Жаратылыстану және география институты тҧңғышбаева З. Б. Цитология және гистология


Арнайы қызмет атқаратын органоидтар



Pdf көрінісі
бет29/142
Дата25.09.2022
өлшемі6 Mb.
#40204
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   142
Арнайы қызмет атқаратын органоидтар жасушалардың белгілі
бір типтеріне ғана тән: бұлшық ет жасушасының жиырылғыштығын 
қамтамасыз ететiн миофибрилдерге, тыныс алу жолдарын астарлап 
жатқан эпителий кiрпiкшелерiне, ащы iшек бүрлерiне және т.б.
Жалпы қызмет атқаратын органоидтар: барлық жасушаларға
тән, оларға эндоплазмалық тор (ЭПТ), пластидтер, митохондриялар, 
рибосомалар, лизосомалар, Гольджи аппараты, жасуша орталығы және
микротүтiкшелер жатады.
Эндоплазмалық тор (ЭПТ) ядро қабықшасын сыртқы мембранамен 
біртұтас етіп байланыстыратын ірі қуыстар мен каналдар, түтікшелер 
түзетін мембраналы жүйе. ЭПТ - дың екі түрі бар. Кедiр-бұдырлы ЭПТ - 
да рибосомалар орналасқан, тегіс ЭПТ-да рибосомалар болмайды.
Кедір-бұдырлы эндоплазмалық тор ақуыз синтезіне қатысады, жасуша 
ішілік және жасуша аралық заттардың тасымалдануын қамтамасыз
етеді. Кедір-бұдырлы эндоплазмалық тор каналында күрделі ақуыз 
молекуласы түзіледі, ал тегiс эндоплазмалық торда кӛмiрсулар мен 
липидтер синтезделініп, АТФ тасымалданады.
Түйіршіксіз эндоплазмалық торды кӛлденең жолақ бұлшық етте 
саркоплазмалық ретикулум деп атайды, ол кальций иондарын жинап 
сақтайды. Жиырылған бұлшық ет талшықтары кальций иондарының 
кӛмегімен созылып отырады. 
Түйіршіксіз 
эндоплазмалық 
тор 
бір-бірімен 
байланысқан 
түтікшелерден тұрады, кейде ол түтікшелер түйіршікті тордың 
цистерналарымен жалғасып жатады. 
Митохондриялар - сопақша және таяқша пiшiндi қос мембраналы 
органоидтар. Сыртқы мембранасы тегiс, ал iшкiсi кӛптеген қатпарлар - 
кристалар түзедi. Жасушаның қызметiнiң қарқындылығына байланысты 
митохондриялар саны (150-ден 1500-ге дейiн) ауытқып отырады. 
Митохондрияның матриксiнде ферменттер, рибосомалар, ДНҚ, РНҚ 
болады. Қызметi АТФ-тi синтездеу, жасушаның тыныс алу және 
энергетикалық орталығы болып табылады.
Митохондрияларды ең бірінші 1850 жылы P. А. Келликер 
насекомдардың бұлшық еттерінен байқады, оны «саркосома» деп атады. 
Бұлшық еттегі митохондриялар осы кезге дейін осылай аталады. Альтман 
(1890 жылы) арнаулы бояулар арқылы митохондриялардың анық 


40 
кӛрінетінін дәлелдеп, оларды «биобластар» деп атады. Бенде 1898 жылы 
бұл органоидқа митохондриялар деген ат берді. Михаэлис тірі 
жасушалардың митохондрияларын жасыл янус бояуымен бояп, олардың 
жасушадағы тотығу процестерімен байланысы бар екенін атап кӛрсетті. 
 Гольджи аппараты бірінің үстіне бірі жанаса орналасқан дискі 
тәрізді ірі қуыстардан (цистерналардан) тұрады. Ол қуыстардан жан-
жаққа ұштарында кӛпіршіктері бар түтікшелер тарайды. Қуыстарда 
синтез және ыдырау ӛнімдері, жасушаға түсетін және жасушадан
шығарылатын заттар жиналады.
Гольджи жиынтығын ӛткен ғасырдың соңында италия ғалымы 
Камилло Гольджи 1898 жылы жүйке жасушаларынан тауып, торлы 
жиынтыққа бірінші болып сипаттама берген. Омыртқасыз жануарлар мен 
ӛсімдіктер жасушаларында да табылған бұл жиынтықты диктиосома 
(грек. "диктиес"—тор) немесе Гольджи жиынтығы деп атаған. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   142




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет