Ф 03-12 тулеметова с. Е. «Ветеринариялық фармакология және токсикология І» пәнінен дәріс жинағы Шымкент,2022



бет46/143
Дата21.10.2023
өлшемі1,44 Mb.
#120028
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   143
Изафенин-Jsaphenium. Әлсіз сірке суының иісі ьар жеңіл ақ түсті ұнтақ. Суда және спиртте еримейді. Сақтықпен сақтайды (Б тізімі). Әсері жөнінен фенолфталеинмен ортақ қасиеті көп,бірақ изафениннің уыттылығы аздау және жанама әсері әлсіз.Ішкізілетін изофенин асқазанда өзгермейді,ал ішекте диоксифенилизатин түзе отырып ыдырайды, сондықтан ол ігектің кілегейлі қабығындағы рецепторларды баяу тітіркендіреді.Қолдану мөлшнріне қарай изофенинмен іш өткізуге және әлсіретуге болады. Микстура, ботқа,пилюля ішкізіледі.
Жоғарыда аталған іш өткізгіштермен қатар ,нәжісті жұмсартқыш заттар ретінде диоктил,полоксамер 88, іш айдайиын, ішек функциясын қуаттандыратын зат ретінде бисакодил, каскара, антрасеннин,сенада гутталакс,кафиод және т.б. қолданылады.


Бақылау сұрақтары:

1Аммиак өнімдері.


2Құстырғыш, қақырық түсіргіш және руминаторлық заттар. Ащылар.
3Өсімдік тектес іш өткізгіш дәрілер


Пайдаланған әдебиеттер тізімі

1.Тулеметова С.Е. Фармакология : Оқулық. 5В120100 - «Ветеринарлық медицина» мамандығының студенттеріне арналған\Шымкент :ОҚМУ, 2014


2.Тулеметова С.Е. "Ветеринарлық фармакологиялық және токсикология" пәніне 5В12100 - "Ветеринарлық медицина" мамандығы студенттеріне арналған дәріс жинағы I-бөлім Шымкент : ОҚМУ, 2016
3.Кухар Е.В., Есжанова Г.Т. Основы фармакогнозии. – Алматы: Эверо, 2018. – 284 с.
4. Тулеметова С.Е. «Ветеринариялық фармакология» пәнінен 6В09111-«Ветеринарлық медицина» білім беру бағдарламалары бойынша білім алушыларына арналған зертханалық жұмыстарға арналған әдістемелік нұсқау/ Шымкент : ОҚУ, 2021.
5.Тулеметова С.Е. Ветеринариялық фармакология пәнінен Видеолекция 2020ж.
Дәріс №13 Жүрек-қан тамырлары жүйесі мен жүйелер қызметін реттеуші заттар
1 Жүрек гликозидтері.
2Спазмолитикалық заттар

Гликозидтер көп,олар әртүрлі әсер етеді.Бұл бөлімде тек жүрек-қан тамырларына әсәр ететін гликозидтер қаралады.Басқалар оқулықтың тиісті бөлімдерінде сипатталған,өйткені іш өткізгіш заттардың, сондай-ақ ақшылтым заттар мен тәтті заттардың арасында тек гликозидтер ғана емес , сонымен бірге химиялық табиғаты басқа заттар да болады.


Жүрек –қан тамырларына әсер ететін гликозидтер химиялық табиғаты жөнінен стероидтарға, өт қышқылына, кейбір гормондар(овариогормондар) мен витаминдерге (холекальцеферрол) сондай-ақ буфатолинге жақын. Бұл жүректің қызметі қатты бұзылғанда,оның қызметін қалпына және тіпті жүрек бұлшық етін қалпына компенсаторлық дамуына жағымды әсер ететін фармокологиялық затар болып табылады.
Гениндер гликозидтер бағытында әсер етеді.Бірақ 5-10 есе әлсіз әсер етеді. Гликондар өздігінен әсер етпейді,гликозидтердің сіңірілуі мен таралуын тездетеді.
Барлық жүрек –қан тамырларына әсер ететін гликозидтер тітіркеніп те әсер етуі мүмкін. Асқазанға түскеннен соң олар құстыртып, ал жиі қолданғанда кілегей қабатты қабындыруы да мүмкін.Сондықтан оларды емдік мақсатта қолданғанда ескеру керек.Гликозидтердің жарақатты бетке тітіркендіргіш әсерін кейде жарақаттың жазылуын жандандыру үшін пайдаланады. Олардың жүрекке әсері пайдалы сипатта. Жиырылу күшейе түседі,сирегірек және тезірек сипатта болады, ал диастолалық әлсіреу толығырақ және ұзағырақ болады,жүрек бұлшық етінің қозуымен жүрек серпінділерінің өткізгіштігі өзгереді, ырғақтың бұзылуы жойылады, қан айналысы қалпына келеді.
Жүрекке әсер ететін гликозидтер тек жүректегі патологиялық күйде ғана осылай әсер етеді және жүрек қызметінің бұзылуы айтарлықтай болған сайын жүрекке әсер ететін гликозидтер сау жүрекке болмашы әсер етеді.
Жүрекке әсер ететін гликозидтердің әсерінен жүрек қызметі жақсарады,сондай-ақ қан айналысы қалпына келеді, қанның іркілуі жойылады, ісік сорылып тарылады, қан тамырларының тонусы қалпына келеді. Соның нәтежесінде ағзадағы заттардың алмасуы,тыныс алу , бөліну және басқалар жақсарады.
Жұмыстың күшеюіне қарамастан ырғақтың қалпына келуі, диастолалық әлсіреудің жақсаруы,систолалық жиырылудың күшеюі мен жылдамдауы нәтижесінде жүректің энергияны аз жұмсауы өте бағалы болып табылады. Бұл орайда жүрек аз уақыт тыныш күйде болады,сондықтан жұмсалған энергия қалпына келеді.
Гликозидтермен жүрек-қан тамырлары жүйесін емдеу ұзақ болуға тиіс, бұл орайда баяу ыдырайтын препараттардың емдік қасиеті неғұрлым жоғары болады. Гликозидтердің фармакологиялық шипалылығы көп дәрежеде оларды дұрыс мөлшерлеуге , қолдану арақатынасына және жүрек патологиясына байланысты.
Гликозидтер өте улы. Көп мөлшерде қолданғанда олар сау жүректің жұмысын бұзуы мүмкін, ал патологиялық жағдайда оларды орынсыз пайданану өте зиянды әсер етуі мүмкін. Гиповитаминоздар мен авитаминоздарда олардың уыттылығының едәуір артатыны байқалады.
Әр түрлі гликозидтердің тұрақтылығы бірдей емес. Мысалы,оймақгүл гликозидтерінен дигитоксин баяу ыдырайды,ал ағзада оның әсері 20 күнге дейін сақталады. Бұдан өзгеше түрде меруерт гүл гликозиді конволятоксин тез ыдырайды және ағзада бір тәуліктен кейін-ақ табылмайды. Осы себепті препарат үшін математикалық тұрғыдан қайта есептеуге болмайды. Мысалы жылқы үшін оймақгүл жапырағының ең көп мөлшері 5,0 (мұның өзі 250-300 БӘБ).Ал меруерт гүлдің ең көп мөлшері (жылқы үшін)15,0-ге тең(яғни 1800 БӘБ) Егер бұл ретте оймақгүлді негізге алып, математикалық есептеуді қолданған болсақ , он да меруерт гүлдің ең көп мөлшерін бірнеше есе азайтуға тура келеді.Бірақ меруерт гүлдің гликозидтері тезірек ыдырайды. Сондықтан олардың мөлшері оймақгүлдің мөлшеріне қарағанда 3-4 есе көп болуы тиіс. Гликозидтер қайта қолданғанда кумуляциялық әсер етеді ,ал тез ыдырайтын гликозидтер әлсізірек әсер етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   143




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет