«механика»



бет1/26
Дата02.12.2022
өлшемі2,67 Mb.
#54346
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Қарағанды мемлекеттік Е.А.Бөкетов атындағы университеті
Физика- техникалық факультеті

Физика және нанотехнология кафедрасы





«МЕХАНИКА»

пәні бойынша


5B012800 - «Физика»,

5B060400 - «Физика»

мамандығы үшін


ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН




Курс: 1
Семестр: 1


Қарағанды 2015


Құрастырғандар: Дәрібеков Сағатбек Дәрібекұлы – т.ғ.к., физика және нанотехнология кафедрасының профессоры

Бұл несие жүйесі бойынша оқытылатын физика- техникалық факультетінің 1 курс студенттеріне механика курсына арналған оқу - әдістемелік кешен. Мұнда тапсырманы орындау және тапсыру кестесі; барлық сабақтар түрлері бойынша негізгі және қосымша әдебиеттер тізімі; пән бойынша оқу - әдістемелік кешен: тақырыптық мазмұны, дәріс тезистері, практикалық сабақтардың мазмұны (шығарылған есептер мысалымен); зертханалық сабақтар мазмұны; СОӨЖ және СӨЖ сабақтар көлемінде; пән бойынша жазбаша жұмыстар тақырыптары; өздік бақылауға арналған тестік тапсырмалар; емтихан сұрақтары келтірілген.


«Механика» пәні бойынша 5B012800 - «Физика»,5B060400 - «Физика» мамандығының студенттеріне арналған оқу-әдістемелік кешен / Дайынд.: С.Д.Дәрібеков - Қарағанды: ҚарМУ баспасы, 2015.- 95 б.


© Қарағанды Мемлекеттік Университеті, 2015

  1. Пәннің типтік оқу жоспары (қосымша 1)

  2. Күндізгі оқу түрінің жұмыс оқу жоспары

Оқу жоспарының көшірмесі

Мамандық

Оқу мерзімі

Курс

Семестр

Несиелер

Лекциялар

Семинрлар

Лаборатор

СОӨЖ

СӨЖ

Барлығы

Бақылау түрі

5В060400

4

1

1

3

15

15

15

15

75

135

емтихан




№№

Тақырып атауы

Лекциялар

Семинарлық сабақ

Лабораториялық сабақ

СОӨЖ

СӨЖ

1

Кіріспе.

1

1

1

1

5

2

Кинематика

1

1

1

1

5

3

Ньютонның заңдары

1

1

1

1

5

4

Материялық нүктелер жүйесі

1

1

1

1

5

5

Күш жұмысы. Энергия.

1

1

1

1

5

6

Соқтығысулар

1

1

1

1

5

7

Гравитациялық өрістегі қозғалыс

1

1

1

1

5

8

Инерциялы емес жүйелер

1

1

1

1

5

9

Қатты дене динамикасы

1

1

1

1

5

10

Гироскоптар

1

1

1

1

5

11

Тұтас ортаның механикасы

1

1

1

1

5

12

Гармоникалық тербелістер

1

1

1

1

5

13

Тербелістер. Толқындар

1

1

1

1

5

14

Жалпы салыстырмалылық теорияның негізгі қағидалары

1

1

1

1

5

15

Релятивистік динамика

1

1

1

1

5




Барлығы (сағат):

15

15

15

15

75

3. ПӘННІҢ ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ – SYLLABUS


3.1 Оқытушылар туралы мәліметтер:
Дәрібеков Сағатбек Дәрібекұлы, кафедрада болу уақыты оқу сабақтарының кестесімен анықталады.


3.2 Пререквизиттері: оқытылатын пәнді игеру үшін қажетті білімдер мен дағдылардың жинағы. Математика, элементар физика курсы, логика.


3.3 Постреквизиттері: пәнді оқыту кезінде алынған білімдерді қолданатын басқа пәндер жиынтығы. Физиканың жалпы курсы, теориялық механика, кванттық механика, салысттырмалылықтың арнайы теориясы, физиканы оқыту әдістемесі, элементар физика курсының ғылыми негіздері, есептерді шешу әдістемесі, күрделілігі жоғары есептерді шешу әдістемесі.


3.4 Пәннің қысқаша мазмұнында пәннің негізгі мақсаттары мен міндеттері. Студенттерде классикалық және релятивистік механиканың негізгі түсініктері мен заңдары туралы ұғым көрініс қалыптастыру, студенттерді теория негізінде жатқан іргелі тәжірибелік фактілермен таныстыру, студенттерге тәжірибелік жұмыс дағдыларын беру.
4. Пән бойынша тапсырмаларды орындау және өткізу кестесі.



Жұмыс түрі

Тапсырма мақсаты және мазмұны

Пайдалануға ұсынылатын әдебиеттер

Бақылау түрі
(рейтингтік шкалаға сәйкес)

Балдар (рейтингтік шкалаға сәйкес)

Есеп беру түрі

Тапсыру уақыты

1

2

3

4

5

6

7

8

1

Бақылау жұмысы

Бағдарламалардағы материалдарды меңгеру

Негізгі және қосымша әдебиеттерге сәйкесті

Ағым-дық

50-100

жазбаша

3- апта

2

Блиц сауалнама

Теориялық материалдарды бекіту

әдебиттер тізіміне сәйкесті

Ағымдық, аралық

50-100

ауызша

5- апта

3

Физикалық диктант

Теориялық материалдарды бекіту

әдістемелік көрсеткішке
сәйкес

Ағымдық, аралық

50-100

жазбаша

9-апта

4

Бақылау жұмысы

Рефератта келтірілген әдебиеттерді оқып меңгеру

әдістемелік көрсеткішке
сәйкес

Ағымдық

50-100

жазбаша

12-ші апта

5

Студент-тердің белсенді-лігін бағалау



Білімді жан-жақты тексеру

Тізімге сәйкесті

Ағымдық, аралық

50-100

ауызша

15-ші апта




  1. Пәннің оқу- әдістемелік картасымен қамтамасыз етілуі

№№



Курс бойынша оқулықтар мен оқу құралдары

ҚарМУ кітапханасындағы оқулықтар мен оқу құралдарының саны

1. Негізгі әдебиеттер*

1

Ақылбаев Ж.С., Гладков В.Е., Ильина Л.Ф., Турмухамбетов А.Ж. «Механика», Астана, изд. Фалиант, 2005.

39

2

Матвеев А.Н. Механика и теория относительности. Уч. Пособие. М.:Высш.школа., 1986. – 415 с.

55

3

Жалпы физикалық практикум. Молекулалық физика./Исатаев С.И. және басқалар. Алматы: Қазақ университеті, 2002.-135б.

10

4

Иродов И.В. Задачи по общей физике. М.: Наука, 1988.

381

2. Қосымша әдебиеттер**

5

Волькенштейн В.С.Жалпы физика курсы бойынша есептер жинағы М.: Физ.мат. литературы 1985г.

5

6

Механика және молекулалық физика курсының практикумы: Оқу құралы/ Темірқұлова Н.И., Тауасаров Қ.Ә., Изтлеуов Н.Т., Абдраймова Р.Қ. - Алматы: Қаз.ун-ті, 2004. - 123 б.

25

7

Аққошқарова Қ. Қойшыбаев Н. Физика: Теория. Есептер. Сұрақтар. Оны шешудің жолдары. - Алматы: Принт Экспресс, 2005. - 400 б.

13

8

Ж.Абдула, Ә. Мукашева, Л.Сатаев. Жалпы физика курсының есептер жинағы. Астана 2006

7



6. Лекциялық сабақтар тезистері

Лекция 1. Кіріспе
Физика - материя қозғалысының жалпы және қарапайым формаларын, қасиеттерін зерттейтін ғылым. Материя қозғалысын: механикалық, молекулалық, электромагниттік, ядролық және т.б. формаларын жіктеуге болады.
Зат пен өріс – материя түрлері, олардағы өзгерістер физикалық құбылыстар деп аталады. Физикаға материяның қасиеттері мен өзгерістерін сипаттайтын, өлшенетін әрі санмен өрнектелетін көптеген физикалық шамалары енгізіледі. Бақылау мен тәжірибе арқылы құбылыстар мен физикалық шамалар арасындағы тағайындалған тәуелділіктер физикалық заңдылықтар болып табылады. Ұғымдар, заңдар, принциптер физикалық теорияның негізін құрастырып, белгілі бір құбылыстар жөніндегі біздің білімімізді жинақтап және жалпылап отырады. Физика өндіріс пен техника салаларының негізі болып табылады. Көптеген техника мен жеке өндіріс салаларына байланысты: металлургияда – металлофизика, биологияда – биофизика, химияда – химиялық физика, геологияда – геофизика, құрылыс саласында – құрылыс физикасы, ауыл шаруашылығында – агрофизика т.б.с. Олай болса, физика пәнін оқыту көптеген адам баласының игеретін мамандықтарының негізі болып табылады.
Механика - физиканың материя қозғалысының формаларын, пайда болу, өзгеру себебін және салыстырмалы тыныштық күйін зерттейтін физиканың саласы. Механиканың негізгі мақсаты - дененің кез-келген уақыт мезетіндегі орнын анықтау. Дененің механикалық қозғалысы деп уақыт өтуіне қарай оның басқа денелермен салыстырғанда кеңістікте орын ауыстыруын атайды.
Механика: кинематика, динамика, статика деп аталатын үш бөлімнен тұрады.
Кинематикада – дененің қозғалысы оны тудыратын себепке тәуелсіз қарастырылады.
Динамикада – дене қозғалысын немесе осы қозғалыс өзгерісін тудыратын себепке байланысты зерттейді.
Статикада – денелер жүйесінің тепе-теңдік заңдарын қарастырады. Егер дене қозғалысының заңдары белгілі болса, онда оның тепе-теңдік заңдылықтарын анықтауға болады.


Механика: классикалық (Галилей-Ньютон) механикасы, релятивистік (А.Эйнштейн тұжырымдаған салыстырмалықтың арнаулы теориясына негізделген) механика, кванттық механика.
Галилей-Ньютон механикасында жылдамдығы вакуумдағы жарық жылдамдығынан () көп кіші () макроскопиялық денелердің қозғалыс заңдары қарастырылады. Релятивистік механикада қозғалыс жылдамдығы вакуумдағы жарық жылдамдығына жуық () жылдамдықпен қозғалатын макроскопиялық дененің қозғалыс заңдарын қарастырады. Кванттық механикада жеке микроскопиялық денелердің (жеке атомдардың, молекулалардың және элементар бөлшектердің) қозғалыс заңдары қарастырылады. Физиканың кез-келген бөлімінде өзіне тән физикалық модельдер қолданылады. Мысалы механикада: материалдық нүкте, абсолютті серпімсіз және абсолютті серпімді қатты денелер; молекулалық физикада: идеал және реал газ; электр және магнетизм бөлімінде нүтелік заряд, () тогы бар өткізгіш элементі; оптикада: жарық cәулесі; электромагниттік толқын және фотон, модельдері қолданылады.
Материалдық нүкте – абстрактылы ұғым. Бірақ оны енгізу көптеген қолданбалы есептерді шешуге мүмкіндік береді. Материалдық нүкте деп қозғалыстың берілген шарттарында өлшемдері өзгермейтін денені айтады. Қарастырылатын мысалдың шарттарында деформациясын ескермеуге болатын денені абсолютті қатты дене, Гук заңына бағынатын денені абсолютті серпімді дене деп атайды. Ол түсірілген күш тоқталғаннан кейін бастапқа орнына (өлшеміне, пішініне) қайтып оралады. Ал абсолютті серпімсіз дене – сырттан түсірілген күш тоқталғаннан кейін бастапқы қалпына қайта оралмайтын, сыртқы күш түсірілген кездегі алған пішінін сақтап қалатын денелерді айтады.
Негізгі әдебиеттер: [1-11]
Қосымша әдебиеттер: [12-23]




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет