Екінші болма


ӨЗІМІЗДІ ҚАЛАЙ ҚЫМБАТҚА САТАМЫЗ?



Pdf көрінісі
бет71/127
Дата17.05.2022
өлшемі2,78 Mb.
#34727
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   127
ӨЗІМІЗДІ ҚАЛАЙ ҚЫМБАТҚА САТАМЫЗ?
Адамдардың  көбі  өз  қабілеттерін  өздері  бағаламайды.  Көп
қаражатқа  қол  жеткізгісі  келсе,  бизнес  ашу  керек  дейді,  бизнес  ашса,
идеяны  басқалардан  іздейді.  Барлығын  да  сырттан  іздейміз.  Ал  өз
қабілетімізді дамытып, қолымыздан келетін нəрсені жасамаймыз.
Қазақ  жастарымен  көп  жұмыс  жасаймын,  өте  дарынды  балалар  бар:
бірінің  ойлау  қабілеті  керемет,  екіншісі  қолөнерге  бейім,  үшіншісі  сөзге
шешен, бірақ өздерін сата алмайды.
«Қабілетті  анықтау:  жоқты  қуаламай,  барды  дамыту»  бөлімінде
айтқанымдай,  əр  адам  өз  ерекшелігін,  мықты  жағын  анықтап  алу  керек.
Осының  арқасында  біз  өзімізді  жақсы  кəсіпкер  немесе  маман  ретінде
нарыққа ұсына аламыз.


Кəсіпкер  –  кəсібін  дөңгелетіп  жүрген,  бизнес  идеясы  бар,  бизнес
модель жасап тапқан тұлға.
Ал ұста – қолынан келетін сүйікті ісін жақсы жасайтын адам. Бірақ ол
өз жұмысы үшін үлкен табыс табады.
Яғни, кəсіпкер де, ұста да екі түрлі жолмен бірдей ақша алуы мүмкін.
Мысалы, Ғалымжан Молданазар кəсіпкер емес, ол ұста, бірақ жеңіске
жеткен  жəне  жақсы  табыс  табады.  Уақыт  өткен  сайын,  ұста  шыңдала
береді, демек, оның бағасы да, табысы да өседі.


Суретте көрсетілген мысалда, əлем таныған Нұсрет мырза, Түркияның
танымал аспазы етпен айналысады, əлем таныған нағыз ұста.
Бізде  «RUMI»-де  операциялық  директорымыз  бар.  Ол  əрдайым
ЗАТOK  бойынша  жұмыс  жасауға  тырысады,  жақында  салоннан  «Camry-
55» автокөлігін сатып алды. Тренингіме келген адамдарға: «Кім кəсіпкер?»,
«Ал кімнің көлігі «Camry-55» немесе одан да мықты?» деп сұрақ қойдым,
ешкім қол көтермеді. Сонда, Қарақат ханым кəсіпкер емес, ұста бола тұра
тиісті,  өзіне  сай  табыс  тауып  жатыр  деген  сөз.  Сондықтан  да  ойлан.  Сен
кімсің? Қолыңнан не келеді?
Шындығына  келсек,  барлығымыз  саудагерміз.  «Он  берекеттің  тоғызы
– саудада» деген хадис бар. Мен көп ойландым, неге екен деп? Сауда – бір
адамның  қажеттілігін  қанағаттандыру.  Нарықта  сатушы  мен  сатып  алушы
кездеседі,  ал  ең  үлкен  нарық  –  қызмет  күші  нарығы.  Білімімізді  сатып,  ол
үшін  ақша  аламыз.  Қызметкерлер  де  біреудің,  жұмыс  берушінің
қажеттіліктерін қанағаттандырады.
Ұста жолында өзімізді қымбатқа сату үшін не істейміз?
Потенциалы  бар  адам,  бірақ  180  мың  теңге  айлық  алады.  Біріншіден,
білімге назар аударамыз. Бұл дегеніміз, диплом; сені ортаң мойындау керек,


яғни,  репутацияң  жақсы  болуы  тиіс;  белгілі  бір  нəтижелерің  болу  керек,
яғни сертификаттарың.
Көп
жағдайда
ұяңдықпен,
ұялшақтықпен
жұмыстарымызды,
білімімізді көрсете алмаймыз. Бірақ, Instagram-ға жеген тамағың мен сатып
алған  жаңа  смартфоныңды  салғанша,  мүмкіндік  болса,  өз  жұмыстарыңды
сал.
Орыс  тілімен  айтқанда  «упаковка»  жасау  керек.  Ұста  өзін  нарықта
жақсы сату үшін жақсы жұмыс істеп қана қоймай, мүмкіндіктерін көрсетіп,
сата  білуі  керек.  Қаншама  мықты  маман  əлі  күнге  дейін  əлеуметтік
желілерде  жоқ,  олар  туралы  халық  та,  жұмыс  беруші  де  білмейді.  Ал
соңында  ол  маман  «ешкім  жұмысқа  алмайды»  деп  отырады.  Ал  ең  білікті
мамандар жұмыс іздеп бармауы керек, оларды керісінше жұмыс берушілер
іздеп,  өздеріне  шақыру  керек.  Бұл  жерде  сен  өзіңе  дұрыс  сұрақ  қоюың
керек.
«Неге  мені  жұмысқа  алмайды?»  –  деп  емес,  «Қалай  мені  жұмысқа
шақыратындай жағдай жасай аламын?». Одан соң, əлеуметтік желіні ашып,
өз  жұмыстарыңды  жүктеп,  достарыңмен,  таныстарыңмен  бөлісе  баста.
Блог жүргіз, өзің туралы видео түсір. Басында оңай болмауы мүмкін, дұрыс
сөйлей, əдемі мəтін жаза алмайсың, бірақ уақыт өте келе шыңдаласың.
Бізге көптеген адам жұмыс іздеп келеді. Резюмесін қабылдап, олардың
əлеуметтік желілердегі парақшаларын іздестіріп, қарастырамыз. Internet-те
парақшаларын  дұрыс  жүргізбей,  тыртиған  белдемше  киіп  алып,  түнгі
клубта  секеңдеп  билеген  суреттері  мен  видеолары  жүрсе,  ол  адамды
жұмысқа
қабылдамаймыз.
Себебі,
қанша
жерден
мықты
маман
болғанымен, нарықта өзін əлі сатып үйренбеген. Оның офиста жүріп, ұзын
белдемше, ақ көйлек кигені маған қажет емес. Ол барлық жағынан да өзін
дамытып, лайықты дəрежеде нарықта өзін ұсына білуі керек.
Нейромаркетингте  бір  адам  туралы  шешім  қабылдау  үшін  ол  туралы
тоғыз  рет  есту  немесе  көру  керек  дейді.  Мысалы,  кітабымды  сатып  алу
үшін, ол туралы əлеуметтік желіде тоғыз түрлі пост көруің мүмкін немесе
досың  мен  туралы  айтып  берді,  бəлкім,  теледидардан  көріп  қалған
боларсың. Осының барлығы – тұлға болып қалыптасуымызға, дамуымызға,
өзімізді  қымбатқа  сатуымызға  септігін  тигізетін  құралдар.  Сондықтан  да
əлеуметтік желіні өз пайдаңа қажетінше қолдана біл, қоршаған аудиторияда
өзің  туралы  жақсы  пікір  қалыптастыр.  Ұста  болсаң  өз  атыңды,  кəсіпкер
болсаң өз бизнесіңді брендке айналдыр.
Тағы  бір  айтарым,  бүгінгі  күн,  ол  –  ертеңнің  баласы.  «Еріншектің
ертеңі бітпейді» деп бекерге айтылмаған. Сондықтан ақыры жеңіс жолында
жүріп, өзіңді жеңуге тырыссаң, оны ертеңнен емес, бүгін баста!


«Ертең» деген сөзді ұмыт!


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   127




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет