Хабаршы №5 филологиялық Ғылымдар әож 81'366-512. 1 11/13


Резюме  В данной статье рассматриваются педагогические действия при подготовке будущих  учителей в вузах к патриотическому воспитанию



Pdf көрінісі
бет20/39
Дата06.04.2017
өлшемі3,54 Mb.
#11176
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   39

Резюме 
В данной статье рассматриваются педагогические действия при подготовке будущих 
учителей в вузах к патриотическому воспитанию  
Summary 
This article deals with pedagogical activities in the preparation of future teachers in universities to 
the patriotic education 
 
Пайдаланылған әдебиеттер: 
1.  Ешімханов С. Жас патриоттарды тәрбиелеу тәжірибесінен. – Алматы: Рауан, 1991.  
2.  Иманбаева С.Т. Оқушыларды ҧлттық жауынгерлік дәстҥр арқылы баулудың педагогикалық 
негіздері: Пед. ғыл.канд.дисс.  –Алматы, 1997.  
3.  Сейдахметова Л.Т. Қазақстан мектептерінде оқушыларды патриотизмге тәрбиелеудің дамуы 
(1970-2000 жылдар). пед.ғыл.кан.дисс... – Алматы, 2003.  
4.  Джанабаева Р.А. Қазақ халық педагогикасындағы патриоттық-ерлік тәрбиесінің ғылыми 
негіздері. Автореф.дисс..п.ғ.д.:13.00.01. – Алматы, 2006.  
 
 
 
ӘОЖ 37.013 
 
ТҦЛҒАНЫҢ ӚЗІН-ӚЗІ ДАМЫТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ 
  
магистрант Мырзабек Л., п.ғ.к. Майлыбаева Л.С. 

АӘИУ, Шымкент, Қазақстан 
 
XXI  ғасырда  кәсіби  еңбектің  интеллектуализациялау  тенденциясы  белгіленіп, 
университеттік  білім  берудің  маңыздылығы  кӛтерілді.  Ӛйткені  қазіргі  кезде 
әлеуметтік-экономикалық  қҧрылымдағы,  іскерлік,  экономикалық,  әлеуметтік 
қатынастары  жҥйесінде  қоғам  болашақ  маманды  дайындаудың  сапасына  жоғары 
талап қоюда. Осыған орай жаңаша ойлайтын маманды қалыптастыруға бағытталған  
университеттік  дайындаудың  жаңа  парадигмасы  ӛзекті  болып  келеді  де,  яғни 
қоғамның  осы  кездегі  қалыптасуының  талаптарына  жауап  беретіндей  жоғары  оқу 
орындарындағы білім беру студент тҧлғасы дамуының жоғарғы деңгейін жеткілікті 
тҥрде  қамтамасыз  ету  қажеттілігі  туындайды.  Қоғамның  жаңа  типін  қҧру 
барысында, жаңа қҧндылықтар жҥйесіне бағытталған, білім берудің негізгі мақсаты 
жоғары  шығармашылық  мҥмкіншілігі  бар  болашақ  маман  тҧлғасын  қалыптастыру 
болып  табылады.    Бҧл  сонымен  бірге  педагогикалық  кадрларды  дайындаудың 
проблемасын    одан  әрі  ӛзекті  етеді.  Біздің  қоғамымызда    адамдық  қатынастардың 
жалпы  гуманизациясының,    жаңа  ҧрпақтың  рухани  қалыптасуының,  білім  берудің 
тҥбегейлі  жаңаруының  бағдарламаларының  жҥзеге  асуы  кӛп  жағдайда  мҧғалім 
тҧлғасымен  байланысты  болатыны  баршамызға  мәлім.    Соның  ішінде 
педагогикалық іс-әрекетте тҧлғалық фактор жетекші болады, ӛйткені  «адам-адам» 
жҥйесінде  әсер  етудің  эффектісі  әсер  етудің  ӛзіндік  мҥмкіншілігі  бар    адамды 
жетілдірудің  деңгейімен  анықталады.    Қазіргі  кездегі  педагог  егер  жоғары  оқу 
орнында  оқыту  ҥрдісі  барысында  онда  ҥнемі  ӛзін-ӛзі  дамыту  қажеттілігі 
қалыптасқан  болса  алдына  қойылған  міндеттерді  іске  асырады.  Сондықтан  да, 
классикалық  университеттік  білім  беру  жағдайларында  болашақ  педагогикалық 
кадрларының кәсіби ӛзін-ӛзі дамытуды қалыптастыру проблемасына  ерекше назар 
аударылады.  
Әлемдік  білім  беру  кеңістігіне  кіруге    бағытталған    білім  берудің  жаңа  
жҥйесінің қалыптасу процесі білім беру парадигмасының ауысуымен сипатталады: 
дәстҥрлі  субъект-объектіліктен  гуманистікке,  тҧлғаға  бағытталған  субъект-
субъекттілікке. Осыған байланысты айтатынымыз,  ХХ ғасыр соңынан бастап білім 
беру жҥйесі білім берудің гуманистік парадигмасына сәйкес дамиды. Онда маңызды 
қҧндылығы  болып  адамның  тҧлғасы  қарастырылады,  яғни  оның  барлық 
потенциалды  мҥмкіншілігін  дамыту  болып  табылады.  Осы  тҧрғысынан  қазіргі 
маманның білім беру сферасында ҥздіксіз білім алуға, шығармашылық тҧрғысынан 
ӛзін-ӛзі жетілдіруге дайындығын айтамыз. 
Сондықтан  да  болашақ  маманның  ӛзін-ӛзі  дамытуын  зерттеу  жҧмысы  адам 
дамуының  негізгі  философиялық,  психологиялық,  педагогикалық    теорияларын 
талдауды  айқындайды.  Зерттеудің  екінші  маңызды  жағы  –  белгілі  бір 
методологиялық  ҧстаным  мен  тҧлғаның  ӛзін-ӛзі  дамытудың  зерттеу  әдістемесін 
таңдау.    Болашақ  маманның  ӛзін-ӛзі  дамытудың  проблемасы  ҥш  тҧрғыдан 
қарастырылуы  керек,  оларда  оның  мағынасы  ашылуы  тиіс:  философиялық, 
психологиялық, педагогикалық. Философиялық зерттеулерде осы проблема адамды 
дамыту тҧрғысынан қарастырылады. Психологиялық зерттеулерде тҧлғаның дамуы 
мен ӛзін-ӛзі дамыту тҧрғысынан зерттеленеді. Педагогикалық зерттеулерде болашақ 
маманның  кәсіби  дамуы  тҧрғысынан  қаралады.  Философиялық,  психологиялық, 

педагогикалық  зерттеулерде  қарастырудың  келесі  бір  негізі  -  болашақ  маман-
педагог  адам  ретінде,  тҧлға  ретінде,  маман  ретінде  кәсіби  ӛзін-ӛзі  дамытудың 
субъектісі ретінде болуы. 
Философиялық, педагогикалық және психологиялық ғылымда адам тҧлғасының 
қалыптасу проблемасы бойынша  білім қоры жинақталған. Оларға философтардың 
жасаған  адамның  гуманистік  тҧжырымдамасы  жатады.  М.М.Бахтин,  В.С.Библер, 
Н.А.Бердяев,  Л.В.Коновалова,  О.Н.Крутова,  М.К.Мамардашвили,  А.Г.Шварцман, 
т.б.  пікірінше  адам  тҧлғасының  ерекшелігі,  ӛзгешелігі  мен  ӛзіндік  қҧндылығы  
ерекшеленеді,  адамның  рухани  дамуы,  ӛзінің  ӛмірлік  орнын  айқындау  мен 
экзистенционалдық  таңдауға  дайындығы  анықталады.  Ресей  педагогикасы  мен 
психологиясында  адамның  мәні  адам  ӛз  ӛміршендігінің  субъектісі  ретінде  және 
ӛзін-ӛзі  дамытатын  шығармашыл  тҧлғаның  субъектісі  ретінде  қарастырылады: 
Б.Г.Ананьевтің, 
А.Г.Асмоловтың, 
Л.С.Выготскийдің, 
О.С.Газманның, 
Э.В.Ильенкованың, 
Н.Б.Крылованың, 
Л.Н.Куликованың, 
А.Н.Леонтьевтің, 
В.Н.Мясищевтің,  С.Л.Рубинштейннің    және  т.б.  еңбектерінен  кӛруге  болады. 
Қазақстандық  зерттеушілердің  еңбектерінде  білімберу  сферасында  тҧлғаның 
этномәдениеттік қызығушылықтарын іске асыру туралы Л.Гумилев, Н.Джандильдин 
қарастырған[1]. 
Келесі 
қазақстандық 
ғалымдардың 
еңбектерінің 
ҥлкен 
маңыздылығы  бар.  Оларда,  нақты  айтқанда,  казақ  халқының    педагогикалық-
психологиялық  ойларының  пайда  болуы  мен  дамуы  туралы  зиялы  тҧлғалардың 
ерекшеліктерін  зерттеумен  байланыстырып  сӛз  етіледі[2].  Адам  тҧлғасының 
дамуына  қазақ  халық  педагогикасының  әсері  туралы  ғылыми-педагогикалық 
негіздерін Сәдуақас Қалиев қарастырған, тҧлғаға әсер етудің эстетикалық тәрбиенің 
заңдылықтары  мен  ерекшеліктерін  С.Ҧзақбаева,  Ә.Табылды  зерттеген[3].  Оқушы 
жастардың  тҧлға  ретінде  қалыптасып,  дамуына  қазақ  халқының  кӛркем 
мәдениетінің даму рӛлі туралы М.Балтабаев зерттеген[4]. Бірақ ӛкінішке орай, білім 
берудің  қалыптасқан  жҥйесі,  директивті  педагогиканың  теориялық  кӛзқарасы  мен 
әдістерінің  жҥйесі  ретінде  қаралады.  Оның  психологиялық  мазмҧнында  оқушы-
студент  туралы  пассивті,  тәуелді  және  ӛзін-ӛзі  басқаруға,  ӛзін-ӛзі  ҧйымдастыруға 
және  ӛзін-ӛзі  дамытуға  қабілетсіз  деп  тҥсінік  беріледі,  яғни  осындай  тҧлға 
болашақта маман ретінде қоғамның әлеуметтік тапсырыстарын орындай алмайды. 
Философияда  тҧлға  әлеуметтік  және  биологиялық  сипаттамалары  бар  адам 
ретінде  анықталады.  Әр  адам,  тҧлға  бола  тҧра,  бір  жағынан,  жеке  болады,  екінші 
жағынан  -  әлеуметтенген  болады,  яғни  әлеуметтік  маңызы  бар  қасиеттерімен 
сипатталады.    Әлеуметтік  сипаттамалар  маңызды  болып  анықталады:  дәл  солар 
ӛмірдегі  жетістікті  анықтайды.  Кезкелген  адамның  әлеуметтік  тҥрі  болады. 
Тҧлғаның тҥрі  қоғамның тҥрімен анықталады.  
Психологтар ҥшін тҧлға – психиканың сапасы, ол адамның қоғамда  дамуының 
нәтижесі  ретінде  анықталады.  Тҧлға  психикалық  ҧйымдастыру  тҥрлері 
иерархиясының  жоғары  ерекше  деңгейі  ретінде,  ӛмір  мен  іс-әрекет  субъектісі 
ретінде,  қоршаған  ортаны  және  ӛзін-ӛзі  ӛзгертетін  адам  ретінде,  индивидтің  бір 
әлеуметтік  қасиеті  ретінде,  әлеуметтік  байланыстар  мен  қатынастарды  дамытудың 
және болмысының жеке формасы ретінде  қарастырылады.  
Педагогиканы  тҧлғаның  ӛз    қасиеттерінің,  процестерінің,  жағдайларының, 
ӛзінің  психикалық  мҥмкіншіліктерінің  реттеушісі  ретінде  қарастыруға  мҥмкіндік 

береді.    Одан  басқа,  «тҧлға»  ҧғымы  басқарудың,  ӛзін-ӛзі  басқарудың,  ӛз 
қабілеттерін,  қажеттіліктерін,  сезімдерін    реттеудің    тҧлғалық  деңгейі  туралы  
кӛзқарастарды кіріктіреді.  
Осыған  орай  әрі  қарай  қарастыруды  талап  ететін  негіздемелері  ретінде  келесі 
тҧжырымдамаларды  айтамыз:  педагогикалық  процестің  тҧтастығы,  адам  мәдениеті 
мен адамгершілігінің қайта жаңаруы ретіндегі тәрбиенің тҧтастығы, аксиологиялық 
кӛзқарас.  Оларды  тҧлғаға-бағдарлаушылық    білім  берудің  ғылыми  негіздерін 
ӛндіріп,  біріктіреді.  Оның  мәні  –  болашақ  маман  тҧлғасының  ӛзін-ӛзі  дамытуына 
және  әлеуметтенуіне  бағытталған,  индивидтің  тҧлғалық    қызметтерін    дамытуға 
бағытталған  педагогикалық  жҥйенің  бағдарлануында.  Біздің  кӛзқарасымыз 
бойынша,  тҧлғаға-бағдарлаушылық  кӛзқарасы    оқыту  процесі  барысында  әр 
студенттің тҧлғасы дамуы ҥшін  ыңғайлы білім беру ортасын жасауға  бағытталған.  
Ӛзін  тҧлға  ретінде  қабылдайтын  болашақ  маман    қоршаған  адамдарды 
қабылдауға  деген  ӛзіндегі  мҥмкіншілігін  ашады  (әріптестерін,  балаларды, 
оқушыларды  және  т.б.),  оларды  ӛзіндей  кӛреді  және  олардың  жеке  ерекшелігін 
сыйлайды.    Педагогикалық  жәня  психологиялық  білім  берудің  негізгі  міндеті  – 
оқушыларды  ӛздігінен  ойлауға,  проблемаларын  шешуге,  яғни  тҧлғалық  ӛсуін 
қамтамасыз  ету  ҥшін  ӛз  қасиеттерін  қолдануға  ҥйрететін  педагог-психологты  
тәрбиелеу. 
Білім  берудегі  тҧлғаға-бағдарлаушылық  кӛзқарас  маман  тҧлғасының 
шығармашылық дамуы мен тәрбиесін қамтамасыз ететін ең тиімді формаларының, 
әдістерінің  және  тәсілдерінің  іздестіру  аспектісінде  орындалатын  оның 
субъектілерінің    тҧлғалық  қызметтерін    дамыту  мен  толық  кӛрініс  беру    ҥшін 
жағдайлар  жасаудан  тҧрады.  Студенттердің  тҧлғаға-бағдарлаушылық  дамудың 
міндеті бірқатар еңбектерде  негізделеді (В.В. Сериковтің, А.В. Петровскийдің, А.К. 
Маркованың  және  т.б.).    Педагогты  дайындау  олармен  алдағы  педагогикалық 
жҧмыстың  субъект іс-әрекеті барысында  қалыптасатын тҧлғалық-бағдарлаушылық  
мән-мағыналардың және субъект іс-әрекетімен айқындалатын кҥрделі ҥрдісі ретінде 
қарастырылады. 
Тҧлғаға бағытталған кӛзқарастың білім беруге деген мақсаты сырттай берілген 
қасиеттерді  «қалыптастыру»  деп  қаралмайды,  оның  негізгі  мәні  тҧлғалық 
мҥмкіншілікті ашу және демеу, тҧлғаның рухани және моральдық мҥмкіншіліктерін 
анықтау,  оларды  ӛзін-ӛзі  дамытуға  кіріктіру  деп  тҥсінеміз.  Сондықтан  да 
педагогикалық  және  психологиялық  тҧрғысынан  болашақ  маманның  ӛзін-ӛзі 
дамыту  іс-әрекеті  мен  оның  ӛзіндік  санасының  ерекшеліктерін  тҧлғаның 
кіріктірілген компоненті ретінде зерттеу маңызды болады.  
 
Резюме 
В данной статье рассматривается вопросы развития будущего специалиста через 
самовоспитание. 
Summary 
This article discusses the issues of the future specialist  through  seld-education. 
 
Пайдаланылған әдебиеттер: 
1.
 
Жӛкебайқызы З., Сейсенбекқызы С. Тәнтану (Адам және оның денсаулығы). Оқулық. – 
Алматы: Рауан, 1995. 

2.  Майғаранова Ш. Мектеп оқушыларын  рухани дамыту  мәселелері. Ғылыми – әдістемелік 
қҧрал.  Алматы «Ғылым» ғылыми баспа орталығы,  2002. 
3.  Бап-Баба С. Жантану негіздері. Алматы, 2001 
4.  Орынбеков М. Ежелгі қазақтың дҥниетанымы. – Алматы: Ғылым, 1996. – 168 б. 
 
ӘОЖ 37.013 
 
ИННОВАЦИЯЛЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯНЫҢ 
ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ 
 
магистрант Мҧратбек С., п.ғ.к. Майлыбаева Л.С. 
АӘИУ, Шымкент, Қазақстан 
 
Еліміздің  егемендік  алып,  қоғамдық  ӛмірдің  барлық,  соның  ішінде  білім  беру 
саласында  жҥріп  жатқан  демократияландыру  мен  ізгілендіру    мектептің  осы  кҥнге 
дейін дағдарыстан шығаратын қуатты талпыныстарға жол ашты.  
Қазіргі кезде біздің Республикамызда білім берудің жаңа жҥйесі жасалып, білім 
беру  кеңістігіне  енуге  бағыт  алуда.  Бҧл  педагогика  теориясы  мен  оқу  -тәрбие    
ҥрдісіндегі  елеулі  ӛзгерістерге  байланысты  болып  отыр:  білім  беру  парадигмасы 
ӛзгерді, білім берудің мазмҧны жаңарып, жаңа кӛзқарас, басқаша  қарым-қатынас , 
ӛзгеше менталитет пайда болуда[1]. 
Білім  беру  мазмҧны  жаңа  ҥрдістік  біліктермен,  ақпараттарды  қабылдау  
қабілетінің дамуымен ғылымдағы шығармашылық және  нарық жағдайындағы білім 
беру бағдарламасының нақтылануымен байланысқа тҥсуде. 
Ақпарат  дәстҥрлі  әдістері:  ауызша  және  жазбаша,  телефон    және  радио 
байланыс – қазіргі заманғы компьютерлік қҧралдарға ығысып орын беруде.  
Баланың жеке басын тәрбиелеуде оның жан дҥниесінің рухани баюына, азамат, 
тҧлға  ретінде  қалыптасуына  кӛңіл  бӛлуде.  Есте  сақтау,  ақыл  –ойын  дамытатын 
оқуға кӛшу. 
Бҥгінгі  жас    ҧрпаққа  жан-жақты  білім  беру,  тәрбиелеу  әрбір  ҧстаздың  басты 
міндеті.  Бастауыш  мектептің  алдында  тҧрған  негізгі  мәселе  оқушуларды  дамыта 
оқыту,  яғни  оқушыны  оқу  әрекетіне  қалыптастыру,  олардың  оқуға  ынтасын  ояту, 
қызығушылығын ояту. 
ХХІ ғасыр табалдырығында  тҧрған азамат дамуының жаңа кезеңі  білім беру 
прогрестің ең маңызды факторларының бірі болып саналатын кезең [2].  
Қазақстан  Республикасының  орта  білімді  дамыту  тҧжырымдамасында  қазіргі 
мектептер: 
-практикалық қызметте жинақталған барлық игіліктердің сақталуы
-қоғамның интелектуалды қуатын жетілдіру; 
-еліміздің материалдық –қаржылық әл-ауқатын әрі қарай дамыту; 
-орта  білім  беру  жҥйесін  әрі  қарай  дамыту  тағы  сол  сияқты  міндеттерді 
кӛздейді. 
Ғылыми  -педагогикалық    әдебиеттерде  іс  жҥзінде  анықталып  табылған  оқыту 
ҥрдісінің  нәтижесін  кӛтеретін  әдіс-тәсілдері,  тҥрлері  кӛбінде  жаңашыл  инновация 
деп аталады. 

«Инновация»  ҧғымы  педагогикалық  сӛздік  қорына  ежелден  енген  екен.  Ол 
кейбір  ғалым  дардың  еңбектерінде  «жаңа»,«жаңалық  енгізу»    деп  кӛрсетіледі. 
Кейбіреулері  оны  «ӛзгеріс  »деген  терминмен  анықтайды.  Біздің  ойымызша,  бҧл 
тҥсініктер  кең  мағынадағы  терминдермен  білім  беру  жҥйесіндегі  кез-келген 
ӛзгерісті сипаттайды[3]. 
Инновация термині қазіргі білім берудің теориясы  мен практикасында кеңінен 
қолданылуда.  Инновация  ҧғымы  ең  бірінші    ХІХ-ғасырда  мәдениеттанушылардың 
зерттеулерінен  пайда  болды,  яғни  бір  мәдениет  тҥрлерін  екінші  ел  мәдениетіне 
енгізу дегенді білдіреді және бҧл, ҧғым этнографиясында әлі кҥнге дейін сақталған. 
Инновация  (латын  сӛзі  in  –  в,  novis-  жаңа)-  жаңа,  жаңалық,  жаңарту  дегенді 
білдіреді  екен.  С.И.Ожегов  сӛздігі  бойынша  :  инновация  бірінші  рет  шыққан, 
жасалған, жуық арада пайда болған, бҧрыннан таныс емес енгізілген жаңалық[4]. 
«Ғылымның  қайнар  кӛзі»-Ресейде  «инновация»  ҧғымына  ӛте  ҥлкен  кҥдікпен 
қараған.:  ХІХ-ХХ  ғ.  басындағы  бірде-бір  білім  реформаларында  бҧл  термин 
кезікпейді.  «Инновация  »    ғылымына  берілген  ең  ескі  емес  анықтама,  бҧл  салада  
американдықтар  мен  европалық  кӛлемді  зерттеулер  иесі  Э.М.Роджерстің 
анықтамасы  болып  есептеледі.  Э.М.Роджерс  инновацияны  былайша  тҥсіндіреді: 
«Инновация  –  нақтылы  бір  адамға  жаңа  болып  табылатын  идея».Кейіннен 
«инновация»  ҧғымы  «білім  беру  жҥйесіне  жаңаны  енгізу»  мағынасында 
педагогикалық еңбектерде кездесе бастады. 
«Инновациялық  негізін  қҧраушы  ҧғымдардың  –  «инновация»  «нововедение» 
новшество»  «новое»  т.б.  қазақша  аудармаларын  жасаған  Ы.Алтынсарин  атындағы 
білім  проблемаларын  ғылыми  зерттеу  институты  әдіскері   К.Қҧдайбергенов болып 
табылады.  Ӛз  еңбектерінде  «инновацияны»  -  нақты  қойылған  мақсатқа  сай 
жасалынған  жаңа  нәтиже  деп  есептеді.  Демек,  инновация  мақсат  пен  нәтижеге  – 
жаңалыққа бет бҧрудың кілті[5]. 
Қоғамдағы  қазіргі  кезде  қайта  қҧрулар  экономиканы  дамытудағы  жаңа 
стратегиялық бағдарлар қоғамның алдағы, оның жедел ақпараттануы мен қарқынды 
дамуы  білім  беруге  қойылатын  талаптарды  тҥбегейлі  ӛзгертті.  Әлемнің  жетекші 
елдерінің кӛпшілігінің білім берудің мақсатын, мазмҧны мен технологиялары, оның 
нәтижесіне  қарап  бағалайтын  болды.  Білім  берудің  қазіргі  негізгі  мақсаты  білім 
алып, білік пен дағды–машыққа қол жеткізу ғана емес, солардың негізінде  дербес, 
әлеуметтік  және  кәсіби  біліктілікке  –  ақпаратты  ӛзі  ізденіп  табу,  талдау  және 
ҧтымды  пайдалану,  жылдам  ӛзгеріп  жатқан  бҥгінгі  дҥниеде  лайықты  ӛмір  сҥру  
және жҧмыс істеу болып табылады.  
Қазіргі  кезде  әлемдік  қауымдастық  Қазақстанды  нарықтық  экономика  елі 
ретінде  танып  отыр.  Тәуелсіздік  алған  қысқа  тарихи  кезең  ішінде  Қазақстан 
экономикада  сілкініс  жасады,  әлемдік  ӛркениетпен  ықпалдасуда  жаңа  прогресшіл 
технологияларды 
пайдалануда. 
Елдің 
әлеуметтік- 
экономикалық 
даму 
перспективалары айқындалған. 
Келер  ҧрпаққа  қоғам  талабына  сай  тәрбие  мен  білім  беруді  мҧғалімдердің 
инновациялық  іс-әрекетінің  ғылыми  педагогикалық  негіздерін  меңгеруі  маңызды 
мәселелердің бірі.  
Яғни  оқу  процесін  технологияландыру    дегеніміз-білім  беру  бағыттарына  сай 
оқыту  процесін  қҧрастыру.  Педагогикалық  технологияның  ӛзіндік  ерекшелігі  –

қойылған  мақсатқа  жету  мҥмкіндігіне  кепілдік  беретін  оқыту  процесін  қҧрастыру 
және  оны  жҥзеге  асыру.  Оқылатын  пән  мазмҧны  мҧғалім  мен  оқушының  ӛзара 
байланысты  іс-  әрекеті.  Оқушының  ішкі  даму  процесі  негізінде  анықталған  нақты 
мақсат қана педагогикалық технология қҧрылымын тҥсіну кілті бола алады.     
Қазіргі  уақытта  педагогика  ғылымының  бір  ерекшелігі-баланың  тҧлғалық 
дамуына бағытталған жаңа оқыту технологияларын шығаруға ҧмтылуы. 
Оқытудың  тиімділігін  арттыру  мақсатында  жаңа  білім  парадигмасына  сҥйене 
отырып,  біз  оқыту  технологияларын  тиімді  жақтарын  таңдап  алуымыз  қажет  және 
оқыту – тәрбие ҥрдісінде озық технологияларды белсенділікпен енгізілуі керек. 
Еліміздің болашағы кӛркейіп ӛркениетті елдің қатарына қосылуы бҥгінгі ҧрпақ 
бейнесінен кӛрінеді. 
Қазіргі  білім  беру  саласында  проблема-  әлеуметтік-  педагогикалық  және 
ҧйымдастыру тҧрғысынан білім мазмҧнына жаңалық енгізудің тиімді жаңа әдістерін 
іздестіру, оны ӛмірде пайдалану. Әр заманның ҧсынары бар және қалай болғанда да 
заман ағымынан қалмай, ілгеру жҥру- ҧлы мҧрат. 
Педагогика ғылымының докторы Ж.Қараевтың деңгейлік оқыту жҥйесі туралы 
іліміне  сҥйеніп,  әр  пән  бойынша  деңгейлік  тапсырмалар  дайындауға  болады. 
Ӛйткені қазіргі экономикалық жағдай оқушының жаңа ҥрдістерін талап етуде.  
Олай дейтініміз, бҥгінгі таңдағы жаңадан шығып жатқан электронды оқулықтар 
оқушыны жаңаша оқытудың, жаңа оқу әдістерін, жаңа мазмҧнды қажет етеді.    
 
Резюме 
В данной статье рассматриваются теоретические основы инновационных педагогических 
технологий  
Summary 
This article deals with theoretical basis of innovative teaching technologies 
 
Пайдаланылған әдебиеттер: 
1.  Оқытудың жаңа технологиялары.//Халық тәлімі арнайы басылым. №1 2002 , 3-7 бет. 
2.  Кемелжанова М. Деңгейлеп оқыту . //Бастауыш мектеп. №9 , 2005, 45-46 бет. 
3.  Мҧханмедина Ж. Деңгейлеп саралап оқыту .(тест) //Қазақстан мектебі. №9, 2005, 70-бет. 
4.  Әбдіғалиева Қ. Осы заманғы педагогикалық технология.Қазақстан мектебі 2001 №2 8-13б. 
5.  Кобдикова Ж.У . Оқытудың жаңа технологиясы //Бастауыш мектеп №3 2000, 25-30 бет.  
 
ӘОЖ 37.013 
 
БОЛАШАҚ ПЕДАГОГ МАМАНДАРДЫ ДАЯРЛАУДА АҚПАРАТТЫҚ 
ТЕХНОЛОГИЯ МЕМКІНДІКТЕРІН ПАЙДАЛАНУ     
 
магистрант Әшірбек Р., п.ғ.к. Майлыбаева Л.С. 
АӘИУ, Шымкент, Қазақстан 
 
Ғылым  мен  техниканың  жедел  дамыған,  ақпараттық  мәліметтер  ағыны 
кҥшейген  заманда  ақыл-ой  мҥмкіндігін  қалыптастырып,  адамның  қабілетін, 
талантын дамыту  білім беру мекемелерінің  басты міндеті болып отыр. Ол бҥгінгі 
білім  беру  кеңістігіндегі  ауадай  қажет  жаңару  оқытушының  қажымас 
ізденімпаздығы  мен  шығармашылық  жемісімен  келмек.  Қазіргі  кезде  егемен 

елімізде  білім  берудің  жаңа  жҥйесі  жасалып,  Қазақстан  әлемдік  білім  беру 
кеңістігіне  енуге  бағыт  алуда.  Бҧл  оқу-тәрбие  ҥрдісіндегі  елеулі  ӛзгерістерге 
байланысты  болып  отыр.  Себебі,  білім  беру  парадигмасы  ӛзгерді,  білім  берудің 
мазмҧны жаңарып, жаңа кӛзқарас, жаңаша қарым-қатынас пайда болуда.  
Білім  беру  саласында  болып  жатқан  ауқымды  ӛзгерістер  тҥрлі  ынталы 
бастамалар мен тҥрлендірулерге кеңінен жол ашуда.  Осы  тҧрғыдан алғанда ҧрпақ 
тәрбиесімен айналысатын әлеуметтік-педагогикалық қызметтің тиімділігін арттыру, 
оны  жаңа  сапада  ҧйымдастыру  қажеттігі  туындайды.  Бҧл  ҥшін  оқытушылардың 
инновациялық  іс-әрекеттің  ғылыми-педагогикалық  негіздерін  меңгеруі  мақсат 
етіледі. Ал жаңа технологияны пайдалану міндетті деңгейдегі білімді  қадыптастыра 
отырып  мҥмкіндік  деңгейге  жеткізеді.  Сондықтан  оқытушының  біліктілігін  кӛтеру 
мен  шығармашылық педагогикалық әрекетін ҧйымдастыруда қазіргі педагогикалық 
технологияларды меңгерудің маңызы зор[1]. 
Кез  келген  елдің  экономикалық  қуаты,  халқының  ӛмір  сҥру  деңгейінің 
жоғарылығы,  дҥние  жҥзілік  қауымдастықтағы  орны  мен  салмағы  сол  елдің 
технологиялық  даму  деңгейімен  анықталады.  Жалпы  қоғам  дамуы  мен  жаңа 
технологияны енгізу сапалығы осы елдегі білім беру ісінің жолға қойылғандығы мен 
осы  саланы  ақпараттандыру  деңгейіне  келіп  тіреледі.  Ал  білім  беру  саласындағы 
технологиялық  идеялар  бҧдан  400  жыл  бҧрын  пайда  болған.  Бҧл  кҥнде  оқыту 
технологиясы ҥлкен ӛзгеріске ҧшырап отыр. Оқытушылар мен студенттерге  әртҥрлі 
дидактикалық  материалдармен  қоса  оқытудың    техникалық  қҧралдары  жәрдемге 
келеді.  
Бiлiм  берудi  ақпараттандыру  процесi  пән  мҧғалiмдерiне,  әдiскерлерге  жаңа 
ақпараттық  технологияны  ӛз  қызметтерiне  жан-жақты  пайдалану  саласына  ҥлкен 
талап қояды.  
Мҧғалiм    –  ақпараттанушы  емес,  оқушының  жеке  тҧлғалық  және 
интеллектуальды  дамуын  жобалаушы.  Ал  бҧл  мҧғалiмнен  жоғары  қҧзырлылықты, 
ҧйымдастырушылық  қабiлеттiлiктi,  оқушыларды  қазiргi  қоғамның  тҥбегейлi 
ӛзгерiстерiне  лайық  бейiмдеу,  олардың  зерттеушiлiк  дағдыларын  дамыту 
бағыттарын талап етедi[2].   
Білім 
беруді 
ақпараттандыру 
– 
бҧл 
ақпараттық-коммуникациялық 
технологияның қҧралдарын білім беру саласына қолданудың методологиялық және 
тәжірибелік қҧндылықтарын зерттеп, оқыту мен тәрбиелеудің психологиялық және 
педагогикалық  мақсаттарына  бағыттап  қамтамасыз  ету  процесі.  Бҧл  процесс  мына 
бағыттар бойынша жетілдіріледі: 
-  білім  беру  жҥйесінің  басқару  механизміндегі  ғылыми-педагогикалық 
ақпараттар  мен  ақпараттық-әдістемелік  материалдарды  автоматтандыру  арқылы 
оның  қолданылу  аясын  жетілдіру  және  басқару  ісіне  коммуникациялық  желілерді 
қолдану;   
- ақпараттық қоғам жағдайында жеке тҧлғаның даму бағыттарының міндеттерін  
негізге  ала  отырып,  оқытудың  мазмҧнын,  әдістері  мен  оны  ҧйымдастыру 
формаларын таңдау мен оның методологиясын жетілдіру;  
-  ҥйренушінің  интеллектуальдық  қабілетін  дамытуға,  ӛздігінен  білім  алуға, 
тҥрлі  ақпараттарды  ӛздігінен  ӛңдеу  сияқты  әрекеттерге  бағытталған  оқытудың 
әдістемелік жҥйесін ақпараттық-коммуникациялық технология арқылы қҧру;  

- ҥйренушінің білім деңгейін бағалау мен бақылау әдістерін талдау бағытында 
компьютерлік тестілеуді қҧру мен оны қолдану.  
Білім  беруді  ақпараттандыру  процесі  жағдайында    жеке  тҧлғаның 
интеллектуальдық,  қоғамдық,  экономикалық,  коммуникациялық  және    ақпараттық 
сияқты  іс-әрекеттерін    тҥрлі  салаларға  қолдану  арқылы  қҧзырлықтарын 
қалыптастыру негізгі талаптардың біріне айналады. 
Жаңа технологиялар - болашақ педагогтың мҥмкіндігін кҥшейтетін қҧрал, бірақ 
ол  мҧғалімді  алмастыра  алмайды.  Компьютер  мҥмкіндіктері  психология  мен 
дидактика  тҧрғысынан  талданып,  керек  кезінде  педагогикалық  талаптарға  сай 
қолданылуы  керек.  Сырткы  эффектіні  қуып  кетпей,  оқыту  программасының  тек 
сыртқы  емес,  ішкі  тиімділігіне  кӛп  кӛніл  бӛлген  дҧрыс.  Компьютердің  сызбалық 
мҥмкіндігін  молдығы  дәрістік  экспериментті  бояулы  суреттермен,  сызбалармен, 
кестелер  мен  байыта  тҥсуге  жол  ашады,  оларды  есеп  шарттарына  да  пайдалануға 
болады. 
Компьютерді 
мҧғалім 
косымша 
материалдар,  әртҥрлі 
анықтамалық 
мәліметтерден  акпараттар  беру  ҥшін  кӛрнекі  қҧрал  ретінде  пайдалана  алады. 
Мҧндай  мәліметтерге  физикалык  формулалар,  физикалық  шамалардьң  ӛлшем 
бірліктері,  графиктер,  схемалар,  иллюстрациялар,  физикалық  кҧбылыстардың 
динамикалық  бейнесі,  тәжірибеге  арналған  кҧрылғылардың  тізімі,  аспаптардың 
сипаттамалары және т.б. жатқызуға болады. Мҧғалім араласпай-ақ, оқушылар ӛздері 
меңгеруге  тиісті  ақпараттар  беріледі.  Қажетті  акпараттарды  жинақтауда 
электрондық  техникаларды  енгізу  уакыт  ҥнемдейді,  қарастырып  отырған  кезеңде 
акпараттың  толықтығын  жоғарылатады,  ақпараттық-аныктамалық  жҥйе  қҧрамында 
электрондық  кҧрырғылармен  жҧмыс  істеу  дағдысын  калыптастыруға  мҥмкіндік 
туғызады. 
Жаңа  ақпараттық  технология  кҧралдарын  сабақтарда  пайдалану,  оқушының 
шығармашылык, интеллектуалдык қабілетінің дамуына, ӛз білімін ӛмірде пайдалана 
білу 
дағдыларының 
қалыптасуына 
әкеледі. 
Компьютерлік 
техниканың 
дидактикалық мҥмкіндіктерін педагогикалық мақсаттарға қолдану, білім мазмҧнын 
анықтауда,  оқыту  формалары  мен  әдістерін  жетілдіруде  жақсы  әсерін  тигізеді. 
Есептеу  техникасымен  жҧмыс  жасату  оқушылардың  алгоритмдік  дҥниетанымын 
қалыптастырады: 
-
 
ӛз әрекетін саналы тҥрде жоспарлайды; 
-
 
 қҧбылыстарға модельдер кҧра біледі. 
Қазақстан  Республикасы  бiлiм  беру  жҥйесiн  ақпараттандырудың  Мемлекеттiк 
бағдарламаларының  негiзгi  мiндеттерiнiң  бiрi  ретiнде  мамандардың  осы  сала 
бойынша  бiлiктiлiгiн  кӛтеру  және  қайта  даярлау  қарастырылған[3].  Аталған 
мiндеттердi  жҥзеге  асыру  мақсатында  мамандардың  бiлiктiлiгiн  кӛтеру  және  қайта 
даярлау  бойынша  курс  тақырыптарының  мазмҧны  ӛзгертiлiп,  жаңаланды.  Оның 
негiзгi мазмҧны бiлiм беру мекемелерiнiң қызметкерлерiнiң кәсiби шеберлiгiн жаңа 
ақпараттық технологияны пайдалану бойынша жетiлдiруге, басқаша айтқанда, бiлiм 
берудi ақпараттандыруға сай мамандарды жан-жақты даярлауға бағытталған. 
Тәжiрибе  жҥзiнде  дәлелденгенiндей,  кез  келген  мҧғалiмге  ӛз  қызметтерiне 
компьютердi пайдалануы олардың әлемдiк ақпараттық кеңiстiкке енуде ақпараттық 
мәдениетiнiң  қалыптасатынымен  ӛлшенедi.  Сонымен  бiрге,  бҧл  жағдайда, 

инновациялық  әдiстер  мен  қҧралдарды  оқу  процесiне  пайдалану  оқушылардың 
мектеп пәндерiн игеруде қызығушылықтарын арттыруда.  
- Ақпараттық-коммуникациялық технологияны оқу-тәрбие процесiне пайдалану 
оның  келесi  педагогикалық  мҥмкiндiктердi  жҥзеге  асыруға  мҥмкiндiк 
бередi:студенттің  дайындық  деңгейiн,  ынтасын  және  қабылдау  жылдамдығын 
ескеру  арқылы  жаңа  материалды  меңгертуге  байланысты  оқытуды  ҧйымдастыру 
және оқыту процесiне жаңа ақпараттық технологияның мҥмкiндiктерiн пайдалану;  
- оқытудың жаңа әдiстерi мен формаларын (проблемалық, ҧйымдастырушылық-
iс-әрекеттiк компьютерлiк ойындар және т.б.); проблемалық, зерттеу, аналитикалық 
және модельдеу әдiстерiн қолдану арқылы классикалық әдiстердi жетiлдiру;  
-  жаңа  ақпараттық  технология  қҧралдарын  (жаңа  типтi  компьютерлер, 
телекоммуникация,  виртуальды  орта  және  мультимедиа-технология)  пайдалану 
арқылы оқу процесiнiң материалдық-техникалық базасын жетiлдiру.  
Мамандардың  бiлiктiлiгiн  кӛтеру  мiндеттерiн  шешуде  оқу  процесiнде 
ақпараттық  және  коммуникациялық  технологияларды  пайдаланудың  келесi 
мҥмкiндiктерi ҧсынылады: 
-  ақпараттық  мәдениет  элементтерiн  қалыптастыруда  бiлiм  мекемелерiнiң 
мамандарының  қажеттiлiгiн  қанағаттандыру:    желiлiк  технологиялар    саласы 
бойынша жаңа бiлiмдер алу;   
-    пән  мҧғалiмдерiн  жаңа  ақпараттық  технологияны  ӛз  қызметтерiне  еркiн 
пайдалана бiлуге ҥйрету;  
- қашықтықтан оқыту формаларына мҧғалiмдердiң қызметiн бағыттау;  
-  облыстағы  бiлiм  беру  мекемелерiн  ақпараттандырудың  ғылыми-әдiстемелiк 
бағыт бойынша жетекшiлiк ету;  
-  оқу  процесi  мен  ғылыми-әдiстемелiк  жҧмыстарға  жаңа  ақпараттық 
технологияны қолдану негiзiнде олардың озық тәжiрибелерiн тарату.  
Бiлiм  беру  мекемелерiнiң  қызметкерлерiнiң  жаңа  ақпараттық  технологияны 
меңгерту  саласы  бойынша  бiлiктiлiгiн  кӛтерудің  даярлау  мiндеттерiн  шешуде  осы 
сала бағытында ӛткiзiлетiн курстарды сабақтастыру процесi жҥзеге асырылуда[4].  
 Болашақ  педагог  мамандарды  ақпараттық-коммуникациялық  технология 
негiзiнде дайындауда келесi қағидалар негiзге алынған: 

вариативтiлiк  —  әрбiр  бiлiм  беру  қызметкерлерiнiң  жасақтаған 
материалдарына сәйкес бiлiктiлiктi кӛтеру жҥйесiн бағыттайды; 

болашаққа 
негiзделген-кҥтiлетiн 
нәтиженi 
анықтайтын 
кезеңдiк 
бағдарламалардың  бағытын  орнықтырады  және  жеке  тҧлғаға  бағытталған  курстың 
жалпылама мақсатын анықтайды; 
-  рефлексивтi-креативтi  —  жаңа  ақпараттық  технологияларды  меңгерту 
бiлiмдерiн  ҧйымдастыруда  курстың  бағыты  даралық-шығармашылық  негiзге 
бағытталуы қажет; 
-  эргономикалық  —  нақтылы  мәселелердi  ҥйренуге  қажеттi  уақыт  мӛлшерi 
талап етiледi; 
-  iзгiлiктiлiк  —  бейiмделген  оқыту  жҥйесiн  қҧруды  талап  етедi,  бiлiктiлiктi 
кӛтеру жҥйесiнiң қҧрылымы мен нақтылы  нәтижесiн анықтау; 
-  тәжiрибеге  бағытталған-оқыту  кӛздерiнiң  бiрi  ретiнде  оқытушылардың 
тәжiрибесi қолдану идеясы жҥзеге асырылады және нақытлы iс-әрекеттер бойынша 

тыңдаушылардың  танымдық  процестерiнiң  ӛзара  байланыстылығы    мен  олардың 
жеке тҧлға ретiнде  қалыптасу деңгейi анықталады
-  жекелеген  консультация  беру    -  тыңдаушыларға  консультация  беру 
ҧсынылады. Ол мына бағытта жҥргiзiледi: әрбiр тыңдаушының ӛзiндiк ерекшелiгiн 
ескере  отырып  қойылған  нәтижелерге  жетуге  байланысты  игерiлетiн  мәселелердiң 
мазмҧны  мен оған қолданылатын тиiмдi әдiс-тәсiлдер. 
Ақпараттық  мәдениеттi  дамыту  қазiргi  педагогтың  ақпараттық  қҧзырлығына 
қойылатын талаптарына сай анықталады: 
1. қазiргi бiлiм беру жҥйесiндегi ақпараттық кеңiстiк туралы  бiртҧтас тҥсiнiктi 
қалыптастыру  (бҥкiләлемдiк  ақпараттық  ресурстарға  бағдарлау,  ақпараттарды  iздеу 
алгоритмi мен ақпараттарды аналитикалық-синтетикалық тҧрғыдан ӛңдеу әдiстерiн 
меңгерту). 
2.  ақпараттық  (дербес  жағдайда,  компьютерлiк)  сауаттылық:  оқу-әдiстемелiк, 
озық  тәжiрибелердi  зерттеу,  ғылыми-зерттеу  нәтижелерiн  тҥрлендiру  мен 
технологияларды  қолдану  әдiстерiн    меңгерту;  қолданбалы  программалық 
қҧралдарды меңгерту; жаңа программалық қҧралдарды меңгерту. 
3.  ӛз  қызметтерiн  жаңа  ақпараттық  технологияның  мҥмкiндiктерiн  пайдалану: 
жаңа  ақпараттық  технологияның  мҥмкiндiктерi  туралы  бiлiм;  коммуникациялық 
қызметтердi  пайдалану  дағдысы;  бiлiм  беру  процесiнiң  ерекшелiктерiн  ескере 
отырып,  педагогикалық  программалық  қҧралдарды  қолдану  және  оларды  ӛз 
қызметтерiмiзге сәйкес бейiмдеп пайдалану. 
Қазiргi  кезеңде  бiлiм  берудегi  ақпараттық  және  коммуникациялық 
технологиялар  мҧғалiмдердiң  бiлiктiлiгiн  кӛтеру  мен  қайта  даярлауда  ерекше  роль 
атқарады.  
Компьютерлік  техниканың  дидактикалык  мҥмкіндіктерін  педагогикалық 
мақсаттарға пайдалану, білім мазмҧнын анықтауда, оқыту әдістері мен формаларын 
жетілдіруде жақсы әсерін тигізеді. 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет