Біз бірінші бөлімде астрономияда нүктенің кеңістіктегі орнын анықтауда қолданылатын координат жүйелерін қарастырғанбыз



бет9/11
Дата07.01.2022
өлшемі195,96 Kb.
#17689
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
8 Жыл санау жүйелері (жылнамалар)
Жылдың ұзақтығымен бірге жылдардың «санау нүктесі» – күнтізбелік эраның басталу кезеңі де маңызды орын алады. Бұл жылнама деп аталатын басталу кезеңі қандайда бір нақты немесе ойдан шығарылған тарихи оқиғаларға байланысты болған. Мыслы, Ежелгі Вавилонда Набонассардың патшалық ету кезеңі – б.э.д. 747 жылы қолданылған, Ежелгі Грекияда бірінші олимпиаданың басталуы – б.э.д. 776 жылы, Ежелгі Римде – Ромулдық Римннің негізін қалаған күннен – б.э.д. 753 жылы, ал кейінірек – император Диоклетиан билігінің басталғаны- б.э.д. 284 жылынан бастап қолданған. Және де «дүниенің жаратылуынан басталатын» кезеңдердің бірнеше нұсқасы бар: б.э.д. 3761 жыл – Ежелгі еврейлік күнтізбе бойынша және б.э.д. 5508 жылдың 1- наурызынан – византиалық (ол басқаша константинопольдық немесе ежелгі русь кезеңі деп аталады.), және б.э.д. 5509 жылдың 1-қыркүйегінен – «қыркүйектік нұсқа» кезеңі басталады.

Қазіргі замандағы «біздің кезең» деп аталатын жылнама «Христостың дүниеге келгенінен» басталатын жыл санау 525 жылы римдік монах Кіші Дионисийдің жүргізген есептеулері арқылы енгізілген кезең. XVIII ғасырда «Христостың дүниеге келгеніне» дейінгі жылдар бойынша да ұзартылды. Сонымен қатар б.э. 1-ші жылының алдында б.э.д. 1-ші жыл орналасқан деп қабылданды, ол б.э.д. жыл нөмірі өткен уақыт бойынша өседі. (бірақ айлар, айлар саны және апта күндері қарапайым ретпен орналасқан). Б.з.д. кібісе жылдар болып сандары 4- ке бөлгенде 1 қалдық қалатындар, яғни 5-ші, 9-шы, 13-ші және т.с.с. жылдар саналады. Мұндай жыл санау тарихи немесе хронологиялық деп аталады. Нөлінші жылдың болуы екі уақиға уақытының арасын есептеуде, егер екі оқиғаның біреуі б.э.д. болса, ал екіншісі – біздің эрамызда болса, қателіктерге әкеледі. Сондықтан ХХІ-ғасыр 2001 жылдың 1 қаңтарынан басталды.

Сонымен қатар, 1740 жылы француз ғалымы Жак Кассини (1677-1756) бірінші рет қолданған астрономиялық есеп жүйесі бар. Онда, біздің заманымыздағы 1-ші жылдың алдындағы жыл нөлдік деп аталады, ал нөлдік жылдың алдында минус бірінші және т.с.с. жылдар жалғастырады. Осылай «Кассини» ережесі пайда болды: ол бойынша екі оқиғаның уақыт аралығын өлшеу үшін б.з.д. есептеуге сай жыл нөмірін бір санына азайту керек.

Астрономиялық және хронологиялық есептеулерде 1583 жылы француз ғалымы Жозеф Скалигер (1540-1609) енгізген юлиандық кезең деп аталатын б.э.д. 4713 жылдың 1 қаңтарынан басталатын үздіксіз күн санау қолданылады. Бұл санауда күннің реттік номірі юлиандық дата деп аталады және қысқартылғанда ЮД немесе JD деп белгіленеді. Юлиандық күннің басы ретінде нөлдік (гринвич) меридианындағы орташа талтүс алынады. Астрономиялық датадан 12 сағатқа артқа жылжыған. Сондықтан 2000 жылдың 1 қаңтарының 0 сағатына юлиан күн санауының 2451544,5 датасы сәйкес келеді.

Әрине күнтізбелік күндерді Юлиандық күндерге ауыстыруды қазіргі уақытта арнайы компьютерлік программалардың көмегімен жүзеге асыруға болады. Мысалы, арнайы осы мақсатта RTT Есептеу жобасының орталығы бетінде «Даталардың әмбебап түрлендіргіші» деген бағдарлама бар.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет