Ф 1 3-2016-06-02-05-02 Пәннің пререквизиттері: «Педагогикалық мамандыққа кіріспе»


Өзін –өзі бақылауға арналған сұрақтар



бет16/92
Дата26.10.2022
өлшемі0.52 Mb.
#45528
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   92
Өзін –өзі бақылауға арналған сұрақтар

1. Педагогикалық үрдіс мәні мен құрылымының ерекшелігі неде?


2. Кәсіптік білім принциптерінің ерекшеліктерін атаңыз.
3.Кәсіптікоқытудың негізгі принциптеріне сипаттама беріңіз.
4. Кәсіптік оқыту принциптерінің ерекшеліктеріне тоқталыңыз.


Ұсынылатын әдебиеттер

1. Кәсіптік педагогика. - М.: Ассоциациясы «Кәсіптік білім», 1999.


2. Батышев С.Я. Профессиональная педагогика. М., 2003.
3. Сейтешев А.П. Профессиональная направленность личности. Алматы. 1990.
4. Устемиров К., Шаметов Н.Р., Васильев И. Прфессиональная педагогика. Алматы. 2005.
5. Леднев В.С. Содержание образования: Сущность, структура, перспектива. М., 1991.
6. Васильев И.Б. Профессиональная педагогика. – Харьков, 2003.

4- Дәріс. Кәсіптік оқытудың мазмұны

Дәрістің мақсаты: кәсіптік білімжәне оқыту мазмұнының құрылымымен танысу, мемлекеттік білім беру стандартының компоненттерін қарастыру, кәсіптік оқыту мазмұнын іріктеуде жалпы тәсілдерін талдау.
Негізгі ұғымдар:оқыту мазмұны, кәсіптік білім берудің мемлекеттік жалпыға бірдей стандарты

Мазмұны:
1. Кәсіптік білім берудің жалпыға міндеттімемлекеттік стандарты. Кәсіптікоқыту бағдарламасы құрылымының ғылыми-теориялық негіздері.
2. Кәсіптікоқыту мазмұнын іріктеудің жалпы тәсілдері.
3. Макродеңгейдегі оқыту мазмұнын құрылымдау.

Кәсіптік білім берудің жалпыға міндетті мемлекеттік стандарты. Кәсіптік оқыту бағдарламасы құрылымының ғылыми-теориялық негіздері

Бастауыш кәсіптік білім мемлекеттік білім беру стандарты – бұл кәсіптік білім беру деңгейі, мазмұны мен сапа талаптарының жиынтығы.


Қазақстан Республикасы Конституциясы мен Қазақстан Республикасының «Білім туралы»Заңына сәйкес мемлекеттік білім беру стандарттарыжасалады. Білім беру стандарттары негізгі білім беру бағдарламалары мазмұнының міндетті минимумын, білім алушылардың оқу жүктемесінің максималды көлемін, бітірушілердің даярлау деңгейінің талаптарын анықтайды.
Кәсіптік білім берудің мемлекеттік стандартытура, кешенді шешімдерінің амалдары таяу жылдар аралығындағы кәсіптік білім берудің қызмет көрсетуі мен дамуын анықтайды. Қазақстан Республикасының «Білім туралы»Заңындамемлекеттік білім беру стандартының үш құрамдас қосындысы ретінде дәлелдейді: негізгі білім беру бағдарламаларындағы міндетті минимум мазмұны, білім алушылардың оқу жүктемесінің максималды көлемі жәнебітірушілердің даярлау деңгейінің талаптары. Ең алдымен, стандарт мемлекеттік деңгейдегі кәсіптік білім беру сапаларын басқарудың негізгі құралы болуы қажет.
Стандарт мамандарды даярлау сапасына эксперттік бағалауды жүргізудің негізі, оны жүзеге асыру бойынша ұсыныстарды дайындау, мемлекеттік деңгейдегі кәсіптік білім беру сапаларын басқарудың негізгі құралы болып табылады. Соған сәйкес «кәсіптік білім беру сапасы» ұғымымен байланысқан барлық қажетті компонеттерден тұруы қажет. Кәсіптік білім беру сапасы кең мағынада қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуының ағымдағы және перспективалық міндеттеріне қаншалықты сәйкестігін, яғни, қаншалықты жеке тұлғаның және тұтас қоғамның, мемлекет сұраныстарын қанағаттандырады және сала бойынша адам іс-әрекетінің өнімділігінанықтайды.
Кәсіптік білім беру стандарты қоғам мүшелерінің әлеуметтік кепілдігі, бір жағынан, олардың отандық және әлемдік еңбек нарығындағы бәсекеге қабілеттілігі, екінші жағынан олардың жеке қажеттіліктерін қанағаттандыруға қызмет ету керек. Кәсіптік білім беру міндетті стандартының басты функцияларының бірі – Қазақстандағы үздіксіз білім беру жүйесінің еркін орындалуына жағдай жасау болып табылады. Осыған байланысты үздіксіз білім беру жүйесінің барлық звенолары білім беру стандарттарының жалғасы, шектеулі сала мазмұны өзара әрекетесу қажет.Кәсіптік білім беру ерекшелігі – жалпы біліммен салыстырғанда, кәсіп пен мамандықтың әр алуандығынан, жұмысшыларды даярлау формасынан, оқу-бағдарламалары құжаттарының қысқа уақыт мерзімінде жеткілікті болуынан, өйткені еңбек саласындағы ғылыми-техникалық прогрестің тез өзгеру нәтижесі кәсіптік оқыту мазмұнына тікелей байланыста жасалады.
Кәсіптік білім мемлекеттік стандарты теориялық жағдайының бастытұжырымдамасы«біліктілік» және «біліктілік деңгейі» түсініктерінің басты рөлін негіздеу болып табылады.
Біліктілік сатысы – белгілі бір көлемі мен жалпы және кәсіптік білім беру қатынасы сипатталған, мамандықты меңгеруді талап ететін, үздіксіз кәсіптік білім жүйесі кадрларын даярлаудың соңғы кезеңі. Біліктілік деңгейі аталған саты аясында нақты тұлғаның кәсіби шеберлігін сипаттайды.
Бастауыш кәсіптік білім беру мамандықтарының тізімі – кәсіби топтардың реестрін, кәсіп және одан шығатын мамандықтар, оларды даярлау бастауыш кәсіптік білім беру ұйымдарында жүзеге асады және Қазақстан Республикасының «Білім туралы»Заңына сәйкес мемлекеттік деңгейде реттеледі.
Кәсіптік білім міндетті стандарт құрамды бөліктерінің мәні бойынша төмендегідей, оның рәсімделуін анықтау үшін принципті мағынада болады, кәсіптік білім беру мазмұнының негізгі инварианттық құрылымдық компоненттерін анықтайтын оқу жоспарының моделі болып табылады. Оқу жоспары – бұл негізгі мемлекеттік нормативті құжат, оқылған пәндер тізімінен, бірізділігі және оқыту мерзімдері мен әр оқу пәндеріне минималды апталық сағат санынан тұратын мемлекеттік стандарттың құрамдас бөлігі.
Оқу жоспарының үлгісі— бастауыш кәсіптік білім мазмұнының негізгі инварианттық құрылымдық компоненттерін бейнелейтін құжат. Оқу жоспарының моделі - кәсіптік оқу мекемелерінде, осы оқытуды құрайтын циклдер, курстар мен пәндер жұмысшылар мен қызметкерлерді даярлаудың біліктілік құрылымы мен формалары туралы мәліметтерінен құралады. Үлгіде пәндік циклдерге бөлінген, сағат саны, консультациялар, емтихандар, уақыт үнемділігі, оқыту мерзімі мен біліктілік мазмұнына жетуіне байланысты көрсетіледі.
Оқу жоспарының мазмұны өзінің мәртебесіне қарай міндетті оқыту және факультативтік оқыту болып бөлінеді.
Міндетті оқытудаярлаудың екі бағытынан тұрады: жалпы білім және кәсіптік. Әр даярлау бағыты жалпыға міндетті құрылымдық компоненттерден тұрады: цик­л, курс, пән. Цикл — бұл бір білім беру бағытының пәндер жиынтығы.
Жалпыбілім даярлығы гуманитарлық және жаратылыстану-ғылыми циклдарын білім берудің жалпыға міндетті түрлері – гуманитарлық, жаратылыстану-ғылыми және техникалыққа сәйкес болады.
Кәсіби даярлық жалпытехникалық, жалпы кәсіби (салалы) және кәсіби циклдерден тұрады.
Оқу жоспары негізіндебарлық пәндерге оқу бағдарламалары жасалады.Оқу бағдарламасы белгілі бір пәнді оқыту мақсаты туралы түсініктеме жазба, білім алушыларға білім мен дағдысына жалпы талаптар, ұсынылатын оқыту формалары мен әдістері, оқылатын материалдың тақырыптық мазмұны, оқытушы жұмсаған уақыты курстың жеке сұрақтарын оқытуда пәнаралық және курсаралық байланысқа нұсқаулардан, ұсынылатын әдебиеттері уақыт санына бағытталудан тұрады. Білім беру мазмұны оқу әдебиеттерінде толық ашылады. (оқулықтар, оқу құралдары, әдістемелік нұсқаулар және зертттеулер). Оқыту нәтижесі оқу әдебиеттерінің сапасына байланысты.
Оқулық кәсіптік оқыту үрдісіндегі саналы және белсенді қатысуын қамтамасыз етіп, оқу материалын толық меңгеруі қажет. Оқу кітаптары барлық қызметтерді сәтті орындайды: оқыту, дамыту, тәрбиелеу, талаптандыру, бақылау-түзету. Арнайы дайындалған яғни бағдарланған оқу кітаптарын қолданғанда бақылау сұрақтары, түзетулер, білім, біліктілік диагностикасы тиімді шешіледі.
Білікті жұмысшы кадрына кәсіби сипаттама екінші деңгейдегі кәсіптік білім мемлекеттік стандартының негізгі элементтерінің бірі болып табылады. Ол - жұмысшыларға, азаматтарға, оқу мекемелері мен жұмысбастылық қызметіне бағытталған көп функциялы құжат деп түсіндіріледі.
Кәсіптік білім мемлекеттік стандарт құрамды бөліктерінің практикалық қатынастың ең бастыларының бірі – кәсіптік оқыту мазмұнының компоненттері, стандарттың әр блоктарын анықтайтын оқу элементтерінің нақты құрамы және оларды меңгерудің стандартталған параметрлері болып табылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   92




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет