Казбеков Турлыбек Бельгибаевич Ержанова Салтанат Кулдасбаевна Жаксыбаев Куат Рахметоллаевич «Мемлекеттік менеджмент»



бет1/58
Дата04.11.2023
өлшемі240,11 Kb.
#121818
түріЛекция
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   58

Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті

Экономика факультеті

Менеджмент кафедрасы
Казбеков Турлыбек Бельгибаевич
Ержанова Салтанат Кулдасбаевна
Жаксыбаев Куат Рахметоллаевич
«Мемлекеттік менеджмент» пәні бойынша
Дәрістер курсы

мамандығы: «5B051000-Мемлекеттік және жергілікті басқару, 5B050700-Менеджмент»


Қарағанды 2018


Лекция тақырыбы №1. Мемлекеттік менеджменттің табиғаты мен негізі. Басқарма және менеджмент
Өткен ғасырдың 70-ші жылдардан бастап мемлекеттің қазіргі заманғы міндеттерін шешу үшін көбіне «мемлекеттік менеджмент», («Public management») термині жиі пайдаланылады, ол мемлекеттік сектордағы бизнес технологиясының артып келе жатқан рөліне басшылық береді. Мемлекеттік менеджмент бизнес-мектептен жағдаяттық сараптама әдісін алып отыр («case studies») ол басқару процестерін зерттеудегі және менеджментке оқытудағы негізгі болады. Мемлекеттік басқарудан мемлекеттік менеджментке ауысу дәстүрлі институционалдық тәсілден басқарудың нақты әрекет етуші шешімдерін пайдаланушы және оны нақты бағдарламалар (мемлекеттік және бизнес саласында да) арқылы жүзеге асырушы процедураларды көрсетеді. Мемлекеттік басқару мәселесіндегі бүгінгі күні басым болып отырған негізгі санаттар ол миссиялар, жобалар, тиімділік, сапа, өндірістік, нәтижелілік, кадрлық аудит, бюджеттеу, клиент — олардың көпшілігі бизнестен келіп отыр. Олар мемлекеттік басқаруға қолдануға қаншалықты қолайлы?
Мемлекеттік басқару мазмұнын тиімді процесс ретінде көрсету – оның негізгі құрамды бөліктеріне сипаттама береді, оған саяси және әкімшіліктік орта кіреді, олар қажеттілікті анықтады және басқарушылық әрекеттерінің институционалдық шектеулерін көрсетеді; қызмет стратегиясын жасауды, мемлекеттік бағдарламаны сараптау аясындағы болжанып отырған әрекеттер мен ресурстарды қатысты болатын мақсаттарды көрсетеді; қызметі жасалған бағдарламаның жетістігін немесе кемшілігін анықтайтын салалық, қызметтік, аумақтық деңгейлердегі басқару ұйымдарын; басқарушылық қызмет технологияларын жеке ұйымдардың тәжірибесіне жақын ұйымдастырушылық деңгейде, онда қаржы менеджменті негізгі рөл ойнайды, аталған жағдайда оптималды болып табылатын қажетті нәтижеге қол жеткізуге мүмкіндік беруші кадрлық менеджмент және ақпараттық менеджмент. Үздік мемлекеттік басқарушылық механизімді көрсететін «Жақсы» мемлекеттік басқару мына принциптерге сәйкес келуі керек деп ұзақ уақыт бойы саналып келген болатын. Ол әр түрлі қарсылықтарды реттестіру бойынша саясат жүргізеді (жеке, топтық, ұлттық, аумақтық, кластық және т.б.) және тұрғындардың әр түрлі топтарының материалдық, әлеуметтік, мәдени қажеттіліктерді қанағаттандырады: нақты белгіленген мемлекеттік стратегия болуы керек оның көрсеткіш факторы қоғамдық мақсаттар мен міндеттер болып табылады; көптеген жүйе ішілік жүйелері бар мемлекеттік басқару жүйесінде басқару орталығы болуы керек — сайланған мемлекеттік лауазымдық тұлға (президент, губернатор, мэр және т.б.) нақты және жеткілікті уәкілеттіктерімен, тиісті жауапкершіліктерімен, сонымен қатар электоратқа есеп беруші; басқарудың әр деңгейінде (федералдық, аумақтық, жергілікті, салалық, ұйымдық) міндеттер мен қызметтерін қамтамасыз етіп (а) міндеттер мен қызметтерін нақты бөлу керек, (б) ресурстарды қоғамда қабылданған құндылықтарға сәйкес бөлу, (в) қызметті жүзеге асырудағы құрылымдық өзара әрекеттестік (г) құзыреттілік көшбасшылық және ішкі координация; стратегияны жүзеге асыру үшін мекеменің тиісті әдістері құрылуы керек. Әдістер мен процедуралар тәжірибені, өзгерістерді, қажеттілікті және ғылыми мәліметтерді есепке ала отырып үздіксіз қайта қарауға ұшырайтын; өзара әрекеттестіктің жалпы көлемдік құралдарын қамтамасыз ету керек коммуникация каналдары, олар түсінуге және жұмысты координациялауға сәйкес келеді. Егер де аталған жүйе қоршаған ортаға сәйкес жетілдірілетін болса (қоғамдық өмірдің экономикасы, саясат, әлеуметтік және басқа да салалары) онда мемлекет оған қоғамның жүктеген міндеттерін орындауға арналған әкімшіліктік мүмкіндіктерге ие болады. Осы әкімшіліктік мүмкіндіктер міндетті мойындамайтын субъектілерге қатысты санкция қолдану мүмкіндігін көрсетеді (индивидтер, топтар, ұйымдар), олар қолданыстағы құқықтық жүйеден шығатын мемлекеттік мақсаттар шешімінен шығатын міндетті мойындамайды. Дәстүрлі басқарушылық концепциялар тарихи моделдерге негізделді, олар әскерде және Рим-католиктік шіркеуге негізделді. Сонымен қатар мемлекеттік басқарушылық шешімдер дегеніміз ол ақпаратты нақты бір деңгейде өңдеуді таңдаушы тиімді әрекеттер, оның нысаны адамдардың неғұрлым қоғамдастығы болып табылады. Сол арқылы міндеттер, тиімділік және ұжымдар «жақсы» мемлекеттік басқаруды ерекшелеп көрсете алады.
Алайда өткен ғасырдың соңғы жылдарында мемлекеттік басқарудың осындай түсінігі пісіп жетіліп тұрған реформа технологиясы мен мақсаттарын негіздеу үшін жеткіліксіз болып отыр. Мемлекеттік басқаруды модернизациялаудың мақсаттары мен технологиясын белгілеу үшін «мемлекеттік менеджмент» термині пайдаланыла бастады, ол қазіргі заманғы басқару технологияларын пайдалануға басымдық береді және мемлекеттік секторда нарықтық қатынастардың рөлінің артуын көрсетеді. Осы мағынадағы мемлекеттік менеджмент дәстүрлі мемлекеттік басқаруға қарсы қойылып қана қоймай, сонымен қатар оның қазіргі заманғы неғұрлым технологиялық трактовкасы ретінде болады. 1992 ж. АҚШ Д. Осборнның және Т. Геблердің «Басқаруды тарату: кәсіпкерлік рухы ретінде мемлекеттік секторды қайта құрады» деген кітабы шықты, ол көптеген елдерде танымал болды және көптеген елдерге тарады. Кейіннен ол кітапты мемлекеттік менеджменттің манифесті деп атады. Осборн және Геблер мемлекеттік менеджменттің 10 принципін құрды. Авторлардың ойынша мемлекеттік менеджмент өндірістіліктің артуына бағытталған және жеткізілетін қоғамдық игілік сапасы барысында бағаның төмендеуіне бағытталған тұрғындарға қызмет жеткізушілер мен бәсекелестік принципіне негізделуі керек; үкіметтің мекемелердің қызметін бақылауды шенеуініктерден алып тікелей жергілікті қоғамға беру; мемлекеттік мекеменің жұмысын шығын бойынша емес керісінше нәтиже бойынша бағалау; заңдар мен ережелер емес мақсаттар мен міндеттерді басшылыққа алу; тұтынушыларға қызмет өндірушілерді таңдау құқығын беру; стратегиялық жоспарлауды пайдалану және проблема туындауының алдын ала болжау; шығыннан гөрі табыс көп табу; проблема туындаудың алдын алу үшін стратегиялық жоспарлау; қызметтестік иерархиясынан қызметтестікке ауысу және басқаруды орталықтандыру арқылы командалық жұмысқа ауысу; әкімшілік механизмдері алдында нарықтық тетіктерге көңіл бөлу «команда — орындауды бақылау» сызбасымен жұмыс істеу; бірінші кезекте қоғамның барлық секторларын координациялауға туындаған мәселені шешуде (мемлекеттік, жеке, коммерциялық емес) бағытталу, тұрғындарға тікелей қызмет көрсетуге тырыспау. Сонымен авторлар былай деп санайды, мемлекеттік қызметкерлер азаматтарды қызмет көрсететін және олар қызметті талап ететін клиенттері ретінде түсінетін басқарудың осындай тиімді жүйесі — екі кәсіпорындар өз тұтынушыларына қызмет көрсетеді, ол азаматтарға «не істеу» керектігін жүктемейді. Онда да мемлекеттік орган мен коммерциялық орган арасындағы қызметті пайдаланатын клиенттер тартуда бәсекелестік атмосферасын құру мақсатты болады, себебі бюджеттік қаржының көпшілік бөлігі әлеуметтік бағдарламалар арқылы мемлекеттік мекемеге емес керісінше осы қызметке мүдделілерге түсуі керек. Соңғы осы арқылы тиісті қызметтің сапасы мен бағасына қарай мекемені өзі таңдап алады. Нәтижесінде мемлекеттік менеджмент ретінде мемлекеттік басқарушылық қызметіндегі қазіргі заманғы көзқарасты атай бастады, ол процедураға емес нәтижеге бағытталған және жинақтаушы жаңа басқару технологияларына бағытталған, ол өзінің бизнестегі тиімділігін көрсетеді, ол үкіметтің арнайы міндеттерін әлеуметтік бағдарламалар гранты ретінде және қоғамдық тәртіп кепілдігі ретінде есепке ала отырып жүргізіледі. Осы тұрғыдан алғанда мемлекеттік менеджменттің соңғы мақсаты барлық мемлекеттік секторды қызмет жеткізуші және жеке сектордың корпорациясы ретінде болатын тиімді және өндірісті ұйымға ауыстыру болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет