Кәсіптік іс-тәжірибеден өтуі туралы


 Оқушы: Бүгінгі ризашылық күнін пайдаланып аналарымызға да басымызды иіп, рахметімізді айтамыз. ** Аналарға арнап жазған тілектерін оқиды



бет8/9
Дата02.04.2023
өлшемі445,49 Kb.
#78413
1   2   3   4   5   6   7   8   9
14. Оқушы:
Бүгінгі ризашылық күнін пайдаланып аналарымызға да басымызды иіп, рахметімізді айтамыз.
** Аналарға арнап жазған тілектерін оқиды.
Анама, әжеме рақмет! Thank you mother and grendmather!
Cпасибо маме и бабушке!
15. Ән: «Ақ мамам»
16. Мұғалімнің сөзі. Адам өзінің өмірге келгеніне қуанып, риза
болады. Қолындағы барын қанағат тұтып, осының да бар болғанына рахмет деп алғысын білдіреді. Алғыс пен ризашылық білдіру өзіңді, өмірді, өмірде барды бағалаудан басталады.
17. Топтық жұмыс.
1-топ. Ұстазыңа алғысыңды қалай білдірер едің?

2-топ. Досыңа алғысыңды қалай білдірер едің?

Әр топ кезектесіп берілген тапсырма бойынша өз ойларын ортаға салады.




Қорытындылау.
-Балалар, жылы сөздеріңді, ризашылық сезімдеріңді ешқашан ешкімнен аямаңдар. «Рақмет» деген қасиетті сөзді жиі айтып жүріңдер.
Адам алғыс пен ризашылықты естіген сайын, жақсылық жасағысы келіп тұратынын естеріңе сақтаңдар. Табиғат Анаға мейірімді күні үшін, аппақ қары үшін,
жақын адамдарыңа жасаған қайырымдылығы үшін, жасаған жақсылығы үшін алғыс айтуды ұмытпаңдар.
Оқушылар алға шығады.
Хормен:
Ризамыз бүгінге,
Ризамыз қазірге!
Ризамыз ата-анаға!
Ризамыз бәріне!
Ризамыз! Ризамыз! Ризамыз!
ҚОРЫТЫНДЫ

Мен, Мусаева Шохсанам Суннатиллақызы 30.01.23-17.03.23 ж.күндер аралығында Қарабұлақ ауылындағы



№ 62 М. Анартаев атындағы жалпы орта мектебінде

практикадан өттім.
Іс-тәжірибенің алғашқы күнінде мектепке барып, мектеп ұжымымен, мектептің оқу-ісі жөніндегі, тәрбие-ісі жөніндегі орынбасарларымен таныстық. Директор орынбасары Бегмуратов Сабиржан ағай мені бастауыш сынып мұғалімі Адилова Мухаббат апайдың сыныбына бөлді. Мухаббат апай іс-тәжрибе барысында маған көмектесетін болды.Іс-тәжрибені 2-«Б» сыныбында жүргізетін болдым.Сыныпта 22 оқушы бар Сынып жетекшісімен, сыныптағы оқушылармен таныстым.
Сынып жетекшісінің күнтізбелік-тақырыптық жоспарларымен, тәрбие жұмысының жоспарымен таныстым. Пән бойынша сабақ жоспарларын дайындап мұғаліммен бірге талдадық. Пән бойынша сабақтарға қатыстым. Сабақ өту барысын бақылап, білмегенімді үйрендім. Сабақ барысында мұғаліммен бірге сабақ өттім. Күнделікті сабақ біткеннен кейін үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс жасап отырдым.
Оқушылармен .17.02.2023ж.күні Әдебиеттік оқу пәнінен «Нанды құрметтейік» тақырыбында ашық сабақ өткіздім. Оқушылар сабаққа белсенді қатысты. Мұғалім өтілген ашық сабағыма оң пікірін білдіріп, жіберілген қателіктерімді түзеді. Оқушылармен ойын сабақтарын өткіздім. Әр баланың қызығушылығына қарай тапсырмалар бердім. Мұғалім енді ғана жазуға, оқуға үйреніп келе жатқан оқушылармен мұқият жұмыс жасауды үйретті.
Пән бойынша сабақ жоспарларын құрдық. Сонымен қатар әр оқушының мінез-құлқын, үлгерімін бақылап, мұғаліммен талдадық.
Сыныпқа ашық-тәрбие сабақ өттім. Мұғалім берген тапсырмаларын орындадым.
Іс-тәжірибенің соңғы күндерінде іс-тәжірибе есебі бойынша кеңес алдым, қажетті құжаттарды жинақтадым. Сонымен іс-тәжірибені қорытындылап, қорытынды есеп жаздым.
Өтілген іс-тәжірибе маған өте қатты ұнады. Іс-тәжірибе кезінде білмегенімізді біліп, қосымша мәліметтер алдық. Сонымен қатар оқушылардың алдында еркін ұстауды, сабақ жоспарын жазуды және басқа да құжаттармен жұмыс жасауды үйрендім. Оқушылармен жұмыс жасаудың оңай жолдарын меңгердім. Осы уақыт аралығында өтілген онлайн іс-тәжірибенің арқасында мамандығыма деген қызығушылығым арта түсті. Болашақта өз мамндығымды әрі қарай ұштап, оқушылар сапалы білім, тәрбие беремін деген мақсатым бар.

Студент-практикант: Мусаева Шохсанам Суннатиллақызы








Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет