Микробиология тарихында Рим профессоры


Жасырын кезең (инкубациялық)



бет47/52
Дата15.07.2022
өлшемі2,56 Mb.
#37684
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   52
Жасырын кезең (инкубациялық) – микроб жұққан кезден алғашқы ауру белгілері пайда болғанға дейінгі уақыт. Ол микробтан өсу жылдамдығына, улы заттар бөлінуіне, макроорганизмнің реактивтілігіне байланысты бірнеше сағаттан (сальмонеллез), апталар (іш сүзегі, мерез), айлар (құтыру, гепатит) және жылдарға (аллапес) созылуы мүмкін.
Мазасыздану кезең – барлық жұқпалы ауруларға ортақ жалпы мазасыздану белгілері байқалады (тәбеті жоқ, шамалы дене өызбасы, бас ауыру) және орта есеппен 4-5 күнге созылады.

2.Тыңайтқыштар мен ылғалдың топырақтағы микробиологиялық процестерге әсерін зерттеп, түсінік беріңіз.


Химия өнімдерін егіншілікте қолдану ауыл шаруашылығы өнімдерін арттырып қана қоймайды, сонымен бірге еңбек өнімділігін арттырудың да шешуші шарттарының бірі болып саналады. Ауыл шаруашылығын химияландыру, минерал тыңайтқыштарды егіншілікке қолдану, әрине, биологиялық факторлардың маңызын жоққа шығара алмайды. Минерал тыңайтқыштарды қолданғанда топырақта орын алатын пайдалы микробиологиялық процестердің қарқынын арттырып, өсімдіктердің қоректік заттарды сіңіруін жақсарту көзделуі тиіс. Әрине, топырақтын, типіне қарай минералды тыңайтқыштардың тиімділігі бірдей болмайды. Жалпы өсімдіктердің минералды тыңайтқыштарды сіңіру коэффициенті төмен. Мәселен, өсімдіктер құрамында азоты бар тыңайтқыштардың тек 60–70 процентін ғана сіңіре алады. Ал, оның қалған бөлігі топырақта қалады да, түрлі микробиологиялық процестердің әсерінен сіңімсіз күйге айналады. Ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігін арттыру үшін егістікке жылма-тыл тыңайтқыштар төгілетіні мәлім. Зерттеулерге қарағанда бұл шаралардың топырақ микроорганизмдеріне айта қаларлықтай әсері бар екені анықталды. Бұған шымды-күлгін топырақтарға тыңайтқыш енгізгенде микроорганизмдердің саны мен сапасының өзгеруі мысал бола алады (11-таблица). Бұдан тыңайтылған жерде, соның ішінде көң төгілгенде микроорганизмдер санының артатынын аңғаруға болады. Мәселен, тыңайтқыш төгілмеген егістіктің бір грамм топырағында бактериялар – 350, актиномицеттер – 180, микроскоптық садырауқұлақтар – 8 мың болса, көң төгілгенде олардың саны тиісінше 610, 510 және 16 мыңға жеткен. Осыдан көң пайдалану, егістік топырағындағы микробиологиялық процестерді күшейтеді деген қорытынды шығаруға болады. Минерал тыңайтқыштар топырақ микроорганизмдерінің тіршілігіне қолайлы әсер етеді. Топырақта өсімдік қалдықтары көп болса, минерал тыңайтқыштар енгізгенде ыдырау процесі күшейеді. Осыған керісінше, оңай ыдырайтын органикалық заттар жоқ жерге минерал тыңайтқыш енгізсе топырақ ерітіндісінің реакциясы өзгереді де, ондағы микрорганизмдер саны күрт азайып кетеді. Топырақ өңдеуге қолданылатын басты шараның бірі – әктеу (әк тегу). Әк өсімдіктер мен микроорганизмдерге зиянды әсер ететін күлгін және шымды күлгін топырақтардың кышқылдылығын (рН) бәсеңдетеді. Ауыл шаруашылығы дақылдары топырақ реакциясы бейтарап болғанда біршама тәуір еседі. Мәселен, бидай бейтарап ортада жақсы өніп-өседі. Әдетте қышқыл топыраққа әк төккенде, микроорганизмдер үшін улы қасиеті бар алюминийдің бос түрі азаяды, топырақта қажетті кальций қоры жиналады. Топыраққа әк төгу ондағы микроорганизмдердің тіршілігін күшейтіп, олардың санын арттырады. Әсіресе қышқыл топыраққа әк төккенде азотобактердің, нитрификациялаушы бактериялардың тіршілігі жақсарып, күшейеді. Ал клетчатка ыдыратушы микроскоптық саңырауқұлақтардың орнын бактериялар басады. Әк төгілген топырақта азот мөлшері көбейеді, оған егілген бұршақ тұқымдас өсімдіктер өнімі артады. Мұндай-да түйнек бактерияларының тіршілігі жақсарып, дақылдар тамырларының айналасында олардың саны молаяды.

3. Суреттегі құбылысты сипаттап жазыңыз.





Берілген суретте Бактериофаг вирусының бактерияны жалмап алу процесі көрсетілген.


Ең басында вирус бактерияның сыртқы қабатына жабысып, ішіне өзінің ДНҚ немесе РНҚ ақпаратын енгізеді.
1 – ДНҚ немесе РНҚ ақпараты бактерия ішінде бірнеше рет репликацияланады, соның әсерінен бактерияның ішкі қабатын басып алып, бактерияны жойып, лизис процесіне әкеледі.
2 - ДНҚ немесе РНҚ ақпараты бактерия ішіндегі хромосомаға еніп лизогения процесі жүреді, яғни бактерия мен вирустың симбиозы пайда болады. Бұл лизогения процесінде түзілген ерекше хросомалар қасиеті ұрпақтан ұрпаққа беріледі.

Билет 47
1. Микроорганизмнің патогенділігі ұғымын түсіндіріңіз және ол қандай факторларға байланысты екендігін ашып көрсетіңіз.


Жұқпалы аурулардың қоздырғышы — патоген микробтар. Әрине жұқпалы ауру адамға иемесе жануарларға таралуы үшін белгілі бір жағдай қажет. Оларға адам және мал организмдерінің осы ауруларға бейімділігі, яғни қабыл алғыш қасиеті жатады. Мәселен, топалаңнан өлген малдың етінен бөлініп алынған микробтардың сау организмді тез арада қатты ауруға шалдықтыратын касиеті бар. Осындай микробтардың болмашы мөлшері үй қоянын сеспей қатырады. Ал осы микробты лаборатория жағдайында бірнеше уақыт бір қоректік ортада сақтағаннан кейін қоянға жұқтырса, ол ауруға шалдықпайды, өйткені қолайсыз жағдайда топалаң микробы өзгеріп, әлсізденіп қалады. Жұқпалы аурулардың таралуы адам мен жануарлар организмінің беріктігіне, яғни сол ауруға қарсы тұра алатындық қасиетіне байланысты. Мәселен, тауық топалаңмен мүлде ауырмайды, тіпті оларға топалаң микробын қолдан жұқтырсаңыз да ауырмайды. 
Патогенділік белгілі бір қоздырғыш тудыратын патологиялық процестің өзінділігін анықтайды. Патогеннің генотипі оның мен токсигенділік қасиетінің арқасында фенотиптік көрініс береді.
Ерекшеліктері:

  • Өзінділігі - Ие организмге енгеннен соң белгілі бір инфекциялық ауруды тудыру.

  • Органотроптылық - Белгілі бір мүшелер мен ұлпаларда таралу.

2. Фагоциттер және туа пайда болған иммунитет туралы әңгімелеңіз. Фагоцитоздың сатыларын сипаттаңыз.


Иммунитет құбылысын жан-жақты зерттеуде Л.Пастер, И.И. Мечников, т.б. зерттеуші-ғалымдардың сіңірген еңбегінің маңызы зор болды. Мысалы, 1897 жылы неміс ғалымы П.Эрлих (1854 – 1915) алғаш рет организмдегі иммундық реакцияның химиялық моделін (кескінін), яғни “бүйірлі тізбек теориясын” ұсынды.
1959 жылы австралиялық ғалым Ф.Бернет (1899 – 1985) және даниялық ғалым Н.Кай Ерне (1911 жылы туған) иммунитеттің клондық-сұрыпталу (арнайы антидененің түзілуі) теориясын ұсынды. Бұл жаңалықтар ғылымда иммунитеттің белгісіз қасиеттерін ашуға жол салды.
Организмнің зиянды микробтар енуіне қарсы тұра алатын ерекше бейімделушілігін организмнің табиғи төзімділігі (резистенттілігі) деп атайды. Бұған организмнің кез келген бөгде заттарға қарсы тұрып оларды жоюға қатысатын тері эпителийінің механикалық қасиеті, сонымен бірге ауру қоздыратын микробтарды жойып жіберетін бактериоцидтік заттар бөлуі, асқазан сөлінің микроб жойғыш қасиеті, шырышты қабаттардың, лимфобездердің қорғаныс қабілеті, көз жасының, сілекейдің микробтарға қарсы әсер ету қасиеті, қан сарысуының құрамында болатын қорғаушы заттар – фагоциттер, лизоцим, бактериолизин, т.б. жатады. Бұлар иммунитеттің жалпы әсер етуші факторларына жатады. Өйткені олар дені сау адамдар мен жануарлардың барлығында әртүрлі мөлшерде тұрақты түрде болады. Ал организмге зиянды микробтар (олардың улы заттары) түскенде оларды тікелей жоюға қатысатын ақуыз, яғни табиғаты, қорғаушылық қабілеттілігі өте күшті арнайы заттар – антиденелер (иммундық глобулиндер) түзіледі. Олар көк бауыр, бауыр, сүйек кемігі, т.б. ұлпаларында өндіріліп, қан арқылы барлық организмге тарайды. Мұндай антиденелер қандай затқа қарсы пайда болса, соны ғана жоюға қатысады. Олар иммунитеттің арнаулы факторларына жатады.
Кейбір жануарлар мен адамның қанында организмді жұқпалы аурудан қорғайтын заттар іштен туа пайда болады, ондай иммунитетті туа пайда болған иммунитет деп атайды. Бұл қасиет тұқым қуалайды. Туған күнінен бастап, өзінің барлық тіршілік ету кезеңдерінде түзілетін организмнің қарсы тұру қабілеттілігін жүре пайда болатын иммунитет деп атайды. Ол табиғи және жасанды деп екіге бөлінеді (екеуі де белсенді және енжар болып ажыратылады). Бұл иммунитеттің табиғи жолмен түзілген белсенді түрі жұқпалы аурулармен науқастанып тұрғаннан кейін пайда болады. Әдетте, ол ұзақ мерзімге созылады, кейбір жағдайда өмір бойына сақталады. Мысалы, адамдар шешекқызылша, т.б. жұқпалы аурулармен бір рет ауырып тұрса, екінші рет қайталап ауырмайды. Ал табиғи иммунитеттің енжар түрі нәрестеге құрсақта жатқанда бала жолдасы (плацента) арқылы, ал туғаннан кейін анасының сүтімен беріледі. Мұндай иммунитет ұзаққа созылмайды, сәби 1 жасқа келгенше сақталуы мүмкін.

3. Суреттегі микроорганизмді анықтап, сипаттама беріңіз, дене бөліктерінің атауларын жазыңыз.





Суретте берілген микроорганизм ол – мукор.
Құрылысы:
1 – шар пішінді спорангий;
2 – вертикальді гифтер;
3 – гиф столондар.

Билет 48
1. Иммунитет ұғымына анықтама беріңіз және ол организмнің қорғаныс реакциясы екендігін түсіндіріңіз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   52




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет