Дәріс №1. Кіріспе. Генетика пәні,оның маңызымен, мақсаты мен міндеттері



бет1/39
Дата28.04.2023
өлшемі398,48 Kb.
#88078
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   39



Дәріс жинағы
Ауыл шаруашылығы жануарлар генетикасы


Шымкент 2023


Дәріс №1.Кіріспе.Генетика пәні,оның маңызымен, мақсаты мен міндеттері
Дәріс жоспары:


1) Генетика пәні, мақсаты мен міндеттері, оны зерттеу әдістері.
2)Генетиканың қалыптасуы мен даму кезеңдері.
3) Тұқым қуалаушылық, өзгергіштік, олардың түрлері.
4)Генетиканың заманауи дамуы және халық шаруашылығындағы маңызы.


Генетика – организмдердiң тұқым қуалаушылық және өзгергiштiкқасиеттерiн зерттейтiн ғылым. Тұқым қуалаушылық дегенiмiз организмдердiң өз белгiлерiн немесе қасиеттерiн және даму ерекшелiктерiн келесi ұрпаққа беру қабiлеттiлiгi.
Өзгергiштiк деп ата-аналық форма мен ұрпақтар белгiлерi арасында
айырмашылықтардың пайда болуын түсiнедi.Организмнiң осы екi басты қасиетiн клетка (жасуша) ядросының хромосомаларында орналасқан гендер қамтамасыз етедi.
Гибридологиялық әдiс. Бұл әдiстiң негізін Г. Мендель қалады. Организмнiң белгiлерiнiң тұқым қуалауын зерттеу оларды бiр-бiрiмен будандастырып, алынған бiрiншi, екiншi және келесi ұрпақтарды талдау арқылы жүргiзiледi. Гибридологиялық талдау мал генетикасында негiзгi әдiс болып саналады және оның нәтижелерi ветеринариялық генетика үшiн мәндi болып саналады.
Генеалогиялық талдау бiр-бiрiмен туыстық байланысы бар даралар тобына шежiре құрастырып, белгiнiң тұқым қуалауын бiрнеше ұрпақта бақылайды. Бұл әдiс адам белгiлерiнiң тұқым қуалау заңдылықтарын зерттеуде жиi қолданылады.
Цитогенетикалық талдау хромосоманы зерттеуге негiзделген. Олардың саны, құрылысы, ұзындығы, құрылымы және қызметi зерттеледi. Әдiстiң көмегiмен хромосома құрылысының және санының өзгеруi салдарынан малда әр түрлi генетикалық аурулар дамитыны анықталады.
Биохимиялық әдiс – геннің өзін тікелей зерттейтін генетиканың жаңа әдiсi. ДНҚ-ның нәзiк құрылымы мен қызметi талданады.
Популяциялық талдауда белгiнiң тұқым қуалауы мен өзгергiштiгiн зерттеу мал тобында жүргiзiледi. Әдiс негiзiнен математиканы қолдануды тiрек етедi.
Генетиканың мал шаруашылығы үшін мақсаты болып олардың селекциялық белгілерінің тұқым қуалау типтерiн, өзгеру заңдылықтарын және популяцияда таралуын зерттеу және генетикалық мониторинг қызметiн жүргiзу саналады.
Материялық тұрғыдан ген деп ДНҚ (дезоксирибонуклеин қышқылы) бөлігін түсінеді. ДНҚ-сы бар клетканың кез келген құрылымы тұқым қуалаушылық қасиетке ие болады. Ген негізінен ядрода хромосомада орналасқан (95 %-дан астам), олар ядролық тұқым қуалаушылықты сипаттайды. ДНҚ аз да болса цитоплазма құрылымдарында орналасқан (5 %-ға жуық), олар цитоплазмалық тұқым қуалаушылықты сипаттайды. Ядро хромосомаларындағы (п) ДНҚ жиыны геном деп, цитоплазмадағы – плазмон деп аталады.
Интерфазалық клетка ядросында ядро шырыны, ядрошық және хроматиндер болады. Хроматин дегенiмiз интерфазалық ядродағы хромосоманың тарқатылған (деспиралданған) күйi. Клетка бөлiнуiнiң келесi сатыларында хроматиннен қалыптасқан хромосома (жiпшелерi ширатылған – спиралданған) түзiледi.
Клетканың цитоплазмалық элементтерi – митохондриялар, пластидтер (жасыл өсiмдiктерде), және центриольдар – орналасқан гендер митоз және мейоз айналымдарынан өтпейдi және олардың тұқым қуалауында ядролық тұқым қуалауға тән мендельдiк ажыраулар сақталмайды. Центриольдар ядро маңында орналасады, олардың арасында шүйке жiпшелерi түзiліп, хромосомалар клетканың полюстерiне қарай ажырайды. Митохондрияның негiзгi атқаратын қызметi аденозинтрифосфор қышқылын АТФ синтездеу, сондықтан, олар клетканың негiзгi энергия көзi болып саналады. Зигота цитоплазмалық генетикалық элементтердi анасынан алады, сондықтан генетикада аналық тұқым қуалаушылық терминiн ажыратады. Ал, центриольдарды зигота аталық спермасынан алады. Бактерияда цитоплазма жоқ, ал оның хромосомадан тыс бөлiкте орналасқан гендік элементтері плазмида деп аталады.
Геном  Xромосомалар  Гендер
(ядроның генетикалық
Клетканың элементтері)
барлық ге-
н етикалық Пластидтер  Пластогендер
материалы Плазмон Митохондриялар  Хондриогендер
(цитоплазманың- Кинетосомалар  Кинетогендер
генет.элем.) Центриольдар  Центриогендер




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет