Ордабекова Хафиза Арысбайқызы



Pdf көрінісі
бет108/131
Дата16.06.2022
өлшемі1,73 Mb.
#36950
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   131
Гумбольдт ілімі – жалпы тіл білімі мен тіл философиясының негізінқалаған В. 
фон Гумбольдттың тілге және оның зерттелуіне арналған философиялық-тілдік 
бағдарламасы аясында қалыптасқан көзқарастарының жиынтығы.
Гаплология – біркелкі айтылатын буындардың біреуінің түсіп қалуы.
Говор – тілдің шағын аймаққа тараған, диалектінің ішіне кіретін бөлігі. 
Оларға тән дыбыстық, грамматикалық, лексика-семантикалық ерекшеліктер 
неғұрлым шағын аймақты қамтиды. Қазақ диалектілерінің говорларға 
бөлінетіні алғаш рет С.Аманжолов, Н.Сауранбаев, Ж.Досқараев еңбектерінде 
айтылған. Қазақ тілі говоларын зерттеу ісі 1955 ж. қолға алынды. 


156 
Грамматикалық мағына – тілде қалыпты сипаты бар сөздер тобы мен сөз 
тұлғаларына, синтаксистік құрылымдарға тән жинақты, дерексіз тілдік мағына.
Грамматикалық категория – мағынасы біртиптес грамматикалық 
тұлғалардың бір-бірінен өзгеше жүйесі.
Грамматикалық форма – грамматикалық мағынаның қалыпты көрінісін 
білдіретін тілдік белгі.
Гримм заңы – үндіеуропалық және германдық шуыл дыбыстардың 1818 ж. 
Р.Раск ашқан, 1822 жылы Я.Гримм жүйеге келтірген тұрақты сәйкестігі.  
Генеалогиялық топтастыру – тілдердің туыстығына, шығу тегіне қарай 
топтастырылуы.Әрбір тіл семьясы бір ата тілден тараған диалектілердің 
негізінде пайда болған.
Грамматика – тіл құрылысы, яғни морфологиялық категориялар мен 
формалардан, синтаксистік категориялар мен конструкциялардан, сөзжасам 
тәсілдерінен туратын тіл жүйесі. Тіл құрылысын зерттейтін тіл білімінің бір 
саласы. 
Дәстүрлі тіл білімі – қалыптасқан тілдік дәстүрге сай тілдің және оның 
құрылымының ішкі қатынастары мен компоненттерінің байланысын ашумен 
бірге, тіл мен ойлаудың өзара қатынасы, тілдің қоғаммен байланысы сияқты 
мәселелердің зерттелуін мақсат ететін тіл біліміндегі бағыт.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   131




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет