Бауыржан Момышұлы Москва үшін шайқас (роман)



Pdf көрінісі
бет9/45
Дата19.05.2023
өлшемі1,68 Mb.
#94921
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   45
ЛЕЙТЕНАНТ УГРЮМОВ 
Ұқыпты Рахимов керекті қағаздарды даярлап қойған екен. 
— 
Екінші ротамен телефон байланысы былай тұрсын, қос атты, қос жаяу хабаршылар 
дайындап жібердім. Біріншімен де байланысты солай істейміз бе, жоқ әлде штаб 
Матренинода бола ма? деп сұрады менен аға адъютантым. 
Штаб осында болады. Матренино жер ортасы болғанмен, мейліңше мына жағдайда біздің 
осында болғанымыз дұрыс болар деймін. 
Я, ақсақал, той-тамаша осы даңғыл жол үшін болар, — деп қарап отырмайтын 
Жалмұхаммед сөзімді бөлді. 


72 
- Дұрыс айтасың, сондықтан әлі екі пулемет пен зеңбіректерді осында қалдырыңыз, — деп 
жауап беріп, қағаздарды оқып, кейбір жерлерін түзетіп отырғанымда: 
— 
Рұқсат етіңіз, — деп біреу кіріп келді. Күңгірт шамның жарығынан қонақты онша 
таныңқырамай үңіле қарадым. 
Мұрны едірейген, бұзау тұмсық, бойы бір тұтам, келте бақай сары жігіт: 
— Жолдас аға лейтенант, танк қиратқыштар командасы 25 адам сіздің қарамағыңызға 
келді. Лейтенант Угрюмов! — деп саңқ-саңқ еткен даусымен өзін-өзі устав бойынша 
таныстырды. 
Сыртқы пішіні мен пысықтығына қарап барлығымыз да еріксіз езу тарттық. 
— 
Отыр, ерім! — деп алдымдағы орындықты көрсеттім. 
— 
Ал, батырым, танкты қирататын қандай жарақтарың бар, баянда! 
Бойы тапал, қас - кірпіктен ешқандай хабары жоқ, аузы кере - қарыс, салпиған қалың 
ерінді, сойдақ күрек тісті, жылтылдаған кішкене шыны көзді, мақтадан сырып тіккен 
сатпақ-сатпақ телегрейканы қаусыра белінен мықтап, жалпақ сары белдікпен буған сары 
жігіт қысыла терлеп, төмен қараған күйінде: 
— 
Гранатамыз бар, он шақты бөтелкеміз бар, — деді. Үйдегілер ду күліп жіберді. 
— 
Солармен танкіні қиратпақсың ба? 
— 
Әйтеуір сіздің қарамағыңызға жіберді ғой. Танкке десеңіз танкке, жаяуға десеңіз 
жаяуға шабуылға баруға жараймыз, — деп намысына тигендей көкірегін көтере сөйлеп, 
басқаларға қарады: 
менің жігіттерім жақсы жауынгерлер, қолынан келгенше аянбасқа тырысады. Оларға 
менің сенімім мол, жолдас комбат,деді.
— 
Өте дұрыс, ерім. Жауынгерлерге сену командирдің басындағы бақыты, үлкен ырыс. 
Жауынгерлер командирге сенсе, одан артық абырой болмайды... Я, сенім, сенім. Сенім — 
үлкен медет... 
— 
Олар маған сенеді, жолдас комбат, политруктен сұраңыз, — деп Угрюмов жұлып 
алғандай менің ойымды бөліп жіберді. 
«Я, дұрыс» дегендей бұрышта тұрған ақ құбаша жас жігіт жымиып, лейтенантқа сүйсіне 
қарады. Менімен көз кездесіп жалма-жан қолын шекесіне көтеріп: 
— Политрук Георгиев! деп өзін маған таныстырды. 
— 
Дұрыс, отыра тұрыңыз, мен мына қағаздарды көріп шығайын, сонан соң 
сөйлесейік, қағазды түртіп көрсеттім, — кезек осылардыкі еді. Айып болмасын, — деп 
қалай қорғану жоспарын қарай бастадым. 
Угрюмов темекі тартуға рұқсат сұрады... Әп-сәтте үкпелі көк темекінің қоңырсыған ащы 
иісі мүңк ете қалды. Қарап едім, Угрюмов қалың газетке қолақпандай ғып ораған 
шылымын құмарта үсті-үстіне сорып, түбі түскен шелектей танауынан түтінді бұрқырата 
шығарып, рақаттанып, мұрнының үсті бөрте тершіп отырғанына көзім түсті. 
— 
Сен баяғы, жорықшы барлаушы емеспісің? — деген сұрағыма: 


73 
— 
Бір кезде барлаушы болғаным да рас, бірақ кейіннен мені одан алып тастады, — 
деді. 
— 
Неге? 
— 
Рұқсат етсеңіз әңгімені бастан айтайын, жолдас комбат, Егер де есітпеген 
болсаңыз, — деп жайбарақат әңгіме бастады. —Бір жолы барлауға барып едік. Біз барған 
қыстаққа әлі немістер келмеген екен. Оның ар жағындағы екінші қыстақта екенін бір 
колхозшы айтты. Бір колхозшының киімін киіп, жиырма шақты жауынгерлерді сол 
қыстақта қалдырып, өзім немістер тұрған қыстаққа бардым. Қыстақты аралап жүріп, 
кешігіп қалсам керек, біз тұрған қыстақты немістер мен қайтқанша басып алып қойыпты. 
Бөлімшемді таба алмадым. Қайда зытып кеткенін қайдам. Біраз жаңағы қыстақты аралап, 
бір немістің солдатынан темекі сұрап тарттым дағы, кешке таман сөлбірейіп,өзіміздің 
штабқа келіп, мән-жайымды, көрген - білгенімді айттым. Командир маған ұрсып, 
орнымнан алып тастады. Жауынгерлер командирдің қарамағына оларды жұмсау үшін 
беріледі, жұмсай білмейсің деп кейіді... Үйдегілер біраз күліп алды. 
Жарайды енді, бұдан былай қарамағыңдағы адамдарды бастап, ондай бейбастық 
істемессің. Жауынгерлерді бір үйге орналастырып, демалыңдар. Не істейтіндеріңді таң ата 
айтармын,деп оның әңгімесін доғарып, кетуіне рұқсат бердім. 
Зуылдап ысқырып келіп қыстақтың дәл ортасына екі зеңбірек оғы түсіп, бірінің артынан 
бірі гүрс-гүрс жарылды. Терезенің шынылары ауа толқынынан сыңғырлап жерге түсіп 
қирады. Стол үстіндегі май шырақ селт етіп құлай жаздап, қалтылдай дірілдеп, жарығын 
жыпылықтата орнында қалды. Сабырлы Рахимов: 
— 
Дыбысына қарағанда жүз бестен кем емес, — деді де, — мен барып орнын көріп 
келейін, жолдас комбат, шығын бар ма екен, жоқ па екен, — деп өзінен-өзі сұрағандай 
шығып кетті. 
— 
Қап, мына ит терезені қиратып, үйдің ішін суытып жібергенін қарашы, — деп 
Жалмұхаммед плащ-палаткамен терезені қымтап жаба бастады. 
Таң атқанша әрбір 10-15 минут арасында неміс екі-үш снарядтан атқылап тастап тұрды. 
Дұшпанның ондай «қалжыңына» үйренген жігіттер кез келген жерге орналасып, біреулері 
демалып, біреулері жұмыс істеп, түннің қалай өткенін білмей қалды. 
Ертеңгі сағат он мезгілінде батыстан күн күркірегендей зеңбіректен атыс басталды. 
Барлығымыз да далаға шығып, атқылау сарынына құлақ салып тұрмыз. Тыныс алғандай 
біраз саябырсып, сиректей беріп, айналаны күңіренте қайтадан үдете жөнелді. Әсіресе, 
күшті атыс Ядроводан солға қарай үстін-үстін үдеуде. Жаудың жиырмадан аса 
самолеттері аспанда тынбай ұдайы ұшуда. Орман үстінде кей кезде құмалақтаған қойдай 
майда бомбалар тастап, кейде дәлдеп құйыла ұшып, оқ бүркіп атқылап жүр. Олардан 
жоғары, көкті айналған қара құстай, инелік тәрізді екі бүкір самолет аспаннан жердегіні 
болжауда. 
— 
Салмағын қай жаққа салар екен? — деп қасыма Бозжанов келді. Мен сол жаққа 
қарай қолымды сілтедім. 
- Қызыл той-тамаша алда болып жатыр-ау, — деп бала мінезді Жалмұхаммед тыпыршып 
тұр.
—Асықпа, асықпа! Кезек бізге де келер, сонда той-тамашаның анық ішінде боларсың, — 
деді оған Хабибулла. 


74 
— 
Алдағылар кешке дейін төтеп берсе жарар еді, біздің кезек ертең азаннан басталса, 
дұрыс - ақ болғаны. Қайткенмен де «сақтықта — қорлық жоқ» деген, жауынгерлер бүгін 
дұшпанды қарсы алуға даяр болсын. Барлық рота командиріне солай деп нұсқау беріңіз, 
— деп Рахимовты штабқа жұмсадым. 
— 
Пулеметтерді қалай пайдаланбақсыз? — деді Бозжанов. 
— 
Екеуін де екі жеңіл шанаға тиеп қой. Шапқылап жүріп ататын болсын, — деп қалай 
істеуін түсіндіріп оны да іс басына жібердім. 
Генерал телефонға шақырды. 
— 
Дұшпан Капровқа алдымен шабуыл жасады. Екпіні екі рет тойтарылды дейді. Бірақ 
қарқыны басылар емес. Енді салмағын Ядровоға салар деймін, дайын болыңыз, — деді 
сабырлы дауыспен генерал. — Айтпақшы кеше сіздің қарамағыңызға танк қиратқыштар 
командасын жіберіп едік, олар қайда? — деп сұрады. 
— 
Осында, жолдас генерал. 
— 
Оларды тезден Ядровоға жіберіңіз. Елиннің қоластындағылар шамалылау, бір 
тесікке жамау болуға жарар, — деп бұйырды. 
Угрюмовты шақырып алып бұйрықты айттым. 
— 
Жолдас аға лейтенант, сіздің жігіттермен бірге соғысуға құмар-ақ едік, осы сәті 
түспей-ақ қойды, — деп күле қоштасты ол. 
—Жолдарың сәтті бол сын, жігіттер, тағы бір кезде жолығармыз, — деп Угрюмовтың 
жауынгерлерімен қоштастым... 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет