Дәріс 1 Пәнге кіріспе, пәннің мақсаты мен міндеттері Пәннің қысқаша сипаттамасы



бет12/32
Дата16.06.2022
өлшемі1,53 Mb.
#36939
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   32
СкульптураЕжелгі патшалық өнеріндемүсіндеу өнері айрықша рөл атқарды. Жерлеу шіркеулері және мүсіндер табытында портреттікай ырмашылықтарменерекшеленді. Египет жерінде салынған ғибадат ханалардың алдында сфинкстер тұрғы зылды. Тастан қашалып жасалған сфинк стердің денесі арыстан, ал басы адам бейнесінде болды. Оның ұзындығы 57 м, ал биіктігі – 20 м жетті. Сфинкс – Еги пет әміршісінің құдіреті мен күшінің оның даналығы мен жұмбақтылығының жаршысы болды. Арыстанды адамның басымен бейнелеу – бұл адам басымен, жануар денесімен басқа египеттік құдайларға толықтай қарамақайшылықты көрсетті. Сфинкстің беткелбеті Хефрен ның портреттік кескінін еске түсіреді. Оның жұмбақ көзқарасы мәңгілікке ұмтылған. Мұндай пирамиданы салу үшін тек адамдар ғана емес уақыт та еңбек етті. Сфинкстің мұрны көптеген мыңжылдықтар ішінде сақталмады, бірақ соған қарамастан, оның бейнесі алып та ұлы. Ол патшалық биліктің ақылгөйлігі мен таңғажайыптылығын бейнелейді.
Таришылар Сфинкстың бастапқы бейнесі әлдеқайда басқаша болды дейді: онда киелі жылан киген патшаның бас киімі және созылған сақалы болған, ол да жоғары билік иесін білдіреді. Бас киім мен сақалы көк және алтын түсті жолақтармен боялған, денесі мен беті кірпіш секілді қызыл түсті болып келген. Мүмкін, Сфинкс алдында шағын көл болғанда шығар. Египеттік мүсіндер канон заңдылығына сүйеніп орындалды. Адамдар бейнесі өте қарапайым бейнеленді. Тік тұрған, қырынан отырған адамдар мүсін делді. Тік тұрған мүсіндер үшін мына кескінкелбеттер тән: сымбаты тік тұр, бұлшық еттері ширыққан, бас жоғары кө терілген. Сол аяғы бір қадам алға жасайды, қолдары бос және денеге жақындатылған, бетінің жеке нақыштары жоқ. Мұндай мүсіндеу қарсы беттік қабылдауға есеп телген. Мәселен,алдына тәкаппарлықпен қарап тұрған ақсүйек Ранофердің мүсіні, осы канон заңдылығымен орындалған.
Сфинкс. Гиза
Кеуделерімен жапсырылған немесе тізерлеп қолында жатқан бейнелердегі отырған мүсіндер, симметрия мен тепетеңдік қағидаттарымен жасалған. Олар ішкі шиеленіске толы, Хефрен фа раоны билігіне ұқсас (б.з.д. 3мыңжыл дықтың бірінші жартысы), қанаттарын жайған, сұңқар – Гордың күзетімен тәкап пар ұлылықта қатып қалған мүсіндер. Осындай түрдегі мүсін өнерінің тағы бір үлгісі Саккарадағы табыттан табылған, аяғын айқыштап және папирустың түтікшесін тізесіне қойып отырған жазушы Каидың мүсіні болып та былады. Мүсін әктастан жасалған және боялған,көзіәшекейленген.Байсал ды, жазушының ойланған назары алға және көрерменнен жоғарыұмтылған. Ағаштан жасалған «Ауыл староста сы» мүсіні портреттік сипаттамасының дәлдігімен таңқалдырады. Ол Ұлы абыз атымен танымал Каапера ірі шенеунікті көрсетеді. Оның бетбейнесі байсалды адамгершілікте орындалған. Көздері кварцтан, қабақтары – мыстан жасалған. Статуя інжір ағашының боялған бірне ше кесектерінен құрастырылған. Статуя ның атауын XIX ғ. аяғында тауып алған ауыл шаруалары қойды, өйткені ол ауылдық старостаға қатты ұқсас болған еді.
Осы кезеңде б.з.д. ІІІ мыңжылдықта қос портретті мүсін Рахотеп пен оның жары Нофрет мүсіндері пайда болды. Ол өте жақсы сақталған. Статуя әк тастың екі алуан түрлі блоктарынан жапсырылған, бірақ бірыңғай ансамбль түрінде ойластырып құрылды. Олар да мәңгілікке ілесу құпиясы жеткізіл ген. Ықшамды образдар арқаларын тік ұстап, куб формалы тас орындықта оты рған оларды тек ара қашықтықтығы ғана емес, сондайақ олардың алға қараған көздерінің бағыты да бөліп тұр. Екі ста туя да боялған. Дәстүр бойынша Рахоте паның денесі қызғылтқоңыр түспен, ал Нофрет — ашықсары түспен боялған. Патшайым ақ жабысып тұрған киімде және қысқа қара парикте. Мойнында әртүрлі түсті алқасы бар. Рельефтер және жазбалар. Көне Египет өнерінде ғибадатхана мен ма зарлардыңқабырғаларындажазылған рельефтер мен жазбалар айрықша рөл атқарды. Олардың белгіленуі көмбелі билеушінің құдіреттілігін әйгілілеу ни етімен және оған о дүниелік өмірде есіркеуді қамтамасыз етумен айқындалды. Рельефтер мен жазбалардағы бейнелер канон заңдылықтарына бағынды.

ЕЖЕЛГІ РИМ ӨНЕРІ


12 ғасырдан астам уақыт бойы өмір сүрген ежелгі римдіктердің өрке ниеті әлемге өнердің ең ұлы туынды ларын әкелді.Ежелгі Рим деп ежелгі дәуірдің Рим қаласы ғана емес, сондайақ Британ аралдарынан Египетке дейінгі оның барлық жаулап алған елдер мен халықтарын білдіреді. Римнің тарихы екі кезеңге бөлінеді. Біріншісі — республика дәуірі — б.э.д. VI ғ. бастап I ғ. ортасына дейінгі уақытты қамтиды. Екінші кезең — императорлық — Октавиан Августтың басшылығымен басталды (б.э.д. 31 ж. — б.э.д. 14 ж.), дара биліккеөтті,жәнеб.э.д.IVғ. дейін жалғасты. Римдіктерді грек мәдениетімен таныстыру үшін Грекиядан шығарылған суреттер мен мүсіндердің маңызы үлкен болды. Рим суретшілері грек дәстүрлерін жалғастырып, грек бейнелерін қайта жаңғыртуға тырысты және көшірді. «Гре ция, взятая в плен, победителей диких пленила», — деді римдік ақын Гораций. Көне римдік өркениет әлемге көптеген жетістіктер әкелді: керемет жоспар ланған қалалар, тас төселген жолдар, керемет көпірлер, терм ғимараттары және т.б. Алайда римдіктер ежелгі грек тер сияқты өнерге соншалықты қызығушылық танытпады. Римдіктерде көбінесе әскери ерлік пен батырлық бағаланды. Ежелгі гректерге қараған да, римдіктерде мифология кең дамымаған. Олар құдайлардың өмірімен емес, тарихи әдебиеттерде көрініс тапқан шынайы әскери жеңістерімен және жа улап алуымен айналысты. Рим өнерінің жетістіктерінің бірі мүсіндік портрет болды, ол сыртқы ерекшеліктерді де, адамның ішкі әлемін дәл жеткізді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет