Ф. Диханбаева, Г. Кузембаева, К. Кузембаев, А. Матибаева азық-ТҮлік тауарларын тану және сараптау



бет135/379
Дата08.03.2022
өлшемі2,68 Mb.
#27258
1   ...   131   132   133   134   135   136   137   138   ...   379
Картоп крахмалы – картоптың құрамындағы құрғақ заттардың мөлшері 14–36% дейін болады. Крахмалдың орташа мөлшері 15–18,5%. Крахмал өндіруге, өндіріске алып келінген картоптың құрамында крахмал ірі болу керек, қабығы жұқа, өзі домалақ, жасұнық, қант, ақуызды заттар мөлшері аз болу керек. Картопта шамамен 2,1% азотты заттар бар, олар крахмалдың крахмал сүтінен бөлуін қиындатса, ақуыздар жапырақтаныа крахмалдың сапасын төмендетеді. Сонымен бірге ақуызды заттар көпіршіктеніп технологиялық үдерістің жүруін қиындатады.

Картоптан шикі (ылғалдылығы 50%) және құрғақ (ылғалдылығы 20% дейін) крахмал өндіріледі. Картоп өндіріске гидравликалық транспортермен жуылып, жеңіл, ауыр қоспалардан тазаланып картоп жуу машинасына түседі. Жуылған және өлшенген картоп ұнтақтау машинасына түсіп картоп жасушаларын бұзып крахмалды босатады. Келесі операция осы ботқа сияқты қоймалжың ішіндегі жасушалық шырыннан бөлу. Ол үшін ботқаны крахмал сүтімен араластырып, әр түрлі електі аппараттарға береді. Електердің негізгі мақсаты ботқадан бос крахмалды бөліп алу және пайда болған крахмал сүтін майда езінділерден тазалау. Қалған өнім қайтадан ұнтақталынады.

Крахмал сүті езінді массасының көбінен ажырағанымен құрамында әлі де езінді бар болғандықтан ары қарай рафинацияланады, жібектен жасалынған тор көздерден тербетіліп өткізіледі. Мұнда қалған езіндіні құрғатуға бағыттайды.

Рафинацияланған шырында аз мөлшерде езінді болғандықтан, одан тазалау үшін, қайтадан сумен жуатын гидроциклондар мен тұндырмалы – жуу центрифугаларда қолданылады. Осыдан алынған шикі крахмалды кептіруге жіберіледі. Кептірілген крахмал арнаулы қаптарға салынып сақталынады.

Тамаққа пайдаланылатын крахмалдың бөтен иісі, дәмі және ауыр қоспалары болмауы керек.

Төмен сұрыпты крахмал техникалық мақсатқа немесе сірне өндіруге бағытталынады.

Крахмал өндірісінің қалдығы – картоп езіндісі мал жемі ретінде пайдаланылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   131   132   133   134   135   136   137   138   ...   379




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет