Изучение подлежащего как структурно-семантического компонента простого двусоставного предложения



бет1/9
Дата15.03.2023
өлшемі100,54 Kb.
#74627
  1   2   3   4   5   6   7   8   9

№6 Дауыссыз дыбыстар

1. Дауыссыз дыбыстар жүйесі

1. Дауыссыз дыбыстар жүйесі

2. Дауыссыз дыбыстардың жасалуы, қолданылуы, айтылуы және жазылуы

Қазақ тілінде небәрі 20-ақ дауыссыз дыбыстар (консонантизмдер) бар. Олар дауыстың қатысына қарай:

Қазақ тілінде небәрі 20-ақ дауыссыз дыбыстар (консонантизмдер) бар. Олар дауыстың қатысына қарай:

1) Үнділер: м, н, ң; р, л, й, у (7);

2) Ұяңдар: б, г, ғ, д, ж, з (6);

3) Қатаңдар: п, к, қ, т, ш, с, һ (7) болып үшке бөлінеді. Бұлардың ішіндегі орыс тілінде жоқ, тек қазақ тіліне ғана тән дауыссыздар – төртеу: қ, ғ, ң, һ.

Проф. Б.Қалиұлы: «Көпшілік қазақ тілі оқулықтарында орыс тіліне тән в, ф, х, ц, ч, щ дыбыстарын қосып, «қазақ тілінде 25-26 дауыссыз бар» деп жазып жүр. Бұл дұрыс емес. Қазақ тілінде һ-ны қоспасақ, 19 ғана дауыссыз бар; оны қоссақ, 20 дауыссыз бар.

Проф. Б.Қалиұлы: «Көпшілік қазақ тілі оқулықтарында орыс тіліне тән в, ф, х, ц, ч, щ дыбыстарын қосып, «қазақ тілінде 25-26 дауыссыз бар» деп жазып жүр. Бұл дұрыс емес. Қазақ тілінде һ-ны қоспасақ, 19 ғана дауыссыз бар; оны қоссақ, 20 дауыссыз бар.

Кейінгі кезде: «Қ, К, Ғ, Г деген 4 дауыссыз жоқ, тек К, Г деген 2 ғана дауыссыз бар. Жоғарғылар сол екі фонеманың жуанды-жіңішкелі реңктері ғана. Ендеше, қазақ тілінде 19 емес, 17 дауыссыз бар», – деген екінші бір пікір айтылып жүр.

Бұл пікірмен де келісуге болмайды. Өйткені ол төрт дыбыс (қ, к, ғ, г) тілімізде баяғыда-ақ дербес фонема болып қалыптасып кеткен. Оларды айтылуы (артикуляция) жағынан да, естілуі (акустика) жағынан да бір-бірімен ешқашан шатастыруға болмайды. Қ мен К-нің, Ғ мен Г-нің жуан және жіңішке болып келуінде фонемалық мән бар. Мысалы: қаш – кеш, қан – кен, қабақ – кебек, қарақ – керек т.б. Жуан дауыстының қасында жіңішке К, Г ешқашан тұра алмайды, немесе керісінше», – дейді.

Егер қазақ тіл білімінің атасы – А.Байтұрсынұлының сөзімен айтсақ: «Қазақ тілінде Қ, Ғ дыбыстары еш уақытта жіңішкірмейді, яғни жіңішке айтылмайды; К, Г дыбыстары еш уақытта жуандамайды, яғни жуан айтылмайды». Оның үстіне бұлар өзге дауыссыз дыбыстар сияқты дауыстылардың ыңғайына қарай жуандаудың немесе жіңішкерудің орнына, олар, керісінше, маңайындағы дауыстыларды өздеріне икемдеп, өзгертіп алады. Мысалы: Күләш (<гүлаш), Гүләйім (<гүл айым) т.б.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет