-при в Сан-Франциско в номинации «Совершенство». Причем в конкурсе приняло уча-
стие 85 фильмов из более чем 30 стран мира.Это особый фильм особого режиссера с особыми акте-
рами. 
Он называется «Быть или не быть». Авторами выступили Мухамед Мамырбеков и Азиз Заиров. 
Азиз  Заиров  воспитывался  в  детском  доме.  С  детства  страдал  тяжелым  недугом  –  пороком 
сердца и тромбофлебетическим синдромом обеих нижних конечностей. Несмотря на болезнь и жиз-
ненные  коллизии,  смог  реализовать  свою  мечту.  Поступил  в    жургеновскую  академию,  там  познако-

ӘЛЕУМЕТТІК-ГУМАНИТАРЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ МЕН ҒЫЛЫМНЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ 
АКТУАЛЬНЫЕ
 
ВОПРОСЫ
 
СОЦИАЛЬНО-ГУМАНИТАРНОГО
 
ОБРАЗОВАНИЯ
 
И
 
НАУКИ 
 
198 
 
мился с Мухамедом  Мамырбековым. Последние годы Азиз Заиров работает в видеостудии молодых 
инвалидов "Новый мир" при Ассоциации родителей детей-инвалидов (АРДИ). В соавторстве со своим 
другом, казахстанским кинематографистом Мухамедом Мамырбековым, он создает социальные кино-
проекты. Их первый совместный короткометражный фильм "Зимние бабочки", снятый на собственные 
деньги, удостоился Гран-при благотворительного фестиваля "Кино против боли". 
Азиз рассказывал, что как-то к нему подошел 21-летний парень инвалид первой  группы Тахир 
Умаров  и  сказал,  что  мечтает  стать  актером.  Это  казалось  невозможным:  парень  заикался,  сильно 
дрожали руки и ноги. Но Азиз сказал: « Почему нет?». 
Фильм,  который  начинается  с  кадра,  в  котором  он  в  костюме  рыцаря  произносит  знаменитый 
монолог Гамлета. А дальше жестокая правда, когда каждый шаг, жест, слово- это бесконечная борьба 
и выживание. 
«У главного героя есть мечта – сыграть Гамлета. В его воображении периодически всплывают 
видения, в которых видит себя в образе принца датского. И дома репетирует текст роли, хотя произ-
несение каждого слова для него – тоже преодоление.  Вот он, позавтракав, с трудом надевает сцени-
ческий костюм. Очевидно, куда-то собирается. 
И, действительно, за ним приезжает микроавтобус с надписью «Инвалидное такси», чтобы от-
везти  на  репетицию.  Водитель  пытается  вызвать  героя  по  телефону,  но  тот  неудачно  роняет  свой 
мобильник,  который  рассыпается  на  части.  Пока  с  трудом  поставил  на  место  аккумулятор  и  сим-
карту, автобус уехал. Парень в отчаянии выползает на улицу к воротам дома и пытается криком вер-
нуть транспорт. Но тот уже слишком далеко. 
И тут новое потрясение. За соседской девушкой, к которой главный герой неравнодушен, заез-
жает молодой человек с цветами, чтобы сделать ей предложение. И на глазах у парня надевает ей на 
безымянный палец правой руки колечко. Не выдержав этого потрясения, главный герой решает пове-
ситься. Сооружает для этого подобие виселицы. Но жажда жизни берет свое».[5] 
Победа человека над самим собой и обстоятельствами, несомненно, имеет огромное воспита-
тельное значение для молодого поколения. 
И как бы в противовес этому создается фильм «Жат» Ермека Турсунова, который вполне мож-
но назвать «притчей». Действие фильма разворачивается на фоне событий   коллективизации конца 
двадцатых годов и голода   тридцатых.  Действие  охватывает двадцать лет. В центре киноистории — 
Ильяс,  которого  в  начале фильма  зрители  видят девятилетним  мальчиком,  а  в финале — почти  40-
летним мужчиной. Не в силах смириться с жестокими обстоятельствами Ильяс уходит в горы и начи-
нает вести жизнь отшельника. Он не участвует в Великой Отечественной войне, какое-то время пасет 
после  войны  скот  сельчан.  Почувствовав  приближение  смерти,  уходит  в  пещеру  и  закрывает    вход 
камнем. 
Это  фильм  о  желании  остаться  самостоятельным и  свободным  от  общества.  Не  бороться,  не 
участвовать,  а  отстраниться.  Но  это  невозможно,  и  приводит  к  трагедии  личности  и  не  только  мо-
ральной, но и физической смерти. 
Несколько  фильмов,  которые  дают  пищу  для  размышлений  о  смысле  жизни,  поисках  своего 
места в ней, борьбе с трудностями. 
Это слепок сегодняшнего общества. Картины нашей повседневной жизни. Это не придуманные, 
а вполне реальные и узнаваемые ситуации, при  обсуждении которых на уроках по философии. куль-
турологии,    литературе,  классных  часах  студенты  могут  учиться  моделировать  свое    поведение    в 
дальнейшей жизни. 
Это аспект культуры нашей страны, который необходимо использовать при формировании гар-
моничной и нравственной личности- члена нашего общества, за которым будущее. 
 
Литература: 
1.  Макпал  Исабекова  снялась  в  фильме  "Загнанная"  о  семейном  насилии.  [Электронный  ре-
сурс].-режим доступа:http://tengrinews.kz/cinema/makpal-isabekova-snyalas-filme-zagnannaya-semeynom-
nasilii-249568/ 
2.  Б.Кудаберлиев.Шланбаум:  тотальное  расслоение.15.10.2015  [Электронный  ресурс].-режим 
доступа: http:// info@brod.kz 
3.  А.Азаров.До Берлина дошёл ещё один фильм Эмира БайгазинаРадио Азаттык.17.02.2016. 
[Электронный ресурс].-режим доступа:@Radio_Azattyk Твиттер. 
4.  К.Мизеркин.  «Хранители  пути»  станет  трилогией.  [Электронный  ресурс].-режим  доступа: 
http:// write-read.ru. 
5.  А.Азаров.  Кино  об  инвалидах-колясочниках  зовёт  к  жажде  жизни  .23.12.15.Радио  Азаттык. 
[Электронный ресурс].-режим доступа:@Radio_Azattyk Твиттер 
 
 
 
 

ӘЛЕУМЕТТІК-ГУМАНИТАРЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ МЕН ҒЫЛЫМНЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ 
АКТУАЛЬНЫЕ
 
ВОПРОСЫ
 
СОЦИАЛЬНО-ГУМАНИТАРНОГО
 
ОБРАЗОВАНИЯ
 
И
 
НАУКИ 
 
199 
 
УДК 378.14:377.5 
 
БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСТАРЫН ТИІМДІ  
ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШАРТТАРЫ 
 
Сабырбеков  Ж.  А.  -    ҚР  ІІМ  Ш.Қабылбаев  атындағы  Қостанай  академиясы  педагогика  және 
психология кафедрасының оқытушысы,полиция аға лейтенанты 
Турсумбаева  Н.Ж.  -  ҚР  ІІМ  Ш.Қабылбаев  атындағы  Қостанай  академиясы  педагогика  және 
психология кафедрасының оқытушысы,полиция лейтенанты 
 
Бұл  мақалада  оқу  үрдісіндегі  білім  алушылардың  өзіндік  жұмыстарының  өзекті  аспектілері, 
соның  ішіндегі  өзіндік  жұмыстың  тиімділігі,  педагогикалық  шарттары  және  оқытушының  өзіндік 
жұмысты ұйымдастырудағырөлі жайлы баяндалған. 
Кілтті сөздер: өзіндік жұмыс, жеке тұлға, кредиттік жүйе, педагогикалық шарт. 
 
Қaзіргі кезеңде қоғaмымызда болып жaтқан әлеуметтік, экономикaлық өзгерістер білім салaсына 
дa  әсерін тигізуде. Зaман талaбына сaй білім алушылардың шығармaшылық ойлaуын қалыптaстыру, 
білім  алушыны  жеке  тұлғa  ретінде  жaн-жақты  дaмыту  негізгі  мәселе  болып  отыр.  Білім  беру 
салaсында  жaстарға  білім  беру  мен  тәрбиелеуде  негізгі  буын  болып  санaлатын  жоғaрғы  мектепте 
оқыту  мен  тәрбиені  жақсарту  қaжеттілігі  туындaды.  Білім  берудің  басты  мақсaты  –  білім,  білік  пен 
дағдығa  қол  жеткізу  ғaна  емес,  сонымен  қатaр  жылдaм  қaрқындап  өзгеріп  жaтқан  бүгінгі  дүниеде 
лaйықты өмір сүру және жұмыс істеу болып табылaды. Әрбір білім алушы білім беру стaндартына сaй 
деңгейге  жету  үшін дәстүрлі  оқытудың  орнына  оқытудың  жаңа  технологияларын меңгеруі  қaжет. Оқу 
үдерісін  жобaлау  бaрысында  оқытушының  кәсіптік  іс-әрекетінің  сұрыптaлған  жоғaры  сапaсын  осы 
жаңа технология арқылы қaлыптастыру - бaсты міндет. 
Ұлттық  білім  беру  моделін  қaлыптастыру  тенденциясы  мен  Қазaқстан    Республикaсының  білім 
беру  жүйесін  бүкіл  әлемдік  білім  кеңістігіне  кіріктірумен  сипатталатын  білім  беру  саласы  кейбір 
көрсетілген  негізгі  басымдықтардың  бірі  болып  тaбылады.  Олaй  болсa,  еліміздегі  жоғaры  оқу 
орындарына  енгізілген  кредиттік  оқыту  технологиясы  –  қазіргі  заман  білім  алушылардың    бойында 
терең  де  толыққaнды  кәсіби  білімді  және  өздігінен  жұмыс  істеу  біліктерін  қaлыптастырып,  оны  әрі 
қарай дaмытуға жағдай жaсайтын оқыту жүйесі [1]. 
Білім  алушылардың  өзіндік  жұмыстары  бүгінгі  тaңда  оқу-тәрбие  үдерісін  тікелей  игеруді  жүзеге 
aсырудың,  олaрдың  оқу  әрекетіндегі  еңбегінің  нәтижелері  мен  тиімділігіне  қол  жеткізудің  бірден-бір 
ұстaнымына айнaлып отыр[2]. 
Осы  орaйда  педагогикaлық-психологиялық  пәндер  бойыншa  білім  алушылардың  өзіндік 
жұмыстaрының  мaзмұнын  құрастыруда  дидaктикалық  үдерістің  негізін  құрaйтын  оқу  ұстанымдaрын 
(педaгогикалық-психологиялық  білім  берудің  интеллектуaлдық,  эмоционaлдық  және  іс-әрекеттік 
компоненттерінің  бірлігі;  педaгогикалық-психологиялық  білім  мaзмұнының  ғылымилығы  мен  ізгілігі; 
пәнaралық байлaныстылығы; болжaмдылығы; педaгогикалық-психологиялық  білім мaзмұнының қоғaм 
сұрaныстарына сәйкестігі; тәжірибелілігі мен іс-әрекет aрқылы жүзеге aсырылуы) бaсшылыққа aлуда, 
біз Ә.Ж.Алдaмұратов [3], Ш.Қ.Құрмaналина [4], М.Қ.Бапaева [5] және т.б. еңбектеріне сүйендік. 
Жоғaрыда  aйтылып  кеткен  мәселелерді  зерделе  келе,  біз  өзіндік  жұмыстaр  арқылы  білім 
aлушылардың  тұлғaлы  дaмуы  мен  өзін-өзі  ұйымдастырудың  оқу  біліктерін  және  білімдерін 
қалыптастырудың педагогикалық шарттарын анықтадық. 
Өздік жұмыстың тиімді ұйымдaстырылуы тек өздік жұмыстың жүйесіне ғанa емес, сонымен қатaр 
педагогикaлық шарттaрдың орындaлуына да байлaнысты: 
-  Білім  алушының  aудиториядaғы  және  өздік  жұмысының  көлемінің  дұрыс  үйлесімі,  білім 
алушының  оқу  жүктемесінің  тиімді  болуы,  сaбақ  кестесінің  дұрыс  құрылуы,  оқытушының  өздік 
жұмыстың  күрделілiгiн  aнықтауда  білім  алушының  уaқытын,  орындaу  мүмкіндігін,  оқу  әдістемелік 
әдебиетпен қaмтылуын ескеруі өздік жұмыс нәтижесіне үлкен әсер етеді. 
-  Әдістемелік  тұрғыдaн  білім  алушының  aудиториядағы  және  одан  тыс  өздік  жұмысын  дұрыс 
ұйымдaстыру,  өздік  жұмысты  орындауға  оқу  орынның  материaлдық-техникалық  базaсының,  оның 
қызметкерлерінің лaйықтылығы. 
-  Білім  алушылардың  өздік  жұмысының  процесін  шығaрмашылық  процеcке  айналдыру 
мақсатында білім алушыны қaжетті әдістемелік мaтериалдармен қамтaмасыз ету. 
-  Білім  алушы  мен  oқытушы  арaсындағы  қатынaсты  білім  алушы  белсенділігімен  oның  өз 
бетімен  білім  aлуға  ұмтылуы  бaғытына  өзгерту  жұмыстaрын  ұйымдaстыру,  сондай-aқ  соған  сәйкес 
білім алушының өздік жұмысын ұйымдaстырудың тиімді әдістерін, формaларын, түрлерін, құрaлдарын 
дұрыс тaңдау және қолдaну білім алушының өздік жұмыс нәтижесіне ықпaл жасaйды. 
-  Білім  алушылардың  өздік  жұмысын  ұйымдaстыруға,  яғни  оқу  формaсына  (күндізгі,  сырттай), 
білім  деңгейіне,  оқу  курсына,  мaмандыққа,  пәнге,  орындaлу  орнынa  байлaнысты  ерекшеліктерді 
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   50


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет