Ббк 83. 3 (5 Қаз) 82 Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитеті «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару»



Pdf көрінісі
бет15/29
Дата22.12.2016
өлшемі6,37 Mb.
#49
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   29

Жаз келді

.....................................

.....................................

... ерке жаз келет.

Ал балалар, қараңдар!

  Ойнап алтын шаш берет,

  Ал балалар, тараңдар!

Жазғытұрымғы айлар: март, апрель, май.



Қызыл  бұрыш

Майда жұмсақ жел ессе,

Желпілдейді туырлық.

 

Сықырлайды ырғалып,



 

Керегелер буылдық.

Керегемен тербеліп,


254

Желбірейді қызыл ту.

 

Үй іші толған жалба жең:



 

Кейі күбір, кейі шу.

Газет, журнал жайылған,

Үймелеген оқушы,

 

Жалықпашы, қарағым,



 

Оқышы, інім, оқышы!



Патшаны  түсірген  күн

Ең соңғы патша екінші Николай Романов еді

17

. Николай 



да  ата-бабаларындай  мол  жерді  иемденіп,  пайда  тапты. 

Ақшаның арқасында көп жұртқа жұмыс қылғызды, еңбегін 

емді. Өңшең ірі қонысты алпауыттармен, капиталшылармен 

бірігіп,  Ресейді  биледі,  әскер  оның  айтқанын  қылды.  Өзі 

сияқты басқа жұрттың патшаларымен елге, жерге таласқанда, 

әскерді соғысқа айдап, қойдай қырды. Солдаттар — жұмысшы 

мен қара шаруалар ғой. Соңғы неміспен соғысатын жолы жұрт 

патшаны патшалықтан түсірді. Солдат, жұмысшы, қара шару-

алар әбден қосылған соң, 1917 жылдың 12 март айында әуелі 

Петерборда көтеріліс қылды, сосын Ресей жерінде көтеріліс 

болды. Сүйтіп, патшаны жоқ қылды; содан кейін еңбекшілер 

сол жылы октябрь ішінде үкімет басындағы байларды қуып 

тастап, билікті өз қолына алды. Патшалар қашаннан бері қара 

халықтың пайдасын ойламай, зәбір көрсетіп келген ғой.

Енді өзге жұрттардың патшалары мен байларын түсіру 

керек.  Мұны  біз  коммунист  партиясының  басшылығымен 

істейміз.

Сайлау  ұрандары

—  Кедей,  батырақтар,  орташалармен  бірігіп,  одақтаса 

отырып, коммунист партиясының басшылығымен сайлауға 

қатынасыңдар!

—  Кәнпеске  сықылды  үлкен  науқандарда  тап  жолын 

мықты ұстаған кедей

18

, батырақтардың белсенділерін кеңеске 



сайлаңдар!

—  Батырақ,  кедейлер!  Кәнпескеден  алған  мал-мүлікті 

дұрыс пайдаланыңдар! Шаруаларыңды көтеруге жұмсандар! 


255

—  Қосшы  мүшелері!  Қосшы  одағы  кеңес  үкіметінің 

ауылдағы тірегі екенін ұмытпаңдар! Сайлауда еңбекшілерді 

бастаңдар! Белсенді жақсы мүшелеріңді кеңеске сайлаңдар!

— Еңбекшілер, бес жылдық планды төрт жылда орындауға 

ат салысыңдар!

—  Кедей,  батырақ,  орташалар!  Ауыл  шаруашылығын 

теңшілдік негізіне көшіру үшін ең үлкен сара жол бірлескен 

шаруа  құру  екенін  жақсы  түсініңдер!  Күш  бірлікте!  Бір-

лесіңдер! Коллектив құрыңдар!

— Ауыл шаруашылығының өнімін арттырудың ең үлкен 

әдісі шаруаны машиналандыру екенін естен шығармаңдар!

—  Ауыл  еңбекшілері,  байға,  молдаға,  атқамінерлерге, 

рушылдыққа қарсы болыңдар!

— Кеңеске іскер, адал, тап саясатын дұрыс алып баратын 

еңбекшілерден шыққан белсенділерді сайлаңдар!



Кел,  жалшы

Жалшы, кедей, батырақ

Жағынып байға не қылад?

Еңбекші табы біріксе,

Бар мақсаты табылад.

 

Тегіс кіріп тілекке,



 

Мықты сеніп білекке,

 

Тап тілегі, бірлігі



 

Алсын орын жүректе

Келеді тұрмыс гүлденіп:

Еңді бекер жүрмелік!

Қой, түйеге көк завод

Дауыс қоссын, күңіреніп.



Он  парыз

19

Мал баққан, егін еккен шаруа, жаттап ал

Шаруаң орнықты, уайымсыз болсын десеңдер, мына он 

парызды жаттап алыңдар:

1) Малыңды күт. Күшіне тигізе қинама. Бет алдына шаба 

берме. Тамағы тоқ, орны таза болсын.

2) Қол жетер жерде мал дәрігері болса, ауырғанын соған 

көрсет. Елде малдың жұқпалы ауруы білінсе, дереу мал дәріге-

рі не білдір.


256

3)  Мал  тұқымын  асылдандыр.  Айғырды,  бұқаны, 

қошқарды, бураны, текені жақсыдан сал. Айғырың, бұқаң 

жақсы болса, малың берекелі, құнды да, бұлды да болады.

4)  Малдың  төлін  күт.  Бұзауың  ертеден  қара  кешке, 

күннің көзінде байлауда жатпасын. Қымызға қызып отырып, 

құлынның жайын ұмытып кетпе? Төлді жастай күтсең, бұла 

қылып өсірсең, малың сонда жақсы болады.

5) Егінді дұрыстап, шашатын тұқымның жақсысын сай-

лап ал, әбден тазарт, жерді оңдап жырт, жақсылап майдала. 

Қолыңнан  келгенше  машина-саймандарыңды  жөндеп  ал, 

егінді арам шөптен тазарт, ерінбе. Егініңді жинап алғанша 

дамыл көрме.

6) Егіннің жауларын құрт. Тиісті мекемелердің жәрдемімен 

ел болып, ұйымдасып, егіннің жауларын құрту шарасын істе.

7) Жер ал. Тұрмыстың ыңғайына қарай жерге орналасып, 

қала  болу  шарасына  кірісіңдер.  Бастарың  қосылып,  жиі 

отырсаңдар, бірігіп шаруа жүргізуге жақсы болады.

8) Су бөге; су түспейтін жерге арық бөгет, су түсірсең, 

пішенге молығасың, жұттан аман боласың.

9)  Шаруа  кооперативіне  кір

20

.  Шаруа  артеліне



21

  —  мал 

өсіретін, машина-сайман алатын, арық жүргізетін серіктіктер 

ашыңдар.


10) Шаруаны білім жолымен жүргіз. Мал дәрігерлерінің, 

білімді адамдардың айтқанын істе.



Сиырды  қалай  күту  керек

Қыстыгүні қай малға болсын жылы қора, құрғақ, жұмсақ 

орын, мол тамақ, зәрі сынған қоңыр су керек. О түгіл малға 

ауа мен жарық та керек. Шаруаның тілін білген жұрт — сиыр 

басына бөлек-бөлек үйшік, алдына оттық істеп, шөпті де, суды 

да оттыққа қояды екен.

Буаз сиырды ұрма, қинама, қыспа, атқа тепкізбе, айдап 

суарам деп жығып алма; ескі, шірік шөп, салам, кебек, қатқан 

нан берме; астын жұмсақ, құрғақ қыл.

Бұзаулардан бір-екі ай бұрын суалтып жібер; бұзаулайтын 

айында  шөпті  тым  көп  берме:  күніне  екі  сағаттай  жүргіз; 

желіні іссе, майла; бұзаулаған соң бір айдай жақсы күт.



257

Тұқым  таза  болсын

Астық шығымды болуға тұқым таза, толық болуы керек. 

Тұқымдық  астыққа  қастауыш,  қара  түйнек  араласпасын. 

Тұқым лас болса, егінге арам шөп шығып, қастауыш қаптап 

кетеді. Арам шөпті егіске шегіртке, торғай сияқты зиянды 

жәндіктер де үйір болады. Лас тұқымнан өнген егістің астығы 

да лас болады.

Тұқымды тазартқанда елек астынан түскен ұшығы, ласы 

малға жем. Тазартылмаған тұқым пайда келтірудің орнына 

зиянға шығады. Тұқым таза, салмақты, толық болсын.



Қардың суын пайдалан

Қара бидай қардың суымен шығады. Қара бидай егетін 

жерге  қар  суын  мол  сіңіру  керек.  Құнтақты  шаруа

22

  егін 



айналасына жүгері, не шекілдеуік (күнбағар) егеді. Екеуінің 

сабағы да ағаш сықылды, піскенде басын орып алып, сабағын 

орнында қалдырады. Оған қар үймелейді. Қар ерігенде жер 

тояды. Жер суға тойса, егін шығымды болады.

Қар тоқтатқан жердің тұқымын күз сеуіп тастаған жақсы: 

қар суымен тез өседі.

Қар тоқтатудың бір амалы: қыстыгүні қарды жер ағашпен 

соқалап тастау.

Есте  болатын  нәрсе:  жерді  көлденең  жырту  керек:  қар 

үймелеуге жақсы.

Тағы бір амалы: қарға шарбақ орнату; қамыс шаншу ең 

оңайы: әр жерге қарды шошайтып үйе беру немесе аққала соғу.

Ерінбесе,  бұлардың  қайсысы  болса  да  қиын  емес. 

Қыстыгүні бір-екі еңбек етілсе, егін көріне артық шығады.



Жерің  тозса,  жоңышқа  мен  бұршақ  ек

Бидай салып тозған жерді жаңартудың ең оңай жолы — 

тозған жерге жоңышқа, бұршақ егу. Бұршақ пен жоңышқа тозған 

жерге өзі тамақ беріп, жаңартып, семіртеді, тыңландырады

23



Қайтадан бидай ексең, заулап шығады. Жоңышқа малға тап-



тырмайтын тамақ. Суарып салсаң, бір дестеден 5-6 жүз пұт 

17–1248


258

жоңышқа  түседі;  күтіп-бақса,  жоңышқа  бір  жазда  үш  рет 

орылады.

Өзге шөптей жоңышқадан қиқым, салам қалмайды. Жылқы 

жемегенді қой, қой жемегенді сиыр мен түйе жейді, басқа 

шөптен асыл, аз жесе де жұғымды болады.

Ал бұршақ базарда бұл, бидайдан қымбат, жесең — өзіңе 

ас, көже қылсаң — тоқ.

Бір жерге үнемі бір тұқым сала бермей, бұршақ, жоңышқа, 

бидай,  сұлыны  алмастырып  салып  отырсаң,  егістік  жерің 

тозбайды. Жері тозған қазақ ең әуелі осыны істесін.

Тарыны  қалай  егу  керек

Тарыны  күн  әбден  жылығанда  еккен  артық.  Тарының 

шамы — салқын

24

. Еккен уақытта күн салқын болса, тары өте 



шабан өседі. Тары еккен жердің топырағын оңдап майдалау 

керек. Топырақ неғұрлым үгілмелі, жұмсақ болса, соғұрлым 

тарының шырайы енеді, еккен жердің топырағы жақсы болса, 

аз сепкен дұрыс.



Айш,  шуу,  ала  атым!

Айт, шүу, ала атым

Сүйеніш қанатым.

Жалғыз сен бейнетпен

Егінді салатын,

Жаз шөпті шабатын,

Пайданы табатын.

Күн болса алақай,

Еңбегің жанатын.

Айт, шүу, ала атым!

Бү күн айт, баратын.

Еріккен бай емен,

Бар малым — бір атым.

Бір осы ала атым,

Егін бар салатын.

Айт іздеп еріксем,

Жұмысым қалатын.


Айт, шүу, ала атым,

Сүйеніш қанатым.

Күн болса, егерде

Еңбегің жанатын.

Сонда “айт”, ала атым

Мейрамдап шабатын.

Айт, шүу, бітірем

Жерімді салатын.



Трактор

Елдің жер жыртып, егін салып жатқан кезі еді. Бір топ бала 

ауылдың сыртында ойнап жүр едік. Бір мезгіл Омар...


260

ҚАЗАҚСТАН

I  б ө л і м



ҚАЗАҚСТАН  ЖЕРІНІҢ  БІТІСІ,  АУА  РАЙЫ

Қазақстан аудандары. Қазақстанда бір облыс, 12 округ, 

195  аудан  бар.  Облыс  —  Қарақалпақ  облысы.  Бұнда  4 

округ  бар.  Облыс  орталығы  Шымбай

25

  қаласы.  Облыстың 



барлық халқы 304541 жан. Бұның 38 проценті қарақалпақ, 

28 проценті қазақ, 28-дей проценті өзбек, қалғандары басқа 

ұлттар.

12 округтің  біреуі  —  Орал  округі. Бұның  орталығы — 



Теке (Орал) қаласы

26

. Округтің 340000-дай халқы бар. Соның 



72 проценті қазақ. Қалғаны басқа ұлттар.

Екінші  округ  —  Гурьев.  Бұның  орталығы  —  Үйшік 

қаласы

27

.  Үйшік,  Теке  екеуі  де  Жайық  суының  бойында. 



Округтің халқы 177500. Бұның 79 проценті қазақ, қалғаны 

казак-орыс және басқа ұлттар.

Үшінші округ — Адай. Бұның орталығы — Ойыл қаласы

28



Халқы 189 мың.

Төртінші округ — Ақтөбе. Орталығы — Ақтөбе қаласы

29



Халқы 388 мындай.



Бесінші  округ  —  Қостанай  қаласы

30

.  Округ  халқы  460 



мыңнан аса. Бар халқының 42 проценті қазақ.

Алтыншы округ — Қызылжар

31

. Халқы 725 мыңдай. Соның 



28 проценті қазақ. Көпшілік халқы орыс.

Жетінші округ — Ақмола

32

. Орталығы — Ақмола қаласы. 



Округ халқы 419 мыңдай. Қазағы 57 процент.

Сегізінші округ — Сырдария. Орталығы — Шымкент

33

 

қаласы. Барлық округ халқы 892 мыңдай. Қазағы 73 процент.



Тоғызыншы  округ  Қызылорда

34

.  Орталығы  Қызылорда 



қаласы.  Округ  халқы  317  мың.  Бұның  87  проценті  қазақ. 

Қызылорда Сырдарияның жағасында.

Оныншы  округ  Павлодар,  Кереку  округі.  Орталығы  — 

Кереку қаласы

35

. Бұл Ертіс суының жағасында. Округ халқы 



312 мыңдай. Бұның 55 проценті қазақ. Қалғаны орыс, тағы 

басқа ұлттар.



261

Он  бірінші  округ  Семей  округі

36

.  Бұның  орталығы  Се-



мей қаласы. Округтің барлық халқы 888 мыңдай. Соның 49 

проценті қазақ. Қалған көпшілігі орыс және басқа ұлттар.

Он  екінші  округ  Қарқаралы  округі.  Орталық  қаласы 

Қарқаралы

37

. Округ халқы 186 мындай. Қазағы 96 процент.



1926—27  жылдың  санағы  бойынша,  барлық  Қазақстан 

халқы 6 578 579 жан. Бұның 539 249-ы қалаларда тұрады. 

Қалған халық ауыл шаруа кәсібімен тіршілік етеді.

Қазақстанның ауа райы. Қазақстанның ауа райы жалпы 

алғанда құрғақ деп саналады. Әсіресе түстік жағы, Орта Азия 

шегіндегі округтердегі ауа райы құрғақ болады

38

.



Сарыарқа белінің түстігіне қарай ауа райы орташа

39

, бұнда 



жылдың төрт маусымы да болады. Терістік Қазақстанда ауа 

райы орта есеппен (цельсий бойынша) 3 градус. Бұл аудандар-

да жылына түсетін жауын-шашын есебі 300—370 миллиметр.

Сарыарқадан түстікке қарай, Атырау жазығы түгелімен 

жылы  болады

40

.  Бұл  ауданда  ауа  құрғақ,  жауын  кем.  Жы-



лына  түсетін  жауын-шашын  150—200  миллиметр.  Шілде 

шаңдатқан ыстық, қысы ызғарлы суық, қары аз болады.

Қазақстанның түстік жағында, жаз өте ыстық, қысы суық, 

құрғақ  келеді.  Қыстың  суықтығы  —  20  градусқа  жетеді. 

Жаздың ыстығы 40—50 градустан асып кетеді.

Қазақстанның  түстік  бөлігіне  кіретін  Жетісу  ауданын 

алсақ

41

, ол таулы. Сондықтан ауа райы салқын болады.



Қазақстанның көп жерінде жауын аз. Себебі Қазақстанға 

жақын жерде теңіз жоқ. Теңіз суы бу болып аспанға шығып, 

содан бұлтқа айналып, жауын болып жауады.

Қазақстан топырағы. Қазақстандағы жазық далалардың 

топырағы егінге қолайсыз. Егінге ең қолайлы қара топырақ, 

терістікте  ғана  құндыздық

42

  болып  өтеді  (Қостанай, 



Көкше таудың

43

  арқа  жағында).  Мұнан  соң  қара  топырақ 



Қазақстандағы  ірі  таулардың  қолтығында  ойдым-ойдым 

болып жатады.

Егін шаруасы жақсы орнаған Семей, Ақмола, Орал аудан-

дарындағы топырақ — қоңыр каштан топырағы.



262

Түстікке қарай басқанда бұл топырақ бозғыл каштанға ауы-

сады. Ондай жерлерде негізгі кәсіп, мал асырау кәсібі болады.

Бұдан арғы түстікке таман бассақ, қатқыл топырақ және 

құм  болады.  Құмды  жерлер:  Бетпақ  шөлі

44

,  Бөкейліктегі 



Нарын  құмы

45

,  Қазалы



46

,  Шалқар

47

  арасындағы  Қарақұм



48

Ұлықұм



49

, Торғайда

50

, Аққұм


51

, тағы басқалар. Бұл топырақтар 

Қазақстанда белдеу-белдеу емес, көбінесе шет-шеттерінде 

бірімен-бірі аралас түсіп те жатады.

Түстік жақта құмнан басқа, су жаюға қолайсыз борбас, 

кебір топырақ та көп.



Қазақстан  сулары.  а)  Көлдер.  Қазақстан  көлдерінің 

бірқатары жазғытұры қар суымен жиналып, күзге қарай кеуіп, 

құрғап кетеді. Мұндай көлдерге көбінесе май, июнь айларында 

шалу шығады. Шалу жылқыға серне болып, тез семіртеді

52



Бұл көлдер жылқының ата қонысы.



Кейбір  көлдер  —  қопалы

53

.  Қопалы  көлдер  шабын-



ды,  қыстаулық  болады.  Сондай  қопалар  әр  жерде  бар.  Ең 

үлкендері Қорғалжың

54

 (Ақмола, Атбасар арасында



55

), Сары 


қопа

56

 (Торғайда), Кіндікті



57

 (Қостанай ауданында), Тәуіп

58

 

(Ырғызда) тағы басқалар.



Қазақстанның кейбір көлдері сорға айналады. Бұл ащы 

көлдер.  Сор  көбінесе  Сарыарқаның  оңтүстігінде  көп. 

Атырауға қараған еңгеуде көп. Бөкейлікте көп кездеседі.

Бұл сорлардың сулық жағынан да, басқа өсімдік жағынан 

да қасиеті жоқ деуге болады.

Жалғыз-ақ  осындай  көлдердің  кейбірінде  түз  болады. 

Қазақстан түзды көлге бай. Тұзды көлдердің ірілері: Дендер

59

 



(Оралда), Орқаш

60

 (Торғайда), Жеменей



61

 (Қостанайда), Кере-

ку

62

 (Кереку ауданында), Жаман тұз



63

, Жақсы тұз

64

 (Ақмолада), 



Қарабас

65

 (Семей ауданында).



Қазақстандағы ең ірі көлдер: Арал теңізі

66

. Бұның ең ұзын 



жері 400 шақырым. Арқадан түстікке қарай 245, батыстан 

шығысқа қарай 267 шақырым. Бұл теңіз балыққа бай.

Одан соң Балқаш

67

. Бұл Семей, Қарқаралы, Жетісу шегінде. 



Ұзыны 400 шақырымға таяу. Ені 10—80 шақырым. Балыққа 

бұ да өте бай.



263

Алакөл Жетісудың шығыс бұрышында

68

. Ұзыны 70, ені 40 



шақырым. Балықты көл.

Жайсаң  көлі  —  ұзыны  100,  ені  30  шақырым.  Тұщы, 

балықты көл. Ертіс суы сол Жайсаңға құйып, жарып өтеді

69

.



Марқакөл — ұзыны 35, ені 15 шақырым

70

. Балықты көл, 



Семейдің шығысы мен түстігінің аралығында, Алтай тауында.

Сұраулар:

Аудандарыңда көл бар ма?

Қандай көлдер? Халық шаруасына не пайдасы бар?

б) Өзендер. Қазақстанда Атырау жазығында толып жатқан 

салаларымен Жайық өзені бар.

Жайықта, Теке мен Гурьев қалаларының арасында кішкене 

өзен  пароходтары  жүреді.  Атырау  жазығында  Жайықтан 

басқа  Ойыл,  Жем,  Сағыз  өзендері  бар.  Бұлар  Мұғалжар 

дөңестерінен шығады

71

.



Арал-Балқаш  жазығында:  Сарысу

72

,  Торғай



73

,  Ырғыз


74

Шу



75

  өзендері  бар.  Бұлар  Сарыарқа,  Алатау  араларынан 

шығады.

Қазақстанның терістік жағында: Ертіс, Есіл, Нұра, Тобыл 



өзендері бар

76, 77


. Бұлардың бәрі де терістікке қарай ағады. 

Ертіс Алтайдан шығады.

Ертісте  Жайсаң  көлінен  бастап  аяғына  шейін  пароход 

жүреді.


Қазақстанның түстік жағындағы өзендердің бәрі де Алатау 

жотасынан шығады. Бұл жақтағы үлкен өзеннің бірі — Сыр-

дария

78

. Ол Арал теңізіне құяды.



Екінші үлкен өзен — Әмудария

79

 Басы Памир



80

 тауларынан 

шығады да, Қарақалпақ облысын басып өтеді. Бұ да Арал 

теңізіне құяды. Әмударияда пароход жүреді.

Жетісу ауданындағы үлкен өзеннің бірі Іле

81

. Іленің не-



шеме саласы бар.

Соңғы жылдарда Іледе пароход жүре бастады.



Сұраулар:

Аудандарыңда қандай өзендер бар? Қай жерлерден шығып, 

қай жерде бітеді? Өзеннен шаруалар қандай пайда алады?


264

Қазақстан  таулары.  Қазақстанда  батыстан  шығысқа 

жүрген сайын жерінің беті биіктей береді.

Ең шығыс бұрышында қысы-жазы қары арылмайтын Ал-

тай, Алатау сияқты зеңгір таулар кездеседі.

Жалпы алғанда, Қазақстан жерінің көбі жазық болғанмен, 

кең  жазықтардың  араларында  бірімен-бірі  жалғаса  біткен 

таулар, дөңестер, белдер бар.

Шығыстан бастап Алтай

82

, Тарбағатай



83

 сілемдері, Алатау-

лар

84

 — Жетісуды айналып, арасын үзбей тізбектеліп отырады. 



Семей, Қарқаралы округтеріне аңтарылған еңкеудегі таулар 

Алтай жүйесінің шашыраған бұтағы.

Сол Алтайдан басталған Семей, Қарқаралыны басқан бел-

дер батыс жақтағы Мұғаджарға шейін созылады.

Бұл белді Сарыарқа белі дейміз.

Сарыарқа барлық Қазақстандағы суларды екі бетке бөледі. 

Бір сулар терістікке, екінші сулар түстікке ағады.

Қазақстан түстігінде Алатауға барып жалғасатын Қаратау 

деген үлкен тау бар

85

. Бұл орта Азия шегінде.



Сұраулар:

Аудандарыңда қандай таулар бар? Олардан қандай өзендер 

шығады?

Сусыз тіршілік жоқ. Қазақстанның түстік жағындағы, 

Түркістандағы диқандардың ең үлкен керегі су. Бір жылдың 

төрт бөлігінің бірі судың қамында болады. Ескі арықты таза-

лау, жаңадан арық қазу, су алатын кезегін аңду сол сияқты көп-

көп жұмыстар бар. Әмударияның жағасындағы Қарақалпақ 

облысы сияқты жерлерде, су жұмысының жаңағылардан басқа 

тағы бір ерекше бейнеті бар. Онда кейде су өте көп болып 

кетеді. Сондайда егінді судың селінен сақтау керек.

Әйтпесе су бар астықты шайып кетуі мүмкін.

Селден  егінді  қорғау  үшін,  диқандар  қарабура  салады. 

Бұның ұзындығы 100 километрдей, биіктігі 1, 1,5 метрдей 

болады.


Бұндай  үлкен  қарабура  салу,  оны  жыл  сайын  бүтіндеп 

отыру — Қарақалпақ облысының халқына ауыр бейнет, мол 

шығын болып түсіп отырады.


265

Су Орта Азияның бар жерінде де аз. Барлық жерде де су 

тапшылығы бар.

Бірақ бәрінен де суға тапшы жер Түрікменстан. Түрікменнің 

диқандарында Әмудариядан су алу қиын.

Бұл дарияның суы саяз, оның үстіне арнасы тез өзгеріп, әр 

жылда әр саламен ағады. Үйткені жағасынан ағызатын құмы 

көп. Сол құмы жол бойында іркіліп, тау болып үйіліп қалып, 

судың бетін бұрып жібереді.

Оның үстіне жағасы жар болады. Өзеннің суын далаға 

жаю үшін суды төменнен көтеріп, биікке шығарып алу керек.

Суды көтеру үшін жағаға шығыр орнатып, сол шығырды 

атпен  айналдырады.  Кейде  түйе,  өгізбен  де  айналдырады. 

Бұл жұмыс малға өте ауыр тиеді. Мал жоқ жерде диқанның 

өзі айналдыратыны да бар.

Бірақ бейнеті зор болса да шығырдың суы аз

86

 болады. 



Сондықтан диқандар суды ширетпен алады. Ширеттің қашан 

келетінін әрбір диқан ертеден біледі. Және өзіне тиген суды 

бір тамшысына шейін босқа жібермей, жақсылап пайдалану 

керек.


Шығырмен суарғанда бір гектар жерді суаруға жұмсайтын 

еңбек, жәй арықтан суаратын еңбектен төрт есе қиын болады.



Құм. Қазақстан мен Орта Азияның көп жері құм. Ең белгілі 

құмдар: Қарақұм

87

, Қызылқұм



88

. Қарақұм деген атты адамға 

жау құм дегеннен қойған болса керек. Қарақұм Әмудария су-

ынан басталып Көпеттау биіктеріне шейін созылады. Құмды 

шөлде қырда кездесетін жасыл шөп те, гүлдер де жоқ.

Онда жалғыз ғана сұп-сұр ұсақ құм бар. Бұл тегіс болып 

жатпайды. Кейде құмнан құралған көп төбешіктер болады.

Бұларды  бархан  дейді.  Ондай  таудың  бәрі  де  желдің 

салдарынан жасалған болады. Жел шөлдің үстінен соққанда 

құмды аспанға көтереді. Сондай жел ұшырған құмдар өте 

қауіпті болады. Кейде сондай құмдар егіндікті, бақшаларды, 

қыстақтар  мен  ескі  қалаларды  да  басып  қалады.  Жақын 

жерде шойын жол болса, оның жолдарын да басып қалуға 

болады.


266

Бұндай залалдан жолды қорғау үшін жолдың екі жағына 

қамыстан ықтырма жасап қойған жерлер де бар. Бұдан басқа, 

жолдың екі жағына, сол құмда өсуге шыдайтын өсімдіктерді 

егіп,  сонымен  құмның  ауа  көшуін  тоқтататын  шаралар  да 

жасалады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   29




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет