7-й этап - Наблюдение результатов.
2 мл. группа. Проявляются первые признаки произвольного
внимания. Непрерывное наблюдение длится 1-2 минуты. Простые
наблюдения ведутся самостоятельно, остальные – под
непосредственным руководством педагога.
150
Средняя группа. Продолжительность наблюдения увеличивается
до 3-4 минут. Воспитатель детально комментирует ход наблюдения и
эксперимента. Вводятся несложные повторные наблюдения.
Старшая группа.
Продолжительность непрерывного
наблюдения увеличивается до 4-6 минут. Воспитатель акцентирует
внимание детей на основных моментах развивающихся событий.
Вводятся циклические наблюдения.
Подготовительная группа. Продолжительность непрерывного
наблюдения составляет 5-10 минут. Воспитатель привлекает внимание
только к самым важным моментам. Часто практикуются
самостоятельные наблюдения результатов эксперимента.
Опыт работы по использованию исследовательской
деятельности обобщен Григорьевой Г.П. в сборнике «Игры-
эксперименты и опыты» по ознакомлению с окружающим миром и
природой для старших дошкольников.
Эффективность использования данной технологии зависит,
прежде всего, от того, что она соответствует возрасту детей, их
интересам, а значит она доступна дошкольнику и продуктивна.
Исследование объектов вторых младших групп основаны на
зрительном, осязательных и вкусовых анализаторах. В исследованиях
детей старшего дошкольного возраста дети не ограничиваются
узнаванием отдельных конкретных факторов, внешних свойств и
явлений. Они стремятся проникнут в суть и понять причину явлений,
доказать свою точку зрения. Если взять результаты интеллектуального
развития детей старших групп, то видим что результаты операций
обобщения и умозаключения достаточно высокие. Это говорит о том,
что дети владеют навыками классификации, обобщают понятия и
обосновывают свои ответы. Эти результаты подтверждены
мониторингом качества знаний в образовательной области «Познание»
в следующих предметах: математика, ознакомление с окружающим
миром, экология. Работая над данной технологией, педагогический
коллектив постоянно сталкивается с рядом трудностей, а именно:
не всегда учитывается прием «убеждения», где дети на
практике бы убеждались в неверности своих убеждений;
формулировку выводов и обобщений зачастую педагоги
делают сами, не давая полной самостоятельности детям;
в основном используют прием «работа детей по указанию
воспитателя» упуская другие.
Поэтому для эффективности развития у детей умственных
операций педагоги планируют продолжить освоение технологии
исследовательской деятельности, в частности будем работать над
151
изучением особенностей детского экспериментирования, так как оно
отличается
от
школьного.
Особенности
детского
экспериментирования:
как и при игре, не следует жестко регламентировать
продолжительность опыта;
ребенок имеет право на ошибку и высказывания своего
мнения, даже если оно неправильное;
не следует чрезмерно увлекаться фиксированием результатов
экспериментов.
Подводя итог сказанному можно сказать, что технологии
интегрированного содержания занятий, технологии исследовательской
деятельности - все это позволяет включить детей в процесс от «идеи
до реализации» и способствует более полному освоению
технологической картины мира. Свои знания дети подтверждают
результатами в ежегодных интеллектуально - творческих играх, а
также в процессе начального обучения выпускников дошкольного
учреждения № 99 «Жемчужинка» в других школах города.
Использование любой современной технологии таких как:
личностно-ориентированного обучения, технологии проблематизации,
диалогового обучения, технологии исследовательской деятельности
предполагает успешное интеллектуальное продвижение ребенка,
поэтому эффективность развития интеллектуальных способностей
детей зависит от сотрудничества воспитателей и семьи.
Для этого определены следующие задачи:
педагогам совместно с родителями укреплять позиции
ребенка в качестве созидателя и творца;
практиковать на занятиях островки познавательно -
исследовательской деятельности детей, начиная со второй младшей
группы на основе предметно-манипулятивной деятельности;
систематически проводить с педагогами познавательные
практикумы с целью освоения технологии исследовательской
деятельности на разных возрастных этапах;
обогащать уголки познавательно-исследовательской
деятельности детей образно-символическим и нормативно-знаковым
материалами.
Каныбекова Жансая
С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік
университеті
Қазақстан, Өскемен
152
ИННОВАЦИЯЛЫҚ МЕНЕДЖМЕНТТІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ
НЕГІЗДЕРІ
Аңдатпа: Бұл мақалада инновация, инновациялық менеджмент ұғымының
ғылыми теориялық әдебиеттерде зерттелуі қарастырылады. Білім беру мекмелерін
басқару жолдары сипатталады.
Түйін сөз: инновация, менеджмент, инновациялық менеджмент.
Еліміздің президенті Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан – 2030»
бағдарламасында «Білім беру жүйесінің басты міндеті - тұлғаның
ұлттық және жалпыадамзаттық, құндылықтар, ғылым мен практика
жетістіктері негізінде қалыптасуы, дамуы және кәсіптік тұрғыда
жетілуі үшін қажетті жағдайлар жасау», - деп көрсетеді. Әлеуметтік
саяси реформалардың әлемдік тәжірибесі көрсеткендей, қоғамдық
өзгерістер кезіндегі мемлекеттік білім беру саясатында инновациялық
іс-әрекетін жетілдіру мәселесі басты орынға ие болады. Мектепке
дейінгі білім беру жүйесінде инновациялық менеджментті
жетілдірудің теориялық негізі күрделі және көпқырлы мәселе, өйткені
ол өзіне жалпы білім жүйесі мәселесін, инновациялық білім беру
ортасы мәселесін және инновациялық менеджментті жетілдіру
мәселесін қамтиды [1].
Мектепке дейінгі білім беру жүйесінде инновациялық
менеджментті жетілдіру бұрын да білім берудің мақсатты бағыты
ретінде бөліп көрсетілген болатын. Бірақ, мұндай мақсат білім беру
жүйесі аталған мақсатты қай бағытта, қалай жүзеге асыру болатынын
білмегендіктен қол жеткізбеді. Бүгінгі таңда өткеннің қателігін біліп
қана қою аз. Қандай бағытта жүру керектігін түсіну мен саналы аңғару
маңызды. Негізгі жүзеге асыру ұстанымы төмендегідей болатын
инновациялық педагогикалық білім беру шешім болып табылды:
- инновациялық менеджментке дайындық;
- кең мағынада техноаумақ элементтерін жобалаудан әрекетті
жобалауға көшу;
- шешімдердің көп өлшемділігі, басқаша ойлауға
шыдамдылыққа, яғни толеранттылық пен өз әрекетіне адамгершілік
жауапкершілікке негізделген дүниетанымды қалыптастыру;
- жалпыланған білім жүйесін қалыптастыру мақсатымен пәнара-
лық байланысты жүзеге асыру;
- ойлау полихроматикалығы мен интеллектісінің әрекет «бино-
кулярлығын» қалыптастыру.
153
Бүгінгі педагог инновациялық үдеріс жаңалықтардың ашылу
үдерісін қарастырып қана қоймайды, сонымен бірге пайдалану
үдерісін, оның практика жүзінде таралуын қамтамасыз етеді.
Педагогика үшін жаңалықтың сапалық, өлшемді сипаттамаларының
маңызы зор. Бұл жаңалықты енгізу мәселелерімен тығыз байланысты.
Кейде жаңалықты енгізу барысында тәрбиешінің шығармашылық
қабілетіне сәйкес жаңалықтар көпнұсқалығымен, кенеттен пайда
болуымен сипатталады. Осындай ерекшеліктерімен сипаттала
отырып, педагогикалық жаңалық ғылыми немесе практикалық
шығармашылықтың қорытындысы деуге болады.
Инновациялық оқыту - әлеуметтік ортадағы инновациялық
өзгертулердің оқу мен білім әрекетінің үдерісі мен нәтижесі. Білім
берудің мұндай үдерісі жеке адам мен қоғам алдындағы жағдаяттық
мәселелерді реттеуде белсенді қызмет көрсетеді. Оқытудың өте үлкен
тәсіліндегі инновациялық оқытудың қоры, әлемдік педагогикалық
қауымдастық толықтай дерлік жағдайға дайын болмады.
Инновациялық оқытудың теориялық негіздерін оқу барысында, біздің
ойымызша, адамның оқуы мен тәрбиеленуінің құнды келешегі қажет.
Инновациялық оқыту - дәстүрлі оқытуға қарағанда өте ерекше
білімді игерудің бір түрі, қалыпты оқыту үдерісі, педагог пен
студенттің тұлғалық дамуын қамтамасыз ету, педагог тұлғасының
демократиялық жақтаушысы және қосалқы шығармашылық, өнімділік
әрекеттері; оқу жүйесінің өзгеруі болашаққа деген жоғары
дайындықты
қарастыратындықтан,
интеллектуалдық
-
коммуникативтік әрекеттері мен креативтіктің қалыптасу деңгейін
көтеру болып табылады [2].
Инновациялық оқыту - білімді ерекше меңгерудің бір түрі,
оқушылар қабілеттері дамуының жаңа жағдаяттағы біріккен
әрекеттерінен тұспалдануы. Бұл біріншіден, мәдениеттану және
ғылыми білімдерді пайдалану негізінде мақсатты жобаланған оқыту
үдерісі. Екіншіден, бұл – тұлға дамуындағы жағдаятты ұйымдастыру
мақсатында жобалану және келешекке, дайындықты іске асыру бұл -
болашақ.
Экономикалық нарықтық қатынастар жағдайында менеджмент
табысты еңбек етіп отырған кез келген ұйым үшін аса маңызды.
Шындығында, басқару тек техникалық және өндірістік үдерістерге
ғана емес, сонымен қатар педагогика сияқты күрделі әлеуметтік жүйе
үшін де қажет. Ғылым мен білімнің қазіргі даму кезеңінде тұтас
педагогикалық үдерісті басқару ісіне ғылыми негізделген сипат беруге
деген ұмтылыс күшеюде.
154
Еліміздегі нарықтық қатынастардың дамуына байланысты
басқару мәселесі ғылыми талдау мен практикалық іс-әрекеттің ерекше
аймағына айналып, «менеджмент», «менеджер» терминдері
қолданыла бастады.
Менеджмент сөзін қазақшағы дәл аударатын болсақ, онда «басқа
біреу арқылы өз мақсатына жету» болып табылады. Күнделікті
тұрмыста менеджмент сөзі белгілі бір ұйымдағы барлық адамдардың
қызметіне басшылық етумен шұғылданып, өз мақсатына жетуді
білдіреді.
«Менеджмент» ағылшын сөзі, оның түп төркіні гректің «манус»,
яғни «қол, күш» деген сөзінен шығып, алғашқы кезде мал бағу
саласында, дәлірек айтқанда, ат тізгінін ұстау, меңгеру шеберлігін
білдірген. Кейіннен бұл атақ адам қызметінің саласына ауысып,
адамдарды басқарудың және ұйымдастырудың ғылыми, практикалық
мәнін білдіретін болды.
Ағылшын тіліндегі Оксфордт сөздігінде бұл ұғымға мынандай
түсінік беріледі:
- адамдармен қарым-қатынас жасау әдісі, үлгісі;
- билік және басқару өнері;
- шеберліктің ерекше түрі және әкімшілік дағды;
- басқару органы, әкімшілік бөлігі [3].
Менеджмент - әртүрлі әлеуметтік құрылымдардағы адамдардың
өзара әрекеті мен қарым-қатынас мәселелерін зерттейтін қазіргі
әлеуметтік психологияның маңызды саласы. Менеджмент
психологиясының негізгі зерттеу пәні психологиялық білімдерді
басқару іс-әрекетінің әртүрлі мәселелерін шешуде процесінде тиімді
қолдана алу болып табылады. Әлеуметтік психологияның басқару
теориясының нысаны әртүрлі құрылымдардағы, топтар мен
ұжымдардағы экономикалық, саяси өндірістік міндеттерді шешудегі
адамдардың өзара әрекеттік формасы болып табылады.
Әлеуметтік құрылымдардағы басқару өзіндік ерекшеліктерге ие
және әртүрлі білімдерді адам ақылының майыспалылығын, ес, ерік-
жігер сапаларын қолдануды талап етеді. Әлеуметтік басқару
психологиясының орталығында басты зейін басқарудың
психологиялық аспектілеріне бөлінеді.
«Менеджмент» - бұл нарықтық экономика жағдайында
қолданылатын басқару принциптері мен құралдарының жиынтығы.
Менеджмент – мақсаты практика жүзінде басқарудың жалпы
принциптерін қалыптастырып қолдануды көздейді. Бұл принциптерге
келесілерді жатқызамыз [4]:
- басқарудың мақсаты мен міндетін анықтау;
155
- міндеттерді белгілі түрлер мен кезеңдерге бөлу;
- оларды шешу үшін нақты шараларды өңдеу;
- ұжым ішіндегі әртүрлі бөлімшелердің өзара әрекеттестігін
реттеп міндеттерді бөлу;
- ұжымдағы формальды иерархиялық құрылымдарды жетілдіру;
- ұжымдағы формальды емес кіші құрылдымдардың талдауы
мен есебі;
- шешімді қабылдау және коммуникация процестерін дамыту;
- іс-әрекеттің адекватты мотивацияларын, басшы стильдерінің
тиімділігін, әлеуметтік жауапкершіліктерді іздестіру және
қалыптастыру;
- басшы тұлғасының индивидуалды сапаларынан талаптарды
белгілеу.
Сонымен, аталған іс-әрекет түрлерін жүзеге асыруда басшы рөлі
маңызды орын алады .
Инновация – жаңа термин. Пикассо, Эйнштейн де жаңашыл
адамдар болды. Екеуі де басқаларға жақын ұғымдарды ойлады, бірақ
оларды ұғымдар көркем мектеп немесе ғылыми теорияға айналатын
жаңа байланыс, жаңа қарым-қатынастарға әкеліп соғады. Екеуінде де
инновация қарадан қарап пайда болған жоқ, білім мен қобалжуға,
жаңа, белгісіз, беймәлімге ену батылдығына негізделді. Э.Ландау
педагогикалық инновацияны бір жағынан таныс және жақыннан жаңа
аспектілерді табуға, ал екінші жағынан өзінде бар білімнің көмегімен
жаңа қобалжулар жасайтын, жаңа немесе белгісіздікпен кездесуге
мүмкіндік беретін ұстаным ретінде қарастырады. Педагогикалық
инновация кез-келген тәрбие мен психотерапия мақсаты. Ол сатылап
қарастырғанда рухани денсаулық, интеллектуалдық және көркемдік
функциясының жоғары дәрежесінде көрінеді. Инновация феномені
ғылымда зерттеу орталығында инновациялы тұлға, инновациялық
өнім немесе инновациялық үдеріс ретінде қарастырылуына
байланысты түрліше түсіндіріледі [5].
И.Н. Дубина «инновация» түсінігіне келесілерді жатқызады:
1) әлеуметтік-мәдени ортаның құрған әсеріне қарамастан
субъектінің өз мәселелерін жаңашылдықпен шеше алу қабілеті (жаңа
әдіс, жаңа құрылым, жаңа шығармашылық бейне және т.б.);
2) жаңа құрылымдық үдерісі (жаңашыл іс-әрекет пен жаңа
идеялардың туындау үдерісі);
3) жаңашыл іс-әрекет өнімдері.
Инновациялы педагог өз еңбегіне сыни тұрғыдан қайта қарауы,
қанағаттануы, оны орындаудағы дербестігі, жағымды түрткінің
қалыптасуы, тағы басқа орын алады. Сонымен қатар инновация
156
педагогтің төмендегідей психологиялық сапалары дамиды: жалпы
білімнің тереңдігі, сараланған арнайы білімдер, дамыған ақыл-ой
қабілеттері мен оның икемділігі, өнертапқыштыққа және еңбектегі
жаңалыққа қуана білу, мәселені терең түсіне білу және оны шешудің
ең тиімді жолын таңдап алу, көңіл-күйінің бір қалыптылығы,
шыдамдылық, бастаған істі аяғына дейін жеткізе алу, тәуекелге бел
байлай білу, саналылық, белсенді өмірлік ұстаным. Оқытушының
инновациялық әлеуетін қалыптастыру теориясы үшін әдіснамалық
қағидалардың негізгілерінің бірі әрекеттік ұстаным болып табылады.
Әрекет теориясының психологиялық негізін жасаған ғалымдар Б.Г.
Ананьев, А.И. Леонтьев, А.Р. Лурья, С.Л. Рубинштейн, Л.С.
Выготский. Оны төмендегідей сипаттайды. Әрекет – іс-қимыл бірлігі,
саналы түрдегі, мақсатқа жетуге бағытталған тікелей жасалатын, еркін
ниеттілік, белсенділік. Әрекет адам субъект ретінде танылып, оның
жасампаздығы, іскерлігі, қайраткерлігі қалыптасады. Осы авторлар
әрекеттің төмендегідей ішкі құрылымдардан тұратынын белгілейді:
қажеттілік және түрткі, мақсат, құрал, амал-тәсіл, нәтиже, рефлексия.
Бұлар педагогикалық-психологиялық теорияларда төмендегідей
талданады:
1. Қажеттілік және түрткі – адамның мұқтаждығын өтейтін
заттардың мидағы бейнеленуі. Жеке адамның өмір сүруге, дамуға
мұғалімнің, тәжірибесінің, басқа да әлеуметтік жағдайларының
жеткіліксіз болуын сезінуі. Белсенді әрекеттің негізі. Адамды әрекетке
ұмтылдыруға негізгі түрткі болатын ниет. Әрекетке тән сипаттарды
ажырату үшін ниетті мақсаттан ажырата білу керек.
2. Мақсат – әрекет арқылы оның жеткісі келетін ақырғы
нәтижесінің үлгісі де, ал, ниет – сол нәтижеге жетуге ішкі талпыныс.
Мысалы, адам белгілі белгілі бір мақсатқа жету үшін оны ниет
арқылы орындауы мүмкін. Сондықтан әрекет ниетке талдау беруден
басталады және ниет әрекеттің сырын ашатын «кілт» болып
табылады.
3. Инновацияны әрекет ретінде қарастыру адам дамуының
мүмкіндігінің шексіздігін танытады. Білім алушының үздіксіз білім
алу жолындағы белсенділігі туралы Ю.Н.Кулюткин, А.В.Даринский,
т.б. атап өткен. Инновация сөзсіз оқытушының өзінің даралығын,
жасампаздығын қалыптастырады.
Инновациялық менеджментке байланысты зерттеулер аз емес,
бірақ жаңа субъект – субъектілік парадигма жағдайында жаңашыл
адамның өзін-өзі өзгерте алуы ретінде қарастырылады. Себебі –
инновация жағдайында жұмыс жасайтын педагогтің әрекеті ең
алдымен өзіне бағытталады. Ол өзінің «кәсіби дамуының жақын
157
аймағын» ұйымдастыру арқылы ең алдымен өзін дамытады, соның
нәтижесінде педагогикалық еңбекті жаңа деңгейге көтереді.
Ғалымдар инновациялық менеджментті әлемді жаңартудың бір
түрі ретінде қарастырады (Т.А. Дронова, Б.А. Оспанова, А. Грецов
т.б.). Оны жасаушы адам өзіне табиғаттан берілген қабілеттері мен
қажеттіліктеріне орай жасампаздықсыз өмір сүре алмайтындығына, ал
кейбір адамдарда жаңаға деген қажеттілік болмай жатса, ол оның азуы
деп түсіндіреді. Ғылыми-теориялық еңбектерге талдау жасау тек
инновация арқылы ғана адам өз табиғи қалпының шыңына шығады,
шығармашылыққа қабілетті адам – қайталанбас, біртуар адам (В.А.
Караковский), жеке тұлға деңгейіндегі инновация «ішкі» «өзін-өзі
жасау» және «сыртқы» «қоршаған әлемді өзгерту» жағдайындағы
диалектикалық бірлікте жүреді деген қорытынды жасауға негіз болды
[6].
Қоғамдық санада инновациялық менеджменттің негізгі
басымдылық ретінде танылуы жаңаша педагогикалық ойлауды білім
беру деңгейлерінде студенттің өзін-өзі, өзінің бар күш-қуатын іске
қосуға бағытталған шығармашылығын қалыптастыруға жағдай
жасауды талап етуде. Инновациялық менеджментке деген еркіндігі
мол деп ресми түрде жарияланып жүргенімен, шеберлікті меңгеріп,
жаңашылдыққа жету үшін арнайы дайындық қажет деп санаймыз.
Сондықтан әр деңгейдегі әдістемелік жұмыстардың басты мақсаты –
педагог сұраныстарын қанағаттандыру, тиісті ғылыми-педагогикалық
сүйемелдеу арқылы жаңаша жұмысқа деген ұмтылысына дем беру, өз
философиясына, кәсіби бағыттылығына сәйкес технологияны таңдап
алуына көмектесу болып табылады. Демек, әдістемелік, білім көтеру
жұмыстарының сапасын арттыру – кезек күттірмейтін шаруа. Осыған
орай, республикадағы педагогтердің біліктілігін арттыратын
институттар жүйесі өз жұмыстарын инновациялық тұғырдан қайта
қарап, мамандардың инновациялық әлеуетін арттыру бағытында
бетбұрыстар жасады. Қазіргі педагогикалық технологиялардағы
жаңашылдықты тану тиімді қолдану барысында педагогтің
инновациялық әлеуетіне негіз болатын қасиет – сапалары іске
қосылып, танымдық үдерістерді өн бойына өткізеді. Өйткені, кез
келген технология ғылым мен практика арасындағы аралық құрылым
болып есептелінеді. Оқыту теориясы –
тәрбиешінің
жаңашылдығының негізі. Ал, педагогикалық технология – оқыту
теориясын педагог және студент әрекеті түрінде жобалау, қойылған
нақты мақсаттарға сәйкес оқыту үдерісін тиімді құрып, жүзеге асыру
болып табылады. Дұрыс мақсат қойып, нәтижені интуитивті түрде
жобалай алу, оның студенттің дамуының іргелес аймағына сәйкес
158
болып, қызыға еңбек етуге әкелетін сабақ жоспарын құру,
ұйымдастыра алуы – сөзсіз, шығармашылықтың нәтижесі.
Қорыта келе айтарымыз, «инновациялық менеджмент –
мәселелік сипаты бар, барлық ішкі байланыстарды біріктіретін,
нәтижеде жаңа материалдық және идеалдық құндылықтар алынатын
адамның мақсатты әрекеті», - деген тұжырым жасауға болады.
Педагогтің өз білімін көтеруге қатысуы оның педагогикалық,
әлеуметтік, кәсіби әрекетіндегі мәселелерді табысты шешуін
қамтамасыз етеді, басқаша айтсақ, кәсіби шығармашылығын
дамытады.
Библиографиялық сілтемелер
1. Бұзаубақова К.Ж. Мұғалімдердің инновациялық іс-әрекетінің
ғылыми теориялық негіздері: п. ғ. д. ... автореф.: 13.00.01.− Алматы,
2009. – 43 б.
2. Ажибеков К.Ж. Теоретико-методологические основы
подготовки будущих учителей к инновационной деятельности в вузе:
автореф. ... д.п.н.: 13.00.08.- Шымкент, 2010. - 43 с.
3. Баярыстанова Э.Т. Білімдегі менеджмент негіздері: Оқу
құралы. Ақтау. – 2010 ж. – 87 б.
4. Вербицкий А.А. Активное обучение в высшей школе:
контекстный подход. – М.: Высшая школа, 1991. – 148 с.
5. Юсуфбекова Н.Р. Общие основы педагогической инноватики:
Опыт разработки теории инновационных процессов в образовании
(методическое пособие).-М.:ЦСПО РСФСР, 1991.-91 с.
6. Таубаева Ш.Т., Кудайбергенева К.С Становление
педагогической инноватики как науки // Вестник высшей школы
Казахстана.- Алматы, 1996.-№5.- 95-102 с.
Мухаметкалиева Шынар Бидахметовна
Өскемен қаласы әкімдігінің №1 «Балапан» балабақша –
бөбекжайы КМҚК
Қазақстан, Өскемен
Достарыңызбен бөлісу: |