Кіріспе мәселенің өзектілігі



бет1/13
Дата28.11.2023
өлшемі314,5 Kb.
#130843
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13


КІРІСПЕ


Мәселенің өзектілігі: Соңғы жылдары сөйлеу тілінің жалпы дамымауы бар балаларға арналған логопункттар мен логопедиялық кабинеттер қарқынды түрде ашылуда. Бірақ қазақ тілінде оқытатын арнайы мектепке дейінгі мекемелерінде және бастауыш сыныптарында бағдарламалық және әдістемелік қамтамасыздандыру жоқтың қасы. Мектепке дейінгі арнайы ұйымдарында және мектептерде сөйлеу тілінің жалпы дамыту бойынша қазақ тілінде оқу материалдары тапшылық сипатында. Оқу-тәрбие үдерісі қажетті бағдарламаларымен қамтамасыздандырылмағандықтан қосымша (екіншілік) ауытқулар пайда болуы мүмкін. Мәселен сөйлеу тілінің жалпы дамымауы, яғни дыбыс айтуының бұзылуы, сөздік қорының мардымсыз толығуы және байланыстыра сөйлеу тілінің қалыптаспауы, қарым-қатынасқа түсуге қиналу т.с.с. Екіншілік, басқаша айтқанда туынды ауытқулардың негізгі көрінісі балалардың толыққанды сөздік қорының қалыптаспауы болып табылады, ал оның өз кезегінде байланыстыра сөйлеу тілінің және қарым-қатынастың дамымауына әкеп соғады. Нәтижесінде cөйлеу тілінің дамымауы бар балалардың әлеуметтенуі қиындай түседі, олардың қоршаған орта туралы түсінігінің жеткіліксіздігіне себеп болады, оқу материалдарын меңгеруге кедергі жасайды. Арнайы педагогикадағы оқыту мен тәрбиелеудің басты мақсаты мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік бейімдеу болғандықтан, оқу-тәрбиелеу үдерісінің басты назарындағы негізгі міндетті жүзеге асыру керек.
Ұлт тілінде жұмыс істейтін балалар мекемелерін құруды қамтамасыз ету мәселесі Қазақстан Республикасының «Тіл туралы» заңында айтылады. Сөйтіп, оқу тәрбие жұмысын ана тілінде жүргізуді мектепке дейінгі ұйымдардан бастау керектігін атап көрсетті. «Білім туралы» Заңының 23 – бабында үздіксіз білім беру саласының алғашқы баспалдағы – балабақшаның мақсаты мен міндеттері айқындалған [1]. Жоғарыда келтірілген деректерге назар аударсақ, үкімет тарапынан жарық көрген құжаттарда балалардың тілін дамытуға баса көңіл бөлініп отырғанын көреміз.
Бала тілін неғұрлым ерте бастан дамыту арқылы олардың жеке басының қалыптасуына жағдай жасау оқу-тәрбие мәселесіндегі көкейтесті тақырыптарының бірі. Бала өз ойын тіл арқылы жеткізеді. Ал бала тілінің дамуы, оның сөйлеу мүмкіндігінің қалыптасуы бірден пайда болмайтын күрделі психологиялық процесс. Ол жүйелі жүргізілетін жұмыс түрлерінің негізінде жүзеге асады.
Сөйлеу тілінің жалпы дамымауы бар мектеп жасына дейінгі балаларды жан-жақты дамытуда заттық-тәжірибелік іс-әрекеттің маңызы зор. Арнайы ұйымдастырылған ойындар балалардың сөйлеу тіліндегі бұзылыстарын түзетіп, сөздік қорын байытып, таным іс-әрекетінің жетіспеушілігін дамыту үшін арнайы ұйымдастырылып белсенді пайдалануды қарастырады.
Ойын іс-әрекеті барысында сөйлеу тілі бұзылған балалардың ұжымшылдық, еңбексүйгіштік, өздігінен жұмыс жасау сияқты жеке тұлға қасиеттері, өзін-өзі бақылау біліктілігі қалыптасады. Педагог-дефектологтың немесе логопедтың, тәрбиешінің жетекшілігімен жүзеге асатын бұл үдеріс кезінде балалардың интеллектуалды дамуында, танымдық, қоғамдық және т.б. қажеттіліктер мен қызығушылықтарының туындауында едәуір жағымды өзгерістер болады.
Логопедиялық жұмыста түрлі ойындарды қолдануды Г.С.Оразаева, Г.М.Қасымовалар зерттеді және оларды қолдану әдістемелерін ұсынды. Қазіргі кезде осы идея арнайы білім беру ұйымындағы жұмыс жүйесінің айырмас бөлігі болып табылады. Сондықтан, мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту, дамыту, тәрбиелеу мәселесімен айналысқан барлық зерттеушілер олардың еңбектік даярлығына зор мән берген. Сөйтіп, Л.С. Выготский «...барлық тығырықтан жол табады. Ең бастысы: тәжірибелік іс-әрекет өмірге деген ең жақсы жол; ол алғашқы жылдардан бастап өмірге белсене қатысудың кепілі болмақ, сондықтан ол кемтар бала үшін барлығын қатамасыз етеді – қарым-қатынасын, сөйлеу тілін, ой-санасын» - деп өз сөздерінде зерттеушілік пен ізденушіліктің адамға әсер ететін көпқырлы ықпалын айқын ашады [2]. XX ғасырдың басында ұйымдастырған алғашқы арнайы мектептің бағдарламалары негізінен еңбекке баулуды қарастырған. Сонымен бірге, арнайы педагогикада белгілі дефектолог-ғалымдар, мысалы Г.А.Каше, В.А.Ковщиков, Р.Е.Левина, Р.И. Лалаева, Л.Ф.Спирова, Т.Б.Филичева, Г.В.Чиркина, А.Ю.Захаров [3] жасаған әдістемелер бар, олардың көмегімен түрлі іс-әрекеттер сөйлеу тілін дамыту үшін үздік қолданылады.
Біздің елімізде сөйлеу тілінің жалпы дамымауы бар балаларды оқыту, дамыту және тәрбиелеу мәселесі М.С.Грушевская [4], Қ.Қ.Өмірбекова, З.А.Мовкебаева, Г.М.Коржова, И.А.Денисова [5], Г.С.Оразаева, Г.Н.Төлебиева сияқты дефектолог ғалымдардың және Г.М.Қасымова [6] сияқты психолог, К.М.Метербаева сияқты педагог ғалымдардың зерттеулерінде орын алған [7].
Сөйлеу тілінің жалпы дамымауы бар балаларға арналған білім беру және түзету ұйымдарда тәрбиеленушілердің сөздік қорын байыту мақсатында, жетіспеушіліктерін түзету үшін, таным процестерін дамыту үшін, жеке тұлға қасиеттерін тәрбиелеуде заттық-тәжірибелік іс-әрекетінің мүмкіндігі өте мол. Мысалы, бұл категория балаларына жалпы сөйлеу тілінің дамымауы тән. Сөйлеу тілінің барлық жағының дамымауы олардың айналасындағы адамдармен қарым-қатынасын шектейді, ал ол болса танымдық жетілуіне кері әсерін тигізеді. Тіл кемістігі бар балалардың сөйлеу тілін қалыптастыру логопедияның көкейкесті мәселесінің бірі. Дегенмен, қазақ тілді арнайы білім беру мекемелерінде бұл мәселенің кейбір қырлары әлі жеткіліксіз зерттелген. Арнайы мектепке дейінгі ұйымдарда оқыту жүйесінің жалпы негіздері жасалған. Бірақ, олар ары қарай жетілдіруді, нақтылауды және түзетушілік, дамытушылық ықпалын арттыруды қамтамасыздандыратын қосымша әдіс-тәсілдерді қажет етеді.
Демек, сөйлеу тілінің жалпы дамымауы бар балалардың сөйлеу тілін жетілдіруде, нақты айтқанда сөздік қорын молайтуда ойын іс-әрекеттің ролін анықтау мәселесі қосымша тереңірек ғылыми зерттеуді талап ететіндігін анық көреміз. Себебі, сөйлеу тілі дамымаған балаларды жан-жақты дамыту үшін ойын іс-әрекетін пайдалану тақырыбына байланысты зерттеу жұмыстары барлық саланың мамандарымен жүргізілген десек те, сөздік қорын дамыту үшін іс-әрекеттің бұл түрін кеңінен қолдануға арналған мәліметтер мен материалдар арнайы әдебиетте жеткіліксіз түрде берілген. Яғни, осы ғылыми зерттеу жұмысы аса маңызды болып отыр. Осыдан келесідей қарама-қайшылық туындайды:
Арнайы білім беру жүйесінде бүгінгі ғаламдану жағдайында әлеуметтік өмірге бейімделген, қарым-қатынас жасай алатын тұлғаны даярлау қажеттілігі мен бұл жұмысты жүргізудің теориясы мен әдістемесінің жеткіліксіздігі арасындағы қарама-қайшылық. Осы қарама-қайшылықты шешу жолдарын іздестіру біздің зерттеу тақырыбын «Сөйлеу тілінің жалпы дамымауы бар балалардың сөздік қорын дамыту» деп таңдауымызға негіз болды.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет