Дерге ескерткіш орнатуымыз керек



жүктеу 10.74 Mb.
Pdf просмотр
бет18/27
Дата18.03.2017
өлшемі10.74 Mb.
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   27

Ұлағат ХАНЗАДА,

Ас

Ас

та

та

на

на

Ес

і

ті сөз бен өнегелі өлеңге сусап қалған 

жырсүйер қауым Астана төріндегі Конгресс-

Холл сарайында дүбірлеген думанды кештің 

куәсі болды. Кеңес дәуірінде кенжелеп қалған 

төл өнер

р

ім

ім

із

з

 – тер

р

ме ж

ж

ан

ан

ры

р

н қа

қ

зақпен қайта 

қауышт

шт

ыр

ыр

ға

ға

н

н

Әз

Әзір

ір

ет

ет

С

Сұл

ұл

та

та

н

н 

ме

ме

ш

шіті өткен 

жылдың қараша айында республикалық 

термешілер сайысын өткізген еді.

Манс


ұр

 Х

ұр



АМИТ (

о

фото



)

)

ф



Манс

ұр Х


ұр Х

ұр

ұ



АМИТ

А

 (



фото

)

ф



№21 (932) 

12.02.2013 жыл, 

сейсенбі


www.alashainasy.kz

6

e-mail: info@alashainasy.kz

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АҚПАРАТТЫҚ ГАЗЕТ

Алаш айнасы

– Ассалаумағалейкүм, Нұртай 

мырза! Осы жақында ғана Елба-

сы 

ның Жолдауын насихат 

тау, 

оны халыққа түсіндіру мақ саты-

мен ай мақтарды аралап келді-

ңіздер. Әңгімені осыдан баста сақ.

 – Біз, Парламент Мәжілісінің депу-

таттары, жақында өңірлерге шығып, 

халықпен кездесулер өткізіп, аймақтар-

дағы орын алып отырған мәселелерді 

біліп, болашақта атқарылатын жұмыс-

тар туралы халықты хабардар еттік. 

Өңірлерге шығудағы басты мақсат 

Елбасымыздың желтоқсандағы халық-

қа Жолдауын, яғни 2050 жылға дейінгі 

Қазақстанның даму страте 

гиясын 


түсіндіріп, осы стратегиядан туын-

дайтын мәселелерді шешу, тапсыр-

маларды орындау және қандай 

заңдарды қабылдап, жүзеге асыруы-

мыз керек деген сияқты сауалдарға 

жауап іздеу болатын.



– Қай аймақтарда болды-

ңыздар?

– «Нұр Отан» партиясының мүшесі 

Төлеген Ибраев екеуміз Шығыс Қазақ-

стан облысының Өскемен қаласында, 

Аягөз, Жарма, Үржар, Көкпекті, Ұлан 

аудандары 

ның елді мекендерінде 

болып, халықпен ашық кездесулер 

өткізіп, ондағы халықтың ой-пікірлерін 

біліп, қордаланып қалған мәселе-

лермен бөлісіп қайттық. 

– Қандай мәселелер қорда-

ланып қалған екен?

– Қазіргі таңда көптеген жерлерде 

ауызсу мәселесі халықты қатты толған-

дырып отыр. Сосын құрылысы аяқтал-

май жатқан мектептер жайында көп-

теген сұрақтар қойылды. Қазіргі қыс 

кезіндегі бір ауыл мен екінші ауыл 

арасында жол ашу мәселелері, тұрғын 

үйге мұқтаж азаматтарды баспанамен 

қамтамасыз ету, жұмыссыздық, кәсіп-

керлікке қолдауға беріліп жатқан 

шағын несиенің көлемін көбейту, 

жалпы, ауыл шаруашылығын дамыту 

туралы көптеген мәселелер туындады. 



–   Ж о л д а у д ы ң   а у ы л -

аймақтағы тіршілікпен үндес 

келетін тарау 

ларына қатысты 

және оның іске асуына бағыт 

болатындай, сол өзіңіз аралаған 

аймақтың тірші лігінен бір нақты 

мысалдармен айтып беруге бола 

ма?

 – Елбасымыз өз Жолдауында елдегі 

ауылшаруашылық және ауыл шаруа-

шылық өнеркәсібі кешенін дамытудың 

2020 жылға дейінгі бағдарламасын 

жасауды және оны жүзеге асыруды 

тапсырған болатын. Қазір осы бағытта 

көптеген іс-шаралар атқары лып жатыр. 

Дегенмен көптеген жерлерде жұмыс 

істейін десе, көбінің несие алуға қолы 

жетпей жатады. Бұл мәселе «Жұмыс пен 

қамту» бағдарламасында қарас-

тырылған, ауылдық кәсіпкерлікті 

қолдауға мемлекет шағын несие 

береді. Бірақ ол барлық жерге жетпейді 

және жұмыс істеп жатқан, сонымен 

қатар жұмыссыз жүрген азаматтарды 

оқытамыз, мамандық алып береміз, 

бірақ ары қарай жұмыс табуға келгенде 

кедергілер бар. Сондықтан осы жағына 

тыңғылықты құжаттар әзірледік. Бола-

шақта осы жағы нақтыланса деген 

ұсыныстар қарас тырылуда.

  – Өткен жылы Елбасымыз 



облыс әкімдеріне денсаулық са-

ла сы мен білім саласына қатысты 

сын айтты. Мысалы, қағаз-

бастылық туралы. Одан бері, 

міне, біршама уақыт өтті. Сол 

сыннан шығарылған қорытын-

дыны байқадыңыз ба?

– Ол сыннан қорытынды шығару 

әкімдердің міндеті деп ойлаймын. Елді 

мекендерді аралағанда, әсіресе 

шалғай аудандардан осындай көптеген 

мәселелер болып жатқанын көзімізбен 

көріп қайттық. Мысалы, дәрігерге ке-

леді, кезекке тұрады, құжат тол тырады, 

оны  Астанаға жібереді, бағдар ла ма-

сына енгізеді, одан қайта жауап күтеді, 

ол бірталай уақытты алады. Тағы бір 

айта кететін жайт, денсаулық объек-

тілерін салуға, мектептерді са 

луға 


мемлекеттен дер кезінде ақша бөлінеді, 

жоба жаса 

лынады, бірақ мер-

дігерлердің нем 

құрайдылығына, 

жауапсыздығына байланысты ол 

нысандар бітпей жатады. Көп жерлерде 

сол нысандарды бітіру үшін бір-бірін 

құқық қорғау органдарына беріп 

жатқандары бар. Бірақ одан нәтиже 

жоқ. Ол жерде кім қалай ақша алады 

және кім қалай жұмыс істейтіні белгілі. 

Сондықтан көзбояушылыққа салмауы-

мыз керек. Бұл жерде нақты заңдық 

тұрғыда тәртіп орнатып, екінші 

қайталанбауын қарас 

тырған абзал. 

Мұндай жағдайлар елді мекендерде 

көптеп кездеседі. 

– Елге барып, көптеген сұрақ-

жауаптар алу барысында заң-

дардың қаралуын, қайтадан 

түзетуін немесе қайта қабыл-

дануына байланысты қандай 

ұсыныстар алып келдіңіз?

– Ұсыныстарды халық арасынан 

көптеп кездестірдім. Қазір «Нұр Отан» 

пар тиясы Елбасының Жолдауын жүзеге 

асыру мақсатында іс-шаралар қабыл-

дап, оны партияның парламенттік 

фракциясы жүзеге асырып жатыр. Яғни 

Парламент Қазақстанда заң шығарып, 

жүзеге асы ратын ең жоғарғы өкілді 

орган болған 

дықтан, біздің басты 

жұмысымыз – халыққа адал жұмыс 

істеп, жақсы заңдар шығару. Парла-

ментте мемлекеттік қыз меттер көрсету 

туралы заң бірінші оқылымда қабыл-

данып, екінші оқылымға дайын далып 

жатыр. Бұл мемлекеттің халыққа көр-

сететін қызметтерінің сапа сын, көлемін 

арттырады. Мысалы, жергілікті жер-

лерде саябақ салынуға немесе көше 

жөндеуге ақша бөлінеді. Бірақ оны 

қарапайым жұртшылық біле бермейді. 

Әкімдер «мынаған 80 миллион теңге 

бөлінді, осыны игердік» дейді, бірақ 

сол 80 миллион теңгеге одан екі есе 

артық жұмыс атқаруға болады. Сон-

дықтан да болашақта өзіме түйіндеп 

қайтқаным, бюджет кодексін қайта 

қарап, бюджет ақшасын тиімді пайда-

лану үшін бюджет үдерісіне 

қатысушылардың жауапкер 

шілігін 


арттыруды қарастыру керек. Соны мен 

бірге, мысалы, жергілікті бюджет-

тегілерге жиналатын қаражат тың көзін 

көбейту мәселесі. Көп аудан дар облыс-

тан алады, ал облысты республикалық 

бюд 


жет қамтамасыз етеді. Респуб-

ликалық бюджет халықтың салығынан 

жиналған дықтан, болашақ та осы жағы 

реттілікті қажет етеді және денсаулық 

сақтау, білім саласына, оның ішінде 

Бірыңғай тестілеу дің артықшылықтары, 

халыққа қызмет көрсету саласындағы 

көптеген мәселе лер айтылды. Оны біз 

заңдарымызды талқы 

лаған кезде 

ұсыныс жасап, оны шешуге тырысамыз. 

– Оның нәтижесі болашақта 

кө рінеді дейсіз ғой...

 – Оның міндетті түрде нәтижелері 

болады, өйткені біз барған сайын көп-

теген ұсыныстармен танысып, сол 

арқылы заңдарымызды халыққа 

жақын етіп қабылдап жатырмыз. 



– Нұртай мырза, бізге хабар-

ласқан тыңдаушымыз ауылша-

руа 

шылығын қолдауға байла-

ныс ты несие алып, үлкен көлемде 

астық, дәнді дақыл сепкен екен. 

Бірақ құрғақ шылық болып, екі 

жыл қатарынан өнім ала алмаған. 

Ол үлкен шығынға ұшырап, қа-

рыз ға белшесінен батқан деуге 

болады. Сізге қойылар сұрақ: 

табиғи апат, ауа райының түрлі 

кедер гілері заңда қарастырылған 

ба?

– Бұл несие беруші мен несие 

алушының ортасындағы шартта қарас-

тырылады. Ол заң бойынша  реттеледі, 

егер де осындай табиғи жағдайлар, 

құр ғақ шылық немесе тағы да басқадай 

кедергілер болып жатса, онда несие 

алушы несие берушіге барып акт 

жасайды. Кәсіп иесіне тиісті органдар 

анықтама беріп, сол арқылы несиені 

қайтаруды шегеру немесе басқалай 

жол қарас 

ты 

рылады. Бұл – заңда 



реттелген мәсе ле. 

– Кәсіподақ туралы заң қанша-

лықты күшінде?

– Елбасымыз кәсіподақтар туралы 

заң қабылдауды тапсырған болатын. 

Бұл заңды қабылдау биыл жүзеге 

асырылады. Яғни ол заңда кәсіподақтар 

жұмыс шылардың құқықтарын қорғауы 

көздел ген. Қоғамда кәсіподақтардың 

рөлін күшейтіп, санын арттыруымыз 

қажет. Мысалы, мамандықтары бірдей 

бола тұ ра, өзіміздің жұмысшылар мен 

басқа шетелден келетін жұмысшылар 

арасын 


дағы жалақының айырма-

шылықтары, ұжымдардың ортасында 

болатын даулар т.б. мәселелер қарас-

тырылуы керек. Конс титуция бойынша 

бәрінің заң алдында құқықтары бірдей. 

Сондықтан осыны жүзеге асыру – 

кәсіподақтардың басты міндеті. Жұмыс 

беруші мен жұмысшылар ортасындағы 

келісімшартты жүргізіп, құқығын қор-

ғайтындар екеуінің ортасын 

дағы 

дәнекер болуы керек. Сонда ғана бізде 



жұмысшылардың жұмысқа деген 

ынтасы артады, еңбегін толық өндіріп 

алады.

– Қарапайым халық өз ұсы-

ныс тарын депутаттарға хат арқы-

лы білдіріп жатса, жауабын тиісті 

дең гейде ала ала ма? Мәселен, 

кейбір аймақтарда «депутат-

тардың ел аралап жүргенін 

естідік, бірақ кез десе алма дық» 

деп, Алматыдан хабарласқан 

тыңдау шыларымыз  бар.

 – Депутаттар өңірлерге барғанда 

азаматтарды «Нұр Отан» партиясының 

филиалдарында қабылдайды. Сол 

кезде келуге болады. Сонымен бірге 

біздің кездесулеріміз өңірде ашық 

түрде өтеді және әр өңірде, мысалы 

Алматы,  Астана қалаларында, облыс 

орталықтарында «Нұр Отан» партия-

сының және облыс аудандарында пар-

тияның филиалы бар. Соларға барып, 

«міне, осы хатымызды мына депутатқа 

жеткізіп беріңіз» немесе пошта арқылы 

хат жіберіп, депутатқа жауап бер десе, 

депутат оған толық жауап беруге мін-

детті. Ал мен өз атыма келген хаттардың 

барлығына уақы тында жауап беруге 

тырысамын. Әртүрлі мәселелер бар. 

Депутат бәрін шешіп тастайды деп айта 

алмаймын. Ол шындыққа жанаспайды 

да. Біздің басты жұмысымыз – 

халықтың мәсе 

лесімен қатар, оны 

шешуге байланысты заң шығару. 

Көптеген сұрақтар жер гілікті атқарушы 

органның құзырын дағы мәселелерді 

қояды. Мысалы, әкімдердің істелмей 

жатқан жұмыс тары, тұрғын үйге, жерге 

байланысты. Бұлар жергілікті әкім-

дердің тікелей өзі шешетін мәселе 

немесе құқық қорғау органдарына 

байланысты нәрселер. Біз, әрине, 

оларды тиісінше Үкіметке, мемлекеттік 

органдарға жіберіп, азаматтарға жауап 

беруге міндеттіміз. Сондықтан да хат 

жазыңыздар, біз жауап береміз. 



– Демек, хат белгілі бір депу-

таттың атына жазылуы керек, 

жалпы жазуға болмайды ғой?

– Бізде хаттың қалай жазылуына 

байланысты заң бар. Хат жазғанда 

«Астана қаласы Парламент үйі» деп 

белгілі бір депутаттың аты көрсетілуі 

керек. Сонымен қатар хат жазған адам 

өзінің аты-жөнін, мекенжайын көрсетуі 

керек. Егер де бұлай жазылмаса, онда 

заң бойынша хаттарға жауап беріл-

мейді. Сондықтан жазылған мәселені 

қысқаша, нақты жинақтап, ары кетсе 

бір, бір жарым бетке сыйғызу керек. 

Кейде бізге бес, алты, жеті беттік хаттар 

келеді. Сонда жетінші бетте ғана 

мәселесі туралы айтылады. Сондықтан 

хат жазудың мәдениетін ескеріп, заңда 

көрсетілгендей, біреудің ар-намысына, 

қадір-қасиетіне нұқсан келтірмеуді 

ойлауымыз керек.

 – Өңірлердегі орыс-қазақ 

тілінде білім беретін аралас мек-

тептерде қазақ тілінің деңгейі 

қандай екен?

 – Қазір аралас мектептермен 

қатар, қаладағы қазақ мектептерінде 

де балалар орысша сөйлеп жүргенін 

көріп жүрміз. Сондықтан да бұл мә-

селені болашақта түбегейлі шешуіміз 

керек. Содан кейін ол әр ата-ананың 

өзіне де байланысты болады. Бізде осы 

жағынан немқұрай дылық болып жа-

тады. Бұрынғы кеңестік менталитетті 

жойып, өзіміздің ұлттық менталитетті 

арттыруымыз керек. Сонда ғана біз 

намысшыл, Отанын қорғай алатын, 

осы елдің болашағы болатын аза-

маттарды тәрбиелей аламыз. 

– Өзіңіз аралап қайтқан ай-

мақ 

тардан «Шағын қалаларды 

дамыту» туралы қандай ой 

түйдіңіз?

 – Шекаралық аймақтарға барған 

кезде Мақаншы ауылында болдық. Сол 

кезде бұрынғы Мақаншы ауданын 

қайта қалыпқа келтірсе деген ұсыныс 

айтылды. Елбасымыз өз Жолдауында 

шекарамен шектес аудандар туралы 

шаралар қабылдауды тапсырған 

болатын. Осыған байланысты біз де 

қазір ұсыныс жасап отырмыз. Көптеген 

шекаралық, бұрын таратылып келген 

аудандарды әлеуметтік экономикалық 

жағдайын жақсартуға тиісінше қаржы 

бөліп, ондағы көптеген шешілмей, 

қордаланып жатқан мәселе лерді шешу 

туралы, сонымен бірге Ел басымыз өз 

Жолдауында «Шағын қалаларды 

дамыту» бағдарламасын жасауды 

тапсырған болатын. Бұл да үлкен 

мәселе. Салалық қалалар туралы 

бағдарлама жасалды, оған 27 қала 

кіргізілді. Қалған қалалар кірмей 

қалды. Мысалы, Шығыс Қазақстан 

облысында Зайсан, Аягөз, Шар деген 

қалалар бар. Жергілікті халық осы 

өңірлерді «Шағын қалаларды дамыту» 

бағдарламасына енгізсе деген ұсы-

ныстар айтты. Тек осы облыс қана емес, 

басқа да облыстарда мұндай мәселелер 

бар. Сондықтан біз қауіпсіздігімізді 

нығайтқымыз келетін болса, сол 

шекара аймағына қаражатты тиісінше 

бөлуіміз керек. Ауылдар көшіп, мек-

тептер жабылып, шекара аймағында 

халық азайып бара жатыр. Мысалы, 

бір Шығыс Қазақстан облысында үш 

жылдың ішінде 60-тан аса мектеп 

жабылып, 48 мектептің мәртебесі 

өзгертіліпті. Мұндай мәселелерді шешу 

кезінде халықтың пікірін ескеруіміз 

керек. 

– Нұреке, мәселелер шешу 

барысында «халықтың пікірін 

ескеруіміз» керек деген ойы-

ңызды сұхбатымыздың қорытын-

ды сөзі деп есептеп, хабарымызды 

аяқ тайық. Уақыт бөліп келгені-

ңізге көп рақмет.

АЛАШ АЗАМАТЫ



«Алаш айнасы» газетi мен Қазақ радиосының бiрлескен жобасы 

«Айтөбел» хабарының жазбаша нұсқасы 

Авторы: Едiл АНЫҚБАЙ

Хабардың тiкелей толқындағы уақыты: 101 ҒМ, сәрсенбі күні сағат 14:05-15:00

АЙТӨБЕЛ-ДАТ!



Нұртай САБИЛЬЯНОВ, 

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» ХДП парламенттік 

фракциясының мүшесі:

Қауіпсіздігімізді 

нығайту үшін шекара 

аймағына қаражат 

бөлуіміз керек

Дәріге сараптама жүргізетін 

орталықтар бар ма?

Рұқсат алу үшін қандай 

құжаттар қажет?

Өндіріске жаңа технология сатып әкелдік. Техникалық 

қондырғыларды орналастыру үшін Төтенше жағдайлар 

министрлігінен рұқсат алу керек екен. Оған қандай құжаттар қажет, 

рұқсат алу ақылы ма?

 

   

Қанат 

ТӨЛЕГЕНОВ, 

Астана қаласы

Дәрі-дәрмекке сараптама жасайтын орталықтардың мекенжайын берсеңіздер екен. 

  

 

Нұржан 

ҚАЗИЕВ, 

Алматы облысы

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мамандарының 

мәліметінше, Алматыда «Дәрілік құралдарды

медициналық мақсаттағы бұйымдарды және 

медицина техникасын сараптау ұлттық орталығы» 

шаруашылық жүргізуге құқықты республикалық 

мемлекеттік кәсіпорын бар. Ол Абылай хан 

даңғылы, 63-үйде орналасқан. Тел.: 8 (727) 273-

16-72). Орталық сынақтық, фармакопеялық және 

фармакологиялық үш бөлімнен тұрады. Көрсететін 

қызметтері: дәрі-дәрмекті және медициналық 

құралдарды мемлекеттік тіркеуге алу кезінде 

сарапшылық жұмыс жүргізу, дәрі-дәрмек пен 

медициналық құралдың талапқа сәйкестігін 

мақұлдау, дәрі-дәрмек айналымы саласына 

қатысты нормативтік акт жасау, жарнама 

материалдарына сараптама жасау. Астанада 

кәсіпорынның филиалы Желтоқсан көшесі, 29-үйде 

орналасқан. Тел.: 8 (7172) 31-88-83). Бұған қоса, 

«Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы 

аясында Астана, Ақтөбе, Қостанай, Тараз, Шымкент, 

Петропавл қалаларында дәрі-дәрмекті сынақтан 

өткізетін зертханалар жасақталмақ.

Технологиялар, техникалық құрыл-

ғылар мен материалдарды қолдануға 

ҚР Төтенше жағдайлар министр-

лігінің рұқсатын алу үшін Астана қа-

ласы Орынбор көшесі, 8-үй, 

730-кабинетке жолығу керек. Қажет 

құжаттар: технологияның немесе 

техникалық құралдар туралы ақпараты 

бар өтініш, техникалық құралдар 

туралы сарапшылардың қорытын-

дысы, өндіріс орнының құжаттары. 

Рұқсат беру тегін. Құжаттар жұмыс 

күндері сағат 09:00-ден 16:00-ге 

дейін қабылданады.

АЛАШ-АҚПАРАТ



Еркеғали 

елімен жүздесті

Концертті Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген 

әртісі, профессор Кенжеғали Мыржықбай жүргізді. Сөз 

арасында Ерке ғали ағамыздың өмірінен сыр шертетін біраз 

деректер де айтылды: «1948 жылдың маусым айында 

концерттік ансамбльмен Ахмет Жұбанов, Нұрғиса 

Тілендиев, Бекен Жылысбаев және баянда ойнайтын Кон-

с 

тантин Ошлаковтар ауылға келеді. Олардың ойында 



Балқаш маңындағы ауылдарға өнер көрсетумен қатар, 

П.И.Чай  ковс кий атындағы училищеге дарынды жасөс-

пірімдерді таңдап алу да мақсаты тұрыпты. Жоғары 

сыныптардың оқушы ларын тыңдап, сынаған комиссия 

мүшелері олардың ішінен Еркеғалимен қоса есептегенде 

төртеуін таңдап алды» деп, өнер жолына қалай түскенін 

баяндай келе, оның алғашқы жетістіктерін де айтып өтті.

«1957 жылы Еркеғали Рахмадиев өзі нің дипломдық 

жұмысы ретінде мем 

лекеттік емтихан комиссиясының 

алдына «Қамар сұлу» операсының бірінші бөлімін ұсынды. 

Оның ұстазы Е.Брусиловский келешек Қазақстанның 

көрнекті ком позиторы болатындығын таныған-ды. Осы 

бағытта білімін дамыта түсу үшін Еркеғали Рахмадиев 

П.И.Чайковский атын дағы Одақ астанасындағы консер-

ваторияда бір жылдық тәрбие алуға барады. 1962 жылы 

Мәскеуде жас ком 

позиторлар конкурсында Еркеғали 

Рахмадиевтің «Бал қаштағы кеш» атты хорға арналған 

поэмасы бірінші дәрежедегі дипломмен бағаланды».

Шара барысында концертмейстер, мә дениет қайраткері 

Елена Сахноның сүйе мелдеуімен ҚР еңбек сіңірген әртісі 

Ғалия Байғазинова, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Азамат 

Жылтыркөзов, Сүндет Байғозин, халықаралық конкурс 

лауреаттары Роза Нүркей, Бейімбет Таңарықовтың орын-

дауында автордың ария және ән ро манстары орындалды.



77 жастағы қария 

қасқыр соғып алды

Ақжайық 

ауданы 

Қарауылтөбе 

ауылының 

тұрғыны, 

77 жастағы 

қария 

Ізімғали 

Жүсіпов 

қорасынан 

қасқыр соғып алды.

Биыл Орал өңіріне қар қалың түскендіктен,түз тағылары 

маңайдағы елді мекендерге тыным бермеген еді. Оңай 

олжа іздеп, қорадағы тоқты-торпақты тартып кетіп жүрген 

сондай аш қасқырдың бірі бірнеше күн бойы ауыл маңын 

торуылдаған. Шетке шыққан ит атаулыны жарып тастап 

отырған. Тіпті қараңғы түнді пайдаланып, көшеде емін-

еркін жүрген. «Абырой болғанда, алдынан адам кез-

деспегеніне шүкір» дейді ауылдықтар. Ақыры болмағасын 

бір топ жігіт қолға қару алады. Бірақ ауылға тым жақын 

жүрген қасқырды атуға батпапты. Қаңғыған оқ біреуді 

жазатайым жазым етпеуі үшін атпаса керек.  

Ауылға әбден бой үйреткен қасқыр енді күндіз 

шабуылға шығыпты. Малына  шөп салуға барған Ізімғали 

ақсақал мен бөрінің бетпе-бет айқасы тура қораның ішінде 

болған. «Қозыға қарай жер бауырлап жылжып келе жатқан 

жыртқышты көрген бойда іргеде тұрған айырды жұлып 

алып, қасқырдың жон арқа тұсынан құлаштай ұрдым. 

Артынша айырды бар күшіммен қасқырға қадап, өлтірдім», 

– дейді ақсақал.

Қария соққан қасқырдың денесі зертханаға жіберілді. 


Каталог: userdata -> editions -> pdf
pdf -> Менің ойымша, баланы 18 жастан бас тап әскерге беріп, оның обалына қалып
pdf -> Әзірейіл емес едік…
pdf -> Заңдармен қорғалатынын білуі керек
pdf -> Дат! 6-б етте Раушан айтжанова
pdf -> Республикалық қоғамдық-саяси ақпараттық газет
pdf -> Айтөбел-дат! 6-б етте Кеңес аухадиев
pdf -> Халал мәселесі тұрғысынан қарасақ, біз харам жануарлардың генін пайдала
pdf -> Кеше елорданың Конгресс-холл са- райында жиналған ұстаз дар қауымын
pdf -> Республикалық қоғамдық-саяси ақпараттық газет ИӘ
pdf -> «Қазгидромет» қызметі толық тай тегін болуы керек. Ауа райы өз


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   27


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет