Жалпы генетика негiздерi Тақырып Моно- жӘне полигенді



бет1/72
Дата02.12.2023
өлшемі1,43 Mb.
#132427
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   72

II - бөлiм. Жалпы генетика негiздерi


Тақырып 8. Моно- жӘне полигенді Белгiлердiң тұқым
қуалау заңдылықтары


Тақырыптың өзектiлiгi (дәйектiлiгi):
Белгiлердiң тұқым қуалау заңдылықтары алғаш рет Г. Мендель ХIХ ғасырдың ортасында ашты, одан соң ХХ ғасырдың басында бұл заңдылықты голландиялық Г. де Фриз, германиялық Корренс және австриялық Г.Чермак қайта ашты.
Мендель заңы бойынша тұқым қуалайтын белгiлердi - менделденушi белгiлер деп айтады. Олар қалыпты және адамда тұқым қуалайтын ауруды тудыратын патологиялық белгiлер болуы мүмкiн (моногендiк аурулар). Қазiргi кезде адамның 10000 астам менделденушi белгiлерi сипатталған, олардың көбiсi тұқым қуалайтын аурулар түрiнде көрiнiс бередi.
Қазiргi кездегi медицинаның алдына қойған мақсаты, барлық мамандықтағы дәрігерлердің тұқым қуалайтын аурулардың сипатын тани бiлiп және дер кезiнде аурулар мен олардың жанұядағы мүшелерiн медико-генетикалық кеңеске бағыттау.


Сабақтың мақсаты:
1. Белгілердің тұқым қуалау заңдылықтарының жалпы тірі ағзаларға,
оның ішінде адамға да бiрдей екенiн көрсету.

  1. Моно- және полигибридтi шағылыстыру кезiндегi тұқым қуалау заңдылықтарын зерттеу.

  2. Студенттерді теориялық бiлiмдi қолдана отырып, адамның белгiлерiнiң, ең бастысы тұқым қуалайтын аурулардың тұқым қуалау сипатын анықтауға үйрету.



- Студент бiлу керек:
1. Моно- және полигибридтi шағылыстырудың цитологиялық негiзi мен тұқым қуалаушылықтың негізгі заңдылықтарын;

  1. Негiзгi генетикалық терминдердi және тұсiнiктердi, тұқым қуалау типтерiн, гаметаларды және генотиптердi жазу ережесiн.



- Студент үйрену керек:
1. Адамның тұқым қуалайтын (менделденушi) белгiлерiн (ауруларын) анықтауды;

  1. Белгiлердiң (аурулардың) тұқым қуалау типтерiн анықтауды.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет