Дандай ысқАҚҰлы рухани толғамдар алматы «ДӘСТҮР» 2015


Үйлену тойына байланысты айтылатын өлең түрлерінің бірі –



Pdf көрінісі
бет25/191
Дата06.01.2022
өлшемі3,03 Mb.
#11468
түріБағдарламасы
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   191
Үйлену тойына байланысты айтылатын өлең түрлерінің бірі – 

беташар.  Беташар  өлеңі  қалыңдық  келіншек  болып  түскенде,  жаңа 

ортамен таныстыру мақсатымен айтылады. Қазақтың ескі салты бо-




74

йынша, жаңа түскен келіншектің беті жабық болуы керек.  Беташар 

өлеңі  айтылып,  ел-жұртты  таныстырып  болған  соң  ғана  жас  келін 

жаңа қауымның бір мүшесі ретінде қабылданатын.

Әр елдің заңы, жөн-жосығы – басқа. Бұл елдікі қандай? Қадірлейтін, 

құрмет  тұтатын  адамдары  қандай?  Күйеу  жігіттің  ата-анасы  қандай 

адамдар? Туған-туыстары бар ма? Жаңа қауымның, ортаның дәстүр-

лері қандай? Мінеки, беташар өлеңінде осындай жағдайлармен жаңа 

түскен келіншекті таныстырады 

(Қазақ әдебиетінің тарихы. I том,1948).

– Бетіңді келін ашқаным

Жаңа жұртқа қосқаным...

Анау тұрған атасы

Қара жердің жотасы.

Бұрынғы қарттың өзі еді

Құр кетпеген батасы.

Жаңа келген келіннен

Атасына бір сәлем.

Анау жүрген енесі

Қара жердің кенесі

Келіні келді дегенде 

Көкке жетті төбесі...

Жаңа келген келіннен

Енесіне бір сәлем! 

Осындай  ретпен  сол  қауымның  ардақты  адамдарын,  қайнысын, 

абысынын таныстырып шығады.

Ең соңында:



Мен мен едім мен едім,

Қойда бағылан қозы едім,

Жылқыда шаңқан боз едім,

Базарда сұлу барша едім,

Ерінбесең жас келін

Тап өзіме бір сәлем! – дейді. Жеке адамдарды таныстырғанда, олар-

дың  қандай  адамдар  екендігін  қысқа  түрде  ғана  әзіл  ретінде  айтып 

өтеді. Қоғам әрқашанда адамгершілік нормаларынан шығып кететін 

ұнамсыз қылықтарды өткір сынап отырған. Халықтың өзара сын құ-

ралы ретінде беташар өлеңдерін де пайдаланғанын аңғаруға болады.

Өтірікшіге:



–Арғымақ мініп жемдеген,

Пайдасы жоққа ермеген,

Өз айтқаны болмаса,

Бөтенге тіпті сенбеген.

Мың жолы өтірік айтса да,

Жалғыз сөзден өлмеген,

Халайық жаман десе де, 

«Өзімдікі жөн!» – деген,

Пайда ал, – десе, үш тиын,

Сом бермесе көнбеген,


75

Бытбылдыққа бір сәлем! 

(М.Ғабдуллин. Қазақ халқының ауыз әдебиеті. 

Хрестоматия, А.,1959,33-бет).

Беташар өлеңінде айтылатын негізгі мәселенің бірі – адамгершілік, 

этика мәселелері жас келінге арналған үгіт-өсиет түрінде болып келеді. 

«Онда келіннің үй шаруасындағы міндеті, атқаратын қызметі, құлық-

мінезі, жүріс-тұрысы қандай болуы керектігі айтылады; патриархал-

дық тұрмыстың, ескі әдет-ғұрыптың салттарын бұлжытпай орындау 

шарт екендігін ескертеді» 

(М.Ғабдуллиннің кітабы, 52-бет).

 Өлеңде әйел 

баласының  қоғамдағы  ролін  төмендетіп,  консервативтік  қауымның 

мүдделерін көздейтін жақтары да кездесіп қалады. Ал негізінен ал-

ғанда, беташар өлеңдерінде халықтық пікірлер басым. Осы тұрғыдан 

келгенде, мұндай өлеңдердің кезінде тәрбие танытарлық зор маңызы 

болғандығы сөзсіз. Қазіргі үйлену тойларында айтылып жүрген бета-

шарларда ең алдымен, осы халықтық дәстүрлердің берік орын алған-

дығы байқалады.

Халқымыз  еңбек  етіп  елге  қызмет  қылған  адамдарды  әруақытта 

құрметтеп отырғандығы белгілі. Еңбек адамдары туралы халық дана-

лығы туғызған аңыз-жырлар оларды халыққа үлгі тұтады. Біздің за-

манымызда да әрбір адам өзінің еңбегімен бағаланады, сол арқылы 

құрметтеледі. «Еңбек етпеген ішіп-жемейді». Өйткені, еңбек – бұқара 

халық  үшін  аса  қымбат.  Адамзаттың  сәулетті  болашағына  тек  қана 

миллиондардың ерен еңбектері арқылы жете аламыз. Заманымыздың 

осы талабы беташар өлеңінің өне бойынан көрініп тұрғандай:

Жалқау болма, жас келін,

Салақ ұстап үйіңді...

Қор болмайсың, шырағым,

Еңбек етсең арыңмен...

Сиыр саусаң бұлақтай

Сүт теңізі ағылсын 

(«Қазақстан әйелдері», 1965,№1).

Беташар өлеңдерінде бұрыннан келе жатқан дәстүр бойынша, жас-

тарды сыпайылыққа, ізеттілікке, әдептілікке баулитын сарындар көп 

кездеседі. Бірақ, бұларды айтқанда бұрынғы «Айт келіндегідей» мо-

ральдық,  этикалық  адамгершілік  қағидаларын  бастан-аяқ  тізбелеп 

жатпайды. Игі тілек, аталық өсиет ретінде қысқа ғана қайырылады. 

Мұның өзі де орынды. Қоғам дамуымен бірге адам санасы да дамиды. 

Қазіргі жастарымыз бен бұрынғы жастардың ой дәрежесі бірдей емес. 

Қазіргі  жастар  әлдеқайда  саналы,  әр  нәрседен  хабардар.  Ал,  өткен 

кез туралы әңгіме – басқаша. Ол кезде халыққа, жастарға тәрбиелік 

жұмыс жүргізудің бірден-бір құралы халық поэзиясы болды. Әсіресе, 

жиын-тойларда жиі айтылатын салт өлеңдері зор роль атқарды.

Салт өлеңдері өзінің тәрбиелік маңызын бүгінгі күні де жоя қойған 

жоқ. Қайта, жастарымызға ұлттық тәрбие беруде – таптырмайтын құ-

рал. Үйлену тойы – әсіресе, бір-бірімен қосылған екі жасқа үлкен қуа-

нышты күн. Жас жұбайлар бұл күнгі әрбір оқиғаны, айтылған әрбір 

сөзді,  құттықтауды  тебірене,  жанымен,  тәнімен  қабылдайды.  Терең 

тебіреніспен қабылданған нәрсе адам жанында ұзақ уақыт сақталады. 




76

Әруақытта  да  психологиялық  толғаныспен  ой  сала  келген  нәрсенің 

адам жанына етер әсері күшті болмақ. Мәселеге осы тұрғыдан келген-

де, салт өлеңдерінің берер пайдасы көп. 

Қазіргі беташарларда бұл өлеңнің айтылуының негізгі мақсаты бо-

лып табылатын таныстыру жағы басымдау болып жатады. Бұрыннан 

келе жатқан дәстүр бойынша, ең алдымен, жас келінге ата-енесі та-

ныстырылады.



Кәрі жүзі нұрлана,

Көгершінім келді деп,

Баурымдағы бір бала

Бүгін екеу болды деп,

Жүрегі тек жарылмай

Жүрген шығар әрең де

Жақсы көрер жанындай

Жан-атаңа сәлем де!

Асқар ала таудайын

Ақ құшағын жая алар,

«Жас ботам» деп әрдайым

Жүрегінде аялар,

Айтқан сөзі бағалы,

Аяулы бір ана елге,

Жасаураған жанары,

Жан енеңе бір сәлем!

(С.Жиенбаев. Беташар. «Қазақ әдебиеті»,1965, 12 ақпан).

Осы ретпен келінге оның жақындары түгел таныстырылып шығады.

Қазір біздің жастарымыздың арасында үйлену тойлары жаңаша өтіп 

жүр. Осы тойға жігіттің де, қыздың да ата-аналары, туған-туыстары 

қатысады. Әрине, құдалар бір-бірін танымайды. Міне, осы құдаларды 

бір-бірімен таныстыру үшін «таныстыру» өлеңдері айтылса, нұр үсті-

не нұр болар еді.

Беташар өлеңін жеке адам орындайды. Өлең айтушы адамның қабі-

летіне қарай, өз жанынан шығарылып айтылуы да, не бұрыннан айты-

лып жүрген мәтіндерді пайдалануы да мүмкін. Қай уақытта болса да 

беташар өлеңін жеке адам орындайтындықтан да онда жеке адамның 

қуанышын, көңіл-күйін, көзқарасын білдіретін жолдар кездесіп оты-

рады.

Сыр алдырма, көмейім,

Сұңқылдап бір көрейін.

Көктемдегі өзендей,

Күмбірлеп жыр төгейін.

Домбыраны қағайын,

Даусым әлсіз демейін.

Бүгін түскен келіннің 

Бетін ашып берейін 

(«Қазақ әдебиеті»,1965, 12 ақпан).



77

Беташар өлеңдері жеті буынды жыр үлгісінде болады. Тілге жеңіл, 

айтқанда желдіртіп жырлайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   191




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет