Кіріспе ғылыми мәселенің қазіргі жағдайын бағалау



бет1/12
Дата31.05.2022
өлшемі107,18 Kb.
#36087
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

КІРІСПЕ

Ғылыми мәселенің қазіргі жағдайын бағалау. Қазіргі таңда татуластыру институты – үшінші тұлға, бейтарап, әділ, жанжал нәтижесіне мүдделі емес тараптың қатысуымен өтетін дауларды реттеудің баламалы жаңа түрі. Аталған үшінші тарап ретінде медиаторды немесе медиатор-судьяны танимыз, ол даудың немесе сотта қаралатын істің қатысушыларының белгілі бір келісімге келуіне көмектеседі, сонымен бір мезгілде тараптар дауды реттеу мен оны шешудің шарттары жөнінде шешім қабылдау үдерісін толығымен бақылап отырады.


Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес татуластыру рәсімі азаматтық, еңбекке қатысты, отбасылық және басқадай құқықтық қатынастарға байланысты, сондай-ақ ауырлығы шағын және орташа қылмыстық істер жөнінде туындаған дауларда қолданыла алады.[1,2,3,4,5,6,7,8] Азаматтар, сондай-ақ заңды тұлғалар татуластыруға белсенді түрде жүгінген жағдайда сот жүйелеріне түсетін ауыртпалықты айтарлықтай жеңілдетіп, соның арқасында анағұрлым ірі істердің шешілу сапасын арттыруға болады.
Халықаралық статистикаға сәйкес, барлық даулардың отыз-қырық бес пайыз татуластыру рәсімінен өтеді, олардың сексен пайызынды оң нәтижелерге қол жеткізілген.[9] 2011 жылдың 28 қаңтарында біздің мемелекетімізде «Татуластыру туралы» Қазақстан Республикасының Заң қабылданды. (әрі қарай – Заң) [10] Бұл заң біздің мемлекетімізде рәсімдеу институтын ұйымдастыру саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді, оны жүргізу қағидаттары мен рәсімін, сондай-ақ, татуластырудың мәртебесін айқындайды. Татуластыруды жүргізу қағидаттарын атап кетсек: еріктілік, құпиялық, өзара сыйласушылық, тараптардың тең құқылығы, татуластырудың бейтараптығы мен әділдігі, рәсімнің ашықтығы.
Татуластырудың ең басты мақсаты – қос тарапты бірдей қанағаттандыратын және дауласушылық деңгейін төмендететін өзара тиімді әрі өзара қолайлы, бейбіт келісімге келу.
Сот процестің айырмашылығы – татуластыру барысында кінәлілер мен кінәсіздер деген тараптар болмайды. Өйткені, бұл құқық саласы қылмыс жасаушылар қатарын бірыңғай бас бостандығынан айыру жолымен жазалауды емес, адам құқықтары мен бостандығын қорғауды және қалпына келтіруді көздейді. Басқаша айтқанда, татуластыру институты мүмкіндігіне қарай істі сотқа жеткізбеу мақсатын көздейді.
Татуластырудың тағы бір оңтайлы жағы бұл: қаржылық жағынан соттық шығынға қарағанда төмендігінде және уақыттың үнемділігінде. Сотта іс әдетте ұзаққа созылады, ол көп уақытқа созылуы мүмкін. Бірнеше мәрте сот процесітер белгіленеді, оған тараптардың бірінің өкілдері келмеуі де мүмкін, сөйтіп жағдай ушыға түседі. Бұл ретте татуластыруның келесі ерекшеліктері алдыңғы қатарға шығады, яғни тараптардың еріктілігі және жеделдетілген шараның бейресмилігі. Дауды шешуге татуластырушына небәрі бір ай уақыт беріледі. Белгілі бір себептермен бұл мерзім ұзартылуы да мүмкін, бірақ екі айдан аспауы тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет