Білім беру бағдарламасының коды, атауы: В05101 Биология Курс семестр Шымкент, 2022 Дайындаған : а ш. кандидаты М



бет1/10
Дата21.10.2023
өлшемі171,5 Kb.
#120262
түріБілім беру бағдарламасы
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

ЖН-05-227 ФР



ЖҰМАБЕК АХМЕТҰЛЫ ТАШЕНЕВ АТЫНДАҒЫ УНИВЕРСИТЕТ


«Технология және дизайн» факультеті
« Химия және биология» кафедрасы
СӨЖ ТАПСЫРМАЛАРЫН ОРЫНДАУҒА АРНАЛҒАН
ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛЫҚ
Пәннің атауы: BOA, 3324 –Биологияны оқыту әдістемесі
Білім беру бағдарламасының коды, атауы: 6В05101 – Биология
Курс 3 семестр 6 .

Шымкент, 2022




Дайындаған: а.ш.кандидаты Мұстияр Т.


СӨЖ тапсырмаларын орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар-Шымкент:
Жұмабек Ахметұлы Ташенев атындағы университет, 2022-09-23
Әдістемелік нұсқауда СӨЖ түрлерінің тізімі мен мазмұны, студенттерге СӨЖ орындау бойынша ұсыныстар, рефераттар тақырыптары, өз бетінше шешуге арналған тапсырмалар кіреді, дәріске СӨЖ дайындау.СӨЖ-дің әрбір түрі бойынша көлемі, ресімдеу қағидалары және бағалау өлшем шарттары айқындалған. Әрбір СӨЖ бойынша нақтылаумен ұсынылған әдебиеттер тізімі ұсынылған.
Кафедра мәжілісінде талқыланған.
Хаттама № 20 жыл
Кафедра меңгерушісі Муминова Ш.С.

Мазмұны


Кіріспе..............................................................................................................................4
СӨЖ ұйымдастыру және жүргізу бойынша жалпы әдістемелік нұсқаулар.............5
Пән бойынша СӨЖ орындауға әдістемелік ұсынымдар............................................7
СӨЖ бойынша студентке берілетін тапсырмалар тізімі............................................8
1-СӨЖ.............................................................................................................................9
2-СӨЖ.............................................................................................................................10
3-СӨЖ.............................................................................................................................11
4-СӨЖ.............................................................................................................................12
5-СӨЖ.............................................................................................................................13
6-СӨЖ.............................................................................................................................14
Пайдаланылған әдибеттер мен Web сайттар тізімі....................................................15


Кіріспе

Білім алушылардың өзіндік жұмысы (СӨЖ) – бұл білім алушылардың өз бетінше дидактикалық тапсырмаларды орындауға, танымдық іс-әрекетке қызығушылықты қалыптастыруға және ғылымның белгілі бір саласындағы білімді толықтыруға бағытталған ерекше оқу түрі. Білім алушылардың өзіндік жұмысы практикалық міндеттерді іске асырумен байланысты, логикалық ойлауды, шығармашылық белсенділікті дамытуды қамтамасыз етеді. Студенттердің өзіндік жұмыс үдерісі инновациялық технологияларды қолдану арқылы ұйымдастырылуы керек.


Студенттердің білім сапасы мен тереңдігі, сондай-ақ жалпы оқытудың жетістігі СӨЖ ұйымдастырудағы тактикалық әдістерге байланысты.
Сондықтан СӨЖ-де маңызды:

  • студенттерге үй тапсырмасын жоспарлау және ұйымдастыру;

  • студенттерге әр үй тапсырмасының мақсатын және қалай бағаланатындығын түсіндіру;

  • студенттерге тапсырмаларды орындауда кеңес беру және көмек көрсету;

  • тапсырмаларды уақтылы тексеру және студенттерге кері байланыс

  • түзетулер, түсініктемелер мен бағалау түрінде орнату;

  • студенттерге қойылған бағалар туралы нақты жазбалар;

  • бұл жазбаларды түсінікті және ыңғайлы түрде сақтау және студенттерге олардың өтініші бойынша кез келген уақытта ұсыну.

Биологияны оқыту әдістемесі – мектепте өтілетін пәндерді оқыту және тәрбиелеу процесі туралы ғылым.
Методика – оқу пәнінің мазмұнын оқыту мен тәрбиелеудің формасын, әдісін қарастырады. Методика – оқу жұмысына керекті құрал-жабдықтарды анықтайды.
Биология пәндерін дұрыс оқыту үшін жақсы жабдықталған бөлме, тірі табиғат бұрышы, мектеп жанындағы оқу –тәжірибе алаңы керек.
Биология оқыту методикасы - жалпы методика және жеке пәндердің методикасы деп екіге бөлінеді.
Жалпы методика лекция түрінде беріледі, бұл жаратылыстану пәнінің шығу тарихын, алғашқы шыққан оқулықтар, методиканың даму тарихын, түрлі тәрбиелер, оқыту әдістерін, сабақ-оқу жұмысын ұйымдастырудың негізгі формасы екендігін, биологияға арналған сыныптан тыс жұмыстарды (үйірме жұмыстары және көпшілік-қоғам жұмыстары т.б.), биология кабинетін жабдықтау, тірі табиғат бұрышын ұйымдастыру, жабдықтау, мектеп жанындағы оқу-тәжірибе алаңын жоспарлауды қарастырады.
Жеке пәндердің методикасы – зертханалық сабақтар түрінде жүргізіледі және олар: оқытудың әдісін анықтау, оқу материалының мазмұнын толық меңгеріп, оған қажетті көрнекі құралдарды іріктеп алу және қосымша материалдарды пайдалану, тәжірибесін қою, жасау, тақтаны пайдалану т.б.
Биологияны оқыту әдістемесінің басқа пәндермен байланысы. Биологияны оқыту әдістемесі психология пәнімен тығыз байланысты. Әр сыныптың оқушыларының жас ерекшеліктеріне байланысты мінез-құлқын біліп, әр жасқа әртүрлі түсіндіре білу. Психиканың заңдылықтарын білу оқыту мен тәрбиелеудің тиімді құралдары мен әдістерін табуына көмектеседі. Соңғы кездері әдістемелік зерттеулер кеңінен психология мәліметтеріне негізделеді.
Биологияны оқытудың маңызды міндеттерінің бірі — білім мен іскерлікті өз бетінше игеріп, оны өз тәжірибесінде еркін қолдана алатын шығармашыл тұлғаны тәрбиелеу. Осы міндетті нәтижелі орындау үшін биологияны оқыту әдістемесін одан әрі жетілдіру қажет. Тәжірибе көрсетіп отырғандай, оқушыларды оқытуда жақсы нәтижелерге биологиялық танымдық тапсырмаларды немесе биологиялық есептерді өз бетінше шешу алгоритмдерін үйрете отырып қол жеткізуге болады. Жаңартылған мазмұндағы биология курсында биологиялық есептер тақырыпқа сәйкес жеткілікті қамтылған. Алайда, зерттеу нәтижесі көрсетіп отырғандай мұғалімдердің көпшілігі оқушыларға биологиялық мазмұндағы есептерді шешу тәсілдерін үйретуге дайын болмайды. Сондықтан, болашақ биология пәні мұғалімдерін биологиялық есептерді шешу әдістемесімен таныстыру және оны өз тәжірибесінде тиімді қолдану біліктілігін қалыптастыру маңызды.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет