Бухгалтерлік есеп



Pdf көрінісі
бет11/28
Дата03.03.2017
өлшемі2,74 Mb.
#6348
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   28

Қайталау үшін сұрақтар:
1.  Арнаулы  тағайындалу  қорлары  қандай  қаржылар  есебінен 
ұйымдастырылады?
2. Арнаулы тағайындалудың қандай қорлары ұйымдастырылуы 
мүмкін?
3. Арнаулы тағайындалу қорларының қалыптастырылуы қандай 
шоттарда бейнеленеді?
4. Резервтік қор деген не және ол қалай ұйымдастырылады?
5. Резервтік қор қандай шоттарда есепке алынады?
63. Банк несиелерінің есебі
Меншікті қаржылардың жетіспеуі кезінде кәсіпорын банк несие-
лерін пайдалануы мүмкін. Ешқандай шектеулерсіз, тек кәсіпорынға 
тиімді несиелеуді ұсынған банкті таңдайды.
Несиенің  қайтарылуы  өткізілген  өнім  үшін  төлемдер  есебінен 
қамтамасыз  етілуі  тиіс.  Жеке  жағдайларда  кепілдік,  кепілдеме, 
несиенің сақтандырылуы және оны дисконтталған (банкіде есепке 
алынған) вексельдер есебінен алуға жол беріледі.
Банк пен кәсіпорын арасындағы қатынастар өзара міндеттемелер 
мен  жауапкершіліктері  көрсетілген  несие  келісім  шарты  бойынша 
жасалады.
Несие белгілі мерзіммен шектеледі. Банктердің несиелері қысқа 
мерзімді (бір жылға дейінгі мерзімге берілген) және ұзақ мерзімді 
болып  бөлінеді.  Берілген  несиелер  бойынша  банк  белгіленген 
мөлшерлемелер негізінде пайыздар есептейді.

125
Несие  келісім  шартына  сәйкес,  банк  онда  келісілген  соманы  
кәсіпорынның есеп айырысу шотына жібереді де, несиені пайдалан-
ғаны үшін пайызды ұстап қалады.
Банк несиелерінің есебі № 3010 «Қысқа мерзімді банктік қарыз»,  
№4010 «Ұзақ мерзімді банктік қарыз» пассивті баланстық шоттарында 
жүргізіледі.  Кредиттік  сальдо  кәсіпорынның  жабылмаған  несиесі 
бойынша қарыздың сомасын, дебет бойынша айналым, яғни есепті 
кезеңдегі  несиелер  бойынша  қарызды  жабу  есебінен  төленген 
сомалар, кредит бойынша есепті кезеңде жаңадан алынған несиелер 
бейнеленеді.
Несиені  пайдаланғаны  үшін  пайыз  құрылтай  құжаттарындағы 
сомасы белгіленген меншікті айналым қаражаттарының жетіспеуші-
лігін  толтыру  үшін  алынған  жағдайда  ғана  заңдармен  бекітілген 
мөлшерлеме  шегінде  кәсіпорын  өнімнің  өзіндік  құнына  енгізеді. 
Одан артық мөлшердегі несиелер бойынша төлемдер пайданың есе-
бінен жіберіледі. Бұл жағдай есепті өткізуден тыс шығындар, яғни 
негізгі емес қызметтен болған залалдар ретінде көрсетіледі.
 
Қайталау үшін сұрақтар:
1.  Кәсіпорын  мен  банк  арасындағы  өзара  қатынастар  несие  алу 
кезінде қалай келісіледі?
2. Несиенің қандай түрлері болады?
3.  Ережелермен  белгіленген  мөлшерлемелер  шегінде  несиені 
пайдаланғаны үшін пайыз қандай көздер есебінен төленеді?
4. Ережелермен белгіленген мөлшерлемелерден артық мөлшерде 
несиені  пайдаланғаны  үшін  пайыз  қандай  қаржы  көздері  есебінен 
төленеді?
5. Банк несиелерінің есебі қай шоттарда жүргізіледі?
 

126
III БӨЛІМ. БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕПТІЛІК ПЕН ОНЫҢ 
ЕСЕБІН ҰЙЫМДАСТЫРУ ҚАҒИДАЛАРЫ
I бөлімше. ҚАРЖЫЛЫҚ НӘТИЖЕЛЕРДІҢ ЕСЕБІ. 
САЛЫҚТАР. ЕСЕП БЕРУ
64. Кәсіпорын қызметінің қаржылық нәтижесін есептеу. 
Баланстық табыстың (пайданың) құрамы
Кәсіпорын қызметінің қаржылық нәтижесі олардың кірістері мен 
шығыстарының айырмасынан құралады. Олар жылдың соңында жа-
былатын № 5410 «Есептік жылдың пайдасы (залалы)» жинақтаушы 
шотында бейнеленеді.
Кәсіпорындар  ай  сайын  кіріс  пен  шығыс  жақтарын  салысты-
ру  жолымен  жиынтық  кірістің  (залалдың)  мөлшерін  анықтап,  сол 
мәліметтер  бойынша  салық  инспекциясына  декларацияларды 
тоқсан сайын беріп тұрады. Кірістің (пайданың) негізгі бөлігі, бұл 
—  әдеттегіше,  өнім  (жұмыстар,  қызметтер)  өткізуден  түскен  кіріс. 
Ол  №  60  «Өнімдерді  сатудан  және  қызмет  көрсетуден  алынатын 
кіріс»  бөлімшесінің  шоттары  мен  №  70  «Өткізілген  өнімнің  және 
көрсетілген  қызметтердің  өзіндік  құны»    бөлімшесінің  шоттарын 
салыстыру жолымен есептеледі. 
Кірістің негізгі емес қызметінен түскен басқа бөлігі № 62 «Басқа 
да  кірістер»  бөлімшесі  шоттарының  нәтижелері  мен  №  74  «Басқа 
да  шығыстар»  бөлімшесінің  шоттарымен  салыстыру  жолымен 
есептеледі.
Кірістердің үшінші құрамдас бөлігі, бұл — басқа кәсіпорындар-
дың қызметінде үлес арқылы қатысудан, кәсіпорынның меншігіндегі 
акциялар,  облигациялар  мен  басқа  да  бағалы  қағаздар  бойынша 
дивидендтер,  өндірілген  айыппұлдар,  орны  толтырылған  залал-
дар  және  т.б.  Олар  айыппұлдар,  өсімдер  мен  айып  төлеу  бойын-
ша  шығыстардың  сомасынан  кемітіледі.  Одан  соң,  олар  өткізуден 
түскен  кірістерге  қосылады  немесе  олардан  шегерілетін  өткізуден 
тыс нәтиже пайда болады.
Бұл  операциялардың  нәтижесінде  баланстық  кіріс  (пайда), 
яғни  баланста  көрсетілген  кіріс  есептеледі.  Онда  ол  толық  түрде: 
баланстың активінде — залалдар, ал пассивінде кіріс (пайда) ретінде 

127
жазылады.  Баланстық  (жиынтық)  пайдадан  салықтар  шегеріледі 
(олар  келесі  бөлімдерде  көрсетілген).  Бұл  бөлімдерді  оқып,  білу 
кезінде кейбір салықтар жиынтық кірістен (пайдадан) төленетініне, 
ал  басқалары  өндірілетін  өнімнің  өзіндік  құнына  апарылатынына 
назар аудару қажет.
Қайталау үшін сұрақтар:
1. Баланстық табыс (залал) қандай бөліктерден құралады?
2. Негізгі емес қызметтерден түскен табыстарға нелер жатады?
3. Өткізуден түскен табыс қай шоттардың мәліметтері бойынша 
есептеледі?
4. № 60 пен № 62 бөлімшелердің шоттарында нелер бейнеленеді?
5. № 70 пен № 74 бөлімшелердің шоттарында нелер бейнеленеді?
65. Қосымша құнға салынатын салық. (ҚҚС)
Қосымша  құнға  салынатын  салық  (ҚҚС)  әлемдегі  көптеген  ел-
дерде кеңінен таралған. Қазақстанда ҚҚС айналымнан болған салық 
пен сатуға салынған салықтардың орнына келді.
ҚҚС тауардың бағасына жоғарылата келіп енгізіледі. Сондықтан, 
салық  тауарды  сатып  алған  тұлға  тарапынан  төленеді.  Салықтың 
«қосымша  құнға  салынатын»  деген  аталуы  қосымша  құнның 
мөлшерімен сәйкес сол тауарларды өндіретін кәсіпорындар арқылы 
бюджетке оның төленуімен байланысты.
Мысалы, кәсіпорын жеткізушілерден 11400 теңгеге материалдар 
алып оларды өндіріске жұмсады, оның ішінде бұл материалдардың 
ҚҚС-ы 1400 теңгеге тең деп есептейік. 
Бұл  материалдарды  пайдаланып,  кәсіпорын  80000  теңгеге  өнім 
өндірді және олардың сату құнына 14% мөлшерде ҚҚС-ын енгізді. 
Яғни, тауарлардың сату бағасы мынаған тең болды: 
80000 + 80000 х 15% : 100% = 91200 теңге (ҚҚС=11200 теңге).
Бюджетке  кәсіпорын  тек  қана  өткізілген  тауарларға  есептелген 
салық пен сол тауарларды өндіру үшін пайдаланған материалдарға 
бұрын  есептелген  салықтың  арасындағы  айырмасын  төлеуі  тиіс. 
Кәсіпорын аударатын ҚҚС-тың сомасы 9800 теңгеге тең болады.
Қазіргі  уақытта  қосымша  құнға  салынатын  салық  бойынша 
мөлшерлеме 14%-ға тең.

128
ҚҚС есебінің жүргізілуін төмендегі мысалда қарайық.
1310 «Шикізат пен 
материалдар»
1210 «Сатып 
алушылардың қысқа 
мерзімді дебиторлық 
берешегі»
1420 «Өтелуге тиіс 
ҚҚС»
1) 10000
3) 10000
4) 91200
5) 91200
1) 1400
6) 1400
1040 «Ағымдағы 
банктік шоттардағы 
теңгемен ақша 
қаражаттары»
3130 «Төленуге тиісті 
ҚҚС»
3310 «Жеткізушілерге 
қысқа мерзімді 
кредиторлық берешек»
5) 91200
2) 11400
7) 9800
6) 1400
7) 9800
4) 11200
2) 11400
1) 11400
6010 «Өнім, жұмыстар, қызметтер 
өткізуден алынатын кіріс»
8010 «Негізгі өндіріс»
4) 80000
3) 10000
1.  Жеткізушіден  жалпы  сомасы  11400  теңге,  оның  ішінде  ҚҚС 
1400 теңге көлемінде материалдар келіп түсті;
2.  Материалдар  үшін  жеткізушінің  шоттарынан  11400  теңге 
төленді;
3. Өндіріске материалдар 10000 теңге жұмсалды;
4. Алушыға дайын өнім жалпы сомасы 91200 теңге, оның ішінде 
ҚҚС 11200 теңгеге тең өткізілді;
5. Өткізілген өнім үшін жалпы сомасы 91200 теңге, оның ішінде 
ҚҚС 11200 теңге көлемінде ақша келіп түсті;
6. Өтелуге тиіс ҚҚС 1400 теңге көлемінде есепке жатқызылды;

129
7. Бюджетке ҚҚС 9800 теңге аударылды.
ҚҚС  Қазақстан  Республикасының  «Салық  және  бюджет-
ке  төленетін  басқа  міндетті  төлемдер  туралы»  2001  жылғы  12 
маусымдағы № 209 — II кодексі (Салық кодексі) бойынша (соңынан 
енгізілетін өзгерістер мен қосымшаларын қоса) ұсталады.
Қосымша құнға салынатын салықтан босатылғандар: 
1. Мыналардан басқа: қонақ үйлерде тұрғаны үшін төлем, автомо-
бильдер мен басқа көлік құралдарының тұрағы мен оны сақтау үшін 
берілген  учаске  төлем,  соғылған  объектінің  бірінші  рет  өткізілуі, 
жерді пайдалану құқығын жалға беру мен сатылуы немесе үйлердің 
жалға берілуі мен оның сатылуы;
2. Қаржылық қызметтер;
3. Пошталық маркалар (коллекциялықтардан басқа), маркіленген 
конверттер мен ашық хаттар;
4.  Мемлекеттің  меншігіндегі  заңды  тұлғалардың  мүлкін 
жекешелендірумен байланысты операциялар;
5. Коммерциялық емес ұйымдармен жүргізілетін жұмыстар мен 
қызметтердің кейбір түрлері;
6. Мемлекеттік баж алынуға байланысты өкілетті органдардың 
атқарылатын қызметтері;
7. Жерлеу қызметтері, зират пен крематорийлер қызметтері;
8. Геологиялық барлау мен геологиялық іздеу жұмыстары;
9. Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі мен оның бөлімшелерімен 
жүзеге  асырылатын  тауарлар  өткізу,  жұмыстар,  қызметтер  жасау 
бойынша айналымдар;
10. Лотерея билеттерін өткізу бойынша айналымдар;
11.  Қазақстан  Республикасының  мүгедектер  ерікті  қоғамы, 
соқырлардың  Қазақстан  қоғамы,  кереңдердің  Қазақстан  қоғамы, 
сондай-ақ  бұл  қоғамдардың  меншігіндегі  болатын  өндірістік 
ұйымдар;
12. Мектеп оқу құралдарын өткізу бойынша айналымдар;
13. Ұлттық және шетелдік валюталар (нумизматикалық мақсатта 
қолданылатынынан басқа), сондай-ақ бағалы қағаздардың импорты;
14. Акциздерден босатылған тауарлардың тізіміне кіретін тауар-
дың импорты;
15. Қазақстан Республикасы Министрлері Кабинеті бекіткен та-
уарлардың  бажсыз  шеттен  әкелу  нормаларымен  сәйкес  нормалар 
бойынша жеке тұлғалар тарапынан жасалатын тауарлардың импорты;
16.  Бюджеттің  қаржылары  есебінен  сатып  алынған  және 
мемлекеттік бюджет есебіндегі ұйымдардың алып келетін тауарла-

130
ры,  сондай-ақ  мемлекеттік  кепілмен  қамтамасыз  етілген  шетелдік 
несиелік линиялары бойынша сатып алынатын тауарлардың импор-
ты;
17. Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі және оның бөлімшеле-
рімен жасалатын тауарлардың импорты;
18. Мектеп оқу құралдарының импорты.
Қайталау үшін сұрақтар:
1. Қосымша құнға салынатын салық (ҚҚС) нелерге салынады?
2.  Сатып  алынған  материалдардың  құнына  енгізілген  ҚҚС  қай 
шоттарда бейнеленеді?
3.  Өткізілген  өнімдердің  құнына  енгізілген  ҚҚС  қай  шоттарда 
бейнеленеді?
4. Бюджетке аударылатын ҚҚС-ның сомасы қалай есептеледі?
5. ҚҚС-ын төлеуден кімдер босатылады?
66.  Корпоративтік табыс салығы 
Корпоративтік  табыс  салығы,  бұл  —  шын  мәнінде  мемлекетке  
экономикалық  кеңістік,  еңбек  ресурстары,  өндірістік,  әлеуметтік 
және басқа   инфрақұрылымдарды пайдалану үшін төлем. Аталмыш 
салық  өндірістің  дамуына,  оның  әртүрлі  жұмыстар,  қызметтер 
орындаудағы ынтасын арттыратын, мемлекет тарапынан кәсіпорынға 
қаржылық жағынан ықпал жасаудың құралы болып табылады.
Салық төлеушілер — заңды тұлға болған барлық кәсіпорындар 
мен ұйымдар.
Салық салынатын табыс бухгалтерлік есептің мәліметтері бойын-
ша есептеледі. Оған төмендегі операциялар бойынша шығыстардың 
сомасына кемітілген өнім (жұмыстар, қызметтер) өткізуден түскен 
табыс; мүлік, бағалы қағаздар, шетелдік валюта, материалдық емес 
активтерді  сатудан  түскен  табыс,  өткізуден  тыс  операциялардан 
түскен табыстар енгізіледі. Өткізуден түскен табысты есептеген кез-
де нарықтық бағалар ҚҚС және акциздерсіз пайдаланылады.
Табысқа салық салу бойынша бірқатар жеңілдіктер бар.
Корпоративтік табыс салығы Қазақстан Республикасының «Салық 
және  бюджетке  төленетін  басқа  міндетті  төлемдер  туралы»  2001 
жылғы 12 маусымдағы № 209—II кодексі (Салық кодексі) бойынша 
(соңынан енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды қоса) ұсталады.
 

131
Қайталау үшін сұрақтар:
1. Корпоративтік табыс салығын кімдер төлейді?
2. Қандай салықтық мөлшерлемелер бар?
3. Салық салынатын табысқа нелер енгізіледі?
4. Қандай салықтық жеңілдіктер бар?
5. Корпоративтік табыс салығын төлеу кезінде қандай құжаттарды 
басшылыққа алу қажет?
67. Акциздер мен олардың бюджетке аударылуы
Акциз  өнімнен  есептелетін  және  тауардың  бағасына  енгізі-
летін  жанама  салық  болып  табылады.  Акцизді  болып  Қазақстан 
Республикасы территориясында өндірілген немесе ҚР территория-
сына алып келінген төмендегі тауарлар саналады:
1.  Этил  спирті  мен  тағамдық-азықтық  шикізаттан  өндіріліп, 
тазаланған этил спирті;
2. Арақ;
3. Ликер-арақ бұйымдары;
4. Спирт қосып күшейтілген ішімдіктер, шырындар мен бальзам-
дар;
5. Винолар;
6. Коньяктар;
7. Шампан винолары;
8. Сыра;
9. Вино материалдары;
10. Темекі өнімдері;
11. Темекі қосылған басқа өнімдер;
12.  Бекіре  және  қызыл  балықтар,  бекіре  және  қызыл  балықтың 
уылдырығы,  бекіре  және  қызыл  балықтар  мен  олардың  уылды-
рығынан жасалған деликатестер;
13.  Алтын,  платина  және  күмістен  жасалған  зергерлік  бұйым-
дар.
14.  Иленген  және  иленбеген  аң  терілері  (көртышқан,  үй  қояны, 
ит, бұғы мен қойдың терілерінен басқа);
15. Табиғи аң терісінен жасалған әшекей бұйымдар;
16. Аң терісінен жасалған бұйымдар;
17. Табиғи былғарыдан жасалған киім;
18. Хрустальдан жасалған бұйымдар, жарық беретін аспаптар;
19. Бензин (авиациялықтан басқа), дизель отыны;

132
20. Жеңіл автомобильдер (мүгедектер үшін арнайы тағайындалған, 
қолға  бейімделген  басқару  арқылы  басқарылатын  автомобильдер-
ден басқа);
21.  Дәрімен  және  газбен  атылатын  қару  (мемлекеттік  билік  ор-
гандарының мұқтаждықтары үшін сатып алынған қарудан басқа);
22. Шикі мұнай;
23. Ойын бизнесі.
Акциздер өндіруші өнімінің сату бағасына енгізіледі. Акциздердің 
мөлшері өткізу бойынша айналымға негізделіп есептеледі. 
Егер еркін бағалар қолданылатын болса, онда топтың (партияның) 
келісім  құны  салықтық  мөлшерлемеге  көбейтіледі  және  сонымен 
бюджетке аударылуға тиісті сома есептеледі. 
Егер  мемлекеттік  реттелетін  бағалар  қолданылса,  онда  өткізу 
бойынша  айналымның  мөлшерінен  ҚҚС-ын  шегеріп  тастап  және 
қалдықты  акциздер  үшін  қолданылатын  салықтық  мөлшерлемеге 
көбейту қажет. Акциздерді салуға дейін өткізу бойынша айналым-
нан сауда жеңілдігі шегеріледі.
Өткізу бойынша айналымды есептеу кезінен бастап алушыларға 
жөнелткен  өнім  үшін  шот-төлем  талабын  ұсыну  күніне  дейінгі 
уақыт өткізудің мезеті болып табылады.
Барлық  тауарлар  бойынша  акциздер  ҚР-ның  бюджетіне  төле-
неді.
Төлеушілер  акциздер  бойынша  есептерін  өздерінің  орналасу 
орындары бойынша салық органдарына тапсыруы тиіс.
Бухгалтерлік есепте акциздер, барлық салықтар мен алымдар си-
яқты, № 31 бөлімшенің № 3140 «Акциздер» шотында бейнеленеді.
Мысал келтіреміз:
1) 1312 — 3310 = 1000000 теңге;
2) 1420 — 3310 = 140000 теңге;
3) 3140 — 3310 = 8000 теңге;
4) 1312 — 3140 = 8000 теңге.
Осы шаруашылық операцияларды түсіндірейік:
1) Жеткізушіден дизель отыны 1000000 теңгеге келді;
2) ҚҚС 140000 теңге көлемінде өтелуге ұсынылды;
3) Тауарға 8000 теңгеге акциз ұсынылды;
4) Акциз 8000 теңгеге дизель отынының құнына енгізілді. 
Акциздер  Қазақстан  Республикасының  «Салық  және  бюджет-
ке төленетін басқа міндетті төлемдер туралы» 2001 жылғы 12 мау-
сымдағы  №209  —  II  кодексі  (Салық  кодексі)  бойынша  (соңынан 
енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды қоса) ұсталады.

133
Қайталау үшін сұрақтар:
1. Қандай тауарлар акцизді болып табылады?
2. Еркін бағалар бойынша өткізілетін тауарларға акциздер қалай 
есептеледі?
3.  Мемлекеттік  реттелетін  бағалар  бойынша  өткізілетін  тауар-
ларға акциздер қалай есептеледі?
4. Өткізу мезеті болып не саналады?
5. Акциздер қай шотта есепке алынады?
68.  Жол қорына кіретін салықтар
Жол қоры туралы Қазақстан Республикасының заңнамалары мен 
ережелеріне сәйкес, жол қорын қалыптастыру көздері болатындар:
— автомобиль жолдарын пайдаланушылардың қаржылары;
— Қазақстан Республикасының территориясына кіру, шығу және 
транзитті жүріп өту;
— ұсақ саудада өткізілетін бензин мен дизель отынын сату үшін 
алым;
— ақылы мемлекеттік автомобиль жолдары бойынша жүріп өту 
үшін жол ақысы.
Жол қорына автомобиль жолдарын пайдаланушылардың ай сай-
ынғы қаржы төлеушілері болып заңды тұлғалар саналады. 
Төлемдерді есептеудің мөлшері болатындар:
1)  биржалық  қызмет  жасайтын  заңды  тұлғалардан  оларға  көр-
сетілген қызметтері үшін ақшасының көлемі;
2) сақтандыру қызметін көрсететін заңды тұлғалардан төлемдер 
мен сақтандыру резервтерін қоса арасындағы айырмасының сома-
сы;
3) банк қызметін көрсететін заңды тұлғалардан былтырғы жыл-
дағы жиынтық табыстың көлемі;
4) дайындау, сауда, жеткізу-өткізу қызметімен айналысатындар-
дан төлеуден бір ай алдындағы көтерме, транзитті, қойма, ұсақ тағы 
басқа айналым;
5) өндірістік қызмет жасайтын заңды тұлғалардан өткізу бойын-
ша нақты бағалармен өткізілген өнім, орындалған жұмыстар, көр-
сетілген қызметтердің нақты көлемі.
1998 жылдың 1 шілдесінен бастап автомобиль жолдарын пайдала-
нушылар қаржыларды есептеудің жоғарыда көрсетілген көздерінен 
0,1 % мөлшерлемесі бойынша төлеулері тиіс.
Автомобиль жолдарын пайдаланушылардың ішінде төлем төле-

134
уден төмендегі заңды тұлғалар босатылады: 
—  Қазақстан  Республикасының  мүгедектер  ерікті  қоғамы, 
Қазақстан  соқырларының  қоғамы,  Қазақстан  кереңдерінің  қоға-
мы,  Ақыл-ой  және  дене  дамуының  кемістігі  бар  балалар  мен 
жасөспірімдердің  әлеуметтік  үйренуі  мен  еңбек  реабилитация-
сы  орталығы  және  Ауғанстан  соғысы  ардагерлерінің  Қазақстан 
республикалық ұйымы (ұйымдарынан басқа), Қызыл Жарты Ай мен 
Қызыл  Крест  қоғамының  Ұлттық  комитеті  (ұйымдарынан  басқа), 
балалар  қайырымдылық  қорлары  (ұйымдарынан  басқа),  сондай-ақ  
бұл қоғамдардың меншігіндегі және олардың қаржылары есебінен 
құрылған өндірістік ұйымдар;
— Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі;
— Коммерциялық емес ұйымдар — жарғы бойынша қызметінен;
—  Қазақстан  Республикасы  Үкіметі  тізімімен  белгіленген 
халықаралық ұйымдар; 
— қызметкерлердің жалпы саны 50 пайыздан төмен емес үлесін 
мүгедектер құрайтын өндірістік ұйымдар;
—  негізгі  қызметі  бойынша  жалпы  пайдаланудағы  жолаушы 
көлігі (таксиден басқа) мен тұрғын үй-коммуналды, газ қожалығы 
ұйымдары.
Қазақстан  Республикасының  территориясына  кіру,  шығу  және 
транзитті жүріп өту үшін ақы төлеуді халықаралық тасымалдау жа-
сайтын заңды және жеке тұлғалар жүргізеді. Республиканың терри-
ториясына кіру, шығу және транзитті жүріп өту үшін ақы төлеуді 
есептеу  тәртібі  мен  мөлшері  Қазақстан  Республикасы  Үкіметімен 
белгіленеді. 
Бензин мен дизель отыны өткізілуі үшін алымдардың төлеушілері 
болып тауардың өткізуін жүргізетін заңды және жеке тұлғалар са-
налады. Ұсақ саудада өткізілген бензин мен дизель отынының әрбір 
литрі үшін Жол қорына алымды есептеу мен төлеудің мөлшерлеме-
лері, тәртібі мен шарттары Қазақстан Республикасының Үкіметімен 
белгіленеді.
Ақылы  мемлекеттік  автомобиль  жолдары  бойынша  жүріп  өту 
үшін төлеушілер болып ақылы мемлекеттік жолдарға кіре берістегі 
көлік құралдарының жүргізушілері саналады.
Ақылы  мемлекеттік  автомобиль  жолдары  бойынша  жүріп  өту 
үшін төлемақының мөлшерлемелері, тәртібі мен шарттары Қазақстан 
Республикасының Үкіметімен белгіленеді.
Көлік  құралдарының  иелерінен  салықты  көлік  құралдары  бар 
кәсіпорындар  мен  азаматтар  жыл  сайын  төлейді.  Салықты  төлеу 
туралы  квитанция  немесе  төлем  тапсырмасын  көрсетпей,  кө-

135
лік  құралдарының  тіркеу,  қайта  тіркеу  мен  техникалық  байқау 
өткізілмейді. Бұл салық № 3170 «Көлік құралдарына салық» пассивті 
шотында бейнеленеді. 
Қайталау үшін сұрақтар:
1. Жол қорына төленетін салықтарды атап өтіңіз?
2. Бұл салықтар қандай мөлшерлемелер бойынша есептеледі?
3. Әрбір салық бойынша салық салудың мөлшері қандай?
4. Көлік құралдарына салықтың есебі қай шотта жүргізіледі?
69. Кәсіпорындар мүлкінің салығы
Мүлік  салығы  Қазақстан  Республикасының  «Салық  және  бюд-
жетке  төленетін  басқа  міндетті  төлемдер  туралы»  2001  жылғы  12 
маусымдағы № 209—II кодексі (Салық кодексі) бойынша (соңынан 
енгізілетін  өзгерістер  мен  толықтыруларды  қоса)  ұсталады  және 
қолда  бар  мүлікті  (негізгі  құралдарды)  тиімдірек  пайдалануды 
ынталандыруға шақырады.
Негізгі құралдар — құны 40 айлық есептік көрсеткіштерден жоға-
ры қызмет мерзімі бір жылдан астам активтер болып саналады.
Мүлік  салығы  үшін  салық  кезеңі  болып  бір  қаржылық  жыл 
есептеледі.  Салық  төлемдері  әр  тоқсан  сайын  есептеліп  төленеді, 
ал  жыл  соңында  қажет  болған  кезде  қайта  есептеу  жүргізіледі. 
Салықтың төленуі есептер бойынша бір жылдық бухгалтерлік есеп 
үшін белгіленген күннен бастап 10 күндік мерзім ішінде төленеді.
Кәсіпорынның  мүлкіне  салық  мөлшерлемесінің  шекті  мөлшері 
негізгі  құралдардың  қалдық  құнының  1%-нан  аспауы  тиіс.  Салық 
төлемінің сомасын есептеу кезінде мүліктің құны орташа жылдық 
есебі бойынша алынады.  
Мүлік салығы № 3180 «Мүлік салығы» пассивті баланстық шо-
тында бейнеленеді. 
Мүлік салығы бойынша бірқатар жеңілдіктер белгіленген. Соны-
мен, мүлік салығын төлеуден босатылғандар:
1)  кәсіпкерлік  қызмет  жасамайтын  коммерциялық  емес  және  
бюджеттік ұйымдар; 
2)  Қазақстан  Республикасының  мүгедектер  ерікті  қоғамы, 
Қазақстан  соқырларының  қоғамы,  Қазақстан  кереңдерінің  қоға-
мы,  Ақыл-ой  және  дене  дамуының  кемістігі  бар  балалар  мен 
жасөспірімдердің  әлеуметтік  үйренуі  мен  еңбек  реабилитация-
сы  орталығы  және  Ауғанстан  соғысы  ардагерлерінің  Қазақстан 

136
республикалық  ұйымы  (ұйымдарынан  басқа)  өндірістік  мақсаттар 
мен әлеуметтік салада пайдаланатын мүлік бойынша;
3) Қазақстан Ұлттық банкі мен оның бөлімшелері; 
4)  мемлекеттік  автомобиль  жолдары  мен  олардағы  жол  қонды-
рғыларын  жалпы  пайдалануда  шұғыл  басқару  құқығы  бар  ұйым-
дар.
Азаматтардың төмендегі категорияларының мүлкі бойынша 1000 
айлық есептік көрсеткіштің мөлшерінде салық салынбайтын мини-
мум белгіленіп қойған, олар:
1. Кеңес Одағының Батырлары, Социалистік Еңбек Ерлері, Ұлы 
Отан соғысының қатысушылары және оларға теңестірілген тұлғалар, 
“Халық Қаһарманы” атағына ие болғандар, Даңқ орденінің үш дәре-
жесімен, “Отан” орденімен марапатталғандар;
2. “Алтын Алқа” және “Мать-героиня” атағына ие болған көпба-
лалы аналар;
3. Бірінші және екінші топтағы мүгедектер;
4. Жеке тұратын зейнеткерлер.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет