К. Жаңабеков Г. К. Жаңабекова Жануарлар морфологиясы жəне латын терминологиясы


Дəнекер ұлпаларының жасушааралық затын



бет127/607
Дата30.12.2023
өлшемі3,09 Mb.
#145123
1   ...   123   124   125   126   127   128   129   130   ...   607
Дəнекер ұлпаларының жасушааралық затын негізгі пішінсіз
(аморфты) зат жəне коллаген, эластин, ретикулин талшықтары құрайды. 
Коллаген жəне эластин талшықтарын фибробласттар, ал ретикулин
талшықтарын 
ретикулоциттер
жасайды. 


Коллаген 

талшықтары
тропоколлаген белогінің молекулаларынан құралған. Олар борпылдақ 
дəнекер ұлпасында əр түрлі бағытта бір-бірімен торлана орналасып, тіректік
қызмет атқарады. Коллаген талшықтарын қайнатқанда жануарлар желіміне 
айналады. Коллаген талшықтары бұлшық еттер сіңірлері мен буын
байламдарын, тері қабаттарын құрайды. Эластин талшыктарын серпімді 
қасиеті бар эластин белогі түзеді. Олар коллаген талшықтарына қарағанда
жіңішке болып келеді. Борпылдақ дəнекер ұлпасында эластин талшықтары 
коллаген талшықтары аралығында торлана орналасып, созылып жəне
бұрынғы қалпына келіп, серпімділік қызметін атқарады. Ретикулин 
(аргирофилді) талшықтары химиялық құрамы мен құрылысы жағынан
коллаген талшықтарына ұқсас. Айырмашылығы, олар коллаген талшықтары 

127
сияқты ірі шоғыр будалар түзбейді. Негізгі аморфты зат — борпылдақ 


дəнекер
ұлпасының 


жасушалары
мен

талшықтары


аралықтарында 
орналасқан пішінсіз мөлдір құрылым. Оның құрамына қан белоктары,
гормондар, амин қышқылдары, қант, су тағы басқа заттар кіреді. Аморфты 
зат арқылы ұлпа сұйығы үздіксіз қозгалыста болып, ағып жатады.


Тығыз дəнекер ұлпалары 

Тығыз дəнекер ұлпаларының жасушааралық затын дəнекер
ұлпасының түріне байланысты негізінен өте тыгыз орналасқан коллаген 
немесе эластин талшықтары құрайды. Бұлардың негізгі аморфты заты мен
жасушалары борпылдақ дəнекер ұлпасымен салыстырғанда тым аз болады. 
Тығыз дəнекер ұлпаларының жасушаларын фиброциттер — деп атайды.
Фиброциттер пішіні ұзынша келген, ядролары таяқ тəрізді, жасушааралық 
затты түзу қабілетінен айырылған жасушалар. Жануарлар организмдерінде
тығыз дəнекер ұлпалары тіректік жəне қорғаныс қызметтерін атқарады. 
Тыгыз дəнекер ұлпалары талшықтарының орналасу бағыттары, оларға
сырттан əсер етуші күштің бағытына сəйкес келеді. Талшықтарының 
орналасу сипатына қарай тығыз дəнекер ұлпалары қалыптасқан жəне
қалыптаспаған болып екіге бөлінеді. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   123   124   125   126   127   128   129   130   ...   607




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет