Детективті хикаят Алматы, 2021


Сүлеймен  терең  күрсiндi.  Дегенмен,  Сүлеймен  қандай



Pdf көрінісі
бет221/265
Дата01.04.2022
өлшемі3 Mb.
#29523
1   ...   217   218   219   220   221   222   223   224   ...   265
Сүлеймен  терең  күрсiндi.  Дегенмен,  Сүлеймен  қандай 

қиындықтарды көрсе де, басына қаншама iстер түссе де көп 

күрсiнбейтiн.  Оның  жасуды  бiлмейтiн  жаны  нәзiк  ойларға 

да  көп  берiлмейтiн.  Бiрақ  сол  қарагер  есiне  түссе  болды, 

күрсiнiп  сала  беретiн.  Сүлейменнiң  қарагердi  айтқанда 

бiртүрлi  беймаза  күй  кеше  қалатынын  бiлетiн  Парманқұл 

бұл  жолы  үндемедi.

Екеуi  үш  күндей  жүрiп,  Түлкiжортқан  тауының  беткейiне 

iлiктi.  Бұл  жер  Шыршықтың  етегi.  Ендi  тағы  екi-үш  сағаттай 

жүрсе,  Шымғандағы  Ақсайдың  тура  үстiнен  түспек.

— Ат шалдырып аламыз ба, Сүлеймен?

— Осыны айтуды мен де ойлап келе жатыр едiм.

Бие сауымдай демалыстан соң аттарына қайта қонып, Ақсайға 

беттедi.


— Ақсай кәлхөзiн бiлетiн бе едiң? — деп сұрады Сүлеймен.

— Е, бiлмегенде ше? Ол жердiң әрбiр жотасы мен тас-құмына 

дейiн маған таныс. Мал базасының да қай сайда екенiн бiлемiн.

— Бұрындары мынау етекте шоғыр-шоғыр боп отыратын ел 

көп болушы едi. Қазiр бәрi бiр жаққа көшiп кеткен бе?

— Елдiң бәрi былтыр Ташкен ауып кеткен жоқ па. Қалғандарын 

өкiмет кәлхөздандырамыз деп, бiр орталыққа жиған. Қазiр сол 

өкiмет  бұл  жерге  Бостандық  ауданы  деп  ат  қойыпты.  Нәлетi 

белсендiлер өз халқын өздерi қырып алып, жұртты тамұқтан азат 

еткендей, бұл жердi “Бостандық” деп атағандарын қарасайшы. 

Кiм кiмнен бостан? Құдайым бiлсiн.

—  Жалаң  ұранды  белсендiлердiң  ығында  жүрген  осы  қазақ 

әлi тойынған да жоқ шығар. Бiр ғана Желтиместi емес, базадағы 

малдарды да айдап кетiп, жұртқа таратып жiберсек қалай болады?




462

Сүлеймен қарақшы

—  Ай,  Сүлеймен.  Ленгiрде  осылай  iстеймiн  деп  қармаққа 

iлiнген  жоқ  па  едiң.  Жарайды,  малдарды  жұртқа  таратуға 

әрекеттенiп  көрейiк.  Бiрақ  екеумiз  бұған  үлгере  аламыз  ба?

— Үлгергенiмiзше тырысып бағайық.

— Мейлi, алдағы iстi жағдайға қарап көремiз.

Кеш  бата  екеуi  Ақсайдың  iргесiндегi  жыраға  келiп,  ат 

ауыздығын  тартты.  Бұл  жерде  әлi  қар  жаумапты.  Жыра  iшi 

жапырақсыз сидам-сидам долана ағаштарға толы. Қарсы беткейде 

қалың арша. Еңiс жақ жазық дала. Жазықтың төр тұсында жүз 

елудей  қаралы  үй  тұр.

— Ақсай кәлхөзi — осы,— дедi Парманқұл сол үйлердi нұсқап. 

— Ал мына беткейдiң астында мал базасы бар. Сен осында қал. 

Менiң  Ақсайда  жақсы  танысым  бар.  Соны  iздегенсiп  барып, 

Желтиместiң қай жерде екенiн бiлiп қайтайын. Екеулеп барсақ, 

көзге түсiп қалармыз.

Парманқұл  кеттi.  Содан  түн  ауа  бiр-ақ  оралды.  Қасында  өзi 

секiлдi  төртбақ  денелi  бiреу  бар.

— Неге кешiктiң сонша? Ендi болмағанда ұйықтап қалатын 

едiм. 


—  Е,  мына  досым  қой  сойып  күттi.  Бас  пiскенше  бұған 

сырымды  ақтардым.  Бас  жеп  болғанша  осынша  уақыт  болды. 

Мә,  жас  еттен  сен  де  жеп  ал.  Желтиместiң  амалын  содан  соң 

айтармыз.

Сүлеймен  Парманқұл  әкелген  еттi  асап-асап  жiбердi.  Оның 

бiрталай еттi екi-үш-ақ асағанына Парманқұлдың досы таңқалып 

тұр.

— Мына жiгiттiң аты — Айдабол. Қазiр Желтиместi ұрлауға 



үшеумiз бiрдей барамыз.

— Ол қайда екен?

— Мал базасында.

— Базада қанша күзетшi бар екенiн бiлдiң бе?

— Онда қанша күзетшi бар екенiн айтшы, Айдабол.

—  Базада  төрт  күзетшi  бар.  Олардың  екеуi  мылтықпен 

қаруланған.

Олай болса, алуымыз тез екен оларды.

Үшеуi  беткейден  асып,  таспен  қаланған  ұзын  дуалға  келiп 

тiрелдi. Дуалды жағалай бiраз жүрген соң солға бұрылды. Бұл 

жерде  де  тағы  дуалды  қуалап,  көп  жүрдi.

— Мұнша дуалды қашан тұрғызып үлгерген?




463



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   217   218   219   220   221   222   223   224   ...   265




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет