«Мейірбике ісінің негіздері» пәнінен теориялық дәрістер және іс-әрекеттер жинағы



бет62/97
Дата15.06.2023
өлшемі1,1 Mb.
#101665
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   97
Озокеритпен емдеу

Озокеритті, парафин сияқты, су моншасында немесе арнайы парафин қыздырғышта ерітеді. Залалсыздандыру мақсатында озокеритті 100С-та 10-15 минут бойы қыздырады. Қайта қолданғанда бұрын пайдаланылмаған 25% озокерит қосады. Озокеритпен емдеудің әртүрлі тәсілдері болады.


Қабаттау. Ерітілген температурасы 55С-тан аспайтын озокеритті жалпақ бояу қаламмен алдын-ала вазелин, балық майы немесе басқадай сай жағылған науқастың терісіне жағады. Келесі қабатын жағу үшін жоғарылау (60-70С) температурадағы озокерит қолданылады. 1-2см қалындықта жағып болғаннан кейін оны клеенкамен жабады да көрпемен қымтайды.
Озокеритті ванна. Қол немесе аяқ саусақтарына алдымен 55С-тан аспайтын озокерит жағады да, 65-75С-ғы озокерит толтырылған клеенкалы қапшыққа салады. Қапшықтың аузын байлайды. Сырттынан жылы көрпемен орайды.
Сүлгілі-аппликациялық тәсіл

Балқытылған озокеритке матырылған дәкелік сүлгіні 6-8 рет қабаттап бүктейді де, корнцангтың көмегімен сығып, қажетті температураға дейін суығанша клеенкаға жайып қояды. Озокеритті компресті осындай көп қабатты дәкелік сүлгінің екеуін бірінің үстіне қою арқылы жасайды. Үстінен клеенкамен және көрпемен жабады. Теріге қойылатын бірінші қабаттың температурасы 45-50, ал екіншісінікі (көлемі кішірек) 60-70С-тан аспауы керек.


Кюветті-аппликациялық тәсіл. Балқытылған озокеритті тереңдігі 5см металл кюветтің ішіне алдын-ала, шеттері 5см шығып тұратындай клеенка салып құяды. Кюветтің көлімі озокерит қойылатын ауданға сәйкес болуы керек. Кюветтің ішіне суып, озокерит 2-5см қалындықтағы шелпекке айналады. 50-60С-ғы осындай шелпекті кюветтен клеенкамен бірге алып, теріге қояды, сыртынан сұр мақтаны қабаттап немесе арнайы көрпемен қымтайды. Озокеритті шелпектер озокеритті компрестер сияқты жоғары температурадағы озокеритті қолдануға мүмкіндік бермейді. 30-60 минутқа созылатын ісшаралар күн ара немесе екі күн қатарынан, үшінші күнгі үзіліспен жасалынады, күн сайын сирек тағайындалады. Ем курсына 10-15 ісшара белгіленеді. Озокеритпен емдеу шарасынан кейін денені жумайды. Озокериттің қалдықтарын вазелині бар мақтамен сүртеді. Ісшарадан кейін науқас 30-60 минут дем алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   97




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет