Жазба ескерткіштердегі есім сөздердің грамматикалық категорияларының кейбір ерекшеліктері «Чингиз-наме»


Х. В. Масимова. Жазба ескерткіштердегі есім сөздердің грамматикалық



Pdf көрінісі
бет3/10
Дата21.10.2023
өлшемі0,51 Mb.
#120380
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Х. В. Масимова. Жазба ескерткіштердегі есім сөздердің грамматикалық... 
Йәнә он йеті оғул өзгә
зәъіфәләріндін 
болуб әрді. Сізләрнің 
аталарыңызғә 
теләгән һәм салмады. Бір бөләк 
марал-кейікләр
йолуқды. Ескі түркі тілінде көптік тұлғасы -
ан
қосымшасы арқылы 
жасалатыны аталады. Бұл аффикс 
оғул
және 
әр
сөздеріне жалғанған: 
оғул 
– ұл, 
оғлан
– балалар; 
әр
– ер адам, 
әрән
– ерлер. «Шыңғыс-наме» 
тілінде 
оғул
және 
оғлан
тұлғаларының екеуі де кездеседі. Бірақ мұнда -
ан
қосымшасы өзінің көптік мағынасын жоғалтып, сөзге әлеуметтік 
мән үстемелейтін сөзжасам жұрнақтары қатарына өтеді. 
Оғлан
сөзі 
-
лар
жалғауының көмегімен көптік сипатқа ие болады: Мысалы, Әмма 
Йожы-хан барчә 
оғланларындын
улуғрақ әрді. Үч йәрдә Шәйбан-хан 
оғланлары
Тохтамыш-хан білә Темүр-Қутлы вә Урус-хан 
оғланларығә
фәхр қылыб мақтанурлар... . 
Оғул 
және 
оғлан 
сөздерінің қолданысында 
да өзгешелік бар. 
Оғул 
сөзіне кейде 
-лар
жалғауы жалғанбайды, оған 
көптік мағына сан есімдердің көмегі арқылы үстемеленеді. Мысалы: 
Бір анадан туған 
екі оғул
вә өзгә анадын туған 
он йеті оғул
барчасы
қошулуб Улуғ-хан көрүнүшігә бардылар. 
-лар
аффиксі «ұлдар» мағынасындағы да, «жауынгерлер» 
мағынасындағы да 
оғлан
сөзіне жалғанады: Ол кім Сайын-хан 
оғланлары
Бердібек-хандә тәмам болды ерсә, Жанбек-ханның анасы 
Тай-Дуалы-бегім: Әмді йурыт тәқы ханлық Шәйбан-хан 
оғланларығә
тегәр... және т.б. 
«Тәварих-и мусиқиунда» зат есімдердің көптік категориясы 
морфологиялық, синтаксистік, лексикалық сияқты үш түрлі тәсілмен 
жасалады және кейбір сөздер көптік мағынада қолданылады. 
«Тәварих-и мусиқиун» ескерткішінің тілі зат есімнің көптелу 
категориясы жағынан қазіргі ұйғыр тілінен төмендегідей ерекшеленеді. 
Зат есімнің көптік жалғаулары -
лар, -ләр 
жалғанған тұлғалары тәуелдік 
тұлғасын алғанда жеке тұлғаның сыпайы түрі ретінде қолданылады. 
Мысалы: Мәликә, Аманнисахеним сұлтан Абдурешитхан падишаһниң 
зәвжалари
ирди. 
«Тәварих-и мусиқиунда» кездесетін араб-парсы тілдерінен енген 
кейбір зат есімдер сол тілдерден өзінің негізгі көптік мағынасында 
қолданылады. Мысалы: 
ақабир, тәварих, әшъар, күтүб, әсрар 
т.б. 
Ескерткіште кейде арабша немесе парсыша көптік тұлғалардың үстіне 
қазіргі ұйғыр тіліне тән көптік жалғаулары 
(-лар//ләр) 
үстемеленіп 
жалғанғаны көрініс береді. Мысалы: Хас алим мусиқи устазлиридин... 
әмир Низамиддин Әлишир Нәвайи муршидимниң бу фән һәкқидә 
путкан 
күтүб-рәсайилларидин 
бәһриманд болдум т.б. 


62 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет