Кодекс орындалуымен қҰнды елбасы қР ҚОРҒаныс министрлігінің басшылық ҚҰрамымен кездесті


Әбу Айбек Кеңесұлы, Қызылорда облысы кәмелетке толмағандардың  істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық  сотының төрағасы



Pdf көрінісі
бет5/12
Дата20.02.2017
өлшемі7,52 Mb.
#4533
түріКодекс
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

Әбу Айбек Кеңесұлы, Қызылорда облысы кәмелетке толмағандардың  істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық  сотының төрағасы  

7

zangazet@maiI.ru



№101/1  (2879) 

15 қыркүйек 2016

Бағдарламаның  «Заңның  үстемдігін 

қамтамасыз  ету»  атты  2-бөлімі  тұтастай 

сот  саласына  арналған  деуге  болады. 

Президент  бұл  стратегиялық  құжатта 

бес  сатылы  сот  жүйесінен  үш  сатылы  сот 

жүйесіне  көшу,  барлық  сот  процестерін 

бейне  және  дыбыстаспаға  жазу,  судья 

лауазымына  кандидаттарды  іріктеу  және 

біліктілік талаптарын қатайту, инвестициялық 

дауларды  қарау  бойынша  инвестициялық 

алқа  ұйымдастыру,  судьялардың  есеп 

беру  тәртібін  күшейту,  алқабилер  соты 

қолданылатын  салаларды  кеңейту,  сот 

рәсімдерін оңайлату және сот процестерін 

жеделдету үшін азаматтық-құқықтық даулар 

жөніндегі  соттарға  прокурордың  қатысуын 

қысқарту  секілді  қадау-қадау  міндеттерді 

жүктеді. Қазіргі уақытта бұл тапсырмалардың 

бірқатары  орындалып,  практикаға  енгізіле 

бастады. Бағдарламаны жүзеге асыру үшін 

елімізде 50-ден астам жаңа заң қабылданды, 

бірқатар  заңнамаларға  өзгеріс тер  мен 

түзетулер енгізілді.

Қазіргі уақытта еліміздің сот саласында 

Елбасының «100 нақты қадам» Ұлт жоспары 

бағдарламасын іске асыру аясында Жоғарғы 

Сот  төрағасы  Қайрат  Әбдіразақұлының 

басшылығымен  ауқымды  жұмыстар  атқа-

рылып  жатыр.  Мемлекет  басшысы  атал ған 

бағдарламаның  20-шы  қадамында  барлық 

сот процестерін бейне және дыбыстаспаға 

жазуды  тапсырған  болатын.  Бүгінде  біздің 

өңірдегі  облыстық,  аудандық  және  оған 

теңестірілген соттардағы 141 сот залы 100 

пайыз дыбыс, бейнежазба құрылғыларымен 

жабдықталды. 

Осы ретте  «100 нақты қадамның» Глу-

бокое аудандық сотының жұмысына да тың 

серпін бергенін атап өткім келеді. Глубокое 

аудандық  соты  2016  жылдың  8  айында 

2934  істі  қарады,  оның  2080-і  азаматтық, 



–  Елизавета  Әмірқызы,  қазіргі  уақытта 

Шығыс Қазақстанда медиация институтын 

белсенді  түрде  насихаттап  жүргеніңізді 

білеміз.  «Шаңырақ»  медиация  орталығын 

құрдыңыз...

– Бұл орталық 2013 жылы құрылды. Орта-

лықты  құру  жұмыстары  2012  жылы  бас-

талған  болатын.  Өздеріңіз  жақсы  білесіздер, 

2011  жылдың  қаңтарында  Елбасы  Нұрсұлтан 

Назарбаев  «Медиация  туралы»  заңына  қол 

қойды. Аталған заң сол жылдың 8 тамызында 

күшіне  енді.  Орталықты  ашуыма  осы  заңның 

қабылдануы  түрткі  болды.  Осы  жерде  сәл 

шегініс жасауыма тура келеді.

Мен  2007  жылы  зейнеткерлікке  шықтым. 

Зейнеткерлікке  дейін  қылмыстық  атқару 

жүйесінде  жұмыс  істедім.  Осы  жылдар 

аралығында  көп  нәрсені  көрдім,  үйрендім, 

көкейге  түйдім  дегендей.  Тәжірибем  бар. 

Содан  ойландым:  «Осынша  жылдық  тәжіри-

бемді,  білген-түйгендерімді  неге  елдің 

кәдесіне  жаратпасқа?  Зейнеткер  болдым 

деп  қол  қусырып,  қарап  жатуға  болмас. 

Білгенімді  басқаларға  үйретейін»  дедім. 

Сөйтіп,  «Жол  картасы»  бағдарламасын 

жүзеге  асыруға  білек  сыбана  кірісіп  кеттім. 

Еліміздің  көптеген  өңірлерін  араладым, 

жұмысымыз  да  өз  нәтижесін  бере  бастады. 

Осылай  жүргенде  2011  жылы  жоғарыда 

айтқан заң қабылданды. Заң қабылданғаннан 

кейін  медиация  орталығын  құру  туралы 

ойлана  бастадым.  Ресейдің,  өзге  де  шет 

мемлекеттердің  медиация  саласындағы 

тәжірибелерімен таныстым. Бірнеше шетелде 

болып,  сондағы  медиаторлармен  кездесіп, 

бірқатар форумдарға қатыстым.



– Сөйтіп, 2013 жылы орталықты құрды­

АЙМАҚ

СОТ ОТЫРЫСТАРЫНЫҢ 

БАРЛЫҒЫ ТАСПАҒА 

ЖАЗЫЛАДЫ


Е

ЛІМІЗДЕГІ  ТҰҢҒЫШ  МЕДИАЦИЯ  ОРТАЛЫ ҒЫНЫҢ  ӨСКЕМЕНДЕ  АШЫЛҒАНЫН 

БҰРЫНЫРАҚТА ЖАЗҒАН ЕДІК. «ШАҢЫРАҚ» ДЕП АТАЛАТЫН БҰЛ БІТІМГЕРШІЛІК 

ОРТАЛЫҒЫ ҚАЗІРГІ УАҚЫТТА ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАНДА МЕДИАЦИЯ ИНСТИТУТЫН 

ЖҮЙЕЛІ ТҮРДЕ НАСИХАТТАП, ОБЛЫСТАҒЫ ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУ ОРГАНДАРЫМЕН БІРЛЕСЕ 

ЖҰМЫС  ІСТЕП  КЕЛЕДІ.  БҮГІНДЕ  ӨҢІРДЕ  ЖҰРТШЫЛЫҚ  ТАРАПЫНАН  СҰРАНЫСҚА 

ИЕ  ОРТАЛЫҚТЫҢ  ЖҰМЫСЫ  ЖӨНІНДЕ  ОСЫ  ҰЙЫМНЫҢ  ДИРЕКТОРЫ  ЕЛИЗАВЕТА 

ӘБДІРАХМАНОВАМЕН ТІЛДЕСКЕН ЕДІК. 

Елизавета ӘБДІРАХМАНОВА,

Өскемендегі «Шаңырақ» медиация орталығының директоры:

«СЕГІЗ АЙДА 450 ІСТІ 

МЕДИАЦИЯ АРҚЫЛЫ 

ҚАРАДЫҚ»


Туған  тілімізді  білу,  оны  ұрпақ 

санасына  сіңіру,  дамыту,  мем­

лекеттік  деңгейде  толыққанды 

қолданылуын  қамтамасыз  ету  – 

әрбір азаматтың қасиетті міндеті. 

Ата  Заңымыздың  7-бабының 

1-тармағында  «Қазақстан  Респуб-

ликасындағы  тіл  туралы»  заңының 

қабылдануына  орай,  республика 

аумағындағы  тілдерді  қолданудың 

құқықтық  негіздері,  мемлекеттің 

олардың  оқып-үйрену  мен  дамыту 

ү ш і н   ж а ғ д а й   ж а с а у   ж ө н і н д е г і 

міндеттері  белгіленген.  Аталған  заң 

республика аумағында қолданылатын 

барлық  тілге  бірдей  құрметпен 

қарауды  қамтамасыз  ете  отырып, 

мемлекеттік  тіліміздің  мәртебесін 

айқындап берген.

Қазақ  тілі  барлық  мемлекеттік 

орган дардың іс жүргізу саласындағы 

негізгі  тіліне  айналды.  «Тіл  туралы» 

заңының  талап тарына  сәйкес,  осы 

міндеттерді  жүзеге  асыру  барысын-

да  көптеген  шаралар  қолданылып, 

жүзеге  асырылуда.  Мемле кеттік 

тілді  дамытудың  бірден-бір  жолы  – 

ісқағаздары  мен  іскерлік  байланыс 

құжаттарын мемлекеттік тілге көшіру. 

Мем лекет  басшысы  Н.Назарбаев: 

«Біз  барша  қазақстандықтарды 

біріктірудің  басты  факторы  болып 

табылатын қазақ тілінің одан әрі қанат 

жаюы  үшін  барлық  күш-жігерімізді 

салуымыз  керек.  Сонымен  бірге 

елімізде тұратын барлық халықтардың 

өкілдері ана тілдерінде еркін сөйлей, 

оқи  алуына,  оны  дамытуға  қолайлы 

ОРЫС ТІЛІН БІЛМЕСЕ ДЕ, СОЛ ТІЛДЕ 

ШАҒЫМ БЕРЕТІН АЗАМАТТАР АЗАЙМАЙ ТҰР

142-сі – қылмыстық, 712-сі әкімшілік іс. Сот 

ғимаратында  дыбыс-бейнеқұрылғылармен 

жабдықталған  3  мәжіліс  залы  бар.  Қазіргі 

уақытта  сот  отырыстарындағы  барлық  іс-

тер  таспаға  жазылады.  Азаматтарға  сот 

отырыстарының электронды хаттамаларымен 

танысуға мүмкіндік берілген. 

Ұлт  жоспарының  22-қадамында  адам-

ның  және  азаматтардың  конституциялық 

құқын  шектейтін  барлық  тергеу  қызметі 

жөнін дегі  өкілеттікті  тергеу  судьясына 

біртіндеп  ауыстыру  көзделген-ді.  Қазіргі 

уақытта  Глубокое  аудандық  сотында  тер-

геу  судьясы  қарайтын  істердің  қатары 

көбейіп  келеді.  Мәселен,  2016  жылдың 

8  айында  күзетпен  ұстауды  санкциялау 

туралы  44  өтінішхат  түсіп,  оның  барлығы 

да  қаралып,  33-і  қана ғаттандырылды. 

Мүлікке  тыйым  салуды  санкциялау  туралы 

16  өтінішхат  түсіп,  барлығы  да  қаралып, 

16-сы  да  қанағаттандырылды.  Күзетпен 

ұстаудың  мерзімін  ұзартуды  санкциялау 

туралы  9  өтінішхат  түсіп,  оның  9-ы  да 

қанағаттандырылды.  Тінтуді  санк циялауға 

байланысты  12  өтінішхат  түсіп,  12-сі  де 

қанағаттандырылды.  Жеке  адамға  тінту 

жүргізу бойынша 11 өтінішхат түсіп, 11-і де 

қанағаттандырылды.  Салыстырып  көріңіз, 

мәселен,  2015  жылы  күзетпен  ұстауды 

санкциялау  жөнінде  33  өтінішхат  түсіп, 

оның  30-ы  қаралып,  тек  3-уі  ғана  қана-

ғаттандырылған.  Айырмашылық  бар  ма? 

Бар. Бұл нені көрсетеді? Бұл сот саласының 

ізгілендірілгенін көрсетеді. 

Елбасының өзі ерекше мән беріп отырған 

медиация мәселесі бойынша қазіргі уақыт-

та  Шығыс  Қазақстанда  ауқымды  жұмыс-

тар  жүргізіліп  жатқаны  белгілі.  Глубокое 

ауданында  да  бұл  бағытта  бірқатар  іс-

шаралар қолға алынды. Реті келгенде айта 

кетейік, Глубокое аудандық соты 2015 жылы 

80  азаматтық,  52  қылмыстық,  36  әкімшілік 

істі медиация тәртібімен қысқартты. Ал, жыл 

басынан бері аудандық сот 257 істі медиация 

арқылы  қарады.  Яғни,  159  азаматтық, 

37  қылмыстық,  61  әкімшілік  іс  бойынша 

тараптарға  дау-дамайды  сотқа  жеткізбей, 

бітімгершілік  жолымен  шешуге  мүмкіндік 

берілді.  

Глубокое  аудандық  соты  медиация 

инсти тутын  насихаттау  мақсатында  үнемі 

бри фингтер, баспасөз конференцияларын, 

ашық  есік  күндерін,  дөңгелек  үстелдер, 

семинарлар мен лекциялар өткізіп тұра ды. 

Мәселен,  биыл  2  брифинг,  10  дөңгелек 

үстел  ұйымдастырылып,  мерзімді  басы-

лымдарда  30-дан  астам  мақала  жария-

ланды.


2016  жылдың  наурыз  айында  Глубокое 

аудандық әкімдігі жанынан медиация кабинеті 

ашылды.  Медиация  кабинетінде  судья-

лар  апта  сайын  жұртшылыққа  татуластыру 

рәсімдерін түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. 

Осы ретте қылмыстық, азаматтық, әкімшілік 

істерді  қарау  барысында  татуластыру 

рәсімдерін  қолдануға  Глубокое  кентінің 

кәсіби емес медиаторлары Ш.Ахметқалиев 

пен Т.Глушакова үлкен көмегін тигізіп келе 

жатқанын ерекше айтқым келеді.

ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ



ңыз.  Нәтиже  қалай?  Қандай  жұмыстарды 

қол ға алдыңыздар?

– Орталықты құрған кезде көмекке бұрын-

ғы  әріп тестерімді  шақырдым.  «Офицер 

бол дыңдар.  Тәжірибелерің  бар.  Бір  жерде 

күзетші болып жүргенше, медиатор болыңдар. 

Құқық қорғау саласындағы білгендеріңді осы 

істе  көрсетіңдер»  дедім.  Сөйтіп,  орталық-

қа  тәжірибелі  әріптестерімді  аттай  қалап 

шақырып  алдым.  Әуелі  Өскеменге  еліміздегі 

ең  тәжірибелі,  білікті  медиаторлардың  бірі, 

«Қазақстан медиация орталығының» директоры 

Ирина  Виговскаяны  арнайы  шақырып, 

медиаторларды  оқыттық.  Өзім  де  оқыдым. 

Қазір өзіміз оқытып жүрміз. 



– Жыл басында облыстағы бірқатар құқық 

қорғау органдарымен медиация институтын 

насихаттау  бойынша  меморандумға  қол 

қойдыңыздар...

– Иә, биылғы жылдың 24 ақпанында Шығыс 

Қазақстан  облыстық  соты,  Қазақстан  халқы 

Ассамблеясы  Шығыс  Қазақстан  облыстық 

хатшылығы,  облыстық  әділет  департаменті, 

Ішкі істер департаменті, білім және денсаулық 

сақтау  басқармалары,  облыстық  адвокаттар 

коллегиясы  мен  «Шаңырақ»  медиация  орта-

лықтары  арасында  татуластыру  рәсімдерін 

дамыту бойынша өзара ынтымақтастық жөнінде 

меморандумға  қол  қойылғаны  рас.  Сол  күні 

Өскемендегі «Достық» үйінде еліміздегі тұңғыш 

медиация орталығы ашылған болатын. Және осы 

меморандум негізінде облыстағы 14 «Достық» 

үйінде  медиация  орталықтарын  ашу  туралы 

келісім  жасалған-ды.  Қазіргі  уақытта  өңірдің 

бірнеше  аудан  орталығында  әкімдіктердің 

жанынан медиация кабинеттері ашылды. 

Реті  келгенде  айта  кетейін,  меморандум 

жасау  туралы  идеяны  айтқан  мен  едім. 

Шығыс Қазақстан облыстық сотындағы әріп-

тестеріміздің  көбін  жақсы  танимыз.  Түрлі 

басқосуларда,  жиындарда  көріп  жүреміз. 

Бірде  Қазақстан  Судьялар  одағының  Шығыс 

Қазақстан  облыстық  филиалының  төрағасы 

Елдос  Жұмақсановпен  кездескенде  айттым: 

«Бәріміздің илеп жүргеніміз бір терінің пұшпағы. 

«Аққу, шортан һәм шаян» секілді арбаны жан-

жаққа сүйремей, бір бағытқа сүйресек, бірлесе 

жұмыс  істесек  қайтеді?»  дедім.  Ойымды 

құптады. Қазір де бірлесе қолға алып жатқан 

жұмыстарымыз аз емес. 

«Шаңырақ» медиация орталығы татуластыру 

рәсімдерін  сот  саласында  кеңінен  қолдану 

бағытында  аянып  жатқан  жоқ.  Кәсіби  және 

кәсіби  емес  медиаторларымыздың  көмегіне 

жүгінетін тұрғындардың қатары артып келеді.

– Мәселен, биыл медиаторлардың көме­

гі мен қанша іс қаралды?

– Бір ғана мысал келтірейін. Биылғы жылдың 

8 айында бір ғана әкімшілік сотпен бірлесіп 450 

істі медиация арқылы қарадық. 



– Әңгімеңізге рақмет.

Сұхбаттасқан 

 Азамат ҚАСЫМ,

«Заң газеті»

Әсем БОЛАТОВА,

 Глубокое аудандық сотының судьясы

жағдай  тудыру  қажет»,  –  деп  атап 

көрсеткен болатын.

Сот  саласында  мемлекеттік  тіл-

ді  дамыту  бағдарламасын  жүзеге 

асыру бағытында біршама жұмыстар 

атқарылып  келеді.  Кеңсе  құжаттары 

мен қатынас қағаздары, нұсқау, өкім 

сияқты  құжаттар  мемлекеттік  тілде 

атқарылады.  Айта  кететін  мәселе, 

сотқа  талап  арыз  қай  тілде  түссе 

немесе алдын ала тергеу барысында 

қай тілде жүргізілсе, сот ісі сол тілде 

жүргізіледі. Қазақстан Республикасы 

Азаматтық  істер  жүргізу  кодексінің 

14-бабына сәйкес, азаматтық іс жүр-

гізілетін  тіл  судьяның  ұйғарымымен 

анықталады.

Сондықтан,  мемлекеттік  тілді 

дамыту, оның қолданылу аясын кеңейту 

сот  процесіне  қатысушы  Қазақстан 

Респуб ликасының  әрбір  азаматына 

да  байла нысты.  Сотқа  келіп  түсетін 

шағымның  бірен-сараны  болмаса, 

көпшілігі  ресми  тілде  жазылады. 

Әрине,  тараптардың  сот  мәжілісінде 

өзі  білетін  тілде  айғақтар  беруге 

және  аудармашының  тегін  көме гін 

пайдалануға құқы бар. Істі қарау бары-

сында  шағымданушы  азаматтардың 

кей біреулері  ресми  тілде  берген 

шағым дары мен арыздарын түсінбей, 

тіпті,  ресми  тілді  білмейтіндері  де 

кездеседі. Мұндай жағдайда олардың 

өздерінің арыздарын қарау үшін сот 

процесіне  аудармашы  қатыстырып 

жатамыз. Сон дықтан, азаматтарымыз 

арызды біреу лерге жаздыртып алған 

жағдайда немесе адвокаттарымыздың 

талап арызды дайын дап жазып беріп 

жатқанда,  ертең  сот  процесі  де  сол 

арыз  жазылған  тілде  жүр гізілетінін 

есте сақтағаны жөн.

Сот  ісінде  мемлекеттік  тілді  қол-

дану  аясын  кеңейту  барысында 

құқық  қорғау  органдарының  тергеу 

жұмыстарының  қорытындысына  аса 

көңіл бөлу қажет. Қыл мыстық істерді 

қарау барысында тер геу амалдарының 

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ БЕС ИНСТИТУ ЦИОНАЛДЫҚ РЕФОРМАНЫ 

ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ МАҚ САТЫНДА ЖАРИЯ ЕТКЕН «100 НАҚТЫ ҚАДАМ» ҰЛТ 

ЖОСПАРЫ  БАҒДАРЛАМАСЫНДА  СОТ  САЛАСЫНА  АЙРЫҚША  МӘН 

БЕРІЛГЕНІ БЕЛГІЛІ. ЕЛБАСЫ ҚҰЖАТТА ЕЛІМІЗДІҢ СОТ САЛАСЫНЫҢ 

ҰСТАНАР БАҒЫТ-БАҒДАРЫН ТАЙҒА ТАҢБА БАСҚАНДАЙ АЙҚЫНДАП 

БЕРДІ. 

арызды,  тараптардың,  куәлардың, 

сарапшылардың  жауаптарын  ресми 

тілде  алып,  кез  келген  тілмашты 

қатыстырып,  шала  немесе  тікелей 

(дос ловно) аударған аудармаларының 

сал дарынан  аталған  іс  материал-

дарының мағынасы бұзылған күйінде 

келіп, қарау барысында сотқа айтар-

лықтай  қиын дықтар  туғызады.  Осы 

ретте  құқық  қор ғау  органдарының 

тергеу амалдарын мемлекеттік тілде  

жүргізетін  мамандарға  мемлекеттік 

тілді оқыту қажет-ақ.

«Ана  тілін  ұмытқан  адам  өз  хал-

қының өткенінен де, болашағынан да 

қол үзеді. Ана тілі дегеніміз – сол тілді 

жасаған, жасап келе жатқан халықтың 

мәңгілігінің  мәңгілік  мәселесі»,  – 

деген  еді  ұлт  пен  тіл  қадірін  өмір 

бойы  дәріптеп  өткен  жазушымыз 

Ғ.Мүсірепов.  Мемлекеттік  тілді  тек 

жергілікті  ұлт  өкілдері  ғана  емес, 

республикамыздың  әрбір  азаматы 

жетік  меңгеруі  қажет  және  оны  қол-

дану  мен  дамыту  мемлекеттік    бағ-

дарламаға сай дамуы тиіс.

Зухра АЛҒАБЕКҚЫЗЫ,

 Риддер қалалық сотының 

кеңсе меңгерушісі


8

№101/1 (2879) 

15 қыркүйек 2016

zangazet@maiI.ru



«Әлді – жықпақ, бай жеңбек 

әуел бастан».

Абай

Қ

азақтың  бас  ақыны,  соң­



ғы  төбе  биінің  эпиграфқа 

алынған  сөзі  қиқуы  мол 

заманда білім­ғылымға, мәдениетке, 

әділдікке толы ой екенін мына адам 

баласының  тыныс­тіршілігі  анық 

байқатуда.

Өмір  отын  мүлдем  өшірердей 

өршеленген  өзімшілдіктің  топан 

суы  әлі  де  асып­тасып  тұрғанда 

әділдік  пен  адалдық  мәселесі­

нің  түбегейлі  шешілер  жері  біреу 

ғана.  Ол  –  надандық  тудырған 

менмендікті жеңер жер – мәдениет. 

Мәдениеттер  теңдігі  әлемде  әділ­

дікке  қол  жеткізудің  бірден­бір 

құралы,  оны  адамзаттың  қанды 

трагедияға толы тарихы растайды. 

Қазақтың  «Тең  адам  анда,  текті 

ауыл құда» атты мақалы батыстың 

бұрынғы  құқықтық  мәдениетіндегі 

«Rhomines sui iuris» – «люди своего 

права» «тең құқылы  адамдар» атты 

ойларымен  астасып  жатуы  әділдік 

принципінің  өзі  теңдік  ұғымымен  

әріден бергі мәдениеттердің  өзара 

тең    байланысты  екенінің  нақты 

белгісі.

А.Байтұрсынов мәдениет теңдігі 

турасында: «Табиғатта таза әділдік 

жоқ.  Әділдік  –  адам  қоғамының 

туындысы. Табиғатта тек қана күш 

қожалық етеді, оның өктемдігін бір­ 

шама баса алатын күш – мәдениет 

күші.  Адам  баласы  әділдікті  тек 

мәдениет  теңдігінен  таба  алады. 

Әділдікті  сатып  та  ала  алмайсың, 

сыйға  да  берілмейді.  Оны  тек  өз 

ерік­жігеріңмен  табасың.  Өмір 

қайыр­садақа  бермейді  және  өмір 

артта  қалғандарды  жинап­теріп  те 

жүрмейді және кешіккенді күтіп те 

тұрмайды», – деген екен.  

Әділдікке қол жеткізу жолы Абай 

ойында айқын көрініс береді: «Адам 

баласына ғадалат ісінің алды­артын 

байқарлық білімі, ғылымы болсын». 

Абай  айтқан  әділдік  әлеміне 

жеткізер  құқықтық  тетік  –  ғылым 

қазақта  әуел  бастан    болды  ма, 

болса оның іргелі, бірегей жүйесінің 

атауы  не,  бастауы  қайдан,  қашан 

шыққан  деген  заңды  сұраққа  біз 

ол  ескі  қазақ  жолы  –  би  жолы 

демекпіз. Би – ғалами ғылым. Жол 

ұғымының  дәні  –  заң.  Ойымыз 

баршаға  ұғынықты  болуы  үшін 

Абайдың  жол  хақындағы  мына 

бір  ойына  жүгінейік:  «Алла  тағала 

бұл  ғаламды  кәмәлатты  бір  жолға 

салып жасады». Абай сөзінде «жол» 

–  жаратылыс  заңының  нормалар 

жиынтығы, Жаратушының жарғысы. 

Кемел  келісім  кодексі.  Абайдың 

«Адами  ғылым  ғалами  ғылымға 

ерсін, бағынсын, құлшылық етсін», 

–  дегені  –  Жаратушының  жарғы­

сына  сай  жүру.  Жаратылыс  заңын 

ұғу,  соған  бағыну.  Құлшылық 

етудің  өзі  –  таза  тану,  ұғу.  Көне 

қытай  жазбасында  «Жо»  –  мән­

мағынасы  «ұқсас»  ұғымы:  сәйкес, 

бейнелес, іспеттес. Адам да тіршілк 

туындысы,  сондықтан  да,  оның  өз 

бойында  адамның  ерік­жігерінен 

тыс жаратылыс заңының әмірі жүріп 

жатады. Адам жасалып қойған заңға 

сәйкес  іс­қимыл  жасап,  бар  ойын 

соған ұқсас жүйелеуге мәжбүр. 

«Қуатты  ойдан  бас  құрап  ерке­

леніп  сөз  шығар».  Абай  –  шебер 

суретші. «Қуатты ой» – жаратылыс 

заңы.  «Сөз»  –  адам.  «Бас  құрап» 

–  рет,  ереже.  «Еркеленіп  шығу»  – 

жаралу. Аккад тілінде «moledeth» – 

туу, жаралу процесі, молқы.  Ойдың 

айтпағына тән мәнге сәйкес әуенге 

бөленген  ұғымның  сыртқа  жету 

барысы.  Қырғызда  «жосын»  сөзі 

«рет, ереже». 

Қазақ хандарының атасы Шыңғыс 

ханның тұңғыш ұлының есімі Жошы, 

мәні тәңірге тартқан, ұқсас. Ойшыл. 

Қырғызда эпос пен оқиғаның атауы 

бір:  «жомық».  Олай  болса,  «жол» 

ұғымы – ұқсастық, ұқсауға ұмтылған 

ынталы жүрек ісі. Қазақта сөз бар: 

«Мал иесіне ұқсамаса арам өледі» 

деген. Осындағы «мал» терминінің 

«адам» деген ұмытылған мағынасы 

барлығын  еске  алсақ, ойланарлық 

затқа айналмақ. 

Абайдың  тағы  бір  сөзін  алға 

тартайық: «Біз жанымыздан ғылым 

шығара  алмаймыз,  жаралып,  жа с­

алып қойған нәрселерді сезбек піз, 

көзбен көріп, ақылмен біліп»,– дейді 

ұлы  ойшыл.  Шындығында,  бізге 

сезу,  көру,  білу  бақыты  бұйырған. 

Жаратылыс  заңының  билігі  бар 

адамзатқа  бірдей  жүретіндіктен, 

бізге ой да ортақ, дыбыс та ортақ, 

өмір мәңгі жасамақ. Ғалами ойдың 

мәңгілік  ғұмыры  туралы  ғалым 

С.Зиманов:  «Қыпшақтардың  ұлы 

даласының  ерте  құлдырауы  қазақ 

даласындағы құқықтық мәдениеттің 

құлдырауына соқтырған жоқ», – деп 

жақсы айтқан. Қазақтың құқықтық 

мәдениетінің  құлдырамауының 

бір  себебі,  қазақ  ортасында  бой­

ларын  адам  аулаушылардан,  адам 

алдаушылардан  аулақ  ұстаған,  өз 

пиғылдарын  би  жолына  ұқсатуға 

шарт  қылып,  ақиқат  пен  расты 

адаспай  тура  іздеген  хакімдер 

болғандығымен  байланыстырсақ 

әсте  қателеспейміз.  Себебі,  мұн­

дай  құндылықтарсыз  қазақтың 

құқықтық  мәдени  дүниесі  ойран 

болып,  бүгінгі  күнге  бүтін  күйінде 

жетпес еді. 

Және  де  тағы  бір  себебі,  арғы 

ата­бабалардан үзілмей келе жатқан 

қазақтың  толық  билік  айтарлық, 

төлеу  саларлық  адал,  парасатты, 

әділ,  намысшыл  мықты,  ізгі  мәрт 

мінезі Һәм сан мыңжылдық тарихы 

бар, тәлім­тәрбиеге толы құқықтық 

мәдени мектебі ықпал еткені сөзсіз. 

Алла  тағала  дарытқан,  сан 

май данда  ақылымен  дамытқан, 

тәңір  хиқметін  жүрегімен  сезген, 

ұрпағы ның кемел болашағына жол 

ашқан, адам атын ұмытпаған, дала 

баласына  танымдық  тәлім­тәрбие 

ордасы, құқықтық мәдени мектебі, 

білім  бесігі,  тәртіп  тезі  қызметін 

атқарған ғылыми ой ортасы болғаны 

сипатталған сөзге көшелік. Абайдың: 

«Болыс пен биді құрметтейін десең, 

құдайдың  өзі  берген  болыстық 

пен  билік  елде  жоқ.  Сатып  алған, 

жалынып, бас ұрып алған болыстық 

пен  биліктің  ешбір  қасиеті  жоқ», 

–  деп  елдік­бірліктен  айырылған 

кезеңде айтылған осы бір шынайы 

жүректен  шыққан  сөзі  ойшылдың 

жалғыз  күйініш  сөзі  емес  еді. 

Қазақтың тағы бір асыл ұлы, ғалым 

Шоқан  Уәлиханов  өз  заманындағы 

қазақ  ұлтты  билеушілерге  қарата 

«олар,  билеушілер,  елді  таласа, 

өздері де басқаға жем болуда» деп 

баға бере келе, ұлтының мүддесіне 

кереғар  келетін  реформаға  қарсы 

тұрып, «қазақтың бұрынғы халықтық 

билер сотын сақтап қалу керек» деп 

дәстүрлі  би  институтына  араша 

түсіп  бақты.  Сол  заманның  өзін­

де  ұлтының  болашағын  ойлап 

кемеңгер ой айтқан, кестелі ұсыны­

сын  жеткізген  даналардың  батыл­

дығына,  талапшылдығына  еріксіз 

бас  шайқайсың.  Би  және  билік 

жайлы сөз қозғағанда, екі ойшылдың 

да көкейінде бір­ақ дүние тұрды. Ол 

–  адам.  Екеуі  де  қазақтың  ұлттық 

мүддесін адамшылық, адам құқығы 

тұрғысынан  қорғады.  Қазақ  та 

адам  баласы,  оның  да  жеке  басы 

дұрыс бағаланса, басқалармен тең 

түсер мәдениеті бар деді. Және осы 

ойларын  басқалардың  естігенін, 

ең  бастысы,  халықтың  өз  қадірін 

кетірмей,  өзін  бағалауды  үйретуге 

әрекет  жасады.  Бірі  өлеңімен,  бірі 

жазбаларымен  жұртының  жүрегіне 

жеткізе  сөз  арнап,  қоғамдағы 

қалып тасқан  қағиданы  өзгертуге 

күш  салды.  Сондықтан  да,  олар 

қазақтың  құқықтық  қорғаушысы 

болып мәңгі есте қалады. Шоқанның 

қазақ билерінің сахара сахнасынан 

кетпеуін қалауында үлкен мән бар. 

Егер  дәл  ғалымның  айтқанындай 

қазақы заңдылық сақталып, билер 

билігі  әлі  күнге  дейін  өз  мәнін 

өнерін  меңгергендігін  талай  рет 

көрсетуі  керек  қажет­тің».  Шоқан 

«юридическое  знание»  деп  тура 

көрсеткен, яғни, би – заң ғылымын 

игерген  әмбебап  маман,  заңгер. 

Сонымен  қатар,  онда,  яғни,  би 

болмақ тұлғада соттық әдет­ғұрып­

тардан (в судебных обычаях) терең 

танымы  болуы  қажет  еді.  Шоқан­

ның  би  институтына  қатысты  заң 

ғылымының  екі  түрлі  саласының 

аражігін  ажырата  анық,  айрықша 

атағанын  аңдаймыз.  Бірі  –  мате­

риал дық  құқықтық  нормалары  – 

«юридическое  знание»;  екіншісі 

–  азаматтық  процестік  құқықтық 

нормасы –  «судебный обычай». Дәл 

осындай  тұжырым  жасауға  Шоқан 

еңбегіндегі «Ескі халықтық үлгідегі 

билер  соты»  атты  тармағында 

«би  болар  азаматқа  соттық    әдет­ 

ғұрыптық  танымды,  заң  білімін 

шешендік  өнермен  шендестіру 

қажет»  деуі  негіз.  Билер  сотына 

қатысты Шоқан қолданған ғылыми­

құқықтық  ұғым,  терминдер:  «заң 

ғылымы»,  «соттық  әдет­ғұрып» 

–  аза маттық  процестік  нормалар 

жарғысы, «шешендік өнері».  Соны­

мен, Шоқанның «заң біліміне жетік 

адам ғана би болуға һақы бар» дегені 

қазақ  тарихында  ежелден  тіршілік 

талабына жауап берер ертеден бері 

жолға түсуі мүмкін емес. Қазақтың 

да  алғашқы  от  басы  –  от  ағасы, 

ерлі­зайыпты,  жұптық­жұбайлы, 

шаңырақ  көтеріп,  түтін  түтіндетіп, 

үй­жайы  жарасып,  үй  ішімен  үйлі­

барандыдан  үйелменге  жетіп, 

сыбайлас­сырлас көрші­қолаңдық, 

алқа­қотан  ауылдық  сияқты  түрлі 

бастапқы туыстық­әлеуметтік құры­

лымнан  кейінгі  рулық,  тайпа лық, 

арыстық бірлестіктер, аталы ел – күн 

атану, ұлыстық одаққа ұйысу, ұлттық 

мемлекет құру заманына дейінгі бар 

кезеңді басынан басқа да бауырлас, 

туыс­қандастармен бірдей бірлесе 

өткеруі  табиғи,  тарихи  құбылыс. 

Сыр­сипат,  заңдылық  болған  соң 

дәстүрлі  құқықтың  да    теориясы 

адам баласымен бірге қалыптасып 

дамығанына  әлем  тілдеріндегі 

құқық тық терминдердің ұқсастығы 

мықты дәлел.

Тілді  де,  сөзді  де,  ақылды  да 

адамзатқа  біреуі  біреуіне  ойын 

ұқтырарлық үшін Алла тағала берген 

соң,  бар  тілде  ұқсастық  болуы, 

дыбыстардың  орайлас,  ыңғайлас, 

үндес келуі, сөздердің түр­тұрпаты, 

мән­мағынасы  біркелкі,  теңдес 

тұруы  заңдылық.  Сөздердің  мәні, 

айтылуы  ұқсас  болмаса,  әлем 

азаматтары бір­бірін қалай ұқпақ? 

Бар ұқсастық адамзатқа ортақ Алла 

қалудың бұлжымас, бұзылмас, ешкім 

ешқашан бұза алмас заң нормасы 

еді  және  де  ол  бүкіл  атау лардың 

ататегінде,  ғылыми  термин дердің 

тұла бойында көрініс табуы тиіс­ті. 

«Алла  өзгермес,  адамзат  күнде 

өзгерер»,  –  деп  Абай  айтқандай, 

тіршілік  көзі  бірте­бірте  өзгеріске 

ұшырады, өнімді өндіріс туды, еңбек 

бөлінісі  күрделенді,    алды­артын 

танырлық  ілім­ғылымға  ие  болды, 

орталарынан  Алланың  хикметін 

анығырақ сезер тұлғалар – Шоқан 

бейнелеген билер шықты. 

Кезінде  құқықтық­мемлекеттік 

мәдениет  туралы  сөз  болғанда 

қазақтың ежелгі құқықтық теориясы 

мен  тарихы  барлығын  дәлелдейтін 

жазба  ескерткіштері  жоқ  дейтін 

пікірлердің басым болғаны белгілі. 

Сондағы алға тартатын басты уәж­

дердің бірі қазақта жазба әдебиеті 

болмаған,  құқықтық  мәдениеті 

дамымаған  деген  соқыр  сеніммен 

байланысып  жататын.  Осы  ойдың 

түп­тұқиянынан,  тамырынан  қате 

пікір  екені  өздеріне  де  белгілі 

бола  тұрса  да,  қоғамдық  пікірді 

озбырлық, содырлық сойқандықпен 

біржақты қалыптастырды. 

Қазақ ойшылдарының құқықтық 

ғылым туралы ойларын түйіндей келе 

айтарымыз, қазақ мәдениетінде әуел 

бастан  өсіп­өну,  өрістеу  заңының 

татулық,  тыныштық,  келісім  атты 

үш принципке негізделіп құрылған, 

ұлттық құқық ғылымының теориясы 

да  болғанын  растайтын  және  де 

қазақ  атты  халықтың  бұрыннан 

сауатты екенін дәйектейтін деректің 

көптігін  өмірдің  өзі  айғақтап  отыр. 

Егер  сауаттануға,  білімге  деген 

қ ұ ш т а р л ы қ   б о л м а с а ,   д ә у л е т і 

тасып, байлығы бір басынан асып, 

жеті  ұрпағына  жететін  Шыңғыс 

Шоқанға  ілім­білім  үйрету  үшін 

арнайы  мұғалім  алдырып,  Әубәкір 

молданың көмегіне жүгінер ме еді?! 

Сол  Шыңғыстың  көрегендігі  бол­

маса,  қазақтың  ғылым  кеңістігінде 

Шоқандай жарық жұлдыз жанар ма 

еді?! Міне, сол құйрықты жұлдыздай 

ерте  сөнген  Шоқанның  өзі  қазақ 

ғылымын  ілгерілетуге  қаншама 

еңбек сіңіргенін кейінгі ұрпақ көріп, 

бағалап  отыр.  Құнанбайдың  да 

бала  Абайға  қандай  қамқорлық 

танытып,  өсіп­өнуіне,  бойындағы 

қабілетін  дамытуына  қаншалықты 

қамқорлық  танытқанын  білеміз. 

Ендеше,  біз  Абай  мен  Шоқандай 

даналарымыздың  еңбегін  бағалай 

отырып, сондай ұрпақ тәрбиелеген 

бабалардың  көрегендігіне  бас 

июді де ұмытпауымыз керек. Және 

болашақта  қазақты  әлемге  таны­

татын  жас  Абайлар  мен  Шоқан­

дарды өсіргіміз келсе, Шыңғыс пен 

Құнанбайдың  бала  тәрбиесінде 

ұстанған  қағидасын  қайталаудың 

маңызы зор.

Бар  мәдениетте  ауыз  әдебиеті­

нен  жазба  әдебиеті  қалыптас­

қаны  мойындалған,  ауыз  әдебиеті 

сөздердің  айтылу  заңдылықтарын, 

дыбыстардың алғашқы пішін, әуенін 

сақтап қалды.   

БИ — МӘДЕНИЕТ          МЕКТЕБІ, БІЛІМ БЕСІГІ

өсіп­өнген  заң  ғылымының  өмір 

сүргенін  растайды.  Дала  сотының 

қабырғасын қалаушы, атақ­даңқын 

құраушы, құқық қор ғау шысы болып 

табылатын тұлға – би.  

Шоқан «қазақта заң білімі болды» 

десе, онда сол көне, қадым заман­

нан  келе  жатқан  қазақы  құқықтық 

ғылым  ның өзіндік теориясы, методо­

логиясы,  философиясы,  мектебі, 

тарихы да  болуы шарт қой деген ой 

алдыңды орайды.

Шоқанның  қазақта  ежелден 

заң  ғылымы  бар  болғандығы  және 

де  міндетті  түрде  болуға  тиістілігі 

жайлы ойының тереңдігін Абайдың: 

«Бұл билік деген біздің қазақ ішінде 

әрбір  сайланған  кісінің  қолынан 

келмейді.  Бұған  бұрынғы  «Қасым 

ханның қасқа жолын», «Есім ханның 

ескі  жолын»»,  Әз  Тәуке  ханның 

К ү л  т ө б е н і ң   б а с ы н д а ғ ы   к ү н д е 

кеңес  құрып  жүріп  қабылданған 

«Жеті  жарғысын»  білмек  керек. 

Һәм  ол  ескі  сөздердің  қайсысы 

заман өзгергендікпенен ескіріп, бұл 

жаңа заманға келіспейтұғын болса, 

оның орнына татымды толық билік 

шығарып, төлеу саларға жарарлық 

кісі  болса  керек еді, ондай  кісі аз, 

яки тіпті жоқ» деген демократиялық 

көз қарастағы ғылыми сөзімен нақ­

тылай түсуге һақымыз бар. 

Абай  бұл  сөзінде  құқықтық 

теорияға  жетік,  құқықтық  норма­

ларды  қолдану  методикасын  мең­

герген, халық өмірінің қажетін өтей 

алатын  заман  ағымына  сәйкес 

заңынан  туындайды.  Және  соған 

жұрттың бәрі бағынышты, тәуелді.

Шынында да, тарихи дамуға сай 

негізі ортақ тегі тең заттарды ғана 

салыстыруға,  ұқсатуға  мүмкіндік 

бар.  Өткенге  ой  сала  қарасаңыз, 

жер бетінде пайда болғалы адамзат 

көзге көрінген дүниеге үңіле келе, 

талай затты аңғарды, жаратылыстың 

жұмбақ сырына зер салды, қорытты, 

ой  түйді,  бар  затпен  қарым­қаты­

наста  екенін,  соған  тәуелділігін 

анықтады,  бірте­бірте  болмысқа 

үйренді, әр нәрсенің өлшемі барын 

іштей  пайымдады.  Тіршілікте  адам 

өзінің түпкі мақсат­мүддесі ретінде 

бірлікті көздемек, қауымдасу күйін 

қаламақ.  Осылайша  тіршілік  ету 

үшін  жаратылып,  жасалып  қойған 

әлеммен, қоршаған ортамен теңесу 

қажеттілігін  түсінді,  ұқты.  Теңесу 

үшін  ұқсауға  келісу  қажет­тін. 

Келісім ұқсау жолына түсуді талап 

етіп,  мәжбүр  қылып  салыстыру 

санасын тудырды. Салыстыру үшін 

ойлау,  саралау,  сынау,  зерттеу 

талабы  туындап,  жан  мен  ақыл 

иесі  деп  танылған  адам  баласын 

ой  еңбегіне  қарай  мойын  бұрып, 

бар ынта­жігерімен сұрау салушы, 

ақиқат  іздеуші,  анықтаушы,  өзіне­ 

өзі  сот  һәм  қорғаушы  бола  алар­

лық  құқық  пен  міндеттер  біріккен 

толық  тұлға  болып  жетілу  жолына 

әкелді.  Бұл  жолда  ең  алдымен 

адам  баласының  үзілмес  нәсілінің 

алдында  өсіп­өну  міндеті  тұрды, 

бұл  табиғи  түр  ретінде  сақталып 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет