Хронобиология


 БАЛАНЫҢ АҚЫЛ-ОЙЫНЫҢ ДҦРЫС



Pdf көрінісі
бет3/9
Дата03.03.2017
өлшемі0,94 Mb.
#7021
1   2   3   4   5   6   7   8   9

 

БАЛАНЫҢ АҚЫЛ-ОЙЫНЫҢ ДҦРЫС  

ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ АЛҒЫШАРТТАРЫ 

 

Балалар жер шары халқының санының басым кӛпшілігін құрайды. Бала 

дамуы  болашақ  ересек  адамның  рухани  және  практикалық  іс  -  әрекет 

аймағының,  оның  бейнесі  мен  шығармашылық  әлеуетінің  дамуының  ӛзекті 

алғышарттары  болып  табылады.  Біздің  елімізде  балаларға  мектеп  жасына 

дейін  қоғамдық  тәрбие  берудің  ықпалы  ұдайы  ӛрісін  кеңейтіп  келеді. 

Балабақшалар ағарту ісіндегі алғашқы буын ғана емес, оларға басқа да оқу - 

тәрбие  мекемелерімен  қатар  біздің  қоғамымызға  сай  келетін  баланың 

тұлғалық, әлеуметтік бағдарларын дамыту жауапкершілігі жүктелген. 

Баламен жұмыс жасау барысында оның психологиялық ерекшеліктерін

даму  заңдылықтарын,  механизмдерін  білу  ӛте  маңызды.  Отандық 

психологиялық еңбектер атақты кеңес психологтары Л. С. Выготский, С. Л. 

Рубинштейн,  А.  Н.  Леонтьев,  А.  В.  Запорожец,  П.  Я.  Гальперин,  Д.  Б. 

Эльконин, Л. И. Божович, В. С. Мухина, М. И. Лисина, Х. Т. Шерьязданова 

еңбектеріне  сүйенеді.  Сонымен  бірге,  балалар  психологиясын  зерттеген 

шетелдік  психологтардың  концепциялары  да  үлкен  мәнділікке  ие.  Бұл 

концепциялар  қатарына  В.  Штерн,  К.  Бюлер,  Ж.  Пиаже,  А.  Валлон,  Дж. 

Брунер  және  т.  б.  еңбектерін  жатқызуға  болады.  Бала  тәрбиесімен 

айналысатындардың  балалардың  жас  ерекшеліктеріне  байланысты  дамуын 

жан  -  жақты  жақсы  білуі,  балалардың  ӛмірін  және  іс  -  әрекетін, 

ойыншықтармен  және  заттармен  әрекет  дағдыларын  қалыптастыруға,  тілді 

меңгерудің  алғышарттарын  ұйымдастыруға  мүмкіндік  жасайды.  Баланың 

мектепке  дейінгі  жетекші  іс  -  әрекет  түрі  ойын  болып  табылатыны  белгілі. 

Соған  байланысты  балалармен  жұмыс  барысында  баланың  ойлауын,  тілін, 

қиялын,  еске  сақтауын  дамыту,  қоғамдық  мінез  -  құлық  ерекшеліктерін 

меңгерту, сәйкес дағдыларды қалыптастыру ойын іс - әрекеті арқылы жүзеге 

асыра алуы тиіс. Баланың балабақшаға келуімен оның жаңа ортаға бейімделу 

процесі  жүзеге  асады.  Баланың  балабақшаға  келуімен  кейбір  жағдайларда 

кӛптеген  мәселелер  де  туындап  жатады.  Бірақ  балабақша  қызметкерлерінің 

баланың  жас  ерекшелігіне  сәйкес  ойын  іс  -  әрекетін  дұрыс  ұйымдастырып, 

жетекшілік  жасауы  кӛптеген  мәселелердің  тиімді  шешілуіне  жағдай 

жасайды.  

Педагог ұқыпты,  шын мәніндегі ӛнегелі  ұстаз  –  тәрбиеші  болуға  тиіс. 

Ақыл  –  парасатты,  қажырлы  ӛтірік  айтпайтын,  қолайсыз  іске  бармайтын, 

дүние  қоңыздыққа  салынбайтын,  ӛз  нәпсісін  тыйып  ұстайтын  адал  да, 

шыншыл адам болуға тиіс. (В. Н. Татищев) 

Ақыл  -  ойдың  дамуы  –  бұл  бала  жасына,  тәжірибесінің  молаю  мен 

тәрбиелік  ықпалдарының  әсеріне  пайдалы  болатын  сан  және  сапалық 

ӛзгерістердің жиынтығы. Мектепке дейіні шақта білімнің қорлануы шапшаң 

қарқынмен  жүреді.  Таным  процестері  жетіледі,  бала  ақыл  ой  әрекетінің 

қарапайым  әдістерін  меңгереді.  Баланың  ақыл  -  ойы  дамуын  қамтамасыз 

етуінің  барлық  кейінгі  іс  -  әрекеті  үшін  зор  маңызы  бар.  Ақыл  -  ойдың 



 

дамыту  әлеуметтік  ортаның  ықпалымен  жүзеге  асырылады.  Ол 

айналадағылармен араласу барысында тілді қарым - қатынас құралы ретінде 

пайдаланып,  сонымен  бірге  қалыптасқан  ұғымдар  жүйесі  игереді.  Ақыл  – 

ойды  неғұрлым  тиімді  дамыту  оқыту  мен  тәрбиелеу  негіздері  жүзеге 

асырылады.  Қазіргі  педагогика  ғылыми  ақыл  –  ой  дамуының  негізгі 

кӛрсеткіштері  –  білімдер  жүйесін  игеру,  олардың  қорын  жинау, 

шығармашылық  ойды  дамыту  және  жаңа  білімдер  алуға  қажетті  танымдық 

қызмет әдістерін меңгереді деп есептейді. 

 

8 ТЕМЕКІ ТАРТУДЫҢ БИОЫРҒАҚҚА ӘСЕРІ 



 

ДДҚҰ-ның  кӛрсетуі бойынша  әлемде жыл  сайын  шылым  шегуден 2,5 

млн  астам  адам  қайтыс  болады.  ДДҚҰ  сарапшылар  комитеті  никотин 

әлдендіруші  құрал  болуы  мүмкін  деп  санайды.  Оны  үнемі  пайдалану 

тәуелділік  тудырады,  ал  кейбір  адамдарда  тынышсыздану,  күйгелектік, 

қажығандық, ашуланшақтық, ұйқысыздық, еріктің әлсіреуі, дене салмағының 

ӛсуі арқылы кӛрініс беретін синдром туғызады. 

Шылым шегуге  тәуелділік тез дамиды. Құмарпаз шылым шегушілерге 

темекі шегу психикаға бірқатар оң әсер етеді: рухани тепе-теңдікті ұстайды, 

ол тӛменгі қозуда стимулятор және жоғарғыда седативті дәрі-дәрмек ретінде 

әсер етеді, үрейді басады. (Н.Казида и соавт., 1991). Алайда, шылым шегудің 

теріс жері кӛбірек. Кӛптеген аурулардың дамуы темекі шегумен байланысты, 

бұл  атеросклероз,  ӛкпеның,  зәр  қуығының,  бүйрек  қуысының,  ауыз 

қуысының,  жұтқыншақ,  кӛмей  және  ӛңештің,  ұйқы  бездерінің  қатерлі 

ісіктері,  жүректің  ишемия  ауруы,  шеткі  қан  тамырларының  ауруы, 

гипертониялық  ауру,  ми  қан  тамырлары  тромбозы  және  ӛкпенің  әр  түрлі 

созылмалы  аурулары.  Дамыған  елдерде  жалпы  ӛлімнің  60%  осы  аурулар 

құрайды. 

Шылым  шегу  ер  адамның  сексуалдық  денсаулығына  және  аналық 

жасуша  мен  спермотозоидқа  кері  әсерін  тигізеді.  Неміс  ғалымы  Н.Ширрен 

темекі  шегушілердің  сексуалдық  белсенділігінің  шылым  шекпейтіндерге 

қарағанда екі есе тӛмен екенін анықтады. Тәжірибе сексуалдық ауытқулары 

бар  ер  адамдардың  82%  темекі  шегетінін  кӛрсетті.  Бұл  темекі  шегуден  бас 

тартуға басты себеп болуы керек. 

Темекі  түтінінің  құрамы  бірнеше  жүздеген  заттардан  тұрады.  Оның 

ішінде  улы  никотин,  кӛміртегі  тотығы,  аммиак,  күкіртсутегі, формальдегид, 

фенол,  түрлі  қышқылдар,  қорғасын,  мышьяк,  сынап,  кадмий,  кобальт, 

радиоакивті  элементтер,  құрамында  канцерогенді  бензопирен  бар  темекі 

шайыры  сияқты  элементтер  бар.  Осы  аталған  заттардың  кез-келгені  адам 

ағзасына зиянын тигізбей қоймайды. 

Шылым  шегушілердің  қанының  құрамында  кӛміртек  тотығы  шылым 

шекпейтіндерге  қарағанда  3-10  есе  кӛп.  Никотин  жүрекке  күш  түсіреді,  ол 

миокардтың 

оттегіні 

тұтынуын 

жоғарылататын 

катехоламиндердің 

(адреналин және норадреналин) ӛнімін кӛтереді.  



 

Табак  ыстықпен  құрғақтай  ӛңделіп,  шегілгенде  оның  құрамынан 

бӛлініп  шыққан  аммиак,  кӛміртегі  тотығы,  шайыр,  канцерогенді 

кӛміртегілер, радиоактивті изотоптар мен түрлі улы заттар түтінге қосылады. 

Темекі  түтінінің  құрамындағы  заттар  ауа  жолдарының  кірпікшелі 

жабынының қызметін бұзады, нәтижесінде шаңның бӛлшектері қалып қояды. 

Сонымен  бірге  түтін  ӛкпенің  жалпы  кӛлемі  100  шаршы  метр  болатын 

альвеолаларын  тұтастай  толтырады.  Ӛкпе  эпителийінің  мұндай  үлкен 

кӛлемімен  жанасқан  түтіндегі  улы  заттардың  бӛлшектері  толығымен  ӛкпе 

ұлпасынан,  қанға  ӛтеді.  Демек,  темекі  шегу  -   табактың  компоненттерінің 

тыныс  жолдарымен  ӛте  тығыз  және  толық  жанасуы  және  зиянды  әсер  етуі 

болып  табылады.  Темекі  түтіні  тыныс  жолдарындағы  сілемей  қабықшасын 

тітіркендіреді, ол қабынады, іседі, тыныс алу қиындайды. 

Дамыған  елдердің  кӛпшіліктеріндегі  ӛкпе  рагы  ауруының  80-90% 

шылым  шегумен  байланысты.  Бұрынғы  КСРО-да  90  ж.  басына  қарай  ӛкпе 

рагы  100000  ер  адамнан  анықталған.  Жер  шары  тұрғындарының  1  млн 

астамы  жыл  сайын  ӛкпе  рагынан  қайтыс  болады  екен.  Ал  2000  жылы  бұл 

кӛрсеткіш 2 млн. адамға жетті деп жорамалданады. ДДҚҰ кӛрсетуі бойынша 

шылым  шекпейтіндермен  салыстырғанда  шылым  шегушілердің  ортасында 

ӛлім  қаупі  30-80%  жоғары,  ал  шегілген  шылымның  мӛлшерінің  кӛбеюіне 

байланысты  бұл  кӛрсеткіш  ӛсе  түседі.  Шылым  шегу  ұзақтығының  үш  есе 

артуы жыл сайынғы ӛкпе рагының дамуын шамамен 100 есеге ӛсіруі мүмкін 

(Курение и здоровье, 1989). Ӛкпе рагымен ауыру қаупі шегілген шылымның 

мӛлшеріне байланысты ӛсе түседі. Шылым шекпейтіндермен салыстырғанда 

кӛп  шылым  шегетіндерге  бұл  қауіп  20-30  есе  кӛп  тӛнеді.  Шылым  шегуді 

тоқтату ӛкпе рагының пайда болу қаупінен құтылуға мүмкіндік береді. Ӛкпе 

рагының  дамуына  әсер  ететін  бірқатар  факторлар  да  (асбест,  ауаның 

ластануы, радиация) темекі шегушілер үшін анағұрлым қауіпті. 

 

9 ДЕНСАУЛЫҚ ТУРАЛЫ ТҤСІНІК 

 

Осы  арада  денсаулық  деген  ұғымға  түсінік  бере  кетейік.  «Денсаулық 



дегеніміз  –  адам  организмінің  дұрыс  әрі  қалыпты  жұмыс  істеуі»/  2.5.,  33 

бет./ яғни,  адам  организмінің  әрбір  органы,  әр  мүшесі  сол  жаратылған 

қалпында сақталып, оның дұрыс әрі қалыпты түрде белгілі бір функцияларды 

атқаруы. 

Қазақстан  Республикасының  Денсаулық  сақтау  туралы,  жергілікті 

ӛкілетті және атқарушы органдар туралы заңдары мынадай міндеттер: 

1)  балалар ӛлімін қысқарту, олардың денсаулығын жақсарту; 

2) ӛндірісте еңбек ету жағдайын жақсарту

3)  жұқпалы,  кәсіби  аурулардың  алдын  алу  және  оларды  жою 

жұмыстарын жүргізу; 

4) барлық адамдарды денсаулығын сақтау үшін қолайлы жағдай жасау, 

сырқаттанған кезде медициналық кӛмек кӛрсету міндетін  жүктейді. 

Денсаулықты  сақтау  құқы,сондай-ақ  азаматтардың  әр  түрлі  жолдарды 

(бұқаралық  ақпарат  құралдары,ӛтініш  хат  және  тағы  басқа)  пайдаланып, 



 

халықтың  қамтылуын  жақсарту  мәселесін  кӛтере  алатындығын  білдіреді. 

Халықтың  денсаулығының  негізгі  –қоршаған  табиғи  орта.Оның  жағдайы 

қандай болса,адамдардың денсаулығы да сондай./ 2.6., 108 бет./ 

Денсаулыққа келген зиянның түрлері мен ауырлығын бағалаудың сот-

медициналық  критерийлерін  бір  ізге  салу  үшін  ҚР  Білім,  мәдениет  және 

денсаулық сақтау Министрлігінің Денсаулық сақтау Комитеті 1998 жылғы 4 

мамырда  бекіткен  «Денсаулыққа  келген  зиянның  ауырлығын  сот-медицина 

тұрғысынан бағалаудың ережесі» маңызды рӛл атқарады. 

Бұл  ережеге  сәйкес  денсаулыққа  келген  зиян  үш  дәрежеге  –  ауыр, 

орташа ауырлықтағы және жеңіл болып бӛлінеді. 

Денсаулыққа  келген  зиянның  бұл  үш  түрін  ажыратудағы  негізгі 

критерий — ӛмірге қауіптіліктің, зиянның зардабының бар-жоғында. 

Ӛз  денсаулығына  ӛзі  қастандық  жасау  қылмыстық  жазаланатын  іс-

әрекет   деп   қаралмайды.  Кейбір  жағдайларда,  егер  кінәлі  ӛз  денсаулығына 

зиян  келтіру  арқылы  басқа  обьектіге  қол  сұқса,  онда  бұл  іс-әрекет  қылмыс 

құрамының нышаны болып табылады. 

Денсаулығына  зиян  келтіруге  жәбірленушінің  келісуі,  жалпы  ереже 

бойынша  іс-әрекеттің  қылмыстығын  жоққа  шығаратын  мән-жай  болырп 

табылмайды. 

Денсаулыққа  зиян  келтіру  түсінігі  –  бұл  ең  алдымен,  заңға  қайшы 

әрекет деген сӛз. 

Денсаулық  баға  жетпейтін  жалғыз  ғана  асыл  дүние.  Ол  жақсы  болу 

үшін  не  уақытты,  не  күш-жігерді  ,  не  еңбекті,  тіпті  барлық  дүниені  аямай 

жұмсау  керек.  Денсаулық  үшін  ӛмірдің  бір  бӛлімінде  қиюға  болады. 

Денсаулықсыз ӛмір қызық- сыз әлем деп санаймын. М.Монтень.  

Денсаулық  –  адам  ӛміріндегі  ең  жоғары  бағалы  дүние.  Ӛмірдің 

шаттығы  мен  қызығы денсаулыққа  байланысты.  Адам  бақыты  – денсаулық. 

«Денсаулық  –  зор  байлық».  Адамзат  баласының  тіршілік  ӛміріндегі  ең  бір 

бағалы нәрсе, оның денсаулығы. Денсаулықты сақтап, оны орынсыз ысырап 

етпеу  керек,  үнемі  денсаулықтың  қорын  кӛбейтіп  отыру  керек.Денсаулыққа 

немқұрайлы қарау дұрыс емес. Оған пассивті түрде емес, активті түрде қарау 

керек. Денсаулықты сақтаудың жолын үйрену әрбір адамның басты міндеті. 

Сондықтан  да  қазіргі  кезде  «Валеология»  пәнінің  маңызы  зор.  Валеология 

сӛзі  грек  және  латын  сӛздерінен  алынған.  «Валео»  –  денсаулық  ,  «логос»  – 

ғылым.  Оның  негізін  алғаш  рет  қалаған  Ицкович  Брехман.  Ол  медицина 

ғылымдарының  докторы,  профессор.  1987  жылы  ол  валеология  терминін 

ғылымға  енгізді.  Денсаулықты  қалай  сақтау  керек?  Үнемі  кӛңілді  жүру 

әркімнің  қолынан  келетін  іс.  Міне,  жоғарыда  айтылған  қағидаларды  жан- 

жақты  дамытып,  іске  асыру  валеологияның  міндеті.  Сондықтан  да 

валеология пән ретінде студенттерге ұсынылып отыр. 

 

 



10 ТІРШІЛІК ФОРМАЛАРЫНЫҢ БИОЫРҒАҚТАРЫН ЗЕРТТЕУ 

 

 

Тірі  ағзалардың,  соның  ішінде,  жан-жануарлар  мен  ӛсімдіктердің 

сыртқы  қоршаған  ортасына  бейімделуіне  морфологиялық  адаптацияның 

атқарар  ролі  ерекше,  яғни,  ондай  ерекшелікке  ӛмір  сүрген  ету 

ортасындағы  тіршілік  үшін  күресудегі  және  тіршілік  іс  -  әрекетін  ұтымды 

жалғастыруда ӛте қажет болып табылатын сыртқы құрылысы жатады. 

Ӛсімдіктердің  тіршілік  формасының  классификациясы  (Раункиер 

бойынша). 

1.  Фанерофиттер  -  ӛсімдіктің  жер  үстіндегі  топырақтан  жоғарығы 

бүршіктерінің жаңаруы (30 см –ден жоғары). 

2.Хамериттер  –  топырақ  үстінен  20-30  см-ден  жоғары  бүршіктердің 

жаңаруы. 

3.Гемакриптофиттер – топырақ үстіндегі бүршіктердің жаңаруы немесе 

топырақтың  дәл  үстіндегі  бүршіктердің  жаңаруы.  Кӛбінесе  олар  ӛсімдік 

астына орналасады. 

4. Криптофиттер – топырақтың ішіндегі (геофиттер) немесе су ішіндегі 

гелофиттер мен гидрофиттер) бүршіктердің жаңаруы. 

5.Тероафиттер  –  жылдың  ӛсуге  қолайсыз  кезеңінен  кейінгі  тұқымнан 

шығып жаңару. 

Жануарлардың 

тіршілік 

формаларының 

классификациясы 

(сүтқоректілер) (Формозов А.Н. бойынша). 

1.Жерүсті формалары. 

2.Жерасты (жер қазушылар). 

3.Ағашта ӛмір сүретіндер. 

4.Ауада тіршілік етушілер. 

5.Суда тіршілік етушілер. 

Бұлардан басқа да классификациялары бар. 

Биотикалық қатынастар. 

Тірі ағзалардың бір – біріне әсер етуші іс – әрекеттерінің қосындысын 

ортаның  биотикалық  факторлары  деп  атайды.  Ағзаны  қоршап  тұрған  тірі 

денелердің барлығы оның биотикалық ортасын құрады. 

Биотикалық қатынастардың екі үлкен топтарын бӛлуге болады: 

1.Түрішілік.                                                                 2.Түраралық. 

Топтық әсер.                                                                Аменсализм. 

Массалық әсер.                                                            Комменсализм. 

Түрішілік бәсеке.                                                        Түраралық бәсеке. 

 

Бірлестік                                                                   Мутуализм (симбиоз) 



Коннибаллизм                                                        Нейтрализм 

Жыртқыш – жәбирленуші түріндегі бірлестік 

Паразит – қожа түріндегі қатынастар 

 

 



 

 

 

 

 

11  БИОЛОГИЯЛЫҚ ЖҤЙЕНІҢ ӘРТҤРЛІ ДЕҢГЕЙІНДЕГІ 

ҚҦРЫЛЫМЫНЫҢ БИОЛОГИЯЛЫҚ ЫРҒАҚТАРЫ 

 

«Тіршілік» ұғымының анықтамасы ӛте кӛп. Филологтар олардың саны 



орта  есеппен  бес  жүзге  жуық  деп  дәлелдейді.  Бұл  тек  биологиялық  термин 

емес.  Философия  немесе  діни  айқындама  тұрғысынан  да  тіршілік 

анықтамасы  әжептеуір  кӛп.  Ең  дұрыс  анықтаманың  бірін  Фридрих 

Энгельс былай деп ұсынған: «Тіршілік дегеніміз - нәруыздық денелердің өмір 



сүру жолы...». Ғылымда күні бүгінге дейін бірде-бір «бейнәруызды тіршілік» 

формасы  табылған  жоқ.  Тек  қиялшыл  жазушылар  шығармасынан  ғана 

«плазмалы  адамдар»  немесе  «кремнийлі  құбыжық»  кейпінде  кездестіруге 

болады. 


Шындығына 

келсек, 


тіршілік 

ететін 


ағзалардың 

барлығы 


жасушалардан  тұрады,  олардың  құрғақ  масса  құрамының  80%-ы  нәруыз. 

Оның  үстіне  нәруыздардың  химиялық  құрамы,  қасиеттерінің  алуан 

түрлілігінде  шек  жоқ,  сондай-ақ  тірі  ағзаның  әрқайсысында  сирек 

ұшырасады. Олар химиялық ізденістердің қажетті бағытта ӛтуін қамтамасыз 

етеді  және  бұл  ізденістері  жеке  жасушаларда  да,  біртұтас  ағзаларда  да 

бақыланады.  Нәруыз  немесе  күрделі  нәруыздар  қоспасы  ӛзінен-ӛзі 

ешқандайтірілік (живое) қасиет кӛрсетпейді. Жасушалар нәруызы, сондай-ақ 

ағзалар тірі жүйеден тысқары кез келген ӛзге химиялық  зат тәрізді тіршілік 

қалпында  қалады.  Ең  алдымен  тіршілік  дегеніміз  -  бұл  тіршілік  иесінің  ӛз 

құрылымдық  жаратылымын  белгілі  жоғары  деңгейде  қолдай  алуы.  Бұл 

қасиет  сыртқы  ортадан  алынған  зат  есебінде  дамып,  кӛбейеді.  Мысалы, 

кристалдар да ерітінділерден белгілі молекулаларды тартып алып, ӛсе алады. 

Айырмашылығы  -  кристалдар  бір  типті  заттардан  тұрады  және  сол  затты 

құрылыс  материалы  ретінде  тұтынады,  демек  химиялық  ӛзгерту  жүзеге 

аспайды. Сондай-ақ энергия шығындалмайды. 

Тірі  ағзалар  біржасушалы  қарапайым  немесе  кӛпжасушалы  ағза 

болғанына қарамастан, Жердегі ерекше биологиялық жүйе болып есептеледі. 

Тірі  ағзалар  микроскоппен  ғана  кӛрінетін  бактериялардан  бастап,  ӛте  зор 

сүтқоректілерге  дейінгілерден  құрылысы  және  мӛлшері  бойынша 

ерекшеленеді.  Жүйе  ретіндегі  әрбір  ағза  ӛзара  байланысты  және  ӛзара 

әрекеттесетін  кӛптеген  алғашқы  заттардан  тұрады.  Ағзаның  алғашқы 

заттары:  жасушалар,  ұлпалар  және  мүшелер.  Олар  тек  бірімен-бірі  ӛзара 

әрекеттесіп,  ӛздігінен  ұрпақ  беретін  және  дамитын  тірілік  қасиеттеріне  тән 

біртұтас ағза түзеді. 

Тірі  табиғат  құрылымының  жаратылу  деңгейі  біркелкі  қалыппен 

баспалдақты бейімделу арқылы құрылатын қатармен сипатталады. 

Жоғарыда  аталған  деңгейлердің  әрқайсысы  түрлі  құбылыстар 

ауқымында, жоғарыда және тӛменде орналасқан деңгейлердің ӛзара қатынас 

ерекшеліктеріне,  түзіліс  және  жаратылыс  ұстанымдарына  байланысты  ӛзіне 

тән айрықша заңдылықтармен ерекшеленеді. 



 

Тірі  ағзалар  жасушалардан  құралады.  Жасушаның  бактерия, 

біржасушалы  балдыр,  кірпікшелілер  тәрізді  дербес  ағзалар  болуы  мүмкін. 

Бактерия  жасушасы  ӛте  қарапайым,  ал  біржасушалы  қарапайым  жәндіктің 

құрылысы  күрделі.  Жасуша  құрылысының  қандай  болғанына  қарамастан 

тіршілік иесінің барлық қасиеттерін (тынысалу, қозғалу, қоректену, есу, даму 

және т. б.) кӛрсетеді. 

Кӛпжасушалы  ағза  құрамындағы  жасушалар,  ұлпалар  немесе 

мүшелердің  алғашқы  заттары  болғандықтан,  арнаулы  бағытқа  катаң 

бағытталады.  Олардың  ерекшелігі  —  белгілі  қызмет  атқарады  және  ағзадан 

тыс ӛмір сүре алмайды (мысалы, жүйке ұлпасының, бұлшықеттердің және т. 

б. жасушалары). 

Тірі табиғат

 

- кӛптеген алғашқы заттардан тұратын күрделі жаралымды 



ӛкімбилікті  (иерархия)  жүйе.  Тірі  табиғат  әр  алуандылығына  қарамастан, 

бірнеше  тірілік  құрылым  деңгейлеріне  бӛлінеді.  Олар:  молекулалық, 

жасушалық,  мүшелік-ұлпалық,  ағзалық,  популяциялық-түрлік,  биогеноздық, 

биосфералық деңгейлер. Бұл жүйелерде барлық негізгі тірілік қасиеттері бола 

тұра ӛздеріне ғана тән маңызды ӛзгешеліктері де болады. 

Молекулалық деңгей 

Кез  келген  тірі  жүйе  кӛптеген  органикалық  және  бейорганикалық 

молекулалардан  құралады.  Органикалық  заттар:  нуклеин  қышқылы, 

нәруыздар,  майлар,  кӛмірсулар  және  ӛзге  ағзалық  молекулалар  барлық 

жасушалардың  негізгі  құрылымдық  құрамдас  бӛлігі  болып  табылады. 

Ағзаның  тіршілік  әрекет  үдерістері:  зат  алмасу,  ақпараттар  беру,  т.  б. 

молекулалық  деңгейден  басталады.  Әр  түрлі  молекулалар  бірігіп,  жасуша 

органоидтарын  түзеді,  олардың  құрылысы  күрделі  және  жасушада  белгілі 

қызмет атқарады. 

Жасушалық деңгей 

Жасуша  -  бұл  құрылым  және  қызмет  атқару  ӛлшем  бірлігі,  әрі 

бүкіл тіршілік  иелерінің кӛбею  және  даму  ӛлшем  бірлігі.Бір  жасуша  ӛз 

алдына жеке организм болып саналады. Кез келген жасуша бір-бірімен тығыз 

байланысқан ядро мен цитоплазмадан тұрады.Олар сыртынан цитоплазмалық 

мембранамен қоршалған. 



Мҥшелік-ҧлпалық деңгей 

Құрылысы,  шығу  тегі  және  атқаратын  қызметтері  ұқсас  жасушалар, 

ұлпалар мен мүшелер түзеді. Мүшелерден мүшелер жүйесі түзіледі, мүшелер 

жиынтығынан біртұтас ағза құрылады. 



Ағзалық деңгей 

Ағза


 

-  құрылысының  күрделілігіне  тәуелсіз  (біржасушалы  және 

кӛпжасушалы)  дербес  ӛмір  сүре  алатын  биологиялық  жүйе.  Органикалық 

деңгейдің алғашқы заттар ӛлшем бірлігі - дарақ, ол жүйе ретінде туған сәттен 

ӛмірінің соңғы күніне дейін ӛмір сүреді. Сонымен бірге ұрық даму үдерісінде 

ағзаның  белгілі  дарақтарына  тән  қасиеттер  пайда  болады.  Мысалы, 

сүтқоректілерде  ұрықтың  дамуы  балықтар  мен  жорғалаушылардан  ерекше 

болады. 


Популяциялық-тҥрлік деңгей 

 

Дарақтар табиғатта бірінен-бірі оқшауланбай, популяцияға бірігіп ӛмір 

сүреді. Популяция – ағзадан жоғары биологиялық жүйе. Ол дәл сол ағзалар 

бір аумақта ұзақ уақыт мекендегенде пайда болады. Тап осы популяцияның 

дарақтары  ӛзара  еркін  шағылысады.  Ағзаның  бір  түріне  жататын  әр  түрлі 

популяциялар дарақтарының да ӛзара шағылысуы мүмкін, мысалы, әр түрлі 

аумақта  тіршілік  ететін  қасқырлар  популяциясының  дарақтары  бірімен-бірі 

шағылысады.  Алғашқы  заттардың  эволюциялық  үдерістері  популяциялық 

деңгейде ӛтеді, яғни кебейеді. 

Биогеоценоздық деңгей[ӛңдеу] 

Әр  алуан  ағзалардың  түрлері  мен  популяциялар  тіршілік  ортасына 

жинақтала  келе  биогеоценоз  түзеді.  Бұл  -  тіршілік  жаратылымы 

биогеоценоздық  деңгейдің  карапайым  ӛлшем  бірлігі.  Биогеоценозға  алуан 

түрлі  ӛсімдіктер,  жануарлар,  саңырауқұлақтаржәне  ұсақ  ағзалардың 

бірлестігі,  сондай-ақ  тірі  ағзалар  орныққан  тап  сол  жердегі  литосфера, 

гидросфера  және  атмосфераның  құрамдас  бӛліктері  енеді.  Тіршілік  иелері 

қоршаған  ортамен  ӛзара  байланыста  болады,  ӛйткені  тіршілік  әрекетіне 

қажетті заттар мен энергияны тұтынады. Қоршаған ортаға алмасу ӛнімдерін 

бӛліп  шығарады.  Сондықтан  биогеоценоздың  негізгі  атқаратын  қызметі  - 

энергияны  жинақтап,  кайтадан  бӛліп  тарату.  Биосфералық  деңгей.  Бүкіл 

биогеоценоздар  жиынтығынан  биосфера  түзіледі.  Биосфера  -  тірі  ағзалар 

орналасқан  Жер  кабығы.  Бұл  ғаламшардағы  тіршілік  жаратылымының  ең 

жоғары деңгейі. Мұнда тірі ағзалардың тіршілік әрекетіне байланысты заттар 

мен энергия ӛзгеру айналымы жүреді.

[1]

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет