Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті



Pdf көрінісі
бет345/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   341   342   343   344   345   346   347   348   ...   832
ЖҮЙЕЛІК ВАСКУЛИТТЕР 
Адам патологиясында байқалатын васкулиттердің ішінде жүйелік васкулит 
басты орын алады. Жүйелік васкулиттердің 
морфологиялық бейнесін
сипаттайтын нышандар мыналар: 1) қабыну үдерісінің типі мен васкулиттің 
сипаты; 2) қан тамырларының қабырғасының қаншалықты зақымдалғаны; 3) 
қан тамырлары өзгерісінің топографиясы мен қамтыған көлемі және 4) қан 
тамырлар өзгерісі негізінде мүшелерде дамыған патологияның сипаты. 
Қабыну үдерісінің типіне
, яғни альтерациялық-экссудациялық және 
пролиферациялық үдерістердің арақатынасына қарай, васкулиттер 
некрозды 
(деструкциялы)

деструкциялы-пролиферациялы
және 
пролиферациялы
деп 
жіктеледі. Пролиферациялы васкулиттің 
гранулемалы
типі бар. Қан тамырлары 
қабырғасының, яғни ішкі, ортаңғы және сыртқы қабатының 
қаншалықты 
зақымдалғанын
ескере отырып, васкулиттерді 
эндоваскулит

мезоваскулит

периваскулит
деп, ал бірнеше қабаты қамтылса
эндомезоваскулит
және 
панваскулит
деп бөледі. Жүйелік васкулиттердің көбінде қан тамырларының 
барлық қабаты зақымдалады. Олардың ақыры склероз бен кальцинозға ұласып, 
тамырлардың саңылауы тарылады, кейде бітеліп те қалады, енді бірде 
аневризма қалыптасуы мүмкін. 
Жүйелік васкулиттің топографиясы мен қамтыған ауқымы
әртүрлі 
болады. Қабыну үдерісі көлемі мен құрылымы әртүрлі тамырларда орын алып, 
қолқада (
аортит
), артерияда (
артериит
), артериолада (
артериолит
), 
капиллярда (
капиллярит
), венада (
флебит

немесе лимфалық тамырда 
(
лимфангит
) дамиды. Дегенмен, васкулиттің белгілі бір типінде көлемі біртекті 
тамырлар, мысалы: қолқа мен оның ірі тарамдары, ірі, орташа және кіші 
көлемді (эластикалы-бұлшықетті, бұлшықетті) артериялар немесе ұсақ 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   341   342   343   344   345   346   347   348   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет